Ашық сабақ Көңілді старт

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

-Сабақтын тақырыбы: «Көңылды старт»

Мақсаты:

А) Балалардың дене бітімінің дұрыс жетілуі үшін спорттың, дене шынықтырудың маңызын арттыра отырып, төзімділік күш сапалық қасиетттерін дамыту
Ә) Балалардың дене даярлық сапасын арттыру, бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге ұжымшылдыққа, ұйымшылдыққа, ептілікке баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру.
Б) Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.

Түрі: жарыс түрінде.

Сабақттың тәрбиелік мәні: Дене тәрбиесі мәдениеті мен гигиенасын дамыту.

Өтілетін орын: Спортзал

Керекті құрал - жабдықтар:Доптар,кішкентай шариктар,секіртпелер, обурчтар,

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Техникалық қауіпсіздік ережелеріне мән беру. Керекті жабдықтармен керекті заттардын дұрыстығын тексеру. Балалардың спорттық киіміне, сабаққа қатысуына мән беру. Қатысатын командалар: «Жұлдыз», «Көбелек» топтары.

ІІ. Негізгі бөлім. Кіріспе сөз

Халқымыз байырғы заманнан бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұрпақтарын болашағына балаған. Салауатты өмір салтын ұстану осы іс - шараның алғашқы баспалдағы. Сондықтан еңкейген кәріден, бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғам да, мекемелер мен мектептер-де жағдай жасап, денсаулықты сақтауға, нығайтуға ат салысу керек.

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік.

Сіздерге жеңіс тілейік, - дей отырып, ортаға сайыскер тобымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

2-топқа бөлініп сапқа тұрадыАшық сабақ Көңілді старт


Эстафета түрлері:

  1. «Музыкалық сәлемдеме»

  2. Шегіртке

  3. Допты аяққа қысып алып жүру.

  4. Жеміс жинау» ойыны

  5. Қасықтағы шарик

  6. Кішкентай шелекпен құм тасу.

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт - сапар!

1. «Музыкалық сәлемдеме»

Әр командадан бір музыкалық сәлемдеме (ән, би, музыкалық пародиа).

2. ШегірткеАшық сабақ Көңілді старт

Белгі бойынша ойыншылар секіріп барып, секіріп қайтады

3.Допты аяққа қысып алып жүру.

Ашық сабақ Көңілді старт

4.«Жеміс жинау» ойыныАшық сабақ Көңілді старт

Шеңбер ішінен жеміс жинау (тенис шары) Әр ойыншы әрбір баруында бір жемістен жинайды. Берілген уақыт ішінде жиналған жемістін санымен есептелінеді. Бір жеміс 1 - ұпай.

5. Қасықтағы шарик

Белгі бойынша бірінші тұрған ойыншы қолындағы қасығына шарикті салып, мәрені айналып келіп, өзінен кейінгі ойыншыға береді.

6.Кішкентай шелекпен құм тасу.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай атамыз да - дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.

КГПП бала бақша «Құлыншақ»



«Көңілді старт»



Өткізген:Лапенов Б.С.







2015жыл











© 2010-2022