Шахмат ойыны 7 сынып

Раздел Физкультура
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Шахмат ойыны

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға шахмат ойыны туралы мәлімет бере отырып,

ойынның шартымен таныстыру.

Күтілетін нәтиже:

А/ Шахмат ойыны жөнінде толық мағлұмат ала алады.

Б/ Шахмат ойынын үйрене отырып, өз ойларын ортаға сала алады.

В/ Топта жұмыс жасай отырып, бір - бірінің пікірін тыңдай алады,

ойлау қабілетін дамыта алады.

Көрнекілігі: Топтастыру, дамыту картасы ББҮ,венн диаграммасы,

тест жұмысы.

Сабақтың барысы:

Сыныпты екі топқа бөлу: 1. Алғырлар 2. Тапқырлар

І.Үйге тапсырмасын тексеру.

Дойбы ойыны


ІІ. Қызығушылықты ояту.

  • Балалар қандай спорттық ойын түрлерін білесіздер?

  • Жеңіл атлетика, ауыр атлетика, гимнастика, ойлау қабілетін дамытатын ойындар, спорттық ойындар.

  • Осы айтылған спорт түрлерін талқылай келе, бүгінгі жаңа тақырыбымызды ашамыз.

Шахмат ойыны 7 сынып

Шахмат ойыны 7 сынып


  • Шахмат ойыны туралы не білесіңдер?

  • Не білгіңіз келеді?

  • Не білдіңіздер?


ББҮ стратегиясы


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

-тақтасы

-фигурасы

-екі шаршымен жүреді

-екі ойыншымен ойнайды

-шығу тарихын

-ойын барысы

-фигура аттары

-ойын ережесі

-шығу тарихын

-фигура аттарын

-фигура жүрістерін

-есскіше атауларын


ІІІ. Мағынаны тану

Балалар бүгінгі тақырыбымыз шахмат ойынын зерттеу үшін тарихқа сүйенетін болсақ, шахмат ойыны ертеде дәл қай ғасырда немесе қай жылы пайда болғаны белгісіз. Біздің дәуірімізге дейін IV - V ғасырдан бері шахмат жөнінде қызықты аңыз тізбегі айтылып келеді. Шахмат ойыны қалай пайда болды, қай елде шықты, кімдер шығарды деген сұрақтарға тоқталып өтейін. Шахмат ойыны ең алғаш Үндістан елінде пайда болған. Осы шахмат ойыны ертеде төрт ойыншыдан ойналған және 64 - шаршыға бөлінген тақтаның төрт бұрышына орналасқан, бертін келе екі ойыншыдан ойнайтын болған, бірақ төрт бұрышқа орналасу тәртібі сақталған. Осы шахмат туралы мынадай аңыз да бар. Үндістан елінде басқыншылықпен көп жерлерді жаулап алған бір қатал билеуші Шерам деген хан болған екен, өзі «жеңімпаздың жеңімпазымын» - деп дәріптеген. Осы ханға ақылшысы: «Ұлы мәртебелім, сен - ұлы қолбасшысың. Бірақ сіз халықтың күшінсіз бір де бір жеңіске жете алмайсыз» - деген. Бұл сөзге қатты ашуланған хан айтқанын дәлелдемесе, ақылшысын өлім жазасына бұйыратынын айтып қатуланады. Ақылшы сөзін дәлелдеу үшін мақтаншақ ханға өзі ойлап тапқан шахмат тақтасының 64 - шаршысының әрқайсысына ойын тәртібіне сай бидай дәнін беруді өтінеді. Оның тапқырлығына түсінбеген хан «мазақ етті» деп уәзіріне «мынаның айтқанын орында да, сайқы мазағы үшін басын ал» деп бұйырады. 64 - шаршының сырын түсіну үшін ақылшыдан үш күн үйренген уәзір бірінші шаршыға - 1, екінші шаршыға - 2, үшінші шаршыға - 4, төртінші шаршыға - 16, сөйтіп әр шаршыға екі еселеп өсіріп, бидай дәнін санағанда, ең соңында басын қосып ешкім оқи алмайтын сан шыққанына көзі жетеді.Ол сан мына сан қараңыздар. ( 18464744073709551615) деген сан шыққан екен. Мұны төлеуге данғой ханның қазынасындағы барлық бидай қоры жетпей қалады.

