«Мен денсаулығымды сақтаймын – өз-өзіме көмектесемін» («Көңілді мәре» сайысы)

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№3 Алға қазақ орта мектебі













Тақырыбы

«Мен денсаулығымды сақтаймын - өз-өзіме көмектесемін»

(«Көңілді мәре» сайысы)





















Өткізген: Ахметов Б.С




«Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл» тақырыбында

класс жетекшілер, жас мамандар, өзін-өзі басқару ұйымының

мүшелері арасынан өткізілетін көңілді мәре сайысының

сценарийі


Мақсаты:

- оқушылар мен ұстаздарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру;

- оқушыларды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысу қажет екендігінің маңызын түсіндіру;

- салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:
• Дене шынықтыру залы тақырыпқа сай салтанатты безендірілуі.

• Денсаулық туралы нақыл сөздер:

1. Спорт - денсаулық кепілі.

2. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ - ұлт болашағы болмақ.

3. Саулық - байлық негізі.

• Музыкалық аппаратура.

үшін класс жетекшілер, жас мамандар мен өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері арасында


Жүргізуші: Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермен қауым! Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиялық жолдауында біздің болашақ жастарымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда! Осы мақсатта біз бүгін «Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл» тақырыбында көңілді мәре спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз. Бүгінгі біздің сайысымызға мектебіміздің класс жетекшілері, жас мамандары, өзін - өзі басқару ұйымының мүшелері арасынан құралған 3 топ қатысады. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.


Жүргізуші: Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң

Топтарды шақырамыз.

I-ші топ - «Спартак», II-ші топ - «Жалын», III-ші топ - «Барыс».

Жүргізуші: Спорттық жарысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

  1. Алға аудандық білім бөлімінің әдіскері Мұханбеталин Қази Қажығалиұлы;

  2. Алға аудандық білім бөлімінің әдіскері Нурызова Гүлнар Шамитқызы;

  3. Алға аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салты кабинетінің меңгерушісі Сәтен Тұрсын Қабдіжанқызы;

  4. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мырзалина Жангүл Муқажанқызы;

  5. Класс жетекшілер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Еркусимова Гауһар Тимурқызы.

- Спорттық сайысымыз 5 баллды жүйемен бағаланады.

- Сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейік:

1-кезең. «Таныстыру» (топтар атауымен, ұранымен таныстыру керек).

2-кезең. «Кедергілер» (қатысушылар кедергілерді құлатпай, арасынан

жүгіріп өту керек).

3-кезең. «Есепші - хоккейші» (қатысушылар кедергілер арасынан сырғытпа

таяғымен допты жүргізіп, есеп шығару керек).

4-кезең. «Кім жылдам?» (қатысушылар допты екі аяқтың ортасынан қысып,

жүгіріп келу керек).

5-кезең. «Туннель» (қатысушылар туннелден өтіп, гимнастикалық

жаттығуларды орындау керек).

6-кезең. «Боулинг» (әр команданың мүшесі кеглилерді белгіленген жерге

апарып, құрып келу керек, соңғы ойыншы доппен 4 метр жерден

сол кеглилерді құлату керек).

7-кезең. «Арқан тартыс».

8-кезең. «Үй тапсырмасы» (әр команда спорт тақырыбына флешмоб

билейді).

- Спорттық жарыстың ашылу салтанатының алғашқы сөзі Алға аудандық білім бөлімінің әдіскері Мухамбеталин Қази Қажығалиұлына береледі.


Жүргізуші: Ойнайық та ойлайық!

Артта қалып қоймайық,

Белсенді болып ортада,

Уақытты босқа жоймайық!

Олай болса...

1-кезеңіміз «Таныстыру». Әр топ ортаға шығып, таныстырсын.

(топтар таныстырады)

- Топтарға рақмет. Ендеше әділ қазылардың бағаларымен танысайық.

Жүргізуші: Ал қадірлі халайық,

Зердемізді салайық

Белімізді буып алып,бекініп.

Күшімізді сынайық.

- 2-кезең «Кедергілер». Қатысушылар кедергілерді құлатпай, арасынан жүгіріп өту керек.

(топтар тапсырманы орындайды)


- 2-кезең тапсырмасы аяқталды. Әділ қазылардың қойылған бағаларымен танысайық.

Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.

3-кезең. «Есепші - хоккейші». Қатысушылар кедергілер арасынан сырғытпа

таяғымен допты жүргізіп, есеп шығарып келу керек.

(топтар тапсырманы орындайды)

- 3-кезең тапсырмасы аяқталды. Әділ қазылардың қойылған бағаларымен танысайық.



Жүргізуші: Чемпион болу оңай ма

Арман болған талайға

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

4-кезең. «Кім жылдам?». Қатысушылар допты екі аяқтың ортасынан қысып,

секіріп келу керек.

(топтар тапсырманы орындайды)

- 4-кезең тапсырмасы аяқталды. Әділ қазылардың қойылған бағаларымен танысайық.

Жүргізуші: 5-кезең. «Туннель». Қатысушылар туннелден өтіп, гимнастикалық жаттығуларды орындау керек.

(топтар тапсырманы орындайды)

- 5-кезең тапсырмасы аяқталды. Әділ қазылардың қойған бағаларымен танысайық.

Жүргізуші: 6-кезең. «Боулинг». Әр команданың мүшесі кеглилерді белгіленген жерге апарып, құрып келу керек, соңғы ойыншы доппен 4 метр жерден сол кеглилерді құлату керек.

(топтар тапсырманы орындайды)

- 6-кезең тапсырмасы аяқталды. Әділ қазылардың қойылған бағаларымен танысайық.

Жүргізуші: 7-кезең. «Арқан тартыс». Шарты: екі топтың сайыскерлері арқанның бойымен ұстап, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады. Бұл жерде күш сыналады. Егер топ сайыскерлері сызықтан шығып кетсе, сол топ жеңіледі.

(топтар тапсырманы орындайды)

- 7-кезең тапсырмасы аяқталды. Әділ қазылардың қойылған бағаларымен танысайық.

Жүргізуші: 8-кезең. «Үй тапсырмасы». Әр команда спорт тақырыбына флешмоб билейді.

Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден -

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол -

Еңбектену, жалықпау

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады.


Олай болса біздің әділ -қазыларға сөз берелік. Марапаттау рәсімі!

Жүргізуші: Біз қазақпыз,

Ел үшін атқа мінген.

Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,

Бой тұмар ғып ар-ождан қазынасын,

Жігіттеріміз ел қамын сақтап жүрген, - демекші бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, спорттық сайысқа қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!

© 2010-2022