Улттык спорт ойындары аркылы киши мектеп жасындаы окушыларды салауатты өмир салтына калыптастыру

Тақырыбы : Ұлттық спорт ойындары арқылы кіші мектеп жасындағы оқушыларды салауатты өмір салтына қалыптастыру. КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. Еліміз Егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, ақыл- ойы жетілген жеке тұлғаны дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы...
Раздел Физкультура
Класс 2 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы :

Ұлттық спорт ойындары арқылы кіші мектеп жасындағы оқушыларды салауатты өмір салтына қалыптастыру.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Еліміз Егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, ақыл- ойы жетілген жеке тұлғаны дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру мен дамытуға қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған. Осыған орай кіші мектеп оқушыларының бойында жалпы адамзаттық, ұлттық, мәдени құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (жеке тұлғаның ақыл- ойы, этикалық, эстетикалық, адамгершілік, салауаттылық тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасы ұлттық ойын арқылы қалыптастыруды жүзеге асыруға болады.

Халқымыз ұлттық ойындарды тәрбие құралы деп таныған. Сондықтан, кіші мектеп оқушысының жеке тұлғасын оқыту- тәрбие процесінде ұлттық ойындар арқылы салауаттылық өмір салтына тәрбиелеумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білетін жеке тұлға ретінде қалыптастыру маңызды.

Сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмысында, яғни бастауыш мектептерде ұлттық ойындарды ұтымды пайдаланса, онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастырып, салауаттылық өмір салтына тәрбиелеуге болады.

Елімізде жүріп жатқан саяси-әлеуметтік реформаларға байланысты жалпы білім беру салаларына қойылатын талаптар да өзгеруде. Себебі білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші роль атқарады.

Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын жетілдіру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.

Ұлттық ойын тұтас ұжымды тәрбиелеудің тамаша құралы болып табылады. Ұлттық ойын талаптарын орындау арқылы балалар өздерінің мінез-құлқы мен жүріс-тұрыстарын басқаруды үйренеді, оларда ұжымгершілік пен жауапкершілік сезімі дами түседі. Ұлттық ойын балалардың белсенді қарым-қатынасқа және де ұжымдық іс-әрекетке деген мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Ұлттық ойын ұжымдағы жалпы нормалар мен құндылықтарды қалыптастырады. Ұлттық ойындар қоршаған өмір құбылыстары мен заттары жөніндегі балалардың білімін нақтылайды, елестете алуды, сөйлеуді дамытып оқумен, санауды және т.б. үйретеді.

Біз өз зерттеуімізде төмендегідей түсініктемені ұстандық: ұлттық ойындар-бұл ойындық және танымдық негізден тұратын іс-әрекет түрі. Баланың мектепке келуінен кейін ойын іс-әрекеттің жетекші түрі болмай қалады, дегенмен бұрынғыша баланың дамуы мен қалыптасуында елелулі орын алады. Ұлттық ойындарды пайдалану кіші мектекп оқушыларының психологиялық тұрғыдан да дамуына маңызы бар. Психологиялық жағынан ұлттық ойындар төмендегілерді қамтамасыз етеді:

  • Жалпы ойындарды жүйелі түрде пайдалану, қиыншылықтарды жеңуге, еңбексүйгіш субъект ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді.

  • Ұлттық ойындар жаттығулар көмегімен оқушыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіреді.

  • Көңіл күйді көтеру, көңілдену, ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну, келешек істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақталу қасиеттерін қамтамасыз етеді.

  • Ойын жаттығуларын ойша қайталау арқылы барлық ықылас зейінді аударуға негізделеді.

Ұлттық ойын арқылы балалардың ақыл-ой қабілеті шарықтайды. Ұлттық ойын - тәрбие құралы. Ұлттық ойын арқасында жан-жағын қоршаған орта балаға қостаушы болып табылады. Мектеп жасынадағы бала белсенді, ой-түсінігі мол болып, өзінің тәртібін басқара білсе, жақсы оқып, бір мақсатқа жетемін деген ынтасы болса, бала бойындағы талпынысты дамытуға баса назар аударуымыз керек. Сондай-ақ ойын-сабақтар мен ұлттық ойындарды ұйымдастырудың тәрбиеге тиімділігін үнемі ескеруіміз қажет.

Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай жазады: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болмақ. Сондықтан келешек қайраткерлерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады» Ұлттық ойын - тәрбиенің пәрменді құралдарының бірі. Ойын процесінде балалардың жағымды мінез-құлық белгілері, адалдық мақсатқа жетуге талпынушылық, көпшілік мүдесімен санасушылық сияқты қасиеттер қалыптасады. Сондықтан іс-тәжірибеде балалардың дене қимылдарының (ептілік, шапшаңдылық, төзімділік) жетілуін, кеңістікті білуін дамытатын жарыс элементтері бар спорттық ойындар, мазмұны алуан түрлі қимылды ойындарды ереже бойынша сюжеттік, сюжетсіз және атракциондарды кеңінен пайдаланған жөн.