Магараджи есептеушілері бұл санды түні бойы есептеп, таңертен ғана математикалық шешімге келіп, оның мүмкін емес екенін әміршіге түсіндіреді. Себебі данышпан айтқан сан бүкіл Үндістанның бидай дәндер санына, тіпті бүкіл әлемнің бидай дәндері санына жетпейді екен. Бұл сан - 18 квинтильон 446 квадрильон 744 триллион 073 миллиард 709 миллион 551 мың 615. Осы мысал арқылы біз математиканың шахматта жасырған таңғажайып мүмкіншіліктеріне көз жеткізе аламыз.

Бұдан біздер нені түсіндік? Шахмат ойынында өте мұқияттылықты, ойлампаздықты, білім тереңдігін, биік талапкерлікті талап ететін ойын екендігін білдіреді.

Әлем чемпионы Александр Алехин былай деген екен «Шахмат - шындыққа және өзіңнің қатеңді түзетуге баулиды» .

Тақтаны қойғанда әрбір ойыншының сол жағындағы шеткі алаңы қара болуы тиіс.Егер тақта дұрыс орналаспаса , онда сол партия қайта ойналады.

Шахмат -өте қызықты ойын.Оның бойында ғылым, өнер және спорт элементтері астасып жатыр.Ой мен әрекет жоспарлау, қиындықты жеңе білуге баулиды.Логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады, қарсыласын сыйлай білуге үйретеді екен.

Осы шахмат ойынында әр фигураның өзінше аттары бар, атап айтатын болсақ:Кароль, ферза, 2-піл, 2- ат,2-ладья және 8 пешкадан тұрады.Осы фигуралардың ескіше аттары да болған.Үндістанда бұл ойын «Чатуранга» төрт құрамалыәскер деп аталып, жеке-жеке атқа ие болған.

Кароль мен ферза-раджа /падиша мен хан/,ладья -ратка, ат-ашва/атты әскер/, піл-хас, пешка-падат/жаяу әскер/ деп осындай атаулары бар екен. Енді балалар қазір біздер фигуралардың жүрістерімен және фигуралардың суреттерімен танысамыз.Бұл ойында әр уақытта ақ фигуралардан бастап жүреміз.


ІІІ.Ой толғаныс

Венн диаграммасы

Шахмат ойыны Ортақ қасиеті Дойбы ойыны

Шахмат ойыны 7 сыныпШахмат ойыны 7 сыныпШахмат ойыны 7 сынып



Тест жұмысы


1.Шахмат ойынының Отаны?

а/Латвия б/Үндістан в/Өзбекстан

2.Шахмат ойыны неден тұрады?

а/фигурадан б/құмалақтан в/тастардан

3.Шахмат ойынында қанша фигура және қанша пешка болады?

а/ 6 пешка ,6 фигура б/ 6 пешка ,5 фигура в/ 8 пешка ,8 фигура

4.Шахмат ойыны қандай ойын?

а/ойлау қабілетін дамытатын б/жылдамдықты дамытатын

в/күштілікті дамытатын

5.Шахмат ойыны спорттың қандай ойынымен сәйкес келеді?

а/тоғызқұмалақ,дойбы б/домино в/атлетика, гимнастика

6.Шахмат ойыны туралы қызықты аңыздар біздің дәуірімізге дейінгі нешінші ғасырларда пайда болды?

а/7-8 ғасыр б/6-7 ғасыр в/ 4-5 ғасыр

Тест кілті:

1-б

2-а

3-в

4-а

5-а

6-в

Бағалау

Үйге тапсырма «Шахмат» ойыны туралы реферат жазып келу.

-Сабақ аяқталды.



© 2010-2022