Тақырыбы: Алға және артқа домалап түсу әдісі

Дене тәрбиесі: 4 «а» сынып Сабақ №43 күн реті:22.12.14ж. мин:45 Тақырыбы: Алға және артқа домалап түсу әдісі. Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға алға және артқа домалап түсудің әдіс-тәсілдерін үйрету. 2. Күштілік ептілік икемділік қасиеттерін дамыту. 3.Ұжымдыққа, икемділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Сабақт...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу ісінің меңгерушісі: Жаншуақова Ж.Ә._________ Пән мұғалімі: Халабаева З.Р.

Дене тәрбиесі: 4 «а» сынып Сабақ №43 күн реті:22.12.14ж. мин:45

Тақырыбы: Алға және артқа домалап түсу әдісі.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға алға және артқа домалап түсудің әдіс-тәсілдерін үйрету.

2. Күштілік ептілік икемділік қасиеттерін дамыту.

3.Ұжымдыққа, икемділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: көрсету, үйрету, жаттығу, жекелеп, топпен.

Өтетін орны: спортзал.

Құрал-жабдықтар: секундомер, ысқырық, уақыт өлшеуіш және төсеніш, секіргіш

Сабақтың мазмұны

Уақыты

әдістеме нұсқаулар

1.





















2.

Кіріспе бөлімі:

Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Кезекшінің баяндамасы. Оқушыларды түгендеу. Жаңа сабақты түсіндіру.Тақырыптың мақсатымен таныстырып өту. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар.

Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды белге ұстап, өкшемен жүру.
Қолды алға созып, жартылай отырып жүру.
Қолды тізеге қойып толық отырып жүру.
Осы қалыпта секіріп жүру.
Спорттық жүріс. Денені түзу ұстау.
Тізені бүкпеу. Басты жоғары ұстау.
Арақашықтықты сақтау.Толық отыру.
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар.

Жай жүгіріс.Тізені көтеріп жүгіру.
Аяқты артқа лақтырып жүгіру.
Қолды жанға ұстап, аяқты алақанға тигізіп жүгіру.
Қолды алға ұстап, аяқты алақанға тигізіп жүгіру.
Қолды белге қойып, оң қапталмен жүгіру.
Сол қапталмен жүгіру.
Қолды белге қойып, аяқты алға созып жүгіру.
Қол желкеде, аяқты артқа түзу ұстап жүгіру.
Артқа қарап жүгіру. Шапшаңдықпен жүгіру.
Спорттық жүріс. Жай жүріс. Жүгіріп кету. Арақашықтықты сақтап жүгіру.

Аяқты бүкпей алға сәл еңкейе жүгіру.

Жалпы дамыту жаттығулар:

Б.қ:қол белде,басымызды оңға және солға айландыру.

Б.қ:қолымызды иық үстіне қойып алдыға және артқа айландыру.

Б.қ:аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда, сол қол төменде, қолды ауыстырып алға артқа сермейміз.
Б.қ:аяқ иық көлемінде, қол белде, белді оңға 1 - 2, солға 3 - 4 айналдыру.
Б.қ:аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда, сол қол белде, қолды ауыстырып кезек - кезек екі жаққа иілеміз. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, ішке 1-2, сыртқа 3-4 айналдыру.

Б.қ:аяқ иық көлемінде, қолды алға созып отырып тұру.

Б.қ: секіру жаттығулары.

Негізгі бөлімі:

Жалпы дамыту жаттығуын аяқтап, сыныпты бір қатар сапқа тұрғызып сабақтың негізгі бөліміне көшу. Сабақтың міндеттерімен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау техникасын айту. Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын орындату.

Алға домалау жаттығуларын орындау.
1. Жүреден отырып алға қолды тіреп еңкейіп алға домалап түсу, тізені ұстап жүреден отыру және тұру.
Артқа домалау жаттығуларын орындау.

1.Теріс қарап жүреден отырып, тізені ұстап артқа құлау.
Қолмен итеріліп аударылу қолды тіреп жүреден отыру
(Бастапқы қалыпқа келу) Ойынның ережелерін түсіндіру.
1) Ойын.

- орындықтың жаныменен қос аяқпен секіру.

