“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”

Спорттық ойындар Волейболдың пайда болғаны. Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Оның басты қағидалары төмендегідей: Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс. Алаң аумағы: 7,6х15,1 м Себеттің көлемі 0,61х8,2 м Биіктігі: 198 см Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы - 340 г. Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да б.э. д III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына к... Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган. Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы «минтонет» ойыны Спрингфилде (АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді. Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед «минтонетті» «волейбол» атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады. 1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды. 1900 жылы волейбол танымалдығы жағынан АҚШ-тың шеңберінен шығып, әлемнің өзге елдеріне таныла бастады. Ойынға алғашында Канада, кейін Үндістан және Азия елдерін қызығушылық танытқан. 1905 жылы Куба, 1906 жылы Қытай, 1908 жылы Жапонияда волейбол құрамалары құрылды. 1909 жылдан бастап Пуэрто-Рикода бұқаралық ақпарат құралдырында волейбол матчынан репортаждар беріледі бастады. Мысалы, 1910 жылы Перу мен Филиппинде, 1912 жылы Уругуайда, 1914 жылы Англияда, 1917 жылы Мексика мен Францияда, 1918 жылы ... 1900 жылы Американың «Spalding» фирмасы алғашқы волейболдық доп жасап шығарды. Бүгінде ресми жарыстарда допты дайындауды жапондық «Mikasa» корпорациясы мен ағылшындық «Molten» »Wilson» фирмасы жауапкершілікке алып отыр. 1900 жылы ойынның алғашқы ресми 12 ережесі қарастырылған. Оның ресми регламенті 20 жылдары қолданысқа енді. Сол кезде биресми халықаралық турнирлер өтіп тұрған болатын. 1913 жылы 16 ерлер командасымен Азия ойындары өтті. Оған Қытай мен Филиппин қатысты. 1913 жылы Манилда Қиыр Шығыс елдерінің ойын бағдарламаларына волейбол енгізілді. І-дүниежүзілік соғысқа дейін американдық әскерилер волейболды уақытты тиімді өткізудің бір әдісі ретінде ойнаған. 1921 жылы Қиыр Шығыста өткен чемпионат Азия мен Жапонияда ерлер командалары арасында өткен алғашқы жоғары дәрежеде көрсетілді. Ал, 1922 жылы Канада мен АҚШ-та Христиан Жастар Қауымдастығы жетекшілерінің қолдауымен волейболдан алғашқы ойын өткізілді. Осы жылы Чехословакияда ерлер құрамасы арасында ұлттық чемпионат ұйымдастырылды. 1929 жылы Орталық Америкадағы олимпиадалық ұлттық комитет ерлер волейбол құрамасын Кубада өтетін олимпиадалық аймақтық ойындар тізіміне қосты. Осы жылы АҚШ пен Польшада алғашқы ұлттық чемпионат өтті. Сонымен қатар біріншілік ойындары Еуропада, нақтырақ айтсақ, Англия, АҚШ, Франция мен Польша командалары өзара бәсекелесті. Бірте-бірте волейбол халықаралық дәрежеге жетті. 1922 жылы АҚШ-та волейболды олимпиада ойындарына қосу туралы ұсыныс жасалды. 1932 жылы әйелдерден құралған волейбол командасы Сальвадорда өткен аймақтық олимпиада жарысында өнер көрсетті. Ал, 1936 жылы Стокгольмда гандболдан халықаралық федерация мен Польша өкілдігі волейболды гандболдың бір түрі ретінде санау керектігі туралы бастама көтерген. Сол кезде Еуропадан 13, Америка елдерінен 5 және Азия мемлекеттерінен 4 елден арнайы комиссия құрылды. 1936 жылы волейболдан халықаралық федерацияның қолдауымен жарыстар өткізіліп тұрды. Алайда, Берлинде өтуі тиіс олимпидалық ойын екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан үзіліс жасады. Әскери іс-қимыл аяқталған кезде, 1944 пен 1946 жылдары волейболдан әлем чемпионаты Бразилияда өткізілді.
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні"


А“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”вторы: Абдраманов Талапберген Жарылқасынұлы

№189 орта мектеп,

дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.










Кіріспе


Бұл ойынның пайда болғанына да баскетбол сияқты 100 жылдай уақыт өтті. Волейбол бүкіл дүние жүзіне тез әрі кең тарады. Ол спорттың қызықты және қолайлы түрлерінің бірі болып есептеледі. Бұл ойынның кең таралуына ережесінің қарапайымдығы, орындалатын қимыл-қозғалыстардың күрделі еместігі, сонымен бірге волейболды кез-келген жастағы адам ойнай алатындығы себеп болады. Ойын бұлшық еттердің барлық топтарының секіргіштік, икемділік және қозғалыс реттілігінің үйлесімді дамуына көмектеседі.





Спорттық ойындар

Волейболдың пайда болғаны.

Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Оның басты қағидалары төмендегідей:

Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс.

Алаң аумағы: 7,6х15,1 м

Себеттің көлемі 0,61х8,2 м

Биіктігі: 198 см

Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы - 340 г.

Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да б.э. д III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таимға созылған.

Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган.

Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы "минтонет" ойыны Спрингфилде (АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді.

Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед "минтонетті" "волейбол" атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады. 1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды.

1900 жылы волейбол танымалдығы жағынан АҚШ-тың шеңберінен шығып, әлемнің өзге елдеріне таныла бастады. Ойынға алғашында Канада, кейін Үндістан және Азия елдерін қызығушылық танытқан. 1905 жылы Куба, 1906 жылы Қытай, 1908 жылы Жапонияда волейбол құрамалары құрылды. 1909 жылдан бастап Пуэрто-Рикода бұқаралық ақпарат құралдырында волейбол матчынан репортаждар беріледі бастады. Мысалы, 1910 жылы Перу мен Филиппинде, 1912 жылы Уругуайда, 1914 жылы Англияда, 1917 жылы Мексика мен Францияда, 1918 жылы Италияда, 1919 жылы Чехословакияда, 1923 жылы Африка құрлығындағы Мысыр, Тунис, Марокко, ал 1924 жылы Испания мен Огославияда, 1925 жылы Голландияда Жастар Христиан Қауымдастығының бастамасымен арнайы командалар пайда болды.

1900 жылы Американың «Spalding» фирмасы алғашқы волейболдық доп жасап шығарды. Бүгінде ресми жарыстарда допты дайындауды жапондық "Mikasa" корпорациясы мен ағылшындық "Molten" "Wilson" фирмасы жауапкершілікке алып отыр. 1900 жылы ойынның алғашқы ресми 12 ережесі қарастырылған. Оның ресми регламенті 20 жылдары қолданысқа енді. Сол кезде биресми халықаралық турнирлер өтіп тұрған болатын. 1913 жылы 16 ерлер командасымен Азия ойындары өтті. Оған Қытай мен Филиппин қатысты.

1913 жылы Манилда Қиыр Шығыс елдерінің ойын бағдарламаларына волейбол енгізілді. І-дүниежүзілік соғысқа дейін американдық әскерилер волейболды уақытты тиімді өткізудің бір әдісі ретінде ойнаған.

1921 жылы Қиыр Шығыста өткен чемпионат Азия мен Жапонияда ерлер командалары арасында өткен алғашқы жоғары дәрежеде көрсетілді.

Ал, 1922 жылы Канада мен АҚШ-та Христиан Жастар Қауымдастығы жетекшілерінің қолдауымен волейболдан алғашқы ойын өткізілді.

Осы жылы Чехословакияда ерлер құрамасы арасында ұлттық чемпионат ұйымдастырылды. 1929 жылы Орталық Америкадағы олимпиадалық ұлттық комитет ерлер волейбол құрамасын Кубада өтетін олимпиадалық аймақтық ойындар тізіміне қосты. Осы жылы АҚШ пен Польшада алғашқы ұлттық чемпионат өтті. Сонымен қатар біріншілік ойындары Еуропада, нақтырақ айтсақ, Англия, АҚШ, Франция мен Польша командалары өзара бәсекелесті.

Бірте-бірте волейбол халықаралық дәрежеге жетті. 1922 жылы АҚШ-та волейболды олимпиада ойындарына қосу туралы ұсыныс жасалды.

1932 жылы әйелдерден құралған волейбол командасы Сальвадорда өткен аймақтық олимпиада жарысында өнер көрсетті.

Ал, 1936 жылы Стокгольмда гандболдан халықаралық федерация мен Польша өкілдігі волейболды гандболдың бір түрі ретінде санау керектігі туралы бастама көтерген. Сол кезде Еуропадан 13, Америка елдерінен 5 және Азия мемлекеттерінен 4 елден арнайы комиссия құрылды.

1936 жылы волейболдан халықаралық федерацияның қолдауымен жарыстар өткізіліп тұрды. Алайда, Берлинде өтуі тиіс олимпидалық ойын екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан үзіліс жасады. Әскери іс-қимыл аяқталған кезде, 1944 пен 1946 жылдары волейболдан әлем чемпионаты Бразилияда өткізілді.

1947 жылдың 18 мен 20 сәуір аралығында Парижде 14 елдің қатысуымен (Белгия, Бразилия, Мажарстан, Голландия, Мысыр, Италия, Польша, Португалия, Румыния, АҚШ, Уругуай, Франция, Чехословакия және Югославия) Federation Internationale de Volleyball (FIVB - ФИВБ) Халықаралық волейбол федерациясы құрылды. Бұл волейболдың халықаралық деңгейде беделін арттыруға көп септігін тигізді.

80 жылдары ФИВБ-ға мүше болған елдер қатарын 156-ға өсті. 1984 жылы жаттықтыру курсының 100 жылдық мерейтойы.

Кез келген адамның ақыл-ой деңгейi, қабiлет-қарымы, дiттеген мақсатына жету мүмкiншiлiгi оның денiнiң саулығына тiкелей байланысты. Мұны өз-өзiне сенiмдi, белсендi азаматтардың әрқайсысы жақсы бiледi.

- Еңбек пен спортты ұштастыру - Елбасы жолдауларында көрсетiлген басым бағыттарды жүзеге асыруға деген ұмтылысты көрсетедi.

Елбасының салауатты өмiр салтын қалыптастыру туралы игi бастамасы бiрауыздан қолдау тауып, спорттық жарыстарға қатысушы оқушылар санының жылдан жылға көбейiп келе жатқандығы көңiлге үлкен қуаныш ұялатады

Ойынның негізгі ережелері.

Волейболды әрқайсысында 6 адам болатын екі команда ойнайды. Бір команданың ойыншылары алаңның ортасында тартылған тор арқылы допты екінші команда жағына алаң шекераларының ішіне түсетіндей немесе қарсылас ойын ережелерін бұзып қабылдап, қайыратындай ретте бағыттайды.

Алаңның ұзындығы-18, ені-9 метр болып, тор арқылы 2 тең бөлікке бөлінеді.

Жарыс 3 немесе 5 кезеңнен тұрады. Олардың әрқайсысы командалардың бірі 25 ұпай жинағанша жалғаса береді (есеп 24:24 болып тұрғанда командалар бірінің екіншіден 2 ұпай артықшылығы болғанша ойнайды). Оқушылар жарысты көп жағдайда 3 партиядан тұрады.

Жасөспірімдер

13-14

жастағылар
үшін

15-16

жастағылар
үшін

17-18

жастағылар
үшін

Ер балалар

Қыздар

2 м 20 см

2 м 10 см

2 м 35 см

2 м 20 см

2 м 43 см

2 м 24 см



Допты екі қолмен жоғарыдан беру.

Ол үшін волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап, ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады. Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағыттап жібереді.

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”

Допты екі қолмен төменнен қабылдау.

Қарсыластың ойынға қосқан не шабуылдайтын немесе алдайтын соққымен жіберген добын төменнен екі қолмен қабылдаған жақсы. Бұл жағдайда допты қабылдаудан көп қате кетпейді. Қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдың қарын (тоқпақ жілікті) көтеріп, бұрады.

Допты жұдырықпен қабылдағанда доп дәл тимей, шоршып, доп алаңның сыртына кетуі мүмкін. Допты алақанмен қабылдауға болмайды. Ойынның ережесі бұған рұқсат етпейді. Оған себеп-доп алақанда көбірек кідіріп қалуы мүмкін.

Допты қабылдауды көбіне орын ауыстырғаннан кейін, әсіресе қорғаныста ойнағанда орындауға тура келеді.

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”

Ойын алаңында тұру және орын ауыстыру.

Дұрыс тұра білу - жаңа бастаған волейболшы үшін басты шарт. Ойыншының дұрыс қалпы аяғы иық кеңдігінде тізеден бүгілген күйде кеуде ілгері еңкейтіледі, аяқтың біреуі шамалы ғана ілгері шығарылады. Қол шынтақтан бүгіліп, бір-біріне қаратылады. Бұл қалып тұрақты болып қалмауы керек, ол ойын кезіндегі жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Егер тордан шоршыған допты қабылдау керек болса, онда ойыншы біршама бүгіледі де, секіре жазылып, допты соғу арқылы ойынды жалғастырады.

Волейболшылар алаңда қосарланған адыммен жүгіру және секіру арқылы орын ауыстырады.

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”

Допты төменнен тіке ойынға қосу

Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буыннан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады.

Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді. Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады.

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”



Тіке шабуылдау соққысы

Шабуылдау соққысы екпін алудан, секіруден және жеке соққы жасаудан тұрады. Ұшып келе жатқан допты көргеннен кейін, қолдарын алға әрі жоғары көтере серпіле секіру керек. Ұратын қол допты соғу үшін сермеледі. Кеуде шамала ғана артқа шалқайтылады. Соғу кезінде кеуде соғатын қолмен бір мезгілде ілгері қарай ұмсынады.

Соққы допқа күшті тиюі үшін қолдың ұшы бос ұсталуы керек. Соққы дәл болуы үшін саусақтар жинақы болғаны дұрыс.

Шабуыл соққыларын жасауды бірден үйрену қиын. Сол себепті сабақта болмаса жеке жаттығу кезінде мына қимыл-қозғалыстарды орындап машықтанған жөн:

  • Бір не екі қадаммен секірген кездегі аяқ пен қол қимылдарының үйлесімділігін орындап көру;

  • Шабуыл соққысын жасау;

  • Екпін алып, тор арқылы теннис добын лақтыру (бұл жаттығуды орындағанда шабуылдап доп соғуға тән қимыл-қозғалыстардың ырғағын сақтай білу);

  • Резеңке серіппедегі (амортизатордағы) допты ұру;

  • Екпін алып секіріп, теннис добын қағып алу;

  • Теннис добын жоғары лақтырып, тор арқылы "шабуыл соққысын" жасау (әуелі тек жай секірістен және жұппен орындау);

  • Тордың маңындағы ұстағышқа (держатель) бекітілген допты соғу;

Серігінің көтере лақтырып берген добын тор арқылы соғу.

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”

Төрешілердің ресми ымдары

Елестетулер

жағдайы

Көрсетуге арналған ымдар П - бірінші төрешімен

В - екінші төрешімен


Суреттер

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”1.Беруге рұқсат

Пр .13.3.

қолды басқаша орналастыру, беру бағытын көрсетү

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”2. беруші команда

Пр .22.2.3.1.

Команда жаққа қолды керіп қою

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”3.Алаң алмастыру

Пр .19.2.

Горизонтальдық білектер көтеру ( бір алда , басқасы соңында ) және денені айнала оларды айналдыру

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”4. Үзіліс

Пр .16.4.

Тік басқа , көтерілген саусақ үстінде біреу қол алақандары жайғастыру ("Т")түрде

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”5. ауыстыру

Пр .16.5.

Білектердің айналма қозғалысы

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”6. мінез-құлыққа ескертпе

Пр .21.3.1.

Ескертпеге арналған сары карточканы көрсету

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”7. Ойыннан шығару

Пр .21.3.2.

Ойыннан шығару арналған қызыл карточканы көрсету

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”8. дисквалификация

Пр .21.3.3.

дисквалификацияға арналған екі карточка бірге көрсету

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”9.Партия немесе жарыстың соңы

Пр .6.2.

Пр .6.3.

Төстің алдында түзетілген білектер айқастыру

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”10. соққы беруде доп жанында көтеріліп тасталмаған немесе босатылмаған

Пр .13.4.1.

Алақанмен керілген қолды жоғары көтеру

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”11. Соққы беру алдында тоқтап қалуы

Пр .13.4.3.

Айырылысқан сегіз саусақ көтеру

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”12. Тосқауыл қателігі

Пр .15.6.

Пр .13.5.

екі қолды тік көтеру , алақандармен алға

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”13.Орналастырып қоюда қате немесе алмасу уақытында

Пр .7.5. немесе

Пр .7.7.

Сілтеуіш саусақпе айналма қозғалыс істеу

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”14. доп « алаңда»

Пр .9.3.

Еденге түзетілген саусақ қолмен көрсету

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”15. доп «алаң сыртында»»

Пр .9.4.

Тїзетілген білектермен және алақандармен тік білектер көтеру

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”16. басып алу

Пр .10.3.3.

Алақанмен білекті баяу көтеру

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”17. екірет жанасу

Пр .10.3.4.

Екі айырылысқан саусақ көтеру

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”18. төрт соққы

Пр .10.3.1.

Төрт айырылысқан саусақ көтеру

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”19. ойыншы торға тиген

Пр .12.4.4.

Тор үстіне саусақпен тигізу

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”20. басқа жақтың торына тигізу

Пр .12.4.1.

Төмен алақанмен тордың үстінде қолды жайғастыру



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Шагин В.И. Мяч в воздухе. М., 1955

  2. Осколкова В.А., Сунгуров М.С. Техника и тактика игры в волейбол. М., 1959

  3. Осколкова В.А., Сунгуров М.С. Волейбол. М., 1961

  4. Ганчук В.В. Олимпийский новичок. М., 1965

  5. Детская энциклопедия. Для среднего и старшего возраста, т. 7. М., 1966

  6. Волейбол. Пер. с нем. Под общей редакцией М.Фидлер. М., 1972

  7. Марьяновский В.А. Уйти, чтоб остаться. Документальная повесть о К.Реве. М., 1977

  8. Булдакова Л., Никитин Л. Шесть в защите - шесть в нападении: Волейбол на Олимпиадах. М., 1979

  9. Волейбол. От Монреаля до Москвы. Справочник. М., 1980

  10. Справочник олимпийского телеболельщика. Автор-составитель Г.А. Степанидин. М., 1980

  11. Физкультура и спорт. Малая энциклопедия. Перев. с нем. М., 1982

  12. Мацудайра Я. и др. Волейбол: путь к победе. Пер. с япон. М., 1983

  13. Платонов В.А. Уравнение с шестью неизвестными. М., 1983

  14. Фурманов А.Г., Болдырев Д.М. Волейбол. М., 1983

  15. Волейбол: Справочник. (Алексеев Е.В. и др.). М., 1984

  16. Самойлов А.П. Время игры. М., 1986

  17. Мартышевский К.К. Советский волейбол на Олимпийских меридианах: Очерки. Киев, 1987

  18. Железняк Ю.Д., Кунянский В.А. Волейбол. У истоков мастерства. М., 1998

  19. Я познаю мир. Детская энциклопедия: Спорт. М., 1999

  20. Аванта +. Энциклопедия для детей. Том: Спорт. М., 2001

















































Аңдау хат

Баяндамада мектептегі спорттың жарыстарды ұйымдастыру және спорттық жарыстардың міндеттері, қойылатын педагогикалық талаптар күнтізбесі, жарыстар жөніндегі ережелер туралы тақырыпта мағлұмат кеңінен талданып, аталып өтілді. Баяндамада мектептегі спорттық жарыстардың оқушыларға педагогика жағынан тәрбиелік мәні зор екендігі атап көрсетілді.

Аннотация

В докладе обширно обсуждается вопрос об организации спортивных соревнований, педагогических требований к ним, а также правила проведения соревнований. В докладе указывается значение спортивных соревнований в воспитании учащихся в школе.

The summary

In the report the question on the organization of sports competitions, pedagogical requirements to them, and also rules of carrying out of competitions is extensively discussed. In the report value of sports competitions in education of pupils at school is underlined.

МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ.. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

  1. СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

1.1. Волейболдың пайда болғаны . . . . . . . . . . . . .

1.2. Ойынның негізгі ережелері . . . . . . . . . . . . . . .

1.3. Допты екі қолымен жоғарыдан беру . . . . . . .

1.4. Допты екі қолмен төменнен қабылдау . . . . . .

1.5. Ойын алаңында тұру және орын ауыстыру . .

1.6. Допты төменнен тіке ойынға қосу . . . . . . . . .

1.7. Тіке шабуылдау соққысы . . . . . . . . . . . . . . . .

1.8. Төрешілердің ресми ымдары . . . . . . . . . . . . .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . .

1

2

4

5

5

6

6

7

8

11

“Дене шынықтыру сабағындағы волейбол ойынын қолданудың тәрбиелік мәні”

© 2010-2022