Ұлттық ойындарды санаториялық мектеп-интернатта қолдану авторлық бағдарлама

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Мазмұны


1.Түсінік хат...........................................................................................................2

2.Қазақтың ұлттық және қозғалыс ойындардың тарихы................................3-7

3. Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында,сыныптан тыс уақытта қолданудың жаңа әдіс-тәсілдерінің әдістемесі..............................8- 14

4. Қазақтың ұлттық және қозғалыс ойындарының түрлері мен орындалу

барысы..........................................................................................................15-45

5. Ұлттық және қозғалыс ойындардың күнтізбелік жоспары....................46-50

6. Бағдарламадан күтілетін нәтиже....................................................................51

7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................52











Түсінік хат

Ерте заманнан қазақ халқының ұмыт болған ұлттық ойындарын жаңғарту мақсатында Боровской санаторлық мектеп-интернат оқушыларына арналған ойын түрлерін дәріптеу.Оқушылардың бос уақытында,дене шынықтыру сабағында қазақтың ұлттық ойындарын түрлі әдістермен жетілдіре оқыта отырып, ұлттық өнегені оқушылардың бойына сіңіріп, ұлтқа тән қасиеттерін дарытуға жасақталған бағдарлама.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Оқушыларда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына сіңіру арқылы жүзеге асыруға болады. Осыған байланысты бағдарлама арқылы халқымызға тән әдептілік, мейірімділік,сыйластық, патриоттық, жанашырлық сияқты қасиеттер, қоғамға деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер қалыптасады. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен,асыл мұраларымен ұлттық ойындарын ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келген. Оқушылардың ойындағы білімін тәжірибе жүзінде,ойын арқылы жеткізе білу біздің мақсатымыз.Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойын түрлерін сабақта,сабақтан тыс уақытта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.Бірақ ,бағдарламаны толық іске асыруға арналған нақты әдістемелік құралдар,ойын құралдары мектеп-интернатымызда жоқтың қасы. Сондықтанда қазіргі таңда енгізіліп отырған бағдарлама өзекті мәселе болғанменде,қолда бар құралдарды пайдалану арқылы ұлттық ойындарымызды таратамыз.Келешекте ұлттық ойындарға да көңіл бөлетін шығар .

Қазақтың ұлттық және қозғалыс ойындардың тарихы

Ұлттық ойындар өте ертеден бастау алады. Ертедегі Қазақстан жеріндегі рулардың қалыптасу кезеңіндегі этнографиясы, ойын-сауықтары, мәдениеті тағы басқалары жайындағы деректер ХІІІ-ХVIIIғасырлардағы Орта Азия мен қазақ жерлерінде болған Еуропа саяхатшыларының еңбектерінде жинақталған. Әсіресе, Қазақстанның елі мен жеріжайында көптеген еңбектер қалдырған Еуропа саяхатшыларының ең алғашқылары Плано Карпини, Вильгельм Рубрук және Марко Поло сияқтылары болды. Бұл саяхатшы-ғалымдардың артында қалдырған баға жетпейтін зерттеулері қазіргі кезеңде көптеген елдердің өткен өмірлерін оқып-білуде жалпы тарих ғылымдарының бірден бір бұлақ көзі болып отыр.XII ғасырдың бірінші жартысында Италия саяхатшысы Плано Карпини Хорезм,Жетісу және Тарбағатай арқылы Монғолияға барып, одан еліне қайтқан сапарында жинаған материалдарынан "Монғолия тарихы" атты еңбегін жазды(1). Бұл еңбекті тіпті қазіргі дәуірдің тарихшылары ғана емес, кезіндегі қазақ халқының тарихын зерттеуші-ғалым Шоқан Уәлиханов та көптеген еңбектеріне осы "Монғолиятарихын" негіз етіп алған. Еңбек ол кезде Д. Языковтың басқаруымен 1925 жылы орыс тілінде екінші рет (бірінші рет 1795 жылы) басылып шыққан. Онда кезіндегі Монғолияның көршісі болған ортажүздің бірруы Тарбағатай наймандарының өмірлері мен әдет-ғұрыптары жайлы, демалыс уақытын өткізгендегі ойын-сауықтары туралы деректерді, жауынгерлік ерліктерінің сипаттарын кездестіреміз.Қазақ халықтың ұлт ойындары жайындағы деректемелерді қағаз бетіне түсіргендердің бірі-Венеция саяхатшысы Марко Поло болды. Ол өзінің Қазақстанға жасаған саяхатында Жетісу бойындағы қазақ ауылының мерекелі тойларында болып, ойын-сауықтарын көріп, көптеген ұлт ойындарына талдау жасап, шығу тарихтарына, қалыптасу дәуірлеріне де болжам айтқан(2).Неміс ғалымы Александр Гумбольдт 1829 жылы орыс өкіметінен арнайы рұқсат алып Каспий теңізінің бойына, Орал мен Алтай және Орынбор, Семей, Өскемен қаларына саяхат жасайды. А.Гумбольдт өзінің болған жеріндегі көшпелі қазақ ауылдарының өмірімен танысып, олардың күнделікті тіршілігі,қонаққа көрсететін сый-құрметі, табиғат құбылысына бейімделуі, әдет-ғұрпы, яғни тарихы мен этнографиясын толығынан зерттей келіп,«Центральная Азия, исследования о цепях гор и по сравнительной климатологии»атты еңбегін жазды. Ол қазақ ауылына келген беттегі қонаққа көрсетілген сый-кұрметін, олардың ойын-сауықтарына, әсіресе қоян-қолтық күрестері мен ат жарыстарын қызықтамайтын және осы халықтың ойын-сауықтары жөнінде жазбаған шетел ғалымдары мен саяхатшылары кемде кем екендігіне баса көңіл аударды.А. Гумбольдттың бұл пікірі, әрине, тегін айтыла салған сөз емес. Біз қарастырған тіпті сонау Плано Карпини, Марко Полодан бастап, ең ақырғы 1863-1864 жылдары Қазақстанда болған шығыс-зерттеу ғалымы Венгрия академигі Арминий Вамбери(3)мен 1903-1907 жылдары Каспий теңізінің бойында Маңғышылақта қонақтаған неміс этнографы Рихтер Каруцкаға(4)дейінгі шетел саяхатшыларының еңбектерінің барлығына дерлік арқау болған-қазақ халқының қонақты сыйлауы мен ойын-сауықтары.Ұлт ойындары жайында бұлардан басқа да, тіптен Қазақстан жерінде болмаған көптеген шетел ғалымдарының осы бір көшпелі халықтың тарихы мен этнографиясы турасында жазған зерттеулерінде де кездеседі. Мәселен,Австрияның атақты дипломаты С.Герберштейн 1516-1517 және 1526-1527 жылдары Мәскеуде болып, Қазақстанда болған орыстардың ауызша айтуларынан жинаған материалдарынан жазған 1549 жылы латын тілінде жарық көрген «Записки о Московских делах»атты еңбегінде Қазақстан туралы ойлар бар. Сондай-ақ Италияның ғалымы Павло Иовия Новокамский 1525 жылы Римде орыстың сол кездегі белгілі елшілерінің бірі Дмитрий Герасимовпен кездесіп, соның айтуымен,«Книга о Московском посольстве»атты еңбегін сол жылы жазып жарыққа шығарды. П.И. Новомайский бұл еңбегінде қазіргі Қазақстан жеріндегі көшпелі рулардың этнографиясы, жері, орыс халқымен аралас сауда-саттық жұмыстары, сондай-ақ ойын-сауықтары жайында жазған. Бұндай анықтаманы дәлелдейтін мағлұматтар Лейден университетінің архивінде сақталған.А.Гумбольдт қазақ жерінде жүріп, көшпелі халықтың өмірі жайындағы ойға түйгенін Канкрин мен Шеллергежазған хатында былай деп көрсетеді:«Мен қазақ ауылындаболған кезімді өмірімнің аса құрметті кезеңідеп есептеймін. Себебі,көшпелі халықтың біздерге көрсеткен қонақсыйы мен ойын-сауықтарыестен кететін уақиға емес... Мұндай өмірімнің аса бір белді кезеңін одан ары Каспий теңізінің бойында өткізбей кете алатын емеспін. Менөмірімде осындай қысқа уақыт ішіңде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емес едім, бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болуы керек».Француздың атақты жазушысы А.Дюма «Из Парижа в Астрахань» атты еңбегінде ұлына жазған хатында: «Қымбатты ұлым,сенің хатың мені Астраханьда қуып жетті. Менің саяхаттағы өмірімнен мағлұмат алғың келсе, алдымен қолыңа Ресейдің картасын ал, Астрахань қаласын тап. Біздер мұнда келгеннен кейін Каспий теңізінің жағасында аң ауладық, құс салдық. Бұл күндері менүлкен тойдың, ойын-сауықтың куәсі болдым. Келген қонаққа сый көрсетумен мұндай ойындар өткізуді әзірше мен көрген елде,жүрген жерде кездестірмедім. Мұндай ойын-сауықтың өтуіне себепші болғандықтан, маған қаракүлден тігілген тон кигқзді».Қазақтың этнографиясын зерттеп,оны Еуропа елдеріне таратуға ат салысқан поляк зерттеушілері А.Янушкевич, С.Гросс, Б.Залесскийлерболды. Бұлар Сібірге, Қазақстанға жер аударылады да, ан уаыттарында Қазақстанның елімен, жерімен толық танысады.

А.Янушкевич «Дневник и письма из путешествия по казахстанским степям»атты еңбегінде қазақ халқының қыстаудан жайлауға көшіп келіп қонған күнгі өмірлерін «Бұлкүн олар үшін бақыт күні, қуаныш күні», -дей келіп, сол күнгі ойын-сауықты, әсіресе «қыз қуу» ойынының көз тартарлық құдіретін сипаттайды(5).Осы ойын-сауық үстіндегі ақындар айтысын: «Менің алдымда Демосфен мен Цицеронды естімеген, оқу мен жазудан хабары жоқ екі ақын айтыс үстінде олимпиада да күрескерлердей біріне-бірі шаба түседі. Не деген талант, не деген жыр, менің жаныма сыймай жүрегімнен орын алуда», -деп табиғи дарын қүдіретіне бас иеді. «Мұндай дарыны бар көшпелі халық еш уақытта да шетел отары болмайды, түбінде халықтар арасынан құдіретті орын алатынын өздері-ақ айтып отыр».С.Гросс таА.Янушкевич сияқты XIX ғасырдың 60-жылдары төңкеріске қатысып, жастар ұйымын құрғаны үшін Шығыс Сібірге жер аударылады. Ол осы сапарында Семейде сегіз жылдай тұрып «Материал для изучения юридических обычаев киргизов»атты еңбегін жазады. С.Гросс сол жылдары Семейде кұралған статистикалық комитетті басқарады, басқа да ғылыми қоғамдардың құрылуына көптеген еңбектер сіңіреді, Абаймен достасады. Бір айта кететін жай,поляк халқының алдыңғы қатарлы идеяларды таратушылардың біріА.Янушкевич осы ғасырдың 40-жылдарында Абайдың әкесі Құнанбаймен кездессе, екіншісі С.Гросс,80-жылдары Абайдың өзімен кездеседі. Американ жазушысы Джордж Кеннан да осы Семейде болған кезінде С. Гроссты,оның жолдасы А.Блекті және Абайды кездестіріп, қазақ халқының тарихын, этнографиясын, географиясын зерттеуде қандай еңбектер жазып, зерттеулер жүргізгендігін өзінің «Сибирь и ссылка»атты еңбегінде ашып жазады.Қазақтың күнделікті тұрмысындағы көңіл ашар, демалыс уақыты осы ойын-сауықтары екені жайында Қазақстанда болған ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсон «Средняя Азия и Западная Сибирь»атты еңбегінде жазған. «Халықтың ойын-сауықтары ең алдымен ақындар айтысынан басталады. Бұл ақындар айтысы келесі ойналатын ойындарға қатысушылардың арасындағы тартысты күшейте түсетіндігін байқатады. Қазақтардың ақындар айтысын тындағандай, ертедегі гректер Гомерді үйтіп тыңдамаған болар», -дейді.Сондай-ақ қазақтың ұлт ойындары жайындағы мағлұматтар сол кезіндегі күнделікті шығатын газеттер мен журналдардың беттерінде көптеген берілген. XIX ғасырдың екінші жартысында шығып тұрған «Воскресныйдосуг» журналының 72-73-інші сандарында «Қырғыздар»атты ұзақ мақала басылған. Бұл мақала негізінен қазақ халқының өмірін, тұрмысын, әдет ғұрпын, ойын-сауықтарын баяндаған. Көшпелі халықтың осындай ойын-сауық, көші-қонын айта келіп, «Воскресный досуг» журналы:«Әрбір мереке той-думанныңжаны қыз-келіншектер, олар той үстінде жігіттер мен өлең жарысына да түсе алады», -деп көрсеткен.Басқа да көптеген газет, журнал беттерінде кезінде белгісіз авторлардың бастыруымен жарық көрген алуан түрлі ұлт ойындары мен аң аулауға арналған материалдар бар.Орыс саяхатшыларының ішінде П.И. Рычков бірінші болып қазақ халқының өмірін, мәдениеті, әдет-ғұрпы, ойын-сауықтары жайында 1759 жылы «История Оренбургская по учреждению Оренбургскойгубернии» атты еңбегін жазды(6). Ұлт ойындары бұдан басқа да көптеген еңбектерінде де кеңінен қарастырылған.XVII ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының өмірі жайында көптеген материалдар жина

ған орыс ғалымдарының бірі П.С.Паллас болды(7). Ол 1767 жылы Батыс Сібір мен Орал бойына жасаған орыс экспедициясын басқарып, осы сапарында жиналған материалдан 1773 жылы «Путешествие по разным провинциям Российской империи» атты еңбектерінің жинағын шығарды. Осы еңбектің «Известия о киргизах» атты бөлімі түгелдей қазақ халқының этнографиясына арналған. Халықтың ойын-сауықтарының қалай өтетіндігі, демалыс уақыттарын қалай өткізетіндігі, аңшылығы түгелдей қарастырылып, мысалдар келтірілген.Қазақ халқының этнографиялық материалдарын жинауда тек Ресей өкіметінің Қазақстан жеріне арнайы жіберген экспедициялары ғана емес, сонымен қоса көрші отырған екі ел арасында кездесетін кейбір қақтығыстарда қазақтардың қолына түскен орыс тұтқындарының қосқанүлестері бар. Осындай тұтқындардың бірі орыс офицері Ф.С. Ефремов көшпелі халықтың өмірі жайында көптеген материалдар жинаған.Ресейге қайтқан бетінде тұтқында жүріп жинаған материалдарынан еңбек жазып, соның «Чем киргизская земля изобильна, каков воздух и жители»атты бір тарауы қазақ халқының аңшылығы мен ойын-сауықтарының қалай өтетіндігі, оған өзінің бас кейіпкер болып қатынасқандығы жайлы баяндайды. Орыс тұтқындарының ішінде бұдан басқа да кезінде еңбектері жарық көрмей, қазіргіархив қазынасы болып жатқан С.Матвеев, Я.Гаверловский сияқты қазақ халқының өмірі жайындағы материалдарды жинауда өздерінің тиісті үлестерін қосқан зерттеуші ғалымдар да бар.Қазақ халқының нақтылы этнографиясы жөнінде еңбек жазғандардың бірі орыс армиясының капитаны И. Г. Андреев болды. Оның «Описанием средней орды киргиз-кайсаков, с касающимися до сего народа, так же прилегающих к Российской границе по части Калыванской и Тобольской губерний, крепостной, дополнениями» атты еңбегі негізгі алты тараудан тұрады. Осының бесінші«Обряды» деп аталатын тарауының өзі он алты бөлімнен тұрады. Оның үшінші бөлімінде шілдехана тойындағы өткізілетін ойындар мен нәрестені тәрбиелеу мәселесі қаралған да, бесінші бөлімінде үйлену тойының ойын-сауықтары жайында жазылған. Г.В. Плеханов «Письмо без адреса»атты еңбегінде: «Ойын-еңбек бастамасы бол ғандықтан баланың уақытымен ғана санасады», -дей келіп, материалистік тұрғыда қоғамның дамуында еңбек бұрын тұрғанымен адам өмірінде ойын бұрын тұратындығын дәлелдеді. Мұндай пікірді қостаушы кезіндегі орыс ғалымы дәрігер-педагог А.А. Покровский:«Ойын күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірдің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өміріне деген қабілеті байқалады», -дей келіп, «Физическое воспитание детей у разных народов преимущественно России»атты еңбегінде Азия халықтарының, оның ішінде қазақ халқының ұлттық ойындарының, дене тәрбиесінің халық тәрбиесіндегіалатын орнын жан-жақты дәлелдеп зерттей келіп, әділ бағасын берген. Көптеген ойындардың шығу кезеңдерін, дамып қалыптасқан дәуірлерін де анықтаған. Халық мұғалімі Байтоғайұлы Малқай:«Адамның басынан өтетін өмірінің әр уақытындағы жазғы, күзгі, қысқы істелетін кәсібі сияқты тіршіліктің түрлері бар. Сол сияқты балалардың да өзіне меншікті бала кезінде істелетін істері бар. Ол ісі-жас уақытындағы ойыны», -дейді. XIXғасырда Қазақстан жерінде болған орыс саяхатшылары мен саяси жер аударылғандардың еңбектерінде қазақ халқының ойын-сауықтары, аңшылығы, ат баптауы, жылқының аса бір жүйрік тұқымдарын өсіруі жайлы материалдар жан-жақты жинақталып зерттелген.




Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында,сыныптан тыс уақытта қолданудың жаңа әдіс-тәсілдерінің әдістемесі


Біздің мақсатымыз - оқушыларды әр ойын сабағы кезінде ұлттық ойынның үш-төрт түрімен таныстырып,ойынның ойнау тәсілін үйретіп, бала жадында қалдыру. Қазақтың ұлттық ойындарының біразы ойлауды қажет етеді.
Ұлтқа тән қасиеттерді бойына дарытып, ұлттық өнегені бойына сіңіру.
Берілген бағдарламада берілген қазақтың ұлттық ойындарын әр педагог өз сабағында пайдаланса деген ұсыныс білдіремін.
Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында жоспарға енгізу арқылы өткізу жас буынды тәрбиелеуде теңдесі жоқ құрал. Әр сабақ сайын ұлттық ойынның үш-төрт түрін алып, солардың ойнау тәсілін үйретіп отырса, жетілдіре, қайталау арқылы пысықтап отырса, әрбір бала жадында сақтайды да, оны ойнай біледі. Ұлттық ойындарды мектептегі дене тәрбиесі сабағында қолданудың заманға сай әдістерін ойлап табу әрине қиын. Қазіргі компьютер заманында оқушыларды қызықтырып асық, бес тас ойнаңдар деп айту өте қиын іс. Әрбір баланың санасына ойынды сіңістіріп енгізу үшін біз қызықты да дұрыс әдістерді қолдануымыз керек. Ұлттық ойындар өзінің табиғатында, жаратылысында ұлттық өнегені бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді өз бойына дарытып, толығып, жетілу арқылы, өзінің жан жақты тәрбиелік қасиетін шыңдай түседі. Ұлт ойындары өте күрделі дүние, ол адам баласының табиғи әрекеті. Сабақтың барысында сол табиғилығын сақтай отырып, оның элементтерін ретті пайдалану сабақтың әр кезеңінде оқушылардың көңіл-күйіне психологиялық жағынан барлау жасай отырып, білгірлікке әрекет жасауды талап етеді. Бала ойын арқылы ойлап, ойын арқылы қиялдайды.

Алтын қабақ ойыны. Бұл негізінен нысананы дәл көздеп ату. Көңіл аударарлық ойынның бір түрі - асық ойыны. Бұл ойынды тек асығы бар балалар ғана ойнайды. Асық ойнаушылардың саны 4-8 балаға дейін жетеді. Бұл ойынның түпкі мақсаты - асық ұтып алу.
Асық ойынының түрлері өте көп.Олар -алшы, омпы, хан, құмар, көтеріспек.
«Алшы» ойыны. Асық ойыны өте қарапайым болып көрінгенмен, мұнда адам денесін шыңдап, сомдайтын қасиеттер, баланың «бұзылып» кетпеуі үшін, оны өзара әркетке жетелейтін қимыл қаншама. Ең бастысы, ол баланы жастайынан салауатты өмір салтына жетелейді. Адамның ойлау жүйелерінің жетілуінен бастап, бұлшықеттерінің жетілуіне, тынысалу мүшелерінің реттелуіне, өз дене мүшелерін меңгеруге, соның нәтижесінде қырағылық пен мергендікке буаулиды. Асық ойынын топтарда үйретіп алып, сыныптар, топтар арасында жарыс түрінде өткізуге болады. Ұлттық ойындар арқылы біз оқушыларды көпшілдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейміз, оларды жеке-дара тұлға ретінде қалыптастырамыз. Олар негізінен логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға негізделген.

Мысалы, тоғыз құмалақ ойыны. «Тоғыз құмалақ» ойынының тақтасы. Тоғыз құмалақ ойынының стратегиялық және тактикалық әдістерін қазіргі заман талабына сай қолданылып отырған компьютер арқылы жүзеге асыру да жаңа әдістердің бірі ретінде қарастырылады. Оқушылар күнделікті жаттығу кезінде пайдаланған әдістерін компьютерге енгізіп, бағдарлама жасап, кейін оны тәжірибе жүзінде пайдаланып отырады. Тоғыз құмалақ ойыны жас жеткіншектерге спорт әліппесін үйретумен қатар, олардың ой-өрісін, сана-сезімін, дамытуға оқу үлгерімін жақсартуға және саналы тәрбие өзіндік септігін тигізеді. Бұл ойынды арнайы ағаштан жасалған төрт бұрышты тақтада ойнайды. тақтаның екі қатарға тоғыз-тоғыздан ойылған сопақша келген ұясы (кіші отау), әр қатар үшін бір-бірден жасалған екі қазан (үлкен отау) болады. Олар ақ және қара түске боялған. Әр оқушыға 81-ден, екі ойыншыға 162 құмалақтан беріледі. Олар әр ұяға 9-дан орналастырылады. Әр ұяның 1-ден 9-ға дейін реттік саны болады, олар солдан оңға қарай есептеледі. Ойын ережесі: тоғыз құмалақтың партиясы ақ пен қараның кезектесіп отыратын жүрісінен тұрады. Ойынды бастаушы өзінің кез келген отауына бір құмалақты ғана қалдырып, өзгесін қолына алып, оларды сағат тіліне қарсы жақтан бастап, бояу түсіне қарамастан, бір-бірден ұяларға салады. Егер ең соңғы құмалақ түскен бәсекелестің ұзындығы тас саны (2, 4, 6, 8, 10, ...) жұп болса, онда ойыншы сол ұядағы құмалақты алып, өз қазанына аударады. Ойын барысында біреудің ұясында 2 құмалақ қалса, серіктесі ең соңғы тасын түсіріп үлгерсе, ол үшін тасты түгел алады, ұя ойын аяғына дейін «тұздыққа» айналады. Әр ойыншы өз қарсыласының жағында тек бір ғана «тұздыққа» ие болады. Қазанына 82 құмалақ жинаған ойыншы ұтады. Алтын қабақ (жамбы ату) ойыны. Бұл ойын негізінен нысананы дәл көздеп атпен шауып келе жатып ату. Біз сабақта бұл ойынды басқаша түрде пайдаланып қолданамыз. Бүкіл спортзалдың басынан 50-60м жүгіріп келіп, 5 метр жер қалғанда оқушы нысанада тұрған жамбыға кіші допты дәл тигізуі керек. Немесе (дротик) деген ойынның құралын пайдаланып, нысананы көздеп дәл тигізіп үйретуге болады. Бір дөңгелек картон ілулі тұрады, соны ұшы үшкір құралмен атады. Бұл ойын түрі оқушыларды мергендікке, ептілікке, жылдамдыққа үйретеді.
«Соқыр теке» - ойыны да біздің қазақтың көптен келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын кез-келген жерде ойнала беретін болғандықтан, көп пайдалануға болады. Оқушылар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке - сол. Қалғандары оны қолымен түртіп қойып, одан айнала қашады. Соқыр теке түрткен адамды ұстап алуы керек. Ойын солай жалғаса береді, қашан мұғалім тоқтатқанша. Бұл ойын сезімталдыққа, жылдамдыққа баулиды. Ойынға 10-12 адамға шейін қатысуға болады.

Қазан - ойыны. Ойынға 5-10 адам қатысады. Ойынға қажетті заттар, адам санына қарай ағаш таяқ, ағаштан ойылған шар, ия болмаса шағын доп. Қазіргі кезде крокет заттарын да пайдаланады. Ойыншылар дөңгелене ара қашықтығын бірдей қылып, бір-бір ағаштан ұстап тұрады, ағаштары ұяда тұруы керек. Дәл сондай ұя ортада да болады. Ойынды бастаушы дөңгелене тұрған адамдардың арасынан, ортада тұрған ұяға өзінің ағаштан жасалған шарын, ия болмаса шағын допты салуы керек. Өзге ойыншылар ол шарды ағаштарымен қағып, жолатпаулары керек. Егер бастаушы ойыншыға кедергі жасай алмай, ол шағын ортаға салып үлгерсе, екеуі орын ауыстырады. Шарды ортадағы ұяға салған уақытта, дөңгелене тұрғандары орындарын ауыстырады. Бұл ойын баланы жылдамдыққа, ойлауға, ептілікке баулиды.
Жүзік тастау - ойыны. Бұл ойында кез келген жерде ойнала береді. Ойыншылар дөңгелене отырады да бір жүргізуші алақандарына өзінің қолын жүгіртіп өтеді, біреуіне жүзікті тастап кетеді. Ойын жүргізуші жүзігімді бер»деп дауыстаған кезде, алақанында жүзік бар бала, екі жағындағы көршілеріне ұстатпай, тұрып кетуі керек. Ұсталып қалса, айыбын өтейді, ия болмаса ән салады, би билейді. Бұл ойын баланы сабырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке баулиды. Осындай ойындарды ойнату арқылы біз баланың бойына әр түрлі қасиеттерді баулимыз. Осы ойынды дене тәрбиесі сабағының қорытынды бөлімінде тынысты қалпына келтіруге пайдалануға болады.
Күміс алу-ойыны. Бүл ойын әсіресе Қазақстан, Азия халықтарының арасында көп кездесетін ұлттық спорттың бір түрі. Ойын шабандоздардың ат құлағында ойнай білетін үлкен шеберлікті, асқан жылдамдықты, ерекше ептілікті қажет етеді. Ойынның мәні-атпен шауып келе жатқан жігіт айтулы мәреге дейін белгілі межелерге көміліп қойылған күміс теңгені іліп алуға тиіс. Бұл ойынды біздер жарыс түрінде ойнауға болатынын дәлелдейміз. Оқушылар қатты жүгіріп келіп әр жерде жатқан, ия болмаса арнайы қойылған тиындарды іліп ала жүгірулері керек. Ойынды эстафеталық жарыста командамен ойнауға пайдалануға болады. Бұл ойын баланы ептілікке, жылдамдыққа баулиды. Ойлау қабілетін арттырады.
Білектесу-ойыны. Ойынға қатысушылар тек оң қолдарымен білектеседі. Білектесу 3 рет орындалады,ойыншының біреуі 2 рет жеңіске жеткенше. Білектесу кезінде шынтақты орнынан қозғауға болмайды. Орнынан ойыншыға көтерілуге, тұтқаны босатуға болмайды.
Батпан көтеру - ойыны. Бұл ойынды көбінесе 9, 10, 11 сынып оқушыларымен өткізеді. Оны жарыс түрінде де, сабақ барысында тест ретінде де пайдалануға болады. Неше адам қатысамын десе де бола береді. Жеке-дара да, команда болып та өткізуге болады. Бұл ойын баланы күштілікке баулиды.
Арқан тартыс-ойыны. Ұзындығы 8-10 метрдей жуан кендір арқан керек. Арқанның тең ортасынан орамал немесе шүберек байланып белгі жасалынады. Осы орталық белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жоғарыдығы тәртіппен белгі жасалынады. Ойнаушылар (ойынға 10-15 адамнан) екі топқа бөлініп қатысады, екіге бөлінудің тәртібі: ойнаушылар бойларының биіктігіне қарай бір қатарға тізіліп тұрады. Ойын жүргізушінің берген командасы бойынша тізбекте тұрған ойнаушылар оң жақ шетінен қатар санды: бір, екі, үш... деп бастап, сол жақ шетіне дейін санап шығады. Сөйтіп, бұл топ тақ, жұп болып екіге бөлінеді. Қатысушылардың саны он адамнан кем болмауы керек. Арқан тартуда арқанды ұстау техникасы.

«Бес тас» ойыны. Ойнаушылардың саны екіден бес-алтыға дейін барады. Ойын тақыр жерде өтеді. Бауырсақтай доп-домалақ бес тас керек. Өйткені сүйірленген тастар ойнағанда, иірген кезде өз еріктерімен домалап түспей біріне бірі бөгет жасайды және қолға ұстауға да ыңғайсыз. Ойын ережесі. Балалар ең алдымен кім кімнен кейін ойнайтындығын бес тасты жоғары лақтырып, алақанның сыртына түсіріп, содан қаршып қағу арқылы кезек алысады. Ең көп қаршығаны бірінші, одан азы екінші, тағысын тағы солай кете береді. Бірінші кезек алған ойыншы бес тасты ойынның шартын бұзғанға дейін қаға береді, одан кейін екінші кезектегі ойыншы ойнайды, одан үшінші кезектегі ойнайды, тағысы тағы, кезектесіп ойын жаслғаса береді. Ойын бірліктен басталады. Бес тасты иіргеннен соң біреуін қақпа тас етіп алып, қалған төрт тасты жеке-жеке бір-бірлеп қағып алады. Екінші рет иіріп екілікті ойнайды, онда жердегі төрт тасты екі-екіден қағып алады. Үшінші рет иіріп үш тасты бірге, бір тасты бөлек қағып алады. Төрттікте қақпа тасты лақтырып төрт тасты жерге қойып, тағы лақтырып төртеуін жерден қайта алуы керек. Бесінші ойын - «жалақ». Жалақты үш жалау, немесе бес жалау болады. Қақпа тасты лақтырып жіберіп сұқ қолымен жерді үш ре жалауы керек, немесе ойынның шарты бойынша бес рет жалауы керек. Ұш жалау немесе бес жалау ойыншылардың өзара келісімдері бойынша тағайындалады. Алтыншы ойын - «алақан». Мұнда қақпа тасты лақтыра отырып қалған төрт тасты бір-бірлеп екінші қолдың алақанына жинаулары керек. Жетінші ойын - «төртбұрыш». Төртбұрышты төрт тасты төрт жерге қойып, яғни төртбұрыш шығарып, қақапа тасты биіктете лақтырып төртеуін де жинап алып қағулары керек. Төртбұрыштың үлкендігі ойыншылардың өзара келісімдері бойынша қойылады. Сегізінші ойын - «арттан тастау». Бұл ойында жерден бірінші тасты қағып алып, енді екінші тасты алғанда бірінші тасты қолдың артынан жерге тастау керек, одан үшінші тасты алғанда екінші тасты арттан тастау керек. Содан кейін жерден тастардың бәрін жинап қағып алу керек. Тоғызыншы ойын - «үндемес». Бұл ойында қақапа тасты қағып алғанда қолдағы жерден алған тасқа соғыстырмау керек. Ойынның шарты бойынша үндеместі ойнаған кезде тастардың даусы тұрмақ, ойыншының өзі де үндемей отырғаны абзал. Басқа балалар ойынның осындай сәтін пайдаланып қалғысы кеп үндеместі, яғни ойнап отырған баланы күлдіруге тырысады. Бұған ойыншының берілмеуі керек, себебі дыбысы шығып қалса, онда ойын шарты бұзылды деп есептелінеді де, бес тасты келесі кезектегі ойыншы алады. Оныншы ойын - «сарт-сұрт». Бұл ойын да бірлік сияқты, әр тас жеке-жеке қағылып алынады. Бірақ қақпа тас пен жерден алынған тастың сартылдаған дауысы естілуі керек. Он бірінші ойын - «қаршу». Ойыншы бес тасты иіріп жерге тастайды. Содан кейін қақпа тасын алады. Оны алып болғаннан соң қалған төрт тасты бір-бірлеп қаршып алуға тиіс. Он екінші ойын - «нәби». Бұл ойында сол қолдың бас бармағы мен сұқ қолын жерге тұрып, оң қолымен сол қолдың сыртынан тастарды алдыға иіріп тастайды. Ал қақапа тасты алғаннан кейін нәби сайланады. Нәбиді басқа ойыншылар сайлайды. Нәби ойыншылардың келісімі бойынша не алдыдан, не артынан, не бір тастың екіншісіне тиіп тұрғаны, әйтеуір қиын жердегісі сайланады. Ойыншы нәбиді басқа тастарды өткізіп болғаннан кейін ең артында өткізеді. Ең ақырында бәрін ойнап біткеннен кейін ойыншылар біріне бірі ұпай салады. Ұпай салудың бірнеше түрлері бар. Біріншіден, бес тасты қолын айналдырып лақтырып қағып алу керек. Екіншіден, бес тасты тұгел лақтырып, алақанның сыртына түсіріп, одан қайта лақтырып қаршып алуы керек. Содан қанша тас қағып алса, сонша ұпай салады. Әр тас - он ұпай. Егер бес тасты тұгел қақса, онда 50 ұпай алады. Осылай ойын жалғаса береді. Ұпай салушылар ұпайды тек өзінен кейінгі кезектегі ойыншыға ғана салады. Ойынның шарты бойынша тастарды қаққан кезде басқа тастарды қозғалтпаулары керек. Қазақтың ұлттық ойындарын балаға жеткізудің бірі - сабақта қолданылатын көрнекі құралдар. Әдемі көркемделген, ұлттық нақышта өрнектелген, ұлттық ою-өрнегімізді пайдаланып салынған плакаттар болса балаға тез жетеді деп ойлаймын. Көзге түсетін жерлерге ойын ережелерін іліп қойса ол да пайдасын тигізері сөзсіз. Ұлттық ойындарды бейнелеген кітапшалар көптеп шығарылса нұр үстіне нұр болары еді. Бізде насихаттау жағы нашар болып жатады, соны жабыла қолға алсақ. Аударыспақ ойыны басқаша болып та ойнала береді. Бөрене /бревно/ үстінде ішіне тығыздалып мақта салынған қаппен оқушылар бір-бірін жерге түсіру керек. Бұл ойынды командамен де, жеке де ойнауға болады. Мектепте жарыс түрінде өткізуге болатын қазақтың ұлттық ойын түрлері-қазақша күрес, тоғыз құмалақ, дойбы, асық ойыны, оның да әр түрлері, арқан тарту, бестас, аударыспақ, гир көтеру тағы да сол сияқты көптеген ойын түрлерін табуға болады. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие жұмыстарына пайдалану педагогикалық жүйенің жалпы заңдылықтарына бағынады. Ұлттық ойындарды мектептегі оқу-тәрбие жұмысында пайдалану - мұғалімнен шеберлікті, сабырлылықты, білімділікті, нәтижесін көруге деген құштарлықты қажет етеді. Қазақтың ұлттық ойындарын көптеген спорттың түріне байланыстырып қолдануға болады. Мысалы, бізде мектеп бағдарламасында жеңіл атлетика, спорттық ойындар, гимнастика түрлері ғана ғой. Соның бәріне қатысты жүгіруге, секіруге, дәлдікке, ұйымшылдыққа арнап ойындар табуға болады. Бастауыш сыныптарда көптеген ойындар күнделікті сабақта қолданылып жүр. Мысалы, «Қуып жет», «Айгөлек», «Қуаласпақ», «Бірізді эстафета» деген ойындар жүгіруге қабілетін арттырады. Күштілікті арттыратын ойын түрлері арқан тарту, батпан көтеру сияқты ойындарды күнделікті сабақ барысында қолдануға болатын ойындар.
Жаңа техникалар, интернет, интерактивті тақтаны пайдаланып та көптеген ойындарға баланы қызықтыруға болады. Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесінің көп салалы құралы ретінде де пайдалануға болады. Бұл ойындар адамның ой-өрісінің, өмірге көзқарасының дамуына, сана-сезімнің өсуіне мол мүмкіндіктер туғызуымен қатар адамның дене дамуына және рухын көтеруіне көмектеседі. Ұлттық ойындарда адамгершіліктің, мінез-құлықтың нормасына бағыт беру - басты міндет. Ойынға қатысушылардың ойын ережесін қалай түсінетіне байланысты, олар ойынның адамгершілік нормасының қоғамға, ал керісінше қоғамның ойынға бағытталуында. Бұл ойындардың құндылығы - ойын кезінде адамгершілік мінез-құлық, өзара сыйласу, татулық, ұжымда бір-бірімен тіл табысу сияқты мінездер қалыптасады. Қазақтың ұлттық ойындарында белгілі дәрежеде ойнаушылардың бір-бірімен адамгершілік қарым-қатынаста болуында. Ойын кезінде жеке бастың ар-намысына тимеу қатаң сақталады. Ойын аяқталғанда бір-бірін балағаттау ия болмаса жығылып жатқан қарсыласының үстінен аттау - өрескел әдіс болып табылады.Ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр қатаң сақталатын ойын түрлерінде алдын ала дайындалған өлеңдерін, сөздерін айтуға рұқсат етіледі. Сондай ойын түрлеріне «Алтыбақан», «Тоғыз аяқ», жатады. Ойын кездерінде әсіресе ән, күй ерекше орын алады. Сазды ойындарда ойынға қатысушылардың шығармашылық мүмкіндігі қалыптасады. Ондай ойын түрлеріне «Айгөлек», «Алтыбақан», «Қыз бен жігіт» жатады. Ұлттық ойындар дене тәрбиесі сабақтарын дамытудағы негізгі құралы болып табылады. Бұл ойындарда көптеген тәсілдер жүйесі, үйрету мен тәрбиелеу әдістері жинақталған. Олар ұрпақтан-ұрпаққа таралып, әдет-ғұрып, салт-сана білімдерінің жиынтығы ретінде халық өмірін жан-жақты түрлендіруде. Арнайы спорт жабдықтары мен құрал-саймандарды көп қажет етпейтін қазақтың ұлттық ойындарының дене тәрбиесі сабағына және сыныптан тыс,оқушылардың бос уақытында жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол.




Қазақтың ұлттық және қозғалыс ойындарының түрлері мен орындалу барысы

Ойынның түрлері

Ойынның орындалу барысы

«Шалма»

«Шалма» - ойынына екі адам катынасады да, қалғандары көріп, тыңдап отырады. Ойын үйде, аулада өте береді. Ойыншылар біріне-бірі қарсы қарап отырады да, дайын болған шалманы бірінің қолынан бірі алады. Алғашында екі ұшын біріктіріп түйеді де, екі қолға, яғни төрт саусаққа кигізеді, ортаңғы саусақпен кезекпен іліп алады, сонда «ыңыршаң» шығады.

Екінші жағдайда, келесі ойнаушы басбармақ және сұқ қолымен ыңыршақтың екі жақ керегесінің үстінен астына қарай алып, «кереге» шығарады. Үшінші жағдайда керегені үстінен астына қарай алып, «шаңырақ» шығарады. Төртінші жағдайда шаңырақты екі шынашақпен айқастыра іліп алып, «астауша» шығарады. Бесіншіде «кереге» қайталанады, алтыншыда «шынтақ» шығады. Енді әрі қарай жалғастырып ойнай берсе - «астау», «кереге», «шынтақ», «астау», «кереге», «шынтақ» болып қайталана береді.

Ойлы ойыншылар бұл бейнелердің жаңа көріністерін өзінше өрнектеп кеңейте беруге тырысады.

Бұл жас өспірімдердің тұрмыстағы үй жабдықтарын қалай пайдаланатындықтарын көз алдына елестетіп, соларды өзі жасағандай әсерлендіре түседі. Жастардың қиялын қозғап, творчестволық ізденіске, ой-жүйелерін дамытуға бастайды.

«Түйілген шыт»

«Түйілген шыт» - ойынына қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойынға ортасынан бір-екі рет түйілген орамал, болмаса шыт керек. Ойынды ымыртта немесе іңір қараңғысында да ойнауға болады. Қара көлеңкеде көрнекті болуы үшін ойынға-ақ орамал қолданылады.

Ойнаушылар өзара келісіп, араларынан біреуін; ойын жүргізуші етіп тағайындайды. Ойын жүргізуші ойнаушыларды маңайына шақырып алады да, өзін қоршап, ынтыға ентелеп түрғандарға қарап бір, екі, үш деп дауыстайды. Осы кезде ойыншылар жан-жаққа тез бытырап кетеді. Ал жүргізушінің өзі қолында түйілген орамалы бар ойыншыны қуалайды, мақсаты: оны ұстап, орамалды алу. Ол қолындағы орамалды оп-оңай алғыза қоймайды.

Қуғыншы жете бергенде қолындағы орамалды қатарласа берген басқа ойыншыға лақтырады, орамалды қағып алған ойыншы оны келесі ойыншыға лақтырады. Осылайша жүргізуші қашан орамалды ұстап алғанша ойын жалғаса береді. Ұсталған ойыншы ортаға шығып, көпшіліктің ұйғаруы бойынша өнер көрсетеді. Өнер көрсету аяқталғаннан кейін түйілген орамалды соның өзі қуалайды, яғни ойын жүргізушіні ауыстырады, ойын осылай жалғаса береді.Бұл ойын жастардың таза ауада демалуларын, денсаулықтарын жақсартып, денелерін сомдаумен бірге, оларды коллектив болып ұйымдаса білуге үйретеді, білгендерін ортаға салуға баулиды.

«Дауыста, атыңды айтам»

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі - «Дауыста, атыңды айтам» ойыны. Бұл ойын жастар кешінде ойналатын ойындардың қызықтыларының бірі. Ойынға көз байлайтын орамал, ұзындығы бір, бір жарым метр таяқ керек. Ойынға қатынасушылардың саны шектелмейді. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын солғұрлым қызықты болады.

Ойнаушылар қол ұстасып, шеңбер бойымен дөңгелене тұрады. Шеңбердің сыртына шығарып бір ойыншының көзін байлайды да қолына таяқ ұстатып, шеңбердің ішіне кіргізеді. Көзі байлаулы ойыншы шеңбердің ортасына келген соң, қолындағы таяғын өзіне карсы тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынады да «дауыста, атыңды айтам» дейді. Таяқтың екінші басынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін дауысын өзгертіп үн қатады. (Шеңбер бойында тұрған ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады, тек ортадағы көзі байланған ойыншының таяғы бір ойыншыға тиген кезде ғана бір орында тоқтап тұрады). Көзін байлаған ойыншы таяғының кімге тигенін дәл тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, келесі ойыншыға ұсынады, оны да таба алмаса, үшіншіге ұсынады. Осылайша ол үш ойыншының атын атайды. Олардың атын анықтай алмаса, көзі шешіліп, сол ортада тұрған бойында көпшіліктің ұйғарымымен өнер көрсетеді. Болған соң көзі қайта байланады да ойын жалғаса береді.

«Сиқырлы таяқ»

Қазақ халқының ұлт ойындарының жастар арасында көп тараған және өте ертеден келе жатқан, аса сүйіп ойнайтын түрлерінің бірі - «Сиқырлы таяқ». Бұнда ойнаушылар санына шек қойылмайды. Ойынға жиналғандар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер құрып тұрады да, араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп тағайындайды. Жүргізуші қолына таяқ ұстап, шеңбердің ортасына шығады да, ойын тәртібін, жолдарын түсіндіреді. Ойнаушылардың бір шетінен бастап барлығына рет қатарын білдіретін сандарын атайды. Сонан кейін жүргізуші қолындағы таяғының бір басын жерге тіреп тік ұстайды да, кез келген бір ойыншының санын атап, таяқты қоя береді. Айталық, жүргізушінің атаған саны төртінші, бесінші, оныншы не жиырмасыншы бола ма, әйтеуір, рет саны аталған ойыншы ести салысымен жүгіріп барып таяқты құлатпай ұстауы керек. Егер ол дауысты аңғармай я болмаса жай басар болып, дереу алмай, таяқты құлатып алса, онда ол ортада тұрып, көптің ұйғаруымен өнер көрсетеді. Ол өлең айтып, би билеп, домбыра тартады, әйтеуір көпшілік нені талап етсе, бәрін орындауға тиісті. Ол өнерін көрсетіп болған соң қайтадан орнына барып тұрады. Егер таяққа тез жетіп жерге құлатпай ұстап алса, онда жүргізушімен орын ауыстырады.

Бұл ойынның екінші түрі үлкен жиындарда, ойын-сауық кештерінде кең бөлмелерде ойналады. Ойынға ұзындығы бір метрдей таяқ пен доп керек (ертеде допты сиырдың жүнінен жасаған, доп болмаған жағдайда кез келген затты алуға болады). Ойын жүргізуші жиналғандарды отырғызғаннан кейін ойын тәртібімен таныстырады. Сонан соң ойынға қатынасушының біреуін өзіне шақырып алып, допты ортаға қояды да, ойыншының көзін байлайды. Ондағы қоятын шарты - көзі байланған адам қолына берген таяқпен допты тауып барып ұруы керек. Мұндай жағдайда ойнаушылар допты қашықтау қоюға тырысады. Осы кезде ойын жүргізуші көзі байланған ойыншының қолына таяқтың былғанған басын ұстата қояды. Көзі байланған ойнаушы еш нәрседен қаперсіз таяқтың былғанған басын ұстай алады. Ойын жастарды шапшаңдыққа тәрбиелейді.Ескерту : ойынның мақсаты допты ойыншыға ұрғызу емес, көзі байланған балаға бір басы былғанған таяқты ұстата қою.

«Шертпек»

«Шертпек» - айнала отырып ойнайтын ойын. Ойынға екі қабатталып есілген орамал керек. Ойыншыларды отырғызып болғаннан кейін жүргізуші енді орамалды иығына салып алып, ойнаушылардың артында біраз айнала жүреді де кез келген бір ойыншының екі көзін екі қолымен баса қояды. Сол кезде ойын жүргізушінің көрсетуімен білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан, не болмаса, басының бір жерінен шертіп кетеді. Сонан соң ол қайтадан орнына барып немесе басқалармен орын ауыстырып отырады. Жүргізуші қолын қоя беріп «Шертпегімді тап» деп, енді иығындағы орамалды алып, отырған ойыншының арқасынан ұра бастайды. Ал ойыншы таяқты көп жемеу үшін тезірек айтуы керек. Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтып, жыр жырлайды, күй тартады. Егер тауып алса, шерткен адам жаза тартып, жаңағы өнерді сол көрсетеді. Осы тәртіппен ойын жалғаса береді

«Инемді тап»

«Инемді тап» - ойынына керегі бір ине. Ойын отырып ойналады. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Бірақ олар кезектесіп екі-екіден ойнайды да, қалғандары көбінесе көрермен ретінде қатынасады. Бұған қатынасатын екі адамның бірі ойынның сырын біледі де, екіншісі білмейді. Ойынның сырын білетін ойыншы жүргізуші болады.

Жүргізуші мұндай ойынды бұрын көрмеген аңқаулау біріне келіп: «Сен мына инені үстіңе түйреп қой, мен иіскеп табамын» - деп көндіреді де, өзі далаға шығып бөркін айналдырып киіп, төбесіне көбірек етіп күйе жағады. Үйге кірген соң басын көтеріңкіреп: - «Ал сақтан, енді мен сені иіскеп, инемді табамын»,- деп, ине жасырған адамның ол жер, бұл жерін иіскелейді. Біраздан соң таптым: «Жағада екен»,- деп, жағасын қос қолдап мықта ұстап тұрып, білдірмей иіскеген болып, төбесіндегі күйені бетіне жаға береді. Үй-іші қыран-топан күледі. Тыққан адам қарсыласының инені табалмағанына мәз болып ол да күледі. Ал отырған топ оның бетіне күйе жағылып қап-қара болғанына күліп, мәз болып, көңілдерін көтереді. Ойын қайталанып ойналады. Ине жасырушы ойынның бұл құпиясын білмеуі керек

«Айдап сал»

Айдап сал - ұлттық ойын. Үйде немесе демалыс орындарында ойналады. Ойынға жас ерекшеліктеріне қарамай, көпшілік түгел қатыса алады. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді де, бірінші топ сыртқа шығып кетеді. Ойын жүргізуші сырттағылардың есімдерін үйдегілерге қойып, белгілеп алады. Сырттан кіргендер өз аты қойылған адамды табуы керек. Таба алмағандар айыптары үшін өнер көрсетеді, тапқандар бұл "айыптан" құтылады. Ойынның келесі кезегінде екінші топ сыртқа шығарылады.

«Қарамырза»

«Қарамырза» - ойыны басталмас бұрын ойыншылардың алдын ала өзара келісулері бойынша белгіленген ереже хабарланылып қойылады. Біраз уақыттан соң жүргізуші ойнаушыларға бірден «Ойнаймыз» дейді. Барлығы «Ойнаймыз» деп дабырласып отырып, қатарлас отырған бірі екіншісіне «Ассалаумағалейкум, қарамырза»- деп қалады. Сәлем алушы байқамай «Уағалайкуммуссәләм»,- дейді. Ал ойын тәртібі бойынша «Уағалайкуммуссәләм, бірінші қарамырза»-деп жауап беруі керек. Олай демеген әлгі адам жазаланады да, айып тартады.

Осылай шатастыру үшін қатар отырғандар бірін-бірі аңдиды. Әр амандасу сайын қарамырзалардың саны екінші, үшінші, төртінші т. б. болып көбейе береді, ал жауап берушілер санынан жаңылмаулары керек.

Сөйтіп, аздан соң ойыншылар дұрыс жауап бергендері - «Тазалар» деп, дұрыс жуап бермегендері-«Қаралар» болып екі топқа бөлінеді. Содан «Тазалар» «келісіп», «Қараларға» жаза белгілейді. «Қаралар» өнерлерін көрсетіп, жазасын орындаған соң, ойын қайта басталады да, одан әрі жалғаса береді.

«Белбеу тастау»

«Белбеу тастау» - ойынына жиналғандар дөңгелене шеңбер бойына отырады. Жүргізуші шеңбер сыртында белбеуді қолына ұстап жүгіре басып айналып жүреді де, өзінің көңіліне жаққан ойыншысының артына білдірмей тастауға тырысады (егер ол біліп қойса тастамау керек). Жүргізуші білдірмей тастап кетсе, шеңберді айналып қайтып келіп, белбеуді алады да, артында белбеу жатқан ойыншыны «Орныңды тап» деп белбеумен ұрады. Сөйтіп, шеңберді айналдыра қуалап, қайтып орнына келгенше соғады. Ал ойнаушы белбеуді артына тастап кеткенін біліп қойса, белбеуді ала салып, ойын жүргізушінің өзі босатқан орынға жеткенше қуалайды. Ойын осылай жалғаса береді.

«Қаһарлы-Бану»

«Қаһарлы-Бану» ойыны қазақ халық ертегісінің мазмұнында қалыптасып, ұлт ойынының негізін құрайды. Ойынға жиылғандар, жайғасып отырған соң, ойын жүргізуші ойынның мазмұнын баяндайды «Баяғыда анасынан жастайынақ жетім қалған Қаһарлы бір байдың қолында күнелту үшін жалшылықта жүреді. Өмір бойына қарны тойып ас ішпеген, иығы жылтырап киім кимеген жас Қаһарлы байдың Бану деген қызына ғашық болады. Қыз да өзінің Қаһарлыны сүйетіндігін білдіреді. Бұларды қоғамдық жағдай қоспайтындығына көздері жеткен екі ғашық бір күні түнде Қаһарлының әкесінен мұра болып қалған жалғыз сиырына мінгесіп, Арабияның шөлін аралап кете барыпты. Содан шөл далада қол ұстасып жүрген уақытта сиырын сойып жеп, күн кешіпті-міс,- деп ойын жүргізуші сөзін тамамдай келіп, ойыншыларға енді мен аяқтамаған махаббат әңгімесін сендер өздерің жалғастырасыңдар, қазір Қаһарлы мен Банудың сиыр етін қалай мүшелеп жеп күнелткендеріне тоқталайық»,- деп, ойыншылардың көңілін аулайды.

Содан соң ойын жүргізуші: Ал ойнаушы қауым, сіздерге жаңағы Қаһарлы мен Банудың мүшелері бойынша әр мүшеге ат қойып шығып, қастарыңа барып, әр түрлі сұрақтар сұраймын, сонда күлмей отырып, барлық сұраққа жаңағы мүше атынан ғана жауап бересің. Мысалы, бірінші ойыншы «тұмсық», екінші ойыншы -«сирақ», үшінші - «құйрың», төртінші -«өкпе», бесінші ..., т. б. Осылайша барлық ойыншылар мүше атанады. Енді жүргізуші бірінші ойыншыдан бастап сұрай бастайды: «Атың кім?», ойыншы: «Тұмсық». «Не жедің?», «Тұмсық», «Кімді көрдің?», «Тұмсық», «Сүйгенің кім?», «Тұмсық».

Осылайша не күліп, не жаңылғанға дейін сұрай береді. Егер кімде-кім күліп, не жаңылысып, басқаша жауап беріп қойса, қаламы ма, тарағы ма, қол орамалы ма, әйтеуір кез келген белгілі бір затын береді. Осылайша барлық ойыншылардан сұрап, бәрінен бір-бір белгілі заттарын алып, ойын жүргізуші топтың ортасына келеді. Содан өзінің жаңағы затты жинап жүрген көмекшісін теріс қаратып қойып, ойыншылардан жиналған заттарын бір-бірден алып, не істейтіндігі жөнінде билік айтқызады. Әдетте өнердің барлық түрін көрсетеді. Осылайша ойын жалғаса береді. Ойын ертегінің негізінде құрылғандықтан уақытты көп алады да, оны бір отырыста бір-ақ рет ойнауға тура келеді

«Көрші»

Көрші ойынын үлкен бөлмеде, көгалды таза ауада өткізуге болады. Ойыншылар саны 10-нан 30-ға дейін болуы керек. Ойыншылар дөңгеленіп, екі-екіден шеңбер құрып отырады. Тағы бір адам ортаға шығып, жұп болып отырған ойыншылардың бір жұбына келіп, «Көршіңмен татусың ба?»-деп сұрайды.

Егер сұрақ қойған жұптың біреуі «Көршіммен аразбын» десе, онда сұрақ қоюшы адам оның қасындағы көршісін орнынан тұрғызып, соның орнына өзі отырады. Орнынан тұрған адам ортаға шығып басқа бір жұптан ілгерідегідей «Көршіңмен татусың ба?» деп сұрап, ойынды соза береді.

Ал егер ойыншы көршісімен «татумын» деп, қасында жұп болып отырған серігін жібергісі келмеді онда сұрақ қоюшы адам оны жазалайды. Ол ән салады, би билейді, болмаса әңгімеден, поэмадан үзінді айтып береді. Осылай етіп, ол көршісін алып қалады. Егер ойыншы бұл тапсырманы орындай алмаса, өз орнын сұрақ қоюшы адамға береді де өзі соның міндетін атқаруға кірісіп ойынды қайтадан бастайды. Сөйтіп, ойын осылайша созыла береді.

«Кім шертті?»

«Кім шертті?» - ойыны үйде, клубтарда, көгалды жерде отырып ойнауға өте қолайлы. Ойыншылар екі бөлініп отырып болғаннан кейін, әр топ өздеріне бастық сайлайды.

Әр топты басқарушы өз тобының ойыншыларына барып құлағына сыбырлап, жеке-жеке жасырын ат қояды. (Мысалы, Марат, Болат, Асқар, Серік деген сияқты). Жасырын аттарды айтып болғаннан кейін бастықтар өз орнына келіп отырады. Бір топтың ойыншылары екінші топтың ойыншыларының атын білмеуге тиіс. Сөйтіп, барлығы тегіс жайласып болғаннан кейін бірінші топтың бастығы екінші топқа келіп: «Сіздерден бір «жүйрік» сұрай келдім»- деп топты ажыратады.

Екінші топтың бастығы «Таңдағаныңызды алыңыз»,- дейді. Әлгі таңдаушы ойнаушылардың ішінен көңіліне ұнағанының көзін екі қолымен басып тұрып, өз тобындағы ойнаушылардың бірінің жасырын атын атап шақырады. Ол қай жерден жүріп жеткенін білдірмей, ептеп басып келіп, көзі басулы тұрған ойыншының маңдайына шертіп кетеді. Мұны сездірмес үшін ойыншының көзін қолымен басып тұрған басқарушы шертуші адам отыра бергенде, «Сілкін» деп өз тобына бұйрық береді. Осы бұйрық бойынша олардың барлығы да үстін қағынып, сіл кініп, жайласып отырады.

Мұнан соң бастаушы қасындағы ойыншының көзін ашады да: «Кәне, кім шертті?»- деп сұрайды. Жаңағы өзін шерткен адамды ол табуға міндетті. Егер ойыншының атын атап, көрсетіп берсе, ол шертуші адамды өз тобына қосып алады. Ал кімнің шерткенін таба алмаса, онда өзі ол айтқан «жүйрік» болып, көрші топқа кете барады.

Енді бірінші топтың бастаушысы екінші топқа барып, жаңағы сөзді айтып, біреудің көзін басады, өз тобы ойыншыларының бірін жасырып атымен атап шақырады. Ойын жоғарыда айтылған тәртіп бойынша жүріп отырады.Сөйтіп, ақыры екі топ бірін-бірі ұтып алады. Мұнан кейін ойын қайта басталады.

«Есімде»

«Тобық»

Мұны кей жерде «Тобық», ал кей жерлерде «Есімде» деп атайды. Бірақ, сайып келгенде, бұлардың негізі бір арнаға келіп құяды. Ойынның мақсаты: есте мықтап ұстау, жаңылшақтыққа, ұмытшақтыққа жол бермеу. Мұны көбінесе ересек адамдар ойнайды, олар өзара уәделесіп бәс тігіседі. Ойынның мерзімі қысқа болса, тобықты қолға қысып жүруге, ал мерзімі ұзақ болса, қалтаға салып жүруге де болады.

Жақсылап, тазалап мұжылған қойдың тобығын бір ойыншы екінші кісіге береді. «Бұл екеуі кезкелген уақытта жолыға қалса, бірінші ойыншы: «Есімде»- деп әңгімесін бастайды.

«Есімде!» демесе, ол ұтылады. Ал екінші ойынша тобықты көрсетуге тиіс, егер тобықты көрсете алмаса, онда екінші ойыншы ұтылады. Ұтқан адам тиісті жүлде алады.

Тобық ойыны, сонымен қатар, өте сақ болуды керек етеді. Өйткені, қай уақытта, қай жерде болсын, тобықты сақтаған жақ оны бәс тігіскен кісіге көрсетуі қажет. Ешқайсысы жаңылмаса, ұмытпаса әрі сақ болса, ойын созыла береді, сөйтіп бірін-бірі жаңылдырып, қапыда қалдырғанша ойын тоқталмайды

«Сақина тастау»

Сақина тастау - бұл ойын көгалды жерде, залда өткізіледі. Ойыншылардың саны 20-25 адамға дейін болады. Олар көгалды жерді қоршалана бір аяғын астына басып, енді бір аяғымен тізерлеп тұруға ыңғайланыш отырысады. Ойыншылардың аралары тым жақын болмауы керек.

Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Шеңбердін ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады. Ол бір шеттен бастап, басқаларға білдірместен отырған ойыншылардың біреуінің қолына сақина немесе сақина орнына алынған затты салып кетеді. Тегіс айналып өткен соң ортаға шығып, «Сақинам кімде?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан-жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек. Ал оның оң жағындағы адамның міндеті қасынан атып тұрған ойыншыны орнында ұстап қалу болып табылады.

Егер ұстап қалса, орнынан тұрушы жаза тартады. Көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, би, күй немес басқа бір білетін өнерін орындап береді. Берілген «жазаны» орындағаннан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жүргізеді. Ал егер ол ұстатпастан тұрып кетсе, онда ұстай алмай қалған ойыншы жоғарыдағыдай жазаға бұйырылады.

Алтыбақан

Алтыбақан - қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып, аралығын үш-төрт метр етіп, мосы тәріздендіріп орнатады да жоғары жағы сырықпен жалғастырылады. Бақандардың жоғарғы ашаларына екеуі жоғарырақ, бірі төмен етіліп үш арқан тартылады. Жоғарғы екеуі отыруға немесе бел сүйеуге арналады, төменгі арқанға табан тіреледі. Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербетіледі. Тербелушілер қосылып ән бастайды да оған тамашалаушылар қосылып, думандатып әкетеді. Бел, табан арқандарының орнына соңғы кезде жеңіл тақтайлар қолданылып жүр. Алтыбақан ойыны ежелгі көшпелі елдің бәріне кең таралған. Отырықшы халықтарда ол әткеншек деп те аталады. Алтыбақаннан айырмасы ол тұрақты орнатылады және жалғыз адамға арналады. Алтыбақанның қажетті заттары - тез құрастырылып, жиналатын үй мүліктері. Ойын көпшілікке арналған. Жастарды әріптес таңдауға, ептілікке, тапқырлыққа, өнерлілікке бейімдейді. Алтыбақан көріністері театр өнерінде халықтың ұлттық тұрмыс ерекшеліктерін көрсету, сахнаны әсерлендіру тұрғысында да лайықты орын алды. Қазақ телевизиясы 1970-жылдары көгілдір экраннан жүйелі түрде «Алтыбақан» сауықкешін ұйымдастырып тұрды.

«Аңшылар»

Жануарлар дүниесінен, аңшылықтан туындайтын ұлттық ойындарының бірі - «Аңшылар» ойыны.

Ойынға қатынасушылар араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп сайлап алады да, кең жазық алаңға жиналады.

Жүргізуші күні бұрын белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5-10 м) бойына, қолына доп беріп, үш жерге үш ойыншыны тұрғызады,- бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша үш «аңшы» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады.

«Көк сиыр»

Жануарлар дүниесімен байланысты тағы бір ойын - «Көк сиыр» ойыны. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды.

Ойын көгалды алаңда ойналады. Көгалға жиналған ойнаушылар бір сызықтың бойына малдастарын құрып отырады. Осы кезде, ойын жүргізушінің өзі «Көк сиыр» болып ойнаушылардың ортасына келіп: «Бұзауымды жоғалтып алдым, көргендерің бар ма»,- дейді. Ойнаушылар барлығы бір дауыспен: «Ит-құс жеп кеткен, сен адамға зиянкессің, сүзесің, бізден әрі кет»,- дейді. «Көк сиыр» кетіп қалады да, тағы бір айналып келеді. Ештеңе көрмеген, білмегенсіп, мүләйімсіп, мүсәпір болып, «Мені құшақтайтын адам жоқ, киім тігетін инем жоқ»,- деп шағым ете бастайды. Сонымен ойнаушылар бұзаудың қайда екенін біле тұра айтпайды да, әркім өзінше садақаларын береді. Содан «көк сиыр» тапқан табысын жинап алып, бұзауын таба алмай кете барады. Артынан ізінше, қатардың артында көрінбей отырған «Көк сиырдың» «бұзауын» жібереді. «Көк сиыр», «бұзауын» келген беттен, «Мен іздегенде қайда болдың?»- деп ашуға басып, қуып жібереді. «Бұзау» баяғы өзінің кеткен жағына қайта келеді. Ойнаушылардың барлығы қайтадан өз орындарына жайғасып отырғаннан соң «Көк сиыр» бағанағы жинап алған заттарын бір-бірлеп шығара отырып, иесін ортаға шақырып, көпшіліктің ұйғаруымен, болмаса өзінің айтуы бойынша, оған өнер көрсеткізеді. Осылайша барлық ойнаушылар ортаға шығып өнер көрсетіп біткеннен кейін, «Көк сиыр» мен «бұзау» өздерінің рөльдерін көңілі ұнатқан ойнаушыларға береді. Сөйтіп ойын әрі қарай жалғаса береді.

«Айгөлелек»

Айгөлелек- ұлттық ойын. Айлы кеште, далада өтеді.

Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Олардың сандары да, жас шамалары да бірдей болулары керек. Екі топтың екеуінің де бастаушысы болады. Аралары 10-15 метрдей жерде қол ұстасып қатарласа тұрған осы екі топ біріне-бірі сөз тастап, күш көрсетіп, өнер жарыстыра бастайды. Екі жақтың ойын бастаушылары орталарынан бір қыз бен бір жігітті шығарып, олардың қолына бір ақ тас, бір қара тас береді. Олар екі тасты ешкімге көрсетпей, уысына қысып тұрады да, екі ойын басынан:- Сен қай қолдағы тасты қалайсың?- деп сұрайды. Бастаушылардың біреуі мен: «Оң қолдағы тасты қалаймын»,- дейді, екіншісі сол жақ қолдағы тасты алады. Қайсысында ақ тас болса, сол ойын бастайды.

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.
Күші мығым, қуатты,
Екпіні желдей өршіген

Шепті бұзар ер керек.

Екінші топ:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,
Күші мығым, қуатты,
Екпіні желдей өршіген

Саған қандай ер керек?

- дейді.

Алдыңғы топ:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,
Күші мығым, қуатты,
Екпіні желдей өршіген

Бізге пәлен ер керек,

- деп бір ойнаушының атын атайды.

Ол тобынан шығып, бір-екі адым ілгері басып:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.
Сайысқанда саспайтын,
Самала күнге бастайтын,
Пәлен деген ер шыққан,

Топ бұзуға мен шыққам,

- деп сол жүгірген бойы қарсы топты жарып өтпек болады. Ол екпінді, күшті болса, топты жары өтіп, өзі қалаған бір қызды, не бір жігітті жетекте өз тобына алып келеді. Егер ол топты жарып алмаса, сол топта өзі қалып қояды. Ендігі шақыруды екінші топ бастайды. Сөйтіп, ойын созыла бере ойында дөрекілік көрсетуге, жұптасқан жұдырықты жүгіріп келе жатқан ойыншыға қарсы қоюға болмайды. Жүгірген ойнаушы да ойын ережесін сақтауға тиіс.

«Соқыртеке»

«Соқыртеке» - ұлттық ойын. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойыншылар шеңбер құрып, дөңгелене турады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке - сол. Қалған ойыншылар соқыр текені қолымен түртіп қойып, одан айнала қашып журеді. Ал соқыр теке сол түрткен адамды ұстап алып, тануға тиісті. Егер ол устаган кісіні таныса, оның көзін байлап, соңы соқыр теке жасайды. Өйтпеген жағдайда соқыр теке ойыны apы қарай жалғаса береді.

Ойынға қатынасушылар жиылып, алқа-қотан тұрғаннан кейін, бір қыздың, не жігіттің көзін байлап, қолына бір метрдей жас шыбық беріп, ортаға шығарады. Ол:

Қараңғыда көзім жоқ,

Тиіп кетсе сөзім жоқ.
Қайда кеттің қалқа жан,
Жетектейтін өзің жоқ.
Қолға түскен құтылмас,

Қала бермек көзім боп,

- деп таяғын өзі болжаған тықыр, дыбыс естілген жаққа қарай соза береді. Айнала трған ойнаушылар қашып жүріп:

Соқыр - соқырақ,

Оң көзіңе топырақ.
Топырағын алайын,
Тотияйын салайын

Саған бір ем табайын,

-деп келіп, «Соқыр текеге» тиіп қашып жүреді. Осылай ойнап жүргенде «соқыр текенің» қолына түскен ойнаушы ұтылады да, екеуі орын ауыстырады.

«Соқыр теке» мен оны түрткілеп қашып жүрушілердің өрісін мөлшерлеп сызып қояды.

«Орамал тастау»

Жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының бірі - «Орамал тастау». Ол жазда, алаңда, көгалды шөптесін жерде ойналады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызық болады. Ойнаушыар тең екі топқа бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да: «қа» деп дауыстайды. Ол қағып «ғаз», дейді, болмаса «ла» дейді. Сонда «қағаз», «қала», т. б. сөздер шығады. Айтатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы «са» деп дауыстаса, «са-дақ», «са-қа», «са-бын»-, «са-қал», «са-рын» т. б. сияқты сөздер айтылуы керек.

Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай етіп айтуы керек. Егер ол екі буынға арналған сөздің алғашқы буынын тез, дұрыс тауып айта алмаса, онда ортаға шығып, өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады.

Лақтырған кезде жаңағыдай сөздердің бірінші буынын айтуы керек. Жазаны жауап бере алмаған ойыншы да тартып, ортаға шығып өнер көрсетеді. Осылайша екі топтың ойыншылары орамалды бір-біріне лақтыра отырып ойынды жалғастыра береді.

Бұл ойын жастардың ойын дамытып, ана тілін жетік білуге, тапқырлық қасиеттерге үйретеді.

«Әуе таяқ»

«Әуе таяқ» - ұлттық ойын.

Бұл ойын далада, алаңда, ауыл сыртында ойналады. Жас өспірімдер таяқтарымен келіп, дөңгеленіп тұрады да, ұпай санын әбден келісіп алып, бірінің таяғын бірі көздей аспанға лақтырады. Бірінің таяғы екіншісінің таяғына тисе, келісім бойынша белгілі бір ұпай алады. Егер әуеде таяққа таяқ тимесе, онда таяғы жерге басқалардікінен бұрын түскен бала ұтады. Мұндайда ұпай саны әуеде таяқтардың санына байланысты болады. Ойын тәртібін ойын жүргізуші бақылайды. Ол ойынға неше адам қатынасты, кімнің таяғы тиді, кімнің таяғы жерге бұрын түсті - соған төрелік айтады. Әдетте ұтылған жас өспірім өлең айтып құтылады. Бұл ойын балаларды лақтырған нәрсесін дәл тигізуге дағдыландырады.

«Жанды дөңгелек»

«Жанды дөңгелек» - бұл ойын жазық алаңда, клубтардың үлкен залдарында және дене шынықтыру залдарында ойналады. Гимнастика, тағы басқа спорт түрлерімен шұғылданып жүрген жастарға лайық ойын.

Жеңіл киініп ортаға шыққан ойыншы, екі аяғын өз иығының деңгейіне жеткізе алшаң басып, екі қолын жаза, тік тұрып алады да, жайлап оң жақ қырымен жерге құлай бере оң қолын еденге тірейді. Сол кезде оның саусақтары жазылған сол қолы да жерге тіреле келіп, бөксесі жоғары көтеріледі. Бұл кезде әуелі сол аяқ, одан кейін оң аяқ жерден көтеріліп барып, ойнаушының басынан айнала жерге тіреліп, бүкіл дененің дөңгелей серпілуіне күш береді. Үйреніп алған ойыншылар оп-оңай дөңгелей жөнеледі.

«Қап киіп жарысу»

Қап киіп жарысу - ойын көгалды жазық далада, клуб немесе дене шынықтыру залдарында өткізіледі. Ойын ашық алаңда өткізілгенде оған қатынасушылар 50 метрдей жерден сөре жасайды. Ойын залдарда өтетін болса, сөре оның мүмкіншілігіне қарай жасалады.

Жарысатын жердің ені бір жарым метрдей болады және 4-5 қатар жолақ жол созылып қойылады. Жолдың қақ ортасына жарысатын адамдардың санына сәйкес етіп кенеп қаптың аузын ашып қою керек.

Ойын басқарушының командасы бойынша сызықтың бірінші басында қатарласып тұрған ойнаушылар жарысып жүгіре бастайды. Жолында жатқан қапқа жетісімен, екі аяғын оның ішіне тығып, тез киіп, екі қолымен жоғары көтеріп, ілгері секіріп жарыса береді.

Мұндағы мақсат - сызықтың екінші басына алдымен жету.

Осы тәртіппен ойын қайталана береді. Oлар барлық талапкерлер кезектесіп қатынасады. Бұл ойын әр түрлі тәртіппен өткізілуі де мүмкін. Бұл ұсынып отырылған ең оңай түрі.

«Тоспа доп»

Тоспа доп - ұлттық ойын.

Ойынды бір топ жас өспірім жиылып, не ашық кең далада, не мектеп ауласында ойнайды. Ойынға бір метрдей таяқ, бір кішкене доп керек.

Ойын бастаушы таяқты таңдаған бір жігітқан жақын жерден лақтырып береді, ол жерге түсірме: Оны қағып алып, таяқтың бір басын жоғары көтеріп ұстап тұрады. Қалған ойнаушылар ұстап тұрған қолдың үстінен таяқты тұтамдап ұстай береді. Бұл жеребе деп аталады. Кімнің қолы таяқтың ең ұшыны дәл келсе, сол доп ұрушы, ал оған таяу қолдың не доп беруші болады. Қалған ойнаушылар доп ұрылатын өріске барып бытырап тұрады. Бұларды «талаптылар» деп атайды.

Доп ұрушы мен доп беруші аралары 2-2,5 метрдей қашықтықта қарама-қарсы тұрады. Доп беруші 1, 2, 3 деп санайды да, допты тез лақтырып ұрушыға береді. Доп ұрушы оны аспандата, сонымен қатар ұзата қатты ұрады. Осы ретпен үшке дейін допты дәлдеп ұра алмаса, онда ұрушы мен беруші орын ауыстырады. Егер екінші ойыншы да дәл ұра алмаса, онда бұл екеуі «талаптылар» тобына кетіп олардың орындарына жаңадан екі бала келеді.

Осы тәртіппен зымырап ұшқан допты ұстауға «талаптылар» түгел әзір тұрады. Әр кім өз тұсына келген допқа таласа жүгіреді де, бұрын ұстаған допты алып, доп берушіге лақтырады. Доп беруші оны жерге түсірмей қағып алады да ұрушыға тағы лақтарып береді. Бұл жерде доп беруші қағып ала алмай қалса, онда әлгі «талапкер» оның орнына шығады да, бұрынғы доп беруші «талаптылар» тобына барып қосылады. Ойын осылай созыла береді.

«Қарғымақ»

Қарғымақ - бұл тіпті ескіден келе жатқан қазақтың көне ойындарының бірі. Оны әсіресе жылқышылар мен бие сауушылар ойнайтын болған. Ойынның мәні мақсаты осы күнгі биікке секіру, алысқа секіру, сырыққа таяна секіру сияқты спорт ойындарымен шендеседі.

Ойын түрлері:

  1. Биіктік мөлшерін дәлдеп алып керіп ұстаған жіптен жүгіріп келіп қарғып, ар жағына барып түседі.

  2. Белгілі биіктік мөлшерде керіліп қойылған жіптен, қолына ұстаған сырыққа сүйене, оның бір басын жерге тіреп, бүкіл денесін өз күші екпінімен жоғары серпілте қарғиды.

Осындай әдістердің бірімен ара алыстығы өлшеніп, белгі жасап қойған жазықтан секіреді. Қарғымақ ойналатын алаң не ұсақ құм, не ағаш ұнтағы төселген жұмсақ болуы шарт. Қазіргі кезде «қарғымақ» ойынын өткізу мүмкіншілігі мол. Оны мектептегі дене шынықтыру залдарында, мәдениет үйлерінде т. б. жерлерде өткізуге болады. Кім биік және алысқа секірсе, жүлдені сол алады. Ойын тәртібін ойын жүргізуші қадағалайды.

«Қырықаяқ»

Қырықаяқ - бұл ойын тегіс алаңды жерде, мектеп ауласында, дене шынықтыру, спорт залдарында ойналады. Ойнаушылар орталарынан басқарушы тағайындап алады. Басқарушының талап етуіне орай ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтағы ойнаушылар да бірінің белінен бірі құшақтап қатар тұрысады. Олар тұрған жерден 25-30 метр қашықтықта көмбе белгіленеді. Басқарушының командасы бойынша екі топ та сол қалыптарымен аяқтарын тепе-тең алып жүгіре жөнеледі. Қай тап көмбеге бұрын жетсе, сол жеңіске ие болады. Басқарушы ойын тәртібінің бұзылмауын қадағалап тұрады. Ойын қайталанып отырады. Ойынды әбден игергеннен кейін басқарушыны жаңадан сайлап алады. Ойын жастарды қимыл бірлестігіне, коллектившілдікке, жауапкершілікке, ұйымшылдықка тәрбиелейді.

«Бойға доп дарытпа

«Бойға доп дарытпа» - ойын кең алаңда, мектеп ауласында ойналады. Ойынға жиналғандар алдымен оның мазмұнымен танысып алады. Ойынға кішірек доп пайдаланады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтағылар шеңбер құрып тұрғаннан кейін, екінші топтағылар оның сыртынан 8-10 метр қашықтықта орай қоршап тұрысады. Доп сыртқы топқа беріледі. Допты алған екінші топ мүшелері, ортадағы бірінші топ мүшелерін доппен ұрады. Ал ортадағылардың міндеті - бойларына допты дарытпау. Доп тиген ойыншыны сыртқы топ өз қатарларына қосып ала береді. Шеңбер ішіндегілерге доп түгел тиіп болғаннан кейін, енді олар шеңбер сыртында тұрған командамен орын ауыстырып, оны ортаға алады. Сөйтіп, бұл топтағы ойыншылар да алдыңғы топ орындаған барлық талаптарды орындайды. Ойын қайталанып жалғаса береді. Бұл ойын - ойынға қатынасушыларды дәлділікке, айла-амал қолдануға, сезімталдыққа баулиды

«Ақ сандық, көк сандық»

«Ақ сандық, көк сандық» - ұлттық ойын.

Бұл ойын көгалды алаңда, мектеп ауласында, дене шынықтыру, спорт залдарында, мәдениет үйлерінде, мектептің кең дәліздерінде ойналады. Ойынға қатынасушылар екі ойыншыны ортаға шығарады. Ортаға шыққан екі ойыншы бір-біріне арқаларын беріп, қолдарын айқастыра ұстасып отырысады. Сол кезде ойын жүргізуші тақпақтап:

«Ертең аулым көшеді,

Уық бауын шешеді,
Қара қойым қашады,
Құмалағын шашады...
Ақ сандың, көк сандық

Арқан тарт, кілем арт!»

- дейді.

Соңғы «арт» деген сөз қолдасып ұстасып отырған екі ойыншыға берілген белгі. Соңғы сөз айтылғанда қолдасып отырған екеуі тез тұрып кетуі керек. Қайсысы қарсыласын арқалап кетсе, арқадағы ойыншы қашан ұтқыр (тапқыр) жауап бергенше түспейді. Ойын жүргізуші:

«Аң сандық, көк сандық
Аспаннан не көрдің»,

- деп сұрақ қояды. Ал арқадағы ойыншы:

«Жұлдыз көрдім, ай көрдім»,

- деп жауап береді.

Одан кейін: «Жерден не көрдің?»- деген сияқты сұрақтар беріледі.Егер ойыншы осы сұрақтарға жауап бере алмаса, онда жеңіледі. Арқалап тұрған ойыншы оны біраз сілкілеп, есін шығарады. Ойын жалғаса береді, оқушылар кезекпе-кезек ортаға шығып, ойынды жалғастырады. Соңында жеңімпаз атанған екі ойыншы күш сынасады. Жеңген ойыншы мақтау алады немесе сыйлықпен силанады. Ойын жастарды мықтылыққа, төзімділікке, жылдамдыққа, амал-айла, әдіс қолдана білуге баулиды, тілін дамытып, есте сақтау қабілетін де шыңдай түсе

«Көген тартыс»

Көген тартыс - ұлттық ойын.

Бұл ежелден келе жатқан көне ойындардың бірі. Ертеде оны малшылар ойнайтын болған. Ойынды кең алаңда, дене шынықтыру залдарында өткізуге болады. Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Араларынан екі топқа ортақ ойын жүргізуші тағайындалады. Ойынға ұзын арқан таңдап алынады. Ортасынан 1-1,5 метрдей ашық орын қалдырылып, арқан әрбір 40-50 см. сайын түйіледі. Ортадан екі топты бөліп тұратын көмбе сызығы сызылады. Әр ойыншы бір-бір түйіншектен ұстап, бір-біріне қарсы қарап тұрады. Ойын басқарушының белгісімен басталады. Ортадағы көмбе сызықтан қай жақтың ойыншысы тартып өткізілсе, сол топ жеңіліп, оны тартып өткізген жақ жеңіске жетеді. Ойын осылай жалғаса береді. Ойын жастарды коллектившілдікке, бірлесіп іс-әрекет жасауға, дене күштерін молықтырып, білектерін сомдай түсуге, шынығуға баулиды.

«Тең көтеру»

Тең көтеру - ұлттық ойын.

Жастар көгалды жазық жерге жиналып немесе дене шынықтыру залында бас қосып, бір күшті деген жігітті ортаға шығарады. Ол көгалдың үстіне не кілемге етпетінен түсіп жатады. Енді «тең» болатын жігіттер әлгі жатқан адамның екі жақ бүйіріне келіп қарама-карсы отырады да, екеуі де аяқтарын жатқан жігіттің арқасына салады. Отырған жігіттер бірінің аяғынан бірі мықтап ұстап алып:

Тең-теңімен.

Тезек қабымен.
Ең алдымен сен көтер,

Екеумізді тең көтер.

- дейді. Жатқан жігіт әлді болса, үстіндегі екі жігітті көтеріп алып, төрт тағандап жүре береді. «Тең көтеру» ойынына кейбір күшті жігіттер қатынасқанда, екі иығына екі-екіден төрт адамды отырғызып та ойнайды. Бұл дене күшін сынайтын қазақтың тұрмыс салтынан туған, әрі сахнада да орындалатын спорт ойынының бір түрі болып саналады.

«Кім түртті?»

«Кім түртті?» - ұлттық ойын.

Жаздыгүні жастар ауылдың сыртына шығып, ойнап-күліп көңілдерін көтереді. Өз арасынан беделді біреуді ойын басқарушы етіп белгілейді. Ол келген адамдардың бәрін қатарластыра отырғызады. Сонан кейін оларды қайтадан біртіндеп тұрғыза береді. Мұнан соң басқарушы қалаған бір ойыншыны ұстайды да оның басын төмен иіп еңкейтіп, екі қолымен иығынан басып тұрады. Сонда ол төңірегін мүлде көре алмайды.

Бұл кезде ойынға қатынасушылардың бәрі жабыла барып, оны кезек-кезек түртіп қалады да, тым-тырыс тұра береді. Ал басқарушы одан: «Сені кім түртті? деп сұрайды. Егер ол бірінші болып түрткен ойыншының атын дәл атаса, түрткіден босатылады да аты аталған адам оның орнына келеді.

Егер ол алғаш түрткен ойыншының атын дәл басып атай алмаса, бір ауыз өлен айтып, жазадан құтылады. Түрткен ойыншының атын таба алмаса және өлең де айта алмаса, екі қабаттап есілген сүлгімен бес рет соғылады немесе басқа жаза тартады. Ойын қайталанып, жалғаса береді. Ойын жастарды сезімталдыққа баулиды, өнерпаздық, творчестволық қабілеттерін дамытады.

«Ақ құлақ»

Ақ құлақ - ұлттық ойын.

Бұл ойынның әрбір қимылы сөйлеп жүріп орындалады. «Сақ құлақ» ойынын қазір көбінесе «Телефон» деп атап жүр. Біз оның ескі атауымен аталуын жөн көрдік. Қатынасушылардың арасынан бір ойын жүргізуші тағайындалады. Ойнаушылар қаз-қатар түрегеліп тұрады немесе қатарласа отырады. Бірақ бір ойыншы мен екінші ойыншының арасы бір метрдей алшақ болуға тиіс. Ойынды бастаушы (І-ойнаушы) естілер-естілмес дауыспен бір-екі сөзді бірақ рет айтып қалады. Сол сөзді қағып алған 2-ойнаушы үшіншіге, үшінші төртіншіге, төртінші одан әрі тез-тез айтып, онан әрі жеткізе береді. Олардың бәрі сөздерді бір рет қана айтып, тым-тырыс отырады.

Айтылатын сөйлем екі не үш сөзден құралған шағын болуы керек. Оның бір мүшесі өз құрамындағы дауысты немесе сөз басындағы ұяң дыбыстардың естілу жөнінен екі ұшты, яғни басқа бір дыбысқа ұқсас сөз болуы қажет. Мысалы, тарғақ көрдім - жарғақ көрдім, борсық көрдім, тағысын-тағылар.

Ең соңғы ойнаушы ойын бастаушыға сыбырлап өзіне жеткен сөзді айтады. Егер сөз дұрыс жеткен болса, ойын тағы да үш рет басқа сөздермен қайталанады. Егер сөз бұзылып жеткен болса, бастаушы соңғы ойнаушыдан бастап І-ойыншыға қарай сыбырмен ғана тыңдап, сөзді бұзушы кім екендігін анықтайды. Сөз бұзған ойнаушы ең аяққа барып тұрады да, екі-үш ауыз жаңылтпашты қайталап дұрыс айта алмаса, ұпай тартады. Ұпай келісім бойынша не өлең айту, жұмбақ шешу немесе бір өнер көрсету (мысалы, сурет салу, үлгі қию, есеп шығару т. б.) арқылы орындалады.

Ойын жас өспірімдер мен жастардың зердесін дамытып, өнерге деген құштарлығын арттырады.

«Қуалап соқ»

Қуалап соқ - ұлттық ойын.

Ойынға оннан отызға дейін адам қатынасады. Ойынды спорт залында, аулада, үлкен бөлмеде өткізуге болады. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Бұл топтың екеуі де тіке тартылған сызықтың бойында тұрады. Мұнан соң бұл сызықтан 20-30 метрдей жерде тағы да сондай сызық тартылып, оның екі жағынан екі жалау шаншылады.

Ұйымдастырушы әр топтан бір-бірден ойыншы шақырып алып, оның біреуіне белбеу береді.

Ойынды бастаушының белгісі бойынша, әлгі екі ойыншы жалаулармен белгіленген сызыққа қарай жүгіреді. Белбеуі бар ойыншы екінші ойыншыны қуып жетсе, сол сызыққа жеткенше белбеумен соға береді. Сызыққа жеткен соң бірінші ойыншы белбеуді сызықтың, үстіне тастай беріп, өзі кері жүгіреді, ал екінші ойыншы белбеуді ала салып кейін қашқан ойыншыны қуып жетіп, белбеумен ұруға тырысады. Егер ол мұны орындай алса, жеңген болып есептеледі. Ал егер де белбеуді оған тигізе алмаса - жеңілгені.

Мұнан соң келесі екі ойнаушы шықырылады да, ойын жалғаса береді. Жеңілгендер алдын ала белгіленген тәртіп бойынша өлең, тақпақ, не мақал-мәтел, жаңылтпаш айтады.

Белбеумен соғу дегенді қашушының арқасына тигізу деген ұғым деп түсінген жөн. Ойын елдің бәріне қызықты болу үшін ойын тәртібін сақтау дұрыс.

Арқан тарту

Арқан тарту - ұлттық ойын.

Бұл ойынды ойнау үшін, алдымен бес-алты ойыншы тартқанда үзілмейтін арқан және үлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындап алу қажет. Ол тақтайлардың ортасынан арқан өтетіндей етіп теседі. Енді қарды жентектеп, аққалаға ұқсатып үйеді де, оның орта шенінен таяқпен тесіп, әлгі арқанды өткізеді. Содан кейін тақтайіпанын, екеуін арқанның екі ұшына кигізеді де, таяқшаларды аққалаға екі-үш қарыстай таңап қалғанда тоқтатады да, тақтайшалар аққалаға тірелгенде кейін сырғып кетпес үшін арқанды түйеді. Бәрі дайын болған соң, балалар екі топқа бөлінеді де, арқанды екі жаққа тартады. Аққала қалай құласа, сол топ жеңіп шыққан болады. Жеңілген топ аққаланы қайта жасайды. Ойын қайта басталады. Ойын ойынға қатынасушылардың күш-қуатын дамытуға, таза ауада дем алып, еңбектенуге үйретеді.[

«Ептілік»

Ептілік - ұлттық ойын.

Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Он-он бес метрдей жерге меже белгіленеді. Әр топтан қолдарында бір кездей түзу таяғы бар екі-екіден ойыншы ортаға шығады да, қатарласа тұрып, таяқты алға созады. Бастаушы қос таяқтың үш жағына бір қарыстай тақтай қояды да, оның үстіне сүйемдей жұмыр таяқшаны немесе қуыршақты тіктеп орналастырады. Сонан соң ойынды бастауға белгі береді. Әр топтың ойынды жүргізуге қатынасқан ойыншылары таяқтарын тең ұстап, оның үстіне қойылған заттарды құлатпай, межеленген жерге дейін барып, қайта оралуға тиіс. Таяқ үстіндегі заттар құласа, ұпайдан құр қалады. Әр кезектің озып келген ойыншысы өз тобына ұпай әпереді.

Осы әдіспен ойынды жеке-жеке жалғастыруға да болады. Жеке ойыншы екі қолына екі қарыстай түзу шыбық алады. Ұшына сіріңке қорабы қойылып, оның үстіне адам бейнелі кішкене қуыршақ орнатады. Сөйтіп, әлгі межеге дейін барып, қайта оралады. Қай топ көп ұпай жинаса, сол жеңіске жетеді.

«Теңге ілу»

«Теңге ілу» - ұлттық ойын.

Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықты «ат» қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді.

Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.

Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді. Ойын жылдамдықты дамытып, тез әрі дәл әрекет етуді үйретеді.

«Қардан жасалған тир»

«Қардан жасалған тир» - ұлттық ойын.

Бұл ойын қыста ойналады. Ертеде бұны «дәл тигіз» деп атаған. Ойынға жиналғандар алаңды жерге жиналып келіп, аққала соғады да, оның бетін тегістеп үш жерден шеңбер сызады. Сонан соң аңқаладан 10-15 метр немесе одан да алыстау жерден лақтыратын орын белгілейді. Ол - ойынға қатынасушылардың жасына байланысты. Ойынға қатынасатын жастар қардан сығымдап жасаған доптарымен жаңағы сызылған шеңберлерді көздеп лақтырады. «Доп» ортадағы кішірек дөңгелекке тисе, ол 10 ұпай алады. Одан кейін орта шеңбер-5 ұпай, ал ең үлкен шеңбер -1 ұпай. Ал шеңберге тигізе алмағандар ұпайдан құр қалады.

Кім ортадағы кішкене шеңберге көп тигізсе, сол көп ұпай жинап, жеңіске жетеді. -Ұпайларды санап, қадағалап тұратын бір ойын басқарушы тағайындалады. Ол кімнің ұпайы қанша екенін мұқият бақылап тұрады. Ойын қыза түседі, ол - ойыншыларды дәлдікке, мөлшерлей білуге, өз мүмкіншілігін дұрыс бағалай білуге үйретеді.

«Тепе-теңдік»

Тепе-теңдік - ұлттық ойын.

Ойын далада немесе спорт залында өтеді. Жұмыр агаштың үстіне тақтай қойылады. Ойынға қатынасушы екі қолына екі тостаған алады. Біріне құм салынған, екіншісі бос. Тақтайдың үстіңе шығып салмағын тепе-теңдік жағдайға келтірген соң, оң қолындағы тостағандағы құмды екінші қолындағы бос тостағанға төкпей-шашпай ауыстырып төгу керек. Бұл тапсырманы мүлтіксіз орындаған ойыншы жүлдеге ие болады. Ойын нерві жүйесін шыңдап, ойыншыны өз денесін меңгере білуге, өте дәлдікке қалыптастырады.

«Жүйріктер жеңеді»

«Жүйріктер жеңеді» - ұлттық ойын.

Ойынға қатынасушылар көк және сары топ болып екі топқа бөлінеді. Бір төбенің үстіне ойыншыларға түгелдей жетерлік мөлшерде көк және сары таяқшалар тасталады.

Ойынды жүргізуші ретінде басқарушы тағайындалады. Ол төрешілік міндетті қоса атқарады. Төрешінің белгісі бойынша ойынға қатынасушылар белгіленген көмбеге қарай тұра жүгіреді. Жеткен ойыншы өз командасының түсіне сай бір-бір таяқшаны алып кері жүгіреді де, сөре сызыққа әкеп қояды.

Қай түсті топтың ойыншылары өз командасының бояуына сәйкес таяқты белгілеген мерзімге көбірек алып келсе, сол топ жеңеді. Ойын жастарды белгілі бір мақсатта коллективтік әрекет жасауға, шапшаңдыққа, тыныс мөлшерін ретті, қалыпты басқара білуге үйретеді.

«Қармақ»

Қармақ - ұлттық ойын.

Ойынға он шақты бала қатыса алады. Ортаға «балықшы» шығады. Қолында бір ұшына доп байлаған ұзын жіп болады. Балалар жіп жететін қашықтықта «балықшыны» айнала тұрады. «Балықшы» допты төбесінен айналдыра үйіріп бір баланың басына тигізуі тиіс. Балалар «балықшының» қармағына ілікпес үшін суға сүңгіп, немесе тез жүзіп кетуі керек. Бірақ жіп жететін қашықтықтан алыстауға болмайды. «Қармақ» басына тиген бала «балықшы» болып ортаға шығады. Ойын жалғаса береді.

«Тартыс»

Тартыс - ұлттық ойын.

Ойын көгалды алаңда, спорт залда ойналады. Спорт залда өтетін болса, еденге кілем төселеді. Ойынға 4-30 адам қатынасады. Ойынға тек ер балалар қатынаса алады.

Ойыншылар тепе-тең екі топқа бөлінеді, екі-екіден жұптасып түрысады. Ортаға екі жұп шығады. Бірі екіншісін арқалап алады. Белгі бойынша олар бір-біріне жақындаса бастайды. Мақсаттары бірін-бірі аударып кету. Тартыс басталады. Егер арқадағы ойыншының бір жері жерге тиіп кетсе, жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі жұп шығады. Олар да осылай тартысады. Ойын жалғаса береді. Қай топ көп аударса, сол топ жеңген болып есептеледі. Артынан ойыншылар бір-бірімен орын ауыстырады. Ойын жастардың дене, білек күшін сомдауға, төзімділікке үйретеді.

«Жаяу көкпар»

«Жаяу көкпар» - ұлттық ойын.

Бұл ойын жазды күні, кең жазықта ойналады. Ойын өтетін жердің ұзындығы 50-60 метр, көлденеңі 25-30 метрден кем болмайды. Сол жазық алаңның бір шетіне шағын дөңгелек шеңбер сызылады да, ішіне құм түйілген ак, шүберек қойылады. Алаңның екінші шетінен де сондай сызық сызылып оны көмбе деп белгілейді. Ортадан сызық сызылады. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді де сол ортадағы сызықта сан құрып тұрады. Ойынды жүргізу үшін екі топқа ортақ бір басқарушы тағайындалады. Орамал жатқан және көмбе етіп белгіленген жерде екі ойыншы бақылаушы болып тұрады. Басқарушының берген белгісі бойынша ойын басталады. Әр топтың ойыншысы құм түйілген шүберекке бұрын жетіп, оны көмбеге жеткізуге тырысады. Топтың қалған ойыншылары оған көмекке келеді. Ал қарсы топ, одан шүберекті алып, өздері апаруға тырысады. Қызу тартыс басталады. Ойынға қатысушылар айла-амал қолданып, алаңның ішінде бұлтарып қаша жүріп, өз тобының көмбеге бұрын әкелуін қарастырады. Бірақ белгіленген межелі жерден шығуға болмайды. Көмбеге белгіленген мерзімде жеткізген ойыншы ұпайды көбірек алады, Ойынға допты да пайдалануға болады.

Ойын жастардың дене күшін, жүгіру қабілетін жетілдіріп, денелерін шыңдап, денсаулықтарын жақсарта түседі.

«Түйілген орамал»

«Түйілген орамал» - ұлттық ойын.

Ойынға жас өспірімдер қатынасады. Ойын жүргізу үшін ақ орамал керек. Орамалды ортасынан түйеді.

Ойынға қатынасушылар алаңға жиналады да шеңбер жасап айнала тұрады. Ойынды басқарушы тағайындалады. Басқарушы ортаға шығады да, қолындағы орамалды кез келген бір ойыншыға тастайды, сонан соң оны өзі қуады. Орамалды алған ойыншы дереу оны басқарушының қолына тигізбей басқа ойыншыға беріп үлгеруі керек. Сөйтіп, ойыншылар орамалды біріне-бірі өткізе береді. Орамалдан айырылып, қалған ойыншы басқарушының орнына шығады. Немесе орамалды ұстап алған басқарушы өз орнына басқа біреуді тағайындап, өзі ойыншылардың қатарына қосылады. Ойын соңында орамалды ұстатпаған тез, тапқыр ойыншы атап өтіледі.

Қолына орамал тиген ойыншы оны тек басқа ойыншыға жоғарыдан ғана лақтырып бере алады. Шеңберден шығуға болмайды. Ойын жылдамдықты, амал-айланы қажет етеді.

«Жүрелей секіру»

Жүрелей секіру - ойын мектеп ауласында, спорт залында ойналады. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Таңдалған алаңға бір жарым метрдей ұзындықта екі қатар көлденең сызық сызылады. Сол сызықтардың қарсы алдына тұспа-тұс он метрдей жерден екі шеңбер сызылады.

Әр топтан екі-екіден ойыншы шығады да, өз тобы жақтағы көлденең сызыққа келіп жүресінен отырады. Бастаушы белгі берген кезде, екі-екіден қатар отырған ойыншылардың оң жақтағысы жүресінен отырған күйі қарсы алдындағы шеңберлерге секіріп барып кері оралуы керек. Әлгі ойыншы ілгері секіріп кеткенде, оның орнын қасындағы ойыншы басады да, тағы бір ойыншы сол қатарға келіп отырады. Жүрелей секіріп ойыншы сызыққа жеткен заматта, келесі ойыншы жарысты әрі жалғап әкетеді. Ойын барлық балалар секіріп болғанша жалғасады. Секіріс кезінде жиылып қалса немесе тізесін жазып түрегеп кетсе, ұпай саналмайды. Әр ойыншыға бір ұпай саналуға тиіс. Қай топ көп үпай жинаса, сол жеңіске жетеді. Ойын төзімділікті, дененің шымырлығын қажет етеді.

«Кім жылдам?»

Ежелгі ойындардың бірі - Кім жылдам?. Ойын аулада, спорт залында, класс комнаталарында ойнала береді. Ойыншылар ойынға екі-екіден қатынасады. Ортаға шыққан екі оқушы бір-біріне арқасын беріп, екі жаққа қарап тұрады. Аяқтарының арасын иықтарының деңгейімен бірдей етіп ұстайды. Сонан соң ойын жүргізуші екеуінің аяғының арасына ұзыннан-ұзақ белбеу тастайды да «бір, екі, үш» деп санайды. «Үш дегенде кім еңкейіп белбеуді бұрын алса, соның жеңгені. Бұл адамның өз денесін еркін меңгеріп, тез қимылдауының нәтижесінде жүзеге асады. Ойынға басқа ойыншылар шығады. Ойын жалғаса береді. Екінші кезекте әр жұптың жеңімпаздарымен арадағы жарыс болады. Ең соңында жеңген екі ойыншы қалады. Сол екеуінің қайсысы жеңіп шықса, сол жеңімпаз атанады.

«Аш қасқыр»

«Аш қасқыр» - кең жазықта ойналатын халықтың ең көне ойындарының бірі. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Алдымен ойынға жиылған жастар орталарынан біреуін «аш қасқыр» деп белгілейді. Сонан соң алаңның бір шетінен шеңбер сызып, оны қасқырдың апаны деп атайды. Осының бәрін орындап болған соң, ойыншылар өздеріне басқарушы етіп бір ойыншыны тағайындайды. Қалған ойыншылар басқарушының артынан тізіліп тұрады да бірінің белдігінен бірі ұстасады. Ойын басталады. «Аш қасқыр» шабуылға шығады. Ойын басқарушы екі қолын жайып, оның қарсы алдынан шығып, кес-кестеп, бөгет жасайды. «Қасқыр» қайтсе де «қойларды» ұстауға тырысады. Егер бұл «аң қасқырдың» қолынан келсе, ұстаған «қойларды» өзінің апанына «апарады», олар сол «апанда» ойын біткенше қала береді. Ойын соңғы ойыншыға дейін ойнала береді де, қайта басталады.

«Домалақ ағаш»

Қазақтың ежелден келе жатқан ұлт ойындарының бірі - «Домалақ ағаш» ойыны. Бұл «Қазан» ойынының бір түрі. «Домалақ ағаш» ойынын қыста мұз үстінде, ал жазда тақыр алаңда ойнауға болады. Ойынға қатынасушылардың әрқайсысының басы қайқы қақпа таяғы мен ағаштан істелген домалақ шары болуы керек.

Ойынға қатынасушылар ортадан шеңбер сызып, бір «қазан» қазады. Ойнаушылардың саны көп болса, шеңбер соғұрлым үлкен болады. Шеңбердің бойымен қатарласа тұрып, арасы бір-бірі адымдай жерден, яғни әрқайсысы өзінің алдынан «қазан» қазып алады, домалақ ағашын соған алып қояды. Шеңбердің ортасында бір ойыншы бос «қазанды» күзетіп тұрады, яғни басқа шеңбер бойында түрған ойыншылардың әрқайсысы өзінің шарын ортадағы бос «қазанға» түсіру; ал ортадағы бос «қазанды» қорып тұрған ойыншы басқалардың домалақ ағаштарын өзі қорып тұрған «қазанға» түсірмеуге тырысады. Егер ортадағы «қазанға» домалақ ағашын кім түсіріп алса, сол адаммен орындарынауыстырады. Ойын жалғаса береді.

«Асық ойындары»

Асық ойындары - Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылың мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған. Біз солардың ел есінде сақталған үлгілерін келтіріп отырмыз.

«Алшы»

Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет.

«Алшы ойынын» ойнаушыларға шек қойылмайды. Ойын басталар алдында, ойын жүргізуші, барлығының сақаларын жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни, кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін, сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол бірінші, тәйке түссе екінші, бүк түссе үшінші, шік түссе одан кейін асық ататын болады. Атқан кезде сақасы мен асығы бір жақты түссе, атқан асығын алып, әрі қарай ата береді. Енді бірде асық атқан кезде сақасы алшы түсіп, асық кез келген жағында жатса да асықты алады, тағы атады, ал сақа мен асық екеуі екі түрлі түссе, онда алмайды. Ол атуды тоқтатып, кезекті келесі ойыншыға береді. Екінші ойыншы өз кезегінде сақасын иірген кезде тәйке түссе, онда өзінен кейін кезекте тұрған ойыншы көмбеде тұрып оның тәйке түскен сақасын атады, тигізсе, сақа иесі ойыннан шығып қалады, тигізе алмаса, өзі ойыннан шығады. Кезек алу үшін сақаларын иірген кезде бүк, шік түскен ойыншылар өз кезектерімен көнге тігілген асықты ата береді. Осы ретпен көндегі асықты атып тауысқанға дейін ойнайды да, асықтарын қайта тігіп, ойынды жалғастыра береді.

«Омпа»

Асық ойынының бір түрін «Омпа» деп атайды. Бұл ойынды көбінесе бозбалалар ойнайды. Оны таза ауада алаңда, не үлкен бөлмелерде ойнауға болады. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынның мақсаты - асық ұту. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызады да біріншісіне төрт бұрыш жасайды (оның көлемі өзара келісіледі) дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өздерінің асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір асық мұртынан «Омпа» тұрғызады. Ойнаушылар екінші белгіленген жерден бірінің артына бірі тұрып әркімнің өз кезектері бойынша, қолдарыңдағы сақаларымен «омпаны» ата бастайды. Егер кімде-кім омпаға тигізсе және оны төрт бұрыштың шетіне шығарса, онда көндегі асықты түгел алады. Ал омпаға тимей, жанындағы асықтарға тисе, оны да төрт бұрыштың шетіне шығара алса, онда сол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, көнге асық қайтадан тігіліп отырылады. Ойын жалғаса береді.Спорт ойынына асықты неге жатқызбайды? Асық ойыны, баланың күн ұзақ қимылына тигізер әсері мол. - Ойын барысында: жүгіру, жүру,иілу,секіру,сақа иіру,көздеп тигізу,лақтыру, ату т.б, жатады Асық қазақ халқының, ырымдарында қадірлі сүйектің бірі. Баласының ермегі, ойыншығы, сүйікті ойыны болған. Асық атаулары: Құлжа - арқардың аталығының асығы.Сақа - арқардың асығы.Жабайт - еліктің асығы. Асық - қой мен ешкінің асық жілігінен.Шүкімайт - қозы мен лақтың асығы

Асық ойынында асықтың берекесі де, басшысы да «сақа». Асықтарды атқанда сақамен көздейді. Бас бармақпен сұқ саусаққа қысып ұстап жоғары сілкіп, салмақтап айландырады. Айландырып тұрған сақаны сағаттың тіліне қарсы иіріп атады. Ірі әрі салмақты иіріліп тиген сақа асықтарын бірнеше домалатады. Шебер иіріліп атылған сақа, асыққа тигенде 10 сантиметрден 150 сантиметрге жерге дейін ұшырып жібереді.

Асықты иіріп тастағандағы жатысы бес түрлі аталады. 1. Ең сәтті тұрғандағы атауы «алшы». /барлығын бірден ұтасың / 2. Төңкеріліп тұрғаны тәукі /тәуекел мағанасы/ (тәйкі) 3. Етбетінен жатқаны «бүк» /бүк түсіп жату/ 4. Шалқасынан түскені «ішік» /іші көрініп жатуы/ 5. Егер еңкейіп, тұмсығымен тік қадалса «омпа» /омақа аса құлаған/ 6. Таза тұрмай - алшы тұрғаны қисайып, не тәукі қисайып тұрса «қырта» дау туғызатын /қырынан жату/ деп аталады

Өріс ойыны 3, 5, 7 метр қашықтықтан (қашықтық балалардың жас ерекшелігіне байланысты). Түзу бойына алшы, тәукі кезектесіп тізіледі. Өріске ұзап барып атасың. Кімнің бірінші ататындығы сақаларын қосып, бір ойыншы басынан асыра (соғады) жерге тастайды. Алшы түскен сақа иесі бірінші, тәукі екінші, бүк үшінші, ішік төртінші болып атады.

Ойынындағы ұтыс ( жеңіс) тәртібі .Сақа асыққа тиіп «алшы» түссе - тізілген асықты түгел ұтып алады. Сақа асықттарды құлатып, сақа бүк түссе - ішік шатқан асықтарды ұтады. Сақа асықтарға тиіп, ішік түссе - бүк түсіп жатқан асықтарды ұтады.Бұзылған асықтарды түзу бойына қайтадан тізіп қояды. Келесі кезектегі ойыншы сақасы мен тізілген асықтарды көздеп атады. Атқанда сақа асықтарға тиіп, құлатып өзі омпа түссе, сақаны омпалатады. Тізеден төмен сақаны домалатып тастайды. Келісім бойынша үш рет қайталауға болады. Өрістен атылған сақалар, домалап түскен жерінде жатуға тиіс. Кімнің сақасы төрге озып кетсе, сол бірінші болып кері атады. Тимей кетсе келесі ойыншы кезек алады. Ойыншылар тигізе алмаса, алғашқы ойыншы қалған асықты сақамен қосып, басынан асыра жерге тастайды. Ұтқан асығыңды жинап отырасың. Шебер ойыншы қарсыласының асығын түгел ұтып алады.

Сақа мынадай жағдайда асықты ұта алмайды.Сақа бүк жатса- бүк жатқан асықты ұта алмайды.Сақа ішік жатса- ішік жатқан асықты ұта алмайды .Сақа бүк, ішік, тәукі, омпа жатса- алшы тұрған асықты жеңе алмайды .Сақа бүк, ішік, тәукі, омпа жатқанда - тәукі тұрған асықты жеңе алмайды.Сақа бүк, ішік, тәукі, омпа жатқанда - омпа тұрған асықты жеңе алмайды.

«Асықты тігу»

Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап алады да оны тазартып, ортадан төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты ортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының қашықтығы балалардың жас мөлшеріне қарай белгіленеді. Сонда 1-1,20 см немесе 1,5 метрге дейін болады. Мұны «көн» деп атайды. Сонда ойнаушылардың өзара келісімі бойынша көннен 4-5 м. не одан да көп мөлшерде асық ататын орын белгіленеді. Оны сызықпен белгілейді. Ойыншылар осы жерден тұрып көндегі асықты ататын болады. Ойынды кім бірінші болып бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды. Сақасы алшы түскен ойыншы бірінші болып ату кезегін алады.

Ойыншы асыққа дәл тигізіп, оны көнбе сызығынан шығарса, оны алады да, сақасы түскен жерден қайта атады. Сөйтіп көннен шығарғандарын ала береді. Егер оның сақасы көндегі асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады. Ал тігілген асықтарды бұзып, бірақ көннен шығара алмаса, қалған ойыншылар асықтарды сол жатқан қалыбында атып, көннен шығарып алуға тиіс. Ойын көндегі асықтар бойынша біткенше ойнала береді. Көндегі асық біткен соң, ойынға қатынасушылар бір-бірден көнге қайта асық тігіп, ойын қайта басталып, жалғаса береді.

«Тас қала»

Асық ойынының ендігі бір түрі -«Тас қала» деп аталады. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7-8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады. Алшы бірінші, тәйке екінші, бүге үшінші, шіге төртінші.

Егер ойыншының асығы омпа түссе, онда ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады. Егер де екі не үш адамның асығы бірдей не алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, онда саңалар қайта иіріледі.

Атушы «Тас қалаға» саңасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, саңасы түскен жерден қайта атады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бүзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы» қайта түрғызады. Егер атушы тас қаланы бұзып бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмаганға дейін ата береді. Қалған ойыншыларды бүзылған «Тас қаланың» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады. Көнде жатқан асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта басталады.

«Хан»

Асықпен ойнайтын ойынның бір түрі-«Хан» ойыны. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойынға қатынасушылар көнге қаншадан асық шығаратынын алдын ала келісіп алады. Көнге жиналған асықтарды бір жерге басын қосып біріктіреді. Сонан кейін көп асықтың ішінен бір белгілі асықты «хан» сайлайды. Екінші ойыншылар көнге жиналған (әр ойыншы не бес, не он асықтан қосуға тиіс) асықты иіретін ойын жүргізуші тағайындап алады. Ол жиналған асықты ортаға екі қолдап иіріп тастай береді. Барлық асықтарды иіріп болған кезде «хан» көп асықтың арасында көрінбей қалуы мүмкін, мұндай жағдайда ойнаушылардың барлығы асықты иірушінің «ханды қара басты» деген даусын естігеннен кейін бассалып асықтарды талап алады. Екінші жағдайда иірген асықтардың арасында «хан» ашық жатса, онда «ханмен» бүк жатқан асықты ату керек, ойын солай жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша «Ханмен» асықты атқан кезде басқа асықтарды қозғауға болмайды. Сөйтіп, ойын шарты бұзылғанға дейін немесе барлық асық атылып болғанға дейін ойын жүре береді.Бұл ойын ойыншыдан өте ептілікті талап етеді. Егерде ойыншы, қалай болса солай, дөрекілік көрсетсе, қимылында ептілік болмаса, онда ол ойыншы ұтылады. Сондықтан ойын қатынасушылардан байыптылық, ұстамдылықпен қоса өте ептілік қасиеттерді талап етеді. Бұл қасиет келе-келе ойыншының әдетіне айналып, жақсы дәстүрге тәрбиеленуге, өзін-өзі басқара білуге машықтандырады.

«Хан талапай»

Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі - «Ханталапай». Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «ханталапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты - балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.

«Құмар»

Асықпен ойнайтын ойынның тағы бір түрі - «Құмар». Бұл ойынды үлкен-кіші демей ойнай береді. Ойынға қатынасушылардың саны 5-6 адамнан аспауы керек. «Құмар»- үйде, аулада, таңыр, тегіс жерде отырып ойнайтын ойын. Ойынға төрт асық қажет. Олар мұқият тазартылып, түрлі-түсті бояуға боялады. Ойынды кімнің бірінші болып бастайтыны асық иіру арқылы шешіледі. Алшы -бірінші, тәйке -екінші, бүге -үшінші, шіге -төртінші т. с. с. кезек алады. Асықтың жоғарыда айтылған төрт түрлі түсетін, негізгі төрт қыры болады. Сондай-ақ оларды мал атауымен де атайды. Алшыны- жылқы, тәйкені - түйе, бүгені - қой, шігені - ешкі деп атайды. «Құмар» деп сол төрт асықтың бір түрлі түсуін айтады. Мысалы төртеуі де алшы түссе - «Құмар» болады, ол төрт ұпай алады, тәйке-үш, бүге-екі, шіге-бір ұпайдан алады.

Ойыншы төрт асықты уысына алады да, қолын тұқыртып ішке қарай айландыра еденге шаша тастайды немесе алақанына салып, қолын сыртқа қарай серпіп, еденге тастай береді. Ұтылған адам ұпай төлейді. Келісім бойынша ән айтып, күй шертеді. Ертеде терме айтып, арты отбасылық ойын-сауыққа айналған.


Ұлттық және қозғалыс ойындардың күнтізбелік жоспары


Тақырыбы

Сағат саны

Аптадағы сағат саны

(33,5апта)

20 сағат

Уақыты


680

қыркүйек/

қазан

1

«Шалма»

«Түйілген шыт»

«Көген тартыс»

«Дауыста, атыңды айтам»

«Асықты тігу»

«Тас қала»

«Аш қасқыр»

«Түйілген орамал»

«Қармақ»

«Жаяу көкпар»

«Жүрелей секіру»

«Ақ сандық, көк сандық» «Ептілік»

«Домалақ ағаш»

«Жүйріктержеңеді»

«Тартыс»

«Алшы»

«Бойға доп дарытпа

«Соқыртеке»

«Кім жылдам?»

100 сағат


5апта


5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

01.09-04.10


2

«Хан»

«Арқан тарту»

«Кім түртті?»

«Қардан жасалған тир»

«Көген тартыс»

«Жанды дөңгелек»

«Қарғымақ»

«Тең көтеру»

«Қап киіп жарысу»

«Омпа»

«Қуалап соқ»

«Ақ құлақ»

«Орамал тастау»

«Тоспа доп»

«Теңге ілу»

«Көрші»

80

сағат

4апта


5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

Қазан

5.10-31.10

3

«Есімде»

Қаһарлы-Бану»

«Кім шертті?»

«Қырықаяқ»

«Асық ойындары»

«Әуе таяқ»

«Тепе-теңдік»

«Сақина тастау»

«Алтыбақан»

«Белбеу тастау»

50 сағат

2,5 апта


5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

Қараша

1.11-30.11

4

«Аңшылар»

«Көк сиыр»

«Айгөлелек»

«Сиқырлы таяқ»

«Шертпек»

«Инемді тап»

«Айдап сал»

«Қарамырза»

«Белбеу тастау»

«Жүрелей секіру»

«Ақ сандық, көк сандық» «Ептілік»

«Домалақ ағаш»

«Жүйріктержеңеді»

«Тартыс»

«Алшы»

«Бойға доп дарытпа

«Соқыртеке»

«Кім жылдам?»

«Хан»

100 сағат


5 апта


5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

Желтоқсан

01.29.12


5

«Шалма»

«Түйілген шыт»

«Көген тартыс»

«Дауыста, атыңды айтам»

«Асықты тігу»

«Тас қала»

«Аш қасқыр»

«Түйілген орамал»

«Қармақ»

«Жаяу көкпар»

«Жүрелей секіру»

«Ақ сандық, көк сандық»

60 сағат


3 апта


5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

Қаңтар

09.01-31.01

6

«Домалақ ағаш»

«Жүйріктержеңеді»

«Тартыс»

«Алшы»

«Бойға доп дарытпа

«Соқыртеке»

«Кім жылдам?»

«Ептілік»

«Хан»

«Арқан тарту»

«Кім түртті?»

«Қардан жасалған тир»

«Көген тартыс»

«Жанды дөңгелек»

«Қарғымақ»

«Тең көтеру»

80

сағат


4 апта


5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

Ақпан

01.02-29.02

7

«Қап киіп жарысу»

«Түйілген шыт»

«Көген тартыс»

«Дауыста, атыңды айтам»

«Асықты тігу»

«Тас қала»

«Аш қасқыр»

«Түйілген орамал»

«Қармақ»

«Жаяу көкпар»

«Жүрелей секіру»

«Ақ сандық, көк сандық»

60 сағат


3 апта


5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

Наурыз

01.03-20.03

8

«Аңшылар»

«Көк сиыр»

«Айгөлелек»

«Сиқырлы таяқ»

«Шертпек»

«Инемді тап»

«Айдап сал»

«Қарамырза»

«Белбеу тастау»

«Жүрелей секіру»

«Ақ сандық, көк сандық» «Ептілік»

«Домалақ ағаш»

«Жүйріктержеңеді»

«Қарғымақ»

«Тең көтеру»

80

сағат


4 апта


5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

Сәуір

02.04-30.04

9

«Шалма»

«Түйілген шыт»

«Көген тартыс»

«Дауыста, атыңды айтам»

«Асықты тігу»

«Тас қала»

«Аш қасқыр»

«Түйілген орамал»

«Қармақ»

«Жаяу көкпар»

«Жүрелей секіру»

«Ақ сандық, көк сандық»

«Тартыс»

«Алшы»

70

сағат


3,5 апта


5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5


Мамыр

02.25.05

680

33,5







Бағдарламадан күтілетін нәтиже

Қазақтың ұлттық және қозғалыс ойындары мектеп-интернат оқушыларының мүмкіндігіне қарай кейбір түрлерін енгізіліп отыр.Балалардың ойын ойнауға қызығушылықтары қашанда өте жоғары болатындықтан жақсы нәтиже күтуге болады.Мектебіміз аралас мектеп болғандықтан өзге ұлттың өкілдері де қатты қызығушылық танытып жатса,оларда қазақтың дәстүрін түсініп,өзара сыйластық,елімізге деген сүйіспеншілік артады.Ең бастысы ұмыт болып бара жатқандықтан қазақтың кейбір ойындарын жаңғырту арқылы,ата-бабаларымыздың өнегесін жалғастырамыз. Енгізіліп отырған бағдарламадағы ойындардың түрлері көп қолданыста жоқ,сондықтанда оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында қазіргі заманауи технологияларды пайдалана отырып,дүниетанымын кеңейеді.Сонымен қатар қазіргі замандағы оқушыларымыз көп қимыл-қозғалыс жасай бермейді,бұл ойындар арқылы дене қимылдары шырығып,ойлары жетіледі.
Бұл бағдарламада қазақтың ұлттық ойын түрлерін дене тәрбиесі сабағында және сыныптан тыс,балалардың бос уақытында қолданылады,сондықтанда балаларымыздың бос уақыты болмайды.



Пайдаланылған әдебиеттер
1. Б.Төтенаев. «Қазақтың ұлттық ойындары»
2. «Дене тәрбиесі және спорт» журналы
3. «Дене тәрбиесі» оқулығы - С.Тайжанов
4. «Валеология» журналы
5. «Мектептегі тәрбие жұмысы» журналы
6. «Дене шынықтыру - мектепте» журналы

7.Плано Карлини. Путешествиев восточные страны Плано Карлини и Рубрука. -М.; 1957. -37б.

8.Вамбери А. Очерки Средней Азии. -М., 1868. -277б..

9.Янушкевич А. Күнделіктер мен хаттар немесе қазақ даласына жасаған саяхат туралы жазбалар. -Алматы, 1979. -262 б.

10.Рычков П.И. Дневники и записки путешествияв киргиз-кайсацкой степи в 1777 г. -СПб, 1772.




52



© 2010-2022