Физическая культура на тему Тепе теңдік жаттығулары

Раздел Физкультура
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тепе-теңдік сақтау жаттығулары
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
1.Білімділік: Гимнастикалық бөренеде тепе-теңдік сақтау жаттығуларын орындау.
2.Дамытушылық:Ептілікті,қимыл-қозғалыс әрекетін дамыту.
3.Тәрбиелік: Төзімділікке,өзара достыққа,сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру,көрсету.
Көрнекілігі: гимнастикалық бөрене,ысқырық,доп,таяқша.

Сабақтың мазмұны

Жүктеме мөлшері Әдістемелік нұсқаулар
1 Дайындық бөлімі
1.Сапқа тұрғызу
Амандасу
Мәлімет қабылдау
Сабақтың тақырыбын түсіндіру
2.Саптық жаттығулар:
Оңға,солға,кері бұрылыстар
3.Жүру.
-аяқтың ұшымен,қол жоғарыда
-қол желкеде,өкшемен жүру
-отырып жүру
4.Жүгіру.
-баяу жүгіріс
-сол жақ иықтан секіре жүгіру
-оң жақ иықтан секіре жүгіру
-қиылысты жүгіріс,жылан жүгіріс
5.Жалпы дамыту жаттығулары.
Б.қ. қол белде,аяқ иық көлемінде,басты 1-2алға артқа,3-4оңға солға бұру

Б.қ. негізгі тұрыс,қолды алға созып айқастыру,1-2оңға,3-4солға

Б.қ.жұдырық түйюлі қолды 1-2жоғары,3-4төмен

Б.қ. қол кеуде тұста,1-2алға,3-4жанға қолды ашып сермеу

Б.қ. қол белде,1-2оңға,3-4солға бүгілу
Б.қ. 1-сол аяққа еңкейеміз,2-ортаға еңкею,3-оң аяққа еңкею,4-бастапқы қалып

Б.қ. қол белде,аяқ иық көлемінде.1-қол жоғарыда артқа шалқаю,2-алға еңкею,3-қол алдыда отыру,4-негізгі тұрыс

Н.т. оң аяққа 1-2,сол аяққа 3-4 отыра бүгілу

Н.т. бір орында отырып тұру
10-12 м
Саптал,түзел,тік тұр!
Кезекші рапорты
Рет-ретімен санау
1,2 санал, 1,2,3 санал
Техника қауіпсіздігі.
Сабақ кезіндегі тәртіпті қатаң сақтау:
• бойды қыздыру кезіндегі бірін-бірін қорғау және бірінші көмек көрсету
• спорттық форманы қарау
Мұғалімнің санауы бойынша.
Бәрі бірдей жасауын қадағалау,
Дененің тік болуын және тепе-тендікті ұстауды қадағалау; тізенің бүгіліп кетпеуін қадағалау.
Қаттырақ бұрылу тізені бүкпей

2 Негізгі бөлім.

Тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығулар бөрененің немесе гимнастикалық орындықтың үстінде орындалады.
-бөрененің үстінен қолды екі жаққа соза алға,артқа жүріп өту;

-сол аяқпен бір адым ілгері аттап,екі қолды екі жаққа соза қарлығаш бейнесін жасау;

-оң аяқпен бір адым ілгері аттап,сол аяқты алға соза тізені бүгіп отыру және екі қолды екі жаққа созу;

-екі оқушы «қыл көпірдің» (гимнастикалық бөрененің) үстінде қарама-қарсы келе жатып екеуі де құлап қалмай өтіп кетуі үшін, қарсы келген екі оқушы бір-бірін иығынан немесе белінен ұстап, оң аяқтарын бөрене үстіне қарама-қарсы қойып,оңға айнала бұрылып,сол аяқтарымен әркім өз бағытына қарай жүріп кете беру;

-бөрене үстімен жүріп келе жатып,допты лақтырып қағып алу;

-бөрене үстімен тез адымдап,жүгіріп өту
«Сиқырлы таяқша» ойынын ойнату 30мин
Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Тепе-теңдік сақтау


2-3 сек. Денені бір қалыпта ұстап тұру


Сол аяқ алға созылғанда тізені бүкпеу

Көпір үстінен құламай өту


Допты жоғары лақтыру,тұрып қалмай жүріп өту

Жүгіріс үстінде абай болу,қол екі жанға созулы

Қорытынды бөлім

1.Сапқа тұру

Оқушыларды толық бағалау


Үйге тапсырма: Бой жазу жаттығуларын орындау
Бір тізбекпен залдан шығару



© 2010-2022