-төсеніш үстінен алға және артқа домалау;

-допты оң және сол қолмен соғып алып келу.

2) Ойын.

- орындық үстінде екі қолдың күшімен денені 10 рет көтеру;

-төсеніш үстінде алға және артқа домалау;

-секіргішпен секіріп келу.

3) Ойын.

-орындық үстінде «қарлығаш және писталет» бейнесін жасау;

-төсеніш үстінде көпірше жасау;

-таяқшамен жүгіру.

4) Ойын.

-орындықтың үстімен отырып жүру;

-төсеніш үстінде жауырынмен тұру;

- допты себетке лақтырып салу.

Логикалық сұрақтар.

1)Теңізде қандай тастар болмайды? (құрғақ)

2)Тауық бір аяқпен тұрғанда, оның салмағы 2кг болады. Ал екі аяқпен тұрғанда оның салмағы қанша болады? (2кг)

3)Қандай сағат бір күнде екі мегілді дәл көрсетеді.

(сынған сағат)

4)Тамақ пісірер алдында қазанға ең бірінші не салады? (назар салынады).

10-мин



2-мин

2-мин



2-мин



2-мин



5-8 рет

5-8 рет

5-8 рет

5-8 рет



5-8 рет

25-мин



8-мин





5-мин

5-мин

5-мин

5- мин

5-мин



2-мин

Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру.

Зейін қойып тыңдауларын бақылау.





Жеңіл жүгіріспен жүгіру.

Жаттығуларды дұрыстап орындау.



Қауіпсіздік ережелерін

сақтау.



Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.




Оқушылардың зейінін жаңа

сабаққа аудару.



Жаттығуларды дұрыс жасауларын

бақылау.

Секіру кезінде қауіпсіздік ережелерін

сақтау.

Кезекпен орнындауын қадағалау.

Аяқты тік

ұстауын

қадағалау.



Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.

3.

Қорытынды:

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Денені бір қалыпқа келтіру үшін «күн, су, жер» ойынын ойнату.

Оқушыларды бағалау.

Жіберген қателерін айту.

Үйге тапсырма беру. Акробатика жаттығуларын қайталау және ұлдар тартылу 8-рет.

5-мин

Оқушылардың

жіберген қателерін дұрыстау.

Сабақты аяқтау,

сау болыңдар!












Дене шынықтыру 4«а»-сынып.

Тақырыбы: «Жалпы дамыту жаттығулар».

Сабақтың мақсаты:

1)Дененің дұрыс қалыптасуына спорттың маңызы зор екенін ескере отырып

спортпен жүйелі айналысуға тарту.

2)Әртүрлі тәсілдерді,жаттығуларды,қимыл-әрекеттерді көрсете отырып,

оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.

3)Салауатты өмір салтын насихаттауға тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар:ысқырық,секундамер,төсеніш,таяқшалар,музика, т.б.

Өткізілетін орны: спорт зал.

Әдісі: түсіндіру,үйрету,қайталау.

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Әдістемелік нұсқаулар

I







1.

2.

3.

4.

5.



II

























III

Дайындық бөлімі:

Оқушыларды сапқа тұрғызу.Сәлемдесу.Кезекшінің баяндамасы.Оқушыларды түгендеу.Жаңа сабақты түсіндіру.Тақырыптың мақсатымен таныстырып өту.Үйге берілген тапсырманы сұрау.Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жүруге арналған жаттығулары.

-қолды көтеріп аяқтың ұшымен жүру.

-қол мойында өкшемен жүру.

-аяқтың сыртымен жүру.

-отырып жүру.

Жүгіруге арналған жаттығулар.

-оң және сол бүйірмен жүгіру.

-тізені көтеріп жүгіру.

-тыныс алу жаттығулары.

Жалпы дамыту жаттығулары.

Б.Қ. қол белімізде,басымызды оңға және солға айландыру.

Қолымызды иық үстіне қойып алдыға және артқа айландыру.

Ойын жаттығу: Б.қ. орындықта атша отырып,допты басынан асырып екіншіге, екінші үшіншіге осылай допты береді.

Ойын жаттығу: Б.қ.орындықта атша отырып,отырып жүру.

