«Толағай» отбасылык сайыс

Мен бұл сайысты 6-сынып оқушыларымен атаөаналарына өткіздім. негізгі Мақсатым: Оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.сайыс 6 кезеңнен тұрады. әр кезең сайын әділ қазылар өз бағасын беріп отырады.сайыс соңында командаларды марапаттау,сйлықтарды үлестіру. ойынның жақсы деңгейде өткендігін ойыншылардан сұрау қай кезең қызықт...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Толағай" отбасылык сайыс

Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайыс.
Мақсаты: Оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Түрі: Эстафеталық ойын. Қатысатын сыныптар: 6 «А», «Ә», «Б»
Өтілетін орны: Гимназия спорт залы. Өтетін күні: 18.03.2014ж Сағат:1500 де
Көрнекілігі: Доптар, шар, жалауша, кедергілер, ключка, крушка, баклашка, ағаш ат, газет , ысқырық, карандаш, дротик. т. б.
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Құрметті мұғалімдер және ата-аналар, оқушылар бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер !Көңілді жарысқа 6а , 6ә,6б сынып оқушылары мен ата-аналарымыз қатысады.
Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға

_________________________________________________________________________________ отбасын шақырамыз.
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
Жүргізуші:
Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ - ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана - шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
«ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1.________________________________________________
2. ________________________________________________
3. ________________________________________________

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Бүгінгі спорттық сайыс 6 кезеңнен тұрады
І тур: «Аламан бәйге»

ІІ тур: «Жамбы ату»

ІІІ тур: «Шарды түсіріп алма»

ІV тур: «Көгалдағы хоккей»

V тур: «Газетпен жүгіру»

VІ тур «Мұртты кенгуру»

Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.

Ал ендігі кезек ойыншыларымыздың өздерін таныстыруға келді. Кезектесіп шығып өздеріңізді таныстырыңыздар.

(Ойыншылар шығып өздерін таныстырады)
«Атамекен» тобын ортаға шақырамыз 6 «А»
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!
«Жасұлан»тобын ортаға шақырамыз 6 «Ә»
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты
Бәрін жеңіп шықты
«Барыс»тобын ортаға шақырамыз 6 «Б»
Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.
І кезең: «Аламан байге» ойыншылар ағаш атқа мініп кедергілер арқылы жүгіріп өтеді.

1-келсе 5ұпай, 2-келсе 4ұпай, 3- келсе 3ұпай.
ІІ кезең: «Жомбы ату» кедергілерден өтіп барып дротикпен шарды жарады.

1-келсе 5ұпай, 2-келсе 4ұпай, 3- келсе 3ұпай.

1шар жарса 1ұпай қосылады. 2шар жарса 2ұпай ,3шар жарса 3ұпай.

Жүргізуші: Денсаулық-басты байлық өмірдегі,

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Салауатты өмір салтын насихаттап,

Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

Гимназия палуандарының өнерін тамашалаңіздар!

Музыка ойнап тұрады «Күрес» көрніс.
ІІІ кезең: «Шарды түсіріп алма». Ойыншылар қасық қа салынған шарды қолдарына алады да жүгіреді Ал, бұл қасыққа кішкентай шарды қойып, жүгіреді.

1-келсе 5ұпай, 2-келсе 4ұпай, 3- келсе 3ұпай. Егер шарикты түсіріп алса онда ұпай саны алынып отырады.

ІV кезең: «Көгалдағы хоккей» ключка арқылы кішкене допты кедергілер арасымен жүргізу. 1-келсе 5ұпай, 2-келсе 4ұпай, 3- келсе 3ұпай.

Жүргізуші: Ұрпақ керек ертеңгі алда,

Болашақты болжайтын.

Дені таза, тәні таза,

Елін, жерін қорғайтын

Дей келе 9 «А»сынып оқушыларының орындауында би «папури».

V кезең: «Газетпен жүгіру»

Әрбір қатысушы қолдарына екі газет алады. Екі газетті қатар, яғни алдына қояды. Бірінші газетті басып, екінші газетті басады. Одан әрі артына айналып, қайтадан бірінші газетті алып қояды. Сөйтіп, соңына дейін осылай жасай отырып, қасына газетті алып қайтадан орнына жүгіріп, өзінің қарсыласына беріп кетеді.

1-келсе 5ұпай, 2-келсе 4ұпай, 3- келсе 3ұпай.

VІ кезең «Мұртты кенгуру» сайысы.

Бала қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп отырып екінші

жаққа келіп берілген есепті шығарады. Қайтарда жүгіріп барады да әкесінің

алақанынан ұрып келесі эстафетаны әкесіне береді. Сонан соң әкесі қайталайды. (Ойыншылар жарыса бастайды) 1-келсе 5ұпай, 2-келсе 4ұпай, 3- келсе 3ұпай. 1есеп шешсе 1ұпай, 2есеп шешсе 2ұпай ,3есеп шешсе 3ұпай

VІІкезең«Су тасуші» бакылашкыдағы суды стаканмен келесі бакылашкыға тасу.

Кім көп су жинаса сол ойыншы коп ұпай алады. 5, 4,3 ұпай алады.

үргізуші:

ермен ойын. Спортқа қатысты мақал- мәтел айту.

________________________________________________________

Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау ұшін сөз әділқазыларға беріледі.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
І орын _____________________________________

ІІ орын_____________________________________

ІІІ орын____________________________________
Жүргізуші:
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет.

жүргізуші: 6 «А» сынып оқушыларының Толағай әнін орындауын қабыл алыңыздар! «Толағай»

Біз толағай, біз толағай,

Тау көтерген баладай.

Ұмтыламыз жеңіске,

Қиындыққа қарамай.

Алға достар, бастаңдар,

Ақ көңілдер аспандар.

Бас иеді біздерге,

Асу, асу асқарлар,


© 2010-2022