Бастауыш мектептегі сабақтарда ұлттық ойынды оқушылардың тәрбиелеу мақсатында қолданудың әдістемесін теориялық-әдіснамалық және тәжірибелік-сараптамалық зерттеу нәтижелері төмендегідей қорытынды және ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызды:

  1. Психология мен педагогикада ұлттық ойындарды қолдану теориясы мен парктикасы кіші мектеп жасынадағы балаларды тәрбиелеуді толықтай баяндалған. Кіші мектеп жасындағы балаларға қарапайым білім беру барысында ұлттық ойындар ұғымы пайда болған. Бұл сыныптарда ұлттық ойындардың ролі мен атқаратын қызметтері анықталмаған және де оларды сабақта қолданудың әдістемесі жасалмаған.

Оқушылардың ұлттық ойындағы ақыл-ойы, ұйымшылдығы ынтасы жауапкершілігі, бір-біріне деген қамқорлығы, адамгершілігі жалпы сыйластығы салауаттылыққа тәрбиелеу т.б. көптеген жақсы нәтиже беріп, жетістіктерге жеттік деп ойлаймыз.

Бірінші жетістігіміз: Оқушылардың сапа көрсеткіштері жоғарлап, салауаттылыққа ұмтылысының артқанын көруімізге болады.

Екінші жетістігіміз: Оқушылардың ойын кеңейту, әрі ұлтымыздың ойындарын насихаттау бағытында жасаған жұмыстарым жақсы нәтиже берді. Біз ұлттық ойындар элементтерін сабақта байланыстыра алдық. Әр сабақта, қоңырау арасында да арнайы жұмыс жасалынады. Сөйтіп, олар ұлттық ойындар арқылы ақыл-ойлары артып, ептілікке, ақылдылыққа, инабаттылыққа, тапқырлыққа, жалпы салауаттылыққа т.б. халқымыздың бойындағы ұлттық қасиеттерді тани білуге үйренеді.

Үшінші жетістігіміз: Ұлттық ойындарды пайдалананудың нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, салауаттылық өмір салты деңгейінің жоғарлағанын байқай аламыз.

Міне, халықтық педагогиканың бір тармағы болып саналатын ұлттық ойындар, оқу-тәрбие процесінде бір-бірімен ұштасып өз нәтижесін беріп жатыр. Ұлттық ойындар арқылы оқушы тынығып, өмір танымын кеңейтеді, бірлесіп, ұйымшылдыққа үйренумен қатар ақыл-ой деңгейі де жоғарылайды.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айтар болсақ, әрбір елдің ойыны, сол елдің қоғамдық өзгерістеріне, тұрмыс тіршілігіне байланысты болып келеді. Ойындар, соның ішінде ұлттық ойындар - халықтық мол қазына. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларына ұлттық ойындарды ойната отырып, тәрбиелейді.

Жас ұрпаққа ұлттық білім мен тәлім-тәрбие беру - қазіргі таңдағы басты міндеттердің бірі ғой. Міне осыған қосқан аз да болса еңбегіміз деп есептейміз!










ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Жалғас Н. «Ойын іс-әрекетінің тәлім-тәрбиесі» // Қазақстан мектебі №4, 2009, 28-29 бет.

2. Көкшеева З. «Ойын арқылы психикалық ерекшеліктерді қалыптастыру» //

Қазақстан мектебі №4, 2009, 23-24 бет.

3. Нарқұлова Б. «Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері» // Бастауыш мектеп №3, 2009, 8-10 бет.

4. Қыдырғалиқызы Б.М. «Ойынды жоспарлау» // Отбасы және балабақша №2(138) 2010, 9-10 бет.

5. Салғараева Г.И., Маханова А. «Ойынды оқу үрдісінде пайдаланудың тарихи педагогикалық аспектілері және ойынның пайда болуы мен даму теориясы» // Тәрбие тағлымдары 298-302 бет.

6. Подласый И.П. Педагогика Том 1, М, Владос 1999.

7. Петровский А.В. Возрастная и педагогическая психология // М, 1979.

8. Муксимова Ж.Е. «Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы тәрбиелеудің педагогикалық негіздері» Ұстаз №5 4 бет.

9. Жораева С.Б., Избасарова Г.Б. «Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардыұлттық тәрбиеге баулу» // Бастауыш мектеп № 7-8, 2010, 14б.


© 2010-2022