Көңілді және қызықты эстафеталар

Раздел Физкультура
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Сабақтық тақырыбы: «Көңілді және қызықты эстафеталар»

Қатысқан оқушы саны: 20

Сабақ түрі: Сайыс түрінде

Сабақтың мақсаты:

А) Теориялық :Ойын түрлерін,мазмұнын,ережелерін,ерекшелігін меңгерту.

Ә) Жетілдіру:Өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттілігін арттыру.

Б) Тәрбиелік: Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару.

Көрнекілік-құралдар:

Эстафеталық таяқша,доптар,арқан,қап(мөшек),кедергілер,нығыздалған доптар . т.б.к

Сабақтың әдісі: Жеке және жалпы жұмыс жасау,жан-жақты қалыптастыру.

Сабақтың өтілу барысы.



Дайындық бөлімі: 10 минут.

- Оқушыларды сапқа тұрғызу,сынып санын түгендеу,рапорт беру.

- Тазалық гигиенасы және денсаулықтарын тексеру,назар аудару.

- Оңға,солға,кері бұрылу/паттриоттық/ жаттығуларын орындау.

- Қозғалмалы жүгіру және саптағы бой жазу жаттығулары:

а) Залды айнала бір қалыпты жүгіру,жанымен жүгіру,демді басу жаттығуы.

б) Б.н: Аяқ иықтың көлеміндей алшақта қою, екі қолды белге басты(оң,сол,алға,артқа)

в) Б.н: Оң қолды жоғары,сол қолды төменде қойып,1-2 ауыстыра 3-4жасау.

г) Б.н: Оң қолды жоғары,сол қолды белге қойып,оңға 1-2,солға 3-4

д) Б.н: Екі қолымызды иыққа қойып,алдыға 1-2,артқа 3-4 қайталай жасау.

е) Б.н: Екі қолымызды кеудемізге қойып,алдыға 1-2,алдыға, 3-4 оң,сол жаққа.

ж) Б.н: Екі қолымызды жанымызға қойып,оң жаққа 1-2,сол жаққа 3-4 (8рет)

з) Б.н: Қол белде,оң жаққа 1-2-3-4рет айналдыру,сол жаққа 1-2-3-4рет айналдыру.

м) Сол аяқты жартылай көтеріп,оң аяқпен жоғары секіру(5рет,ауыстыра)

ІІ. Негізгі кезеңі: 30-минут



  • Жаңа тақырыппен таныстыру

  • Оқушыларды екі топқа бөлу,топтың аттарын сайлау:

1-ші топ: «Барыс»

2-ші топ: «Сұңқар»

  • Жарыс барысындағы ойындардың аттары:

А) Эстафеталық таяқшамен жүгіру.(кедергілердің арасымен)

Б) Қаппен(мөшек)жүгіру.

В) «Допты үстінен қабылда»-ойыны.

Г) Ұлттық ойын «Арқан тартыс»

Д) «Допты астына қабылда»-ойыны.

Е) «Жүгім жетпес мәреге»-ойыны

Ж) «Капитандар сайыс»(бұл ойында жұмбақ жасырылады)

З) « Мергендік таныту»-ойыны.

- Ойын барысындағы техникалық қауіпсіздіктерін сақтау.

- Төзімділік,шеберліктерін қадағалау.

ІІІ. Қорытынды : 5-минут.

  • Оқушыларды бір сапқа тұрғызу,тыныс жолдарын қалпына келтіру.

  • Сабақтың өтілу барысындағы жарыстың қорытындысы,мақтау қағаздары.

  • Үйге тапсырмалары және оқушыларды бағалау.

Тексерілді:____________________



© 2010-2022