Ойын жаттығу:Б.қ. «Бір жоғары,бір төмен» ойыны.Белгі бойынша бірінші бала допты басынан асырып екіншіге,екінші аяғының арасынан үшіншіге,үшінші басынан асырып төртіншіге бір жоғары,бір төмен беру арқылы жалғасады.Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Негізгі бөлімі:

Жалпы дамыту жаттығуын аяқтап,сыныпты бір қатарға сапқа тұрғызып сабақтың негізгі бөліміне көшу.Бір мен екіге санал.Екіншілер алға қарай 3 адым бас.

1)скалиозға (омыртқа қысаюуы)арналған жаттығу:

(Мысалы:массаж жасаған кезде біз арқаны,желкені мыжамыз.Ол дұрыс емес.) Массаж жасаған кезде омыртқаның қуысына,екі саусақты тигізіп 4санға оңға қарай және солға қарай айландыру.

Келесі жаттығу

2)гимнастика таяқшаны арқамызға тигізіп 4 санға бұрылу жаттығуларын орындау.

3)гимнастика таяқшаны жауырынға қойып оңға,

солға бұрылып алға және артқа шалқайып орындау.

4)гимнастика таяқшаны аяқтың арасына қойып жартылай отырып тұру.

5)Май табан ауруына арналған жаттығулар:

Аяқтың ұшымен және өкшесімен жүру,аяқтың қырымен,сыртымен жүру.

6)Тамақ ауырғанда арнайы жаттығулар:

У,у,у,у,у,у,-әріпі

А,а,а,а,а,а,,-әріпі

О,о,о,о,о,о,-әріпі

Я,я,я,я,я,я, -әріпі

7)Тұмау мен ауырғанда арнайы жаттығулар:

Мұрынмен терең дем алу.

Мұрынмен терең дем алу және дыбыстап шығару.

8)Бүйрек ауырғанда жасалынатын жаттығу:

Гимнастикалық төсеніште жатып,аяқты бүгіп,1дегенде терең демімізді алып жоғары көтерілу,2дегенде бастапқы қалыпқа келу.

9)Асқазанға арналған жаттығу:

Төсенішге жатып,қолымызды асқазанға қойып сипалап терең дем аламыз.

Оқушылар,енді маған көрсетіңіздерші,ауыр сумкаларды қалай көтеру керек?

Ауыр сумкаларды дұрыс көтеру:ол жартылай отырып,денені тік ұстап сумканы көтеру.

Жарыс:

1)Орындық үстімен аяқтың ұшымен жүру.

2)Орындық үстімен аяқтың өкшесімен жүру.

3)Орындық үстіннен бір аяқпен секіріп жүру.

4)Орындық үстімен қос аяқпен секіріп жүру.

5)Орындық үстімен бір қырынмен жүру.

Логикалық сұрақтар.

1-топ: сұрақ.

1)Теңізде қандай тастар болмайды?(құрғақ)

2)Тауық бір аяқпен тұрғанда,оның салмағы 2кг болады.Ал екі аяқпен тұрғанда оның салмағы қанша болады?(2кг)

2-топ: сұрақ.

1)Қандай сағат бір күнде екі мегілді дәл көрсетеді.

(сынған сағат)

2)Тамақ пісірер алдында қазанға ең бірінші не салады?(назар салынады)

Қорытынды бөлімі:

Оқушыларды сапқа түрғызу.

Жеңіл жүгіру.

Тамыр соғу көрсеткішін тексеру.

Сабақты қорытындылау-бағалау.

Үйге тапсырма беру.Жалпы дамыту жаттығуларды қайталау.

Сабақты аяқтау.

10 мин



1-айн



1-айн

5-8 рет

5-8 рет

5-8 рет



30 мин















5 мин

Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру.

Зейін қойып тыңдауларын бақылау.



Жеңіл жүгіріспен жүгіру.



Жаттығуларды дұрыстап орындау.



Допты дұрыстап беру.



Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа аудару.Дұрыс тыңдауларын бақылау.





Барлық жаттығуларды түсіндіріп көрсету.

Әріптерді бар дауыспен айту.

Терең дем алу





Денені тік ұстау.



Жаттығуларды дұрыс орындауын қадағалау.





Оқушылардың жіберген қателерін дұрыстау.сабақты аяқтау,сау болыңдар!


© 2010-2022