Тақырыбы: «Игерілген әдіспен баскетбол ойыны»

Ш. Батталова атындағы орта жалпы білім беру мектебі                         «Игерілген әдіспен баскетбол ойыны» 4-ші қазақ сыныптар арасында өткен ашық сабақ           Денешынықтыру пәнінің  мұғалімі: Ибажанов Б. Б.                     Ақжал кенті 2013 – 2014 оқу жылы   Тақырыбы: «Игерілген әдіспен баскетбол ойыны» Мақсаты: Білімділігі: Қалыптасқан түсініктерін,білімдерін пысықтап, адам өмірі үшін баскетболмен шұғылданудың қажеттілігін түсіндіру және ойын ережелерін жасына сай меңгерту. Оқушыла...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ш. Батталова атындағы орта жалпы білім беру мектебі



«Игерілген әдіспен баскетбол ойыны»

4-ші қазақ сыныптар арасында өткен ашық сабақ





Денешынықтыру пәнінің

мұғалімі: Ибажанов Б. Б.











Ақжал кенті

2013 - 2014 оқу жылы

Тақырыбы: «Игерілген әдіспен баскетбол ойыны»

Мақсаты:

Білімділігі: Қалыптасқан түсініктерін,білімдерін пысықтап, адам өмірі үшін баскетболмен шұғылданудың қажеттілігін түсіндіру және ойын ережелерін жасына сай меңгерту. Оқушыларға баскетбол ойынының ережесін үйретіп, техникаларын меңгерту.

Сабақтың ұраны: «Кез келген істегі жеңіс алғашқы қадамнан басталады»

Тәрбиелігі: ұлтжанды, инабатты, халқын, салт - дәстүрін сүйетін, тілін құрметтейтін, қадірлейтін саналы азамат тәрбиелеу. Шапшаңдылыққа, ептілікке, икемділікке тәрбиелеу.

Дамытушылығы: ойынды тәрбие құралы ретіңде пайдаланып, бала сезімін кеңейтіп, ойын арқылы ойларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Спортқа деген ынтасын арттырып, күш-жігерлерін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың өтетін орны: Спорт зал

Сабақта пайдаланылатын құрал: Себет, баскетбол добы, ысқырық және көрнекі құралдар

Ұйымдастыру бөлімі:

  1. Бірқатарға сапқа тұрғызу. Мәлімдеме қабылдау. Оқушыларды түгендеу

  2. Жүгіру жаттығулары

  3. Сапта орындалатын жаттығулар. Сапта тұрып, аяқ-қол бұлшық еттерін дамыту жаттығуларын орындау. Жалпы дамыту жаттығулары

Негізгі бөлім:

Жаңа сабақтың тақырыбы: «Игерілген әдіспен баскетбол ойыны»

  1. Баскетбол ойынының ережесін түсіндіру

  2. Қауіпсіздік ережелерін сақтау

  3. Ойын техникаларын үйрету

  4. Екі жақты ойын баскетбол

  5. Сергіту жаттығулары

1-жаттығу: баскетбол добын ұстау әдісі, допты бір қалыппен алып жүру. (әр оқушы жеке -жеке баскетбол добын ұстау әдісін және алып жүруге үйрену).

2-жаттығу: допты екі қолмен иықтан лақтыру және допты жоғарыдан лақтыру әдісі (әр оқушы баскетбол добымен екі қолмен иықтан лақтыру, жоғарыдан лақтыру жаттығыларын жасайды).

3-жаттығу: допты екі қолмен кезек-кезек алып жүру.бұл жаттығуды да әр бала жеке-жеке орындайды.

4-сергіту жаттығулары: Түн. Күн ұясынан шығып таң атты. Жел тұрды (екі бала жапырақтар алып жел қимылын салады). Жел басылып. Жаңбыр жауады. Жаңбыр басылып, күн шықты.

Қазір бәріміз орнымыздан тұрамыз, көздерімізді жұмып, қолдарымызды жоғары көтерейік. Күннен оның жарығын, мейірімді шуағын, жылуын және күлкісін алайық.

Басымыздан бастап бүкіл денемізге жылудың таралып жатқанын сезесіздер ме, жарық біздің көзімізді мейірлендіре түседі, біз тек жақсылықты ғана көргіміз келеді.

Күн жылуы біздің жүрегімізге жетті, ол жүрегімізді жылы, мейірбан етеді, содан соң аяқтарымызға түседі. Біздің мейірімі мол Жерімізде, біздің бойымызда жылуымыз бар. Көздеріңді ашыңдар.

5-жаттығу:игерілген әдістерді пайдаланып баскетбол ойнау.

Қорытынды бөлім:

Сыныпты сапқа тұрғызу.

  1. Оқушылардың кемшіліктері мен жетістіктерін айтып өту

  2. Бағалау

  3. Үйге тапсырма беру

Баскетбол добымен жаттығулар орындау



© 2010-2022