Тіркеме адыммен қозғалу, екі адым жасап тоқтау 7 -сынып

Рапорт қабылдау. Сабақтың мақсатымен  таныстыру. Даярлық жаттығулар. Тіркеме адым ілгері, кейін, оңға, солға қозғалу кезінде жасалады. Ол орын ауыстыру бағытына жақын тұрған аяқтан басталады. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар. а)  Қол жоғары, аяқ ұшымен жүру; ә)  Қол белде, өкшемен жүру; б)  Қол желкеде, жартылай отырып жүру; в)  Қол тізеде, толық отырып тұру; г)  Қол тізеде, оңға, солға, секіру; д)  Спорттық жүріс.  Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар. а)  Тізені жоғары көтеріп жүгіру; ...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 69 - тақырыбы:

Тіркеме адыммен қозғалу, екі адым жасап тоқтау.

Сабақтың мақсаты:

Сауықтыру:

оқушылардың адамгершілік - және қимыл сапаларын жақсарту;

Білімдік:

төзімділік, ептілік және қимыл-әрекеттер жасауда тапқырлық таныту сапаларын қалыптастыру;

Тәрбиелеу:

дәлдік және қимылдар үйлесімі, ептілік, жылдамдық сияқты сапаларды тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың бөлімі

Сабақтың мазмұны

Әдістемелік нұсқау

І. Кіріспе бөлімі: 8-10 минут






ІІ. Негізгі бөлімі: 25-30 минут

Рапорт қабылдау. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Даярлық жаттығулар.

Тіркеме адым ілгері, кейін, оңға, солға қозғалу кезінде жасалады. Ол орын ауыстыру бағытына жақын тұрған аяқтан басталады.

Жүру бағытында орындалатын жаттығулар.

а) Қол жоғары, аяқ ұшымен жүру;

ә) Қол белде, өкшемен жүру;

б) Қол желкеде, жартылай отырып жүру;

в) Қол тізеде, толық отырып тұру;

г) Қол тізеде, оңға, солға, секіру;

д) Спорттық жүріс.

Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар.

а) Тізені жоғары көтеріп жүгіру;

ә) Өкшені жамбасқа лақтырып жүгіру;

б) Аяқтың басын алға сілтей жүгіру;

в) Оң қапталмен қолды алға айналдыру;

г) Сол қапталмен қолды артқа айналдыру;

д) Оң қапталмен қайшылай жүгіру;

е) Сол қапталмен қайшылай жүгіру;

ж) Жай жүгіріс.

Баскетбол ережесінде қолынд добы бар ойыншының жүрісін (екі адым) шектейді. Допты қозғалыста ұстап және беру үшін баскетолшы тек екі адым ғана жасай алады. Жүгірудің бөліктеріне (фазаларына) тірелетін және тірелмейтін жағдайларын алмастырып отыру тән. Бұлай үйлестірудің жалпы құрылымы мынадай: тірелмейтін жағдайда доп ұстайды (аяқ жерде тірелгенде бір адым жасалады деп есептеледі). Сосын басқа аяқпен екінші адым жасалады да, одан кейінгі тірексіз жағдайда, яғни үшінші адым жасалып болғанша допты қолдан жібереді. Сөйтіп, бірінші адымның алдындағы тірексіз жағдайда допты ұстау үшін қолды алға созып, сосын оны кеудеге қарай тартады да, келесі екі адымға допты беру үшін алға шығарады.

Қозғалыс кезінде допты беру секіріс кезінде де, орындалуы мүмкін. Бұл ретте секіру екінші адымда бір аяқпен итерілу арқылы орындалады. Допты өте шапшаң беруді жүгірістің алғашқы адымында да жүзеге асыруға болады.

Тек тірексіз фазаның кезінде де орындалуы мүмкін: допты тірексіз жағдайда қабылдап, осы жағдайдан беруді орындайды. Баскетболшы адым да жасамай қолға тиген бойда, келесі адамға береді.

Ойын «Аңшылар мен үйректер».

Дайындық. Жерге үлкен шеңбер сызылады. егер де ойын шектеулі жерде өткізілсе, 7 - 10 метр жерден екі сызық сызылады. Ойыншылар "аңшылар" және « үйректер » болып екі бөлінеді. « Аңшылар » алаңның сыртында, « үйректер » ішінде өз қалауларынша орналасады. « Аңшылардың » біреуіне доп беріледі.

Тіркеле адыммен қалай қозғалады ?

Екі адымнан кейін не істеу керек ?

Жеке оқушыларға озық тапсырма беру:

Үйге тапсырма беру:

Аяқтың ұшының көтерілуін қадағалау


Денені бүкпей дұрыс жасауын қадағалау.

Ойыншының тұрысына, қолдарына, саусақтарына, аяқтарына, допты қабылдауына назар аудару

Аяқтың ұшының көтерілуін қадағалау




Денені бүкпей дұрыс жасауын қадағалау

Қауіпсіздік ережесін қатан сақтау


Тыныс алуды қалыпқа келтіру.

ІІІ: Қорытынды бөлімі: 3-5 минут



Үйде даярлық жаттығуларды жасау.


© 2010-2022