Шаңғы дайындығы тақырыбының жоспары 9 сынып

Сабақтың мақсаты Шаңғы дайындығы : 1. Білімділік : Итерілу,сырғанау,сырғанайтын және адымдайтын жүрістер техникасы элементерін сақтап алма-кезек екі адымды жүріспен қозғалуды үйрету. 4000 м қашықтықты жүріп өту 2. Денсаулық сақтау : Шапшандық, икемділік және күш сапаларын дамыту. 3. Тәрбиелік: Сабақтағы барлық жүктемені дұрыс орындау. Тәртіпке тарту. Спорт құралдары: шаңғы, шаңғы таяқтары, жалаушалар. Өткізілетін орны: спорт алаңы Уақыты: 45 мин
Раздел Физкультура
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың мақсаты Шаңғы дайындығы :

1. Білімділік : Итерілу,сырғанау,сырғанайтын және адымдайтын жүрістер техникасы элементерін

сақтап алма-кезек екі адымды жүріспен қозғалуды үйрету. 4000 м қашықтықты жүріп өту

2. Денсаулық сақтау : Шапшандық, икемділік және күш сапаларын дамыту.

3. Тәрбиелік: Сабақтағы барлық жүктемені дұрыс орындау. Тәртіпке тарту.

Спорт құралдары: шаңғы, шаңғы таяқтары, жалаушалар.

Өткізілетін күні : ________________ Сынып : 9 сынып

Өткізілетін орны: спорт алаңы Уақыты: 45 мин

Жаттығулар

Уақыты

Әдістемелік нұсқаулар

1

Кіріспе бөлімі

Сапқа тұрғызу. Рапорт тапсыру.

Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Саптағы жаттығулар :

Оңға, солға, айналып бұрылу.

Секіріп бұрылу.

Жалпы дамыту жаттығуларын таяқпен жасау

Шаңғыларын кию.

Саптағы жаттығулар шаңғымен.

  • аяқ ұшын айналып бұрылу

  • аяқ өкшесін айналып бұрылу

  • сілтей 180 градусқа бұрылу

Оқу-жаттығу алаңына шаңғымен шығу,

Таяқсыз сырғанау.

15 мин

1 мин

30 сек


30 сек




3 мин

1 мин

2 мин






8 мин

Спорт.киіміне назар аудару.

Бір адамдай істеу.

Арқаны түзу ұстау.

Шаңғыны дұрыс киюді қадағалау.

Шаңғы таяқшалрын дұрыс ұстау


Шаңғы қозғалыс ережелерін сақтап, сырғанау.

2

Негізгі бөлім

Итерілу, сырғанау, сырғанайтын және адымдайтын жүрістер техникасы элементерін сақтап алма-кезек екі адымды жүріспен қозғалуды үйрету.

1.Шаңғы техникасын түсіндіру, көрсету.

Имитациялық жаттығулар

- жартылай бүгілген аяқпен, қысқа адыммен жүру

- орында сілтеу, жартылай бүгілген бір аяқпен, екінші аяқпен және қолдарымен келісімді сілтеу қозғалыстарын орындау.

- табанымен соңғы итерілу орындау

- толық адым жасап, қол қозғалысымен жүру

2. алма-кезек екі адымды жүріспен қозғалуды үйрету.

  • итерілу

  • сырғанау

  • сырғанайтын және адымдайтын жүрістер

Осы жүрістер техникасы элементтерін сақтап алма-кезек екі адымды жүріспен қозғалу.

27 мин




3 мин



3 мин


3 мин



3 мин

3 мин



2 мин

2 мин

2 мин


6 мин


Жаттығу шаңғы таяқшасыз орындалады


Жаттығу шаңғы таяқшасыз орындалады

Толық итерілу

Көбірек сырғанау

Қауіпсіздік ережесін сақтау.

3

Қорытынды бөлімі

1. Сапқа тұрғызу

2. Сабақтың қорытындысын жасап бағалау.

3. Шаңғыларын шешіп, қардан тазалап

тапсыру.

4. Ұйымдастырып қайтару

3 мин

Үйге тапсырма беру.




© 2010-2022