Құрқалмаймыз жүлдеден отбасылық сайыс 1-4 сынып

Раздел Физкультура
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Құрқалмаймыз жүлдеден отбасылық сайыс 1-4 сыныпҚұрқалмаймыз жүлдеден отбасылық сайыс 1-4 сыныпҚұрқалмаймыз жүлдеден отбасылық сайыс 1-4 сыныпҚұрқалмаймыз жүлдеден отбасылық сайыс 1-4 сынып











Тақырыбы: «Әке, шешем және мен құрқалмаймыз жүлдеден» отбасылар сайысы

Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, ата-анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: хоп добы-3,себет-3,шелек-3, доп-3,ожау қасық-3, құрсау-6, кіші доптар әр түрлі, мат-2, шар-3,

Ұйымдастыру кезеңі: Шынықсаң шымыр болсаың

Сауығып айдай толасың,

Спортты серік ете біл

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға,

Болмасаң да ұсқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

І.Негізгі бөлім: Құрметті әріптестер және ата-аналар,оқушылар бүгінгі «Әке, шешем және мен құрқалмаймыз жүлдеден» отбасылар сайысына қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа оқушылар мен ата-аналарымыз қатысады.

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға

1..

2..

3.

(әр отбасы орындарына келіп тұрады, топтарын таныстырады)

Ал,құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.


1. Мектеп директоры: Нұршәріп С.
2. Спорт бөлімнің әдіскері Есентаева М.
3. Тәрбие ісінің меңгерушісі Депу А.

(Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады)
Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады

І кезең: «Кедергілердің арасынан өту»
Шарты: Баласы допты жерге соғу арқылы, кедергілер арасымен айналып келеді. Одан әкесі оң аяғын оң қолымен жоғары ұстап , кедергілерді айналып келеді, анасы жүгіріп барып келеді. Қай топ бірінші аяқтаса сол жеңіске жетеді.
ІІ кезең: «Жорға»
Шарты: әкесі-үлкен хоп резеңкі доптың үстіне отырып секіріп келу, анасы алып секіріп барып келу, баласы допты алып секіріп белгіленген жерге барып келеді
ІІІ кезең: «Көккініс жинау»
Шарты: Баласы шелекті алып жүгіріп межеге түрады, әкесі және шешесі кезек-кезек әр түрлі шарларды жинайды 1 минут уақыт ішінде көп доп жинаған топ жеңіске жетеді.
IV кезең: «Су тасушылар»
Шарты: мәредегі баклашкіге ожау қасықпен су тасу, кезек-кезек барып келеді, бірінші келген топ жеңіске жетеді.
V кезең: «Аламан»
Шарты: Мат үстінде топ басшылары әкелер хоп доппен күресу. Аналар шарды жарылғанша үрлейді, балалар шарларды әкеліп беріп тұрады.
VI кезең: «Судағы қайық»
Шарты: Екі шығыршық қойылады.Бірінші шығыршық ішіне әкесі, шешесі баласы үшеуі тұрады екінші шығыршықты алға жылжытып соның ішіне тұрып келесі шығыршықты алға жылтыту арқылы мәреге келіп жету.

ІІ.Қорытынды бөлім

Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену,жалықпау

Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап,

Марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.


Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші

Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге, сайысымызға қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!!!

Дендеріміз сау, отбастарымызда әрдайым той, мереке болаберсін!



© 2010-2022