Сыныптан тыс спорттық мерекеМенің таңдауым-спорт

Раздел Физкультура
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Киржибаев Тимур Айтказинович

« Қарақөл орта мектеп-бақшасы» КММ-ің

дене тәрбиесі пәні оқытушысы .


«Менің таңдауым - спорт»

(Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған сыныптан тыс спорттық жарыс)

Мақсаты:

а)оқушылардың бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттыру ;

ә)Отанды сүюге,елін,жерін қорғауға,достық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

б)оқушылардың денсаулығын нығайту,қимыл - қозғалыс мәдениетін қалыптастыру.

Түрі:командалық жарыс.

Әдісі:Ойын.

Өтетін орыны: Спорт зал.

Керекті құрал- жабдықтар:Баскетбол добы,кедергілер,гимнастикалық төсеніш,үрілген үлкен доптар,шығыршық, гимнастикалық орындық, футбол добы, секіргіш,ысқырғыш.

Мұғалім:Қуаныш кеудемізді керней берсін,

Құлашын болашаққа сермей берсін.

Тек алға,жаса,жаса,Қазақстан

Тұғырлы Тәуелсіздік өрлей берсін.

Армысыздар,қадірлі ұстаздар,оқушылар, жарысқа қатысушы көрермендер!

Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Менің таңдауым - спорт»атты спорттық мерекеге қош келдіңіздер!

Бүгінгі жарысқа қатысатын командаларды ортаға шақырамыз (Командалар орындарына келіп тұрады).

Қазақстан Републикасының мемлекеттік Әнұраны орындалады.

1- жүргізуші:Бұл күндері Қазақстан халқы өзінің ең басты мейрамы- Тәуелсіздік күнін атап өтуде.

2- жүргізуші. 1991 жылдың 16 желтоқсанында әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет- Қазақстан Республикасы пайда болды.

3- жүргізуші. Иә, бұл мереке- ұлы мереке. Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз «Егемен болмай, ел болмас, етектен кесіп, жең болмас» деп жырлайтын еді.

1-жүргізуші. Осыдан 23 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы- Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан даланың мына дархан төсін қанымен, терімен суарған ата- бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі дейміз.

2- жүргізуші. Еліміздің даму бағытын айқындаған «Қазақстан- 2050» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселесі қойылған.

3- жүргізуші . « Сау дене, озат ақыл, адал көңіл. Үшеуімен болады бақытты өмір», деп ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай мектептің басты міндеті- бастапқы білім берумен қатар жан- жақты жарасымды, жүйелі интеллектуалдырухани тәрбие беру және оларды денсаулығы мықты етіп өсіру болып табылады.

1- жүргізуші .Бүгін өз келешегіне бет алған Тәуелсіз Қазақстан- бұл біздің ортақ мақтанышымыз. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

2- жүргізуші . Тәуелсіз тойға арналған,

Бүгінгі бәйге қандай- ды.

Кім келер алдыда?

Жарыс тек жүйрік таңдайды.

3- жүргізуші .Ендігі кезекте назарымызды слайдқа аударсақ. Бұл слайдта біздің мектебіміздің мақтаныштары бейнеленген. Олардың әрқайсысы осындай спортзалдарда дайындалып, жүлделі орындар алды. Біз оларды мақтан етеміз. Сайыскерлер, сіздерге cолардың жолын берсін демекпіз.

1- жүргізуші . Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Спортшы оқушыларды шақырамыз.

2 - жүргізуші . Ал құрметті халайық,

Жарысты енді көріңдер.

Әділқазы алқасы,

Әділ баға беріңдер,-дей келе, жарысты бастамас бұрын ойынға әділ баға беретін қазылар алқасын таныстыра кетейік.(Ортаға әділ қазылар алқасын шақырып таныстыру)

3- жүргізуші :Олай болса, осы егемен еліміздің болашағы, қорғаныболатын ұл- қыздарымыздың қатысуымен өтетін « Менің таңдауым- спорт » атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер.

1-жүргізуші: 4 «А» сынып оқушылары шығады.( Сергіту сәті - спортттық би)

Эстафеталық ойындар кезегімен жалғасады:

1). Жалаушамен жүгіру

2).Екі доппен жүгіру

3). Толқын

4). Хок-баскет

( Жарыс қызған кезде ортаға үсті-басы алба-жұлба киінген зиянды әдеттер шығады )

1- жүргізуші: Қараңдар біздің залда шақырылмаған қонақтар жүр. Менің білуімше олар біздің мерекені бұзуға келді.

2- жүргізуші: Мен білдім. Бұлар зиянды әдеттер ғой.

Темекі: Таптыңғой әйтеуір. Мен қуаныштымын.

3- жүргізуші: Қазір зиянды әдеттер біздің залды босатады. «Қане, залды босатыңыздар, мерекенің шырқын бұзбаңыздар!»

Темекі:Бізді залдан қуатындай, сендер кімсіңдер?

1- жүргізуші: Біз осы спорттық сайысты жүргізіп жатқан жүргізушілер боламыз. Барлық балалар сендердің зияны екендеріңді біледі. Біздің мақсат күн сайын емес, сағат сайын өсу, жетілу,дені сау азамат боп өсу.

Темекі: Сонда қалай?

2- жүргізуші: Адамдар неғұрлым спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанса, соғұрлым олар тез өсіп, денсаулығын күшейтеді. Бірақ ешқашанда қызық үшін темекі тартып көруге болмайды. Біздің балаларға қарашы, олар дене шынықтыруды сүйеді және салауатты өмір салтын ұстанады.

