Спорттық бағыттағы сабақтан тыс «Жалпы физикалық дайындық» секциясының Бағдарламасы

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:





Спорттық бағыттағы сабақтан тыс «Жалпы физикалық дайындық» секциясының

Бағдарламасы








Бағдарламаны жасаған: Орынбасаров Б.О. -оқытушы-бапкер


Қарағанды облысы Приозерск қаласының

«Достық» балалар - жасөспірімдер

шығармашылық орталығы» КМҚК



Приозерск -2016 ж.

Түсіндірме хат.


Осы бағдарлама жалпы білім берудің бастауыш буынындағы оқушылардың спорттық-сауықтыру бағыты бойынша іс-әрекетінің бір нұсқасы ретінде жасалған. Бағдарламаны жүзеге асыру бір оқу жылы мерзімінде жүзеге асуы көзделген.

Бағдарламаның мақсаты:

- балалардың саламатты өмір салтын қалыптастыруына ықпал ету және олардың физикалық және психикалық саулығын қолдау;

-балалардың қазіргі заманғы қоғамдағы адам, денсаулық, табиғат, еңбек т.б.құндылықтарды бағалай білуге баулу;

Бұл бағдарлама төмендегі міндеттерді жүзеге асырады:

-оқушыларды спорттық-сауықтыру шараларына қатысуға ынталандырады;

-спорттық-сауықтыру шараларына қатысу арқылы ұжымдық, қоғамдасу дағдылары қалыптасып, дамиды,

-оқушылар спорттық-сауықтыру әрекетінің түрлі элементтерін игереді, оларды іс жүзінде қолдана білуді үйренеді;

Сабақтан тыс спорттық бағыттағы спорттық-сауықтыру бағдарламасының негізгі идеясы оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы дамуы мен тәрбиесіне және спорттық, тән саулығы құзіреттіліктерін дамытуға бағытталған. Сондықтан сабақтан тыс іс-шаралар қолжетімді спорттық ойындарды қамтып отыр.

Бағдарлама модульді және ол 4 модульден тұрады: «Пионербол», «Баскетбол», « Мектепте спорттық жарыстар ұйымдастыру және өткізу », «Ұлттық спорттық ойындар », ( жалпы- 66 сағат). Сабақтар аптасына 2 сағат өткізіледі.

Тақырыптық жоспар.

Тараулардың атауы

Жалпы сағат саны

Аудиториялық сабақ саны

Аудиториядан тыс сабақтар саны

1.

Пионербол

22

1

21

1.1

Кіріспе сабақ

1

1

1.2

Допты ұстау техникасы

5

5

1.3

Допты беру техникасы

5

5

1.4

Әріптеспен өзара әрекет етудегі тактикалық әдістер

5

5

1.5

Тактикалық комбинациялар

6

6

2.

Баскетбол

22

1

21

2.1

Кіріспе сабақ

1

1

2.2

Орнында тұрып және жүгіріп жүріп, адымдап жүріп , допты алып жүру техникасы

5

5

2.3

Орнында тұрып ,кеуд еден доп беру техникасы

5

5

2.4

Орнында тұрып , бір қолмен доп беру техникасы

5

5

2.5

Қозғалыста жүріп, жұптасып доп беру техникасы

3

3

2.6

Шығыршыққа (кольцо) доп лақтыру

3

3

3.

Мектепте спорттық жарыстар ұйымдастыру және өткізу

6

6

3.1

Мектепішілік Денсаулық күні мерекесін ұйымдастыру және өткізу

3

3

3.2

«Спортсүйгіш отбасы » сайысын ұйымдастыру және өткізу

3

3

4.

Ұлттық спорттық ойындар

16

3

13

4.1

«Асық », «Ләңгі» ойындары

6

1

5

4.2

«Арқан тарту»

5

1

4

4.3

«Қашпа доп»

5

1

4

Мазмұны


1. Пионербол.

Ойын ережесі. Ойыншылардың денсаулығы мен гигиенасы. Допты ұстау техникасы мен ойынға қосу тәсілдерін үйрену. Жұптасып әрекет ету тәсілдерін пысықтау.

2.Баскетбол.

Ойын тарихы. Ойын ережесі. Орнында тұрып және жүгіