Сабақ тақырыбы: Спорт ойыны. Волейбол. Ойыншының тұрысы мен қимылы

Сабақ жоспары № 59 Сабақ тақырыбы: Спорт ойыны. Волейбол. Ойыншының тұрысы мен қимылы Сабақ мақсаты: 1. Волейбол ойынында ойыншының тұрысы мен қимылы техникасын үйрету арқылы оқушылардың іскерлігін арттыру 2.Оқушылардың ептілігін, тездігін дамыту 3.Оқушылардың волейбол ойынына деген белсенділігін, қызығушылығын арттыру Сыныбы: 5 «в» Сабақтың болатын күні: 04.02...
Раздел Физкультура
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары № 59

Сабақ тақырыбы: Спорт ойыны. Волейбол.

Ойыншының тұрысы мен қимылы

Сабақ мақсаты:

1. Волейбол ойынында ойыншының тұрысы мен қимылы техникасын үйрету арқылы

оқушылардың іскерлігін арттыру

2.Оқушылардың ептілігін, тездігін дамыту

3.Оқушылардың волейбол ойынына деген белсенділігін, қызығушылығын арттыру

Сыныбы: 5 «в»

Сабақтың болатын күні: 04.02.2016ж.

Сабақтың болатын орны: Спорт зал.

Керекті құрал-жабдықтар: Волейбол доптары, ысқырық, волейбол торы


Сабақ мазмұны

Уақыты реті

Әдістемелік нұсқаулар

I.Кіріспе дайындық бөлімі

Сапқа тұрғызу. Амандасу.Кезекшінің мәліметін қабылдау.

Түгендеу.

Саптағы жаттығулар:Оңға,солға,артқа бұрылу.

Жүріп жасалатын жаттығулар:аяқтың ұшына,өкшеге,ішкі ж/е сыртқы қырымен,отырып,секіріп.

Жүгіріп жасалатын жаттығулар:тізені жоғары,өкшені артқа көтере оң ж/е сол жақ жанымен

Ж.Д.Ж. қозғалыста ж/е орнында.

А)Бастапқы қалып.Оң қол жоғарыда.

1-2 қолды алдыға сермеу 3-4 қолды артқа сермеу

Б)Бастапқы қалып екі қол иықта

1-4 алдыға айналдыру 5-8 артқа айналдыру

В)Бастапқы қалып,қол белде,аяқ иық кеңдігінде

1.Басты оңға солға қисайту 2.Басты алға артқа қисайту

Г)Бастапқы қалып қол белде аяқ иық кеңдігінде

1.Қолды алдыға созып отыру 2. Бастапқы қалып

Д) Бастапқы қалып:Қол тізеде,аяқ иық кеңдігінде

1-4 тізені ішке айналдыру 5-8 тізені сыртқа айналдыру

Сабақ мақсатын түсіндіру.

12-15мин

1

1

1

3-4 рет

20-25 м


20-25 м


4-5 рет


3-4рет


4-5 рет



4-5 рет


4-5 рет

Оқушылардың спорт киімі оның тазалығына жалпы сабаққа даярлығына баса назар аудару

Берілген бұйрық бойынша орындау керек

Қатардан шықпау керек.

Жүгіргенде қолдың үйлсімді қимылдауын жіті қадағалау

Оқушылардың жаттығуды дұрыс орындалуын қадағалау

Көзді жұмбау

Шынтақты тізеге тигізбеу

Тізені бір-біріне тигізбеу

II.Негізгі бөлімі

Спорт ойындары.Волейбол

Ойыншының тұрысы қимылы

Тақырып бойынша оқушыларға түсіндіріп беру, үйрету,көрсетіп беру.

Волейбол ойнының элементтерін түсіндіру, ойыншының тұрысын қимылын айту, әр зонадағы ойыншылардың орнын және қимылдау зонасын түсіндіру, допты ойынға қосу, екі қолмен жоғарыдан екі қолмен төменнен допты қабылдау-беру, волейбол ойынының келіп шығу тарийхы, ойынның ережелерін түсіндіру, волейбол ойынында допты ойынға кіргізудің төрт түрі бар. Волейбол ойынында допты қабылдап алғанда саусақтармен қабылдап, аяқтың арасы йық кеңдігінде ашулы болып, тізе бүгіліп, допты бергенде қолды итеріп, бүгілген аяқ түзуленеді. Оқушыларға жаттығуларды жасату.

Топтарға бөліп ықшамдалған ережемен волейбол ойнау

Үйге тапсырма беру.

20-25мин



1-2рет










4-5 рет

1-2 рет

Техника қауіпсіздігін қатаң сақтау

Ойын кезінде басқа біреудің добын алуға болмайды,доп алушы адамға кедергі келтірмеу керек


әр топқа жетекші тағайындау

III.Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу. Дем алуға арналған жаттығулар жасау.

Сабақты қортындылау.

Оқушыларды бағалау.

Қоштасу.

5-7 мин

1

1

1

1

Сабақтың өтілгені туралы ескертулер жасау.

Оқушылардың бағаларын айту


© 2010-2020