Темекі: Олай болмайды. Тек жөтел мен алқыну ғана болу керек.

Ішімдік: Ең бірінші -ауру, сосын төбелестер мен ісіктер- осы рахат емес пе?

3- жүргізуші: Бұл біз үшін емес! Біздің балалар спортты сүйеді. Соған сендер қазір көз жеткізесіңдер.

6 «А» сыныбының бишілері ортаға шығады. Би «Waka, Waka»

1- жүргізуші: Жарайсыңдар! Өте тамаша!

2- жүргізуші: Ал, қазір сайысушы командаларды көңілді сайысқа шақырамыз.

Эстафеталық ойындарға кезек беріледі:

1).Секіргіштер

2).Акро-баскет

3).Туннель

4).Кенгуру (Зиянды әдеттер аңырып, шетте қалады)

3- жүргізуші: Көріп тұрсыңдар ғой, сендерден ештеңе шықпайды. Жүгіріп, секіріп, допты лақтыру үшін дене шынықтырумен айналысу керек.

Темекі: Біз бүгін мерекені жүргізіп, сайысты жалғастырамыз.

1- жүргізуші: Сіз нені жүргізе аласыз? Сіз ешқашан спортпен айналыспағансыз. Сіз тек адамдарға ауру мен қолайсыздық туғызасыз.

Темекі: Бізде де өз жарыстарымыз бар.

Мысалы: « Кім көп темекі шегеді? »

Ішімдік: «Немесе кім көп ішеді?»

Темекі: (күліп) Осы сайыстан кейін көрерміз қанша адамның ауырғанын.

2- жүргізуші: Балалар, мен білетін сияқтымын, зиянды әдеттерді қалай қууды. Егер де менің артымнан қайталасаңдар, сендердің көмектерің сол болмақ.

1-жүргізуші: 1) Дені саудың- жаны сау.

2) Шылым шегу- денсаулықты құрту.

3) Денсаулығыңды құртсаң- оны жаңадан сатып ала алмайсың.

4) Денсаулық- зор байлық, т. б.

Темекі: Болды, болды жетер!

2- жүргізуші: Жоқ, біз енді ғана бастадық.

7 «А»сынып оқушылары акробатика элементтері бар би орындайды.

3- жүргізуші: Біздің қонақтарымыздың осындай жаттығуларды дайындықсыз жасау екінің бірінің қолынан келе бермейтініне көздері жетті деп ойлаймыз.

1- жүргізуші: Ал, біздің тосын сыйымыз бар.

Қажымұратова Мөлдірдің орындауында«Сары жайлау» әні

Темекі:Маған бұл жер ұнамайды, қиналып тұрмын, ауа жетер емес,тезірек кетейікші.

Ішімдік:Достым, қазір, қазір! (Темекі жөтеледі, ішімдік арқасынан соғады)

Темекі: Болды, болды мен жақсы болдым. Сонда да жиналғандардың бәрі спортпен дене шынықтырумен айналысатынына мен сенбеймін. Қазіргі кезде бәрі бізді жақсы көреді емес пе?

2- жүргізуші: Қателесесіз! Біздің ауылда барлығы спортты жақсы көреді және дене шынықтыру залдарына барады. Олар ылғида көңілді және қозғалыста. Сенбесеңдер өздерің байқаңдар.

11 «А» сынып оқушылары орындауында қазақ биі.

Темекі мен ішімдік: Біз бұдан да жақсы билей аламыз! Қазір көресіңдер! Музыка қойыңдар.(олар билейді, бәрі күледі)

Темекі: Бұл не деген күлкі? Бізге өзіміздің билегеніміз ұнайды.

Ішімдік: Қазір біздің досымыз келеді. Сендер сонда көресіңдер!(Ортаға нашақорлық шығады)

Наша: Мені таныстырудың да қажеті жоқ. Мен былай да танымалмын. Қанеки, ұлдар мен қыздар мен дұрыс айтамын ба?

Бәрі: (хормен)Жоқ.

Наша: Түсінбедім. Мен қайда тап болдым?(темекі мен ішімдік қорқа бастайды)

Темекі: Бұның бәрі спорт сүйгіштер. Бізді ешқайсысы байқамайды.

Наша: Мүмкін емес.

Темекі мен ішімдік: Біз де бұның мүмкін еместігін айтып тұрмыз. Тағы да біз осы жерде не көрмедік.

Наша: Мен барлығын өзім көргім келеді.

Эстафеталық сайысқа тағы да кезек беріледі:

  1. Саяхатшы

2) ақылды тенисші

3)Қырықаяқ

Наша: Жоқ, жоқ. Мен бұған енді қарай алмаймын.Тазалық пен жарықтан үсті басым дуылдап кетті (Қышынып, қасынады)

Темекі:Мен бұған шыдай алмаймын, бірдеңе жасау керек!

Ішімдік:Маған осы орта ұнап барады.

Наша:Мен де өзгеремін,бірдеңе істеу керек?Бірақ не істесек екен?

1- жүргізуші. Мен нақты білемін, не істеу керегін! Ортаға командаларды шақырамыз.

Барлығы «Қара жорға» биін билейді.Ішімдік, Темекі,Нашақорлық - үшеуі үстілеріндегі киімдерін жыртып, лақтырып, балалармен қоса билеп кетеді.

Марапаттау.

Үржар ауданы,

Шығыс Қазақстан облысы.

Қарақол ауылы.

© 2010-2022