Открытый урок Национальные казахские игры. Бес асык

Раздел Физкультура
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок Национальные казахские игры. Бес асыкОткрытый урок Национальные казахские игры. Бес асыкОткрытый урок Национальные казахские игры. Бес асыкОткрытый урок Национальные казахские игры. Бес асыкОткрытый урок Национальные казахские игры. Бес асыкАшық сабақ жоспары

Күні: 09.12.2015 ж.

Дене тәрбиесі

III курс, 31 «Х-Ж» тобы

Тақырыбы:

Қазақтың ұлттық ойындары. Бес асық ойыны.

Мақсаты:

1. Білімділік: «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; негізгі ережелерін үйрету. Пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық: «Бес асық» ойындарын жүргізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Ойын арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын ояту. 3. Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу арқылы студенттерді салт дәстүрін, әдет ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуына ықпал ету, ұлттық ойындар ерекшелігін ұқтыру.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Көрнекі құралдар:

Асықтар, маттар, магнитофон, карточкалар, ысқырғыш.

Сабақтың барысы:

Р/с

Сабақтың мазмұны

Мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар

І. Дайындық бөлімі

12 минут

1

а) Сапқа тұрғызу, рапорт беру. Кезекшілік міндет, сәлемдесу

1 мин

Сапқа түзу тұру

б) Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Сабақтың мақсатын түсінікті етіп баяндау.

в) Саптағы жаттығулар «оңға», «солға», «артқа» бұрылу

Денені түзу ұстап, басты көтере, белді түзу ұстап бұрылу

2

Көңіл -күйге арналған жаттығулар:

а) Аяқ ұшымен жүру;

б) Өкшемен жүру;

в) Табанның сыртқы қырымен жүру;

г) Жартылай отырып жүру;

д) Толық отырып жүру.

3-4 рет

Денені түзу ұстап, қолды иық деңгейінде ұстау.

3

Жүгіру жаттығулары:

а) Қолды созып тізені жоғары көтеріп жүгіру;

б) Қолды жамбасқа немесе артқа қойып, аяқты артқа серпе жүгіру;

в) Оң, сол жанымен жүгіру.

2 рет

Еркін демалып, бірқалыпты жүгіру

4

Қозғалыстағы жаттығулар:

а) 1-2 сол қол жоғарыда, оң қол төменде 3-4 оң қол;

б) Қол иықта 1-2 қолды алға айналдырамыз, 3-4 артқа айналдырамыз;

в) Б.қ. Саусақтарды айналдырамыз 1-2 алға, 3-4 артқа айналдырамыз;

г) Қол кеудеде 1-2 қол артта, 3-4 алға айналдырамыз.

5-6 рет

Денені түзу ұстап, қолды иық деңгейінде ұстау

5

Орында орындалатын жаттығулар:

а) Қол алда,аяқ иық деңгейінде, 1-4 қол қайшылау;

б) Қол желкеде, 1-кеудені солға бұру, 2-кеудені оңға бұру, 3-4 қайталау;

в) Қол алда, аяқ иық деңгейінде 1-отыру, 2-бастапқы қалып, 3-4 қайталау.

5-7 рет

Басты жоғары көтеріп, денені түзу ұстау

6

Матта жасалатын жаттығулар:

а) Матқа отырып аяқты тізеден бүгіп жоғары көтеру 1-2-3;

б) Жатып қолды жоғары көтеру 1-2;

в) Қолды алға созып дененіт көтеру 1-2

Еркін демалып, қол және аяқты түзу көтеру

ІІ. Негізгі бөлім

30 минут

1

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.

Ойын техникасын көрсетіп, түсіндіремін

«Бес асық» ойыны

1 тур Бірлік

2 тур Екілік

3 тур Үштік

4 тур Төртілік

5 тур Жалақ

6 тур Алақан

7 тур Сарт-сұрт

8 тур Үндемес

9 тур Артынан тастау

10 тур Қаршу

11 тур Наби

12 тур Ұпай жинау

Топты бес командаға бөліп ойын өткіземін.

Оқу-жаттығудың дұрыс және тұтас орындалуына мән беру. Ойын шарттарын қадағалау

2

Топты еқі командаға бөліп эстафеталық «асық алу» сайысын өткіземін. Үш асықты сызыққа қойып, бір-бірден алып екінші сызыққа дейін жылдам жүгіріп жеткізу кажет (челночный бег)

Сайыс ережелері мен ерекшеліктерін көрсету

ІІІ. Қорытынды бөлім

3 минут

1

Өткен сабаққа қорытынды жасап, оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Үйде қолға, саусаққа арналған жаттығулар жасау

Саусақ буындарына жаттығулар жасау



© 2010-2022