«Толағай» отбасылық сайыс Сыныптан тыс шара (3 сынып)

«Толағай» отбасылық сайыс Сыныптан тыс шараМақсаты: Оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.Түрі: Эстафеталық ойынӨтілетін орны: Спорт залыКөрнекілігі: газеттер,шар,жалауша,кедергілер т.б.Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі Шынықсаң шымыр боласың, Сауығып айдай толасың. ...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БҚО Орал қаласы, Круглоозерный ОЖББ

Мектебінің ІІ санатты дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

Шакиева Айнагул Жагалтаевна

«Толағай» отбасылық сайыс

Сыныптан тыс шара

Мақсаты: Оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Түрі: Эстафеталық ойын

Өтілетін орны: Спорт залы

Көрнекілігі: газеттер,шар,жалауша,кедергілер т.б.

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

ІІ.Негізгі бөлім

Құрметті мұғалімдер және ата-аналар,оқушылар бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер!Көңілді жарысқа 2 «А»,3 «А»,

4 «А» сынып оқушылары мен ата-аналарымыз қатысады.

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға

____________________________________________

отбасын шақырамыз.

(әр отбасы орындарына келіп тұрады)

(Дене шынықтыру мұғалімі Шакиева.А.Ж рапорт тапсыру рәсімі)

Әнұран орындалады

Ал,құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1. Мектеп директоры__________________

2.АӘД пәнінің мұғалімі___________________

3.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі__________________

Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың бағдарламасында

Топтың аты

Таныстрыу

Баскетбол

Конвейер

Навигатор

Тұсау

Мерген

Эстафета сайысы

Көмек

Қалашық

Хоккей

Теннис

Кенгуру

Арқан тартыс

«Қайсар»

тобы




«Жасұлан»

тобы




«Барыс»

тобы




Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Сайысымызды бастаймыз.

«Қайсар» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!

«Жасұлан»тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты

Бәрін жеңіп шықты

«Барыс»тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз,өнер сүйер өренбіз.

2.Баскетбол ойыны Ойынның шартымен таныстырып ,көрсету.

3. Конвейер

4.Навигатор

5.Тұсау (Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

6.Мерген Ойынның шартымен таныстырып ,көрсету.

7.Эстафета сайысы

8.Көмек

9.Қалашық (Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

10.Хоккей

11.Теннис

12.Кенгуру

13.Арқан тартыс

ІІІ.Қорытынды бөлім

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену,жалықпау

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады

демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап,марапаттау сөз әділқазыларға беріледі. Сонымен қатар әр сыныптың ата-аналары демеушілік көрсетіп «Қайсар», «Жасұлан», «Барыс» топтарына арналған сыйлықтарын табыс етпекші.Қабыл алыңыздар.

Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші

Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет.

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға

___________________________________________

отбасын шақырамыз.

Ал,құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!




© 2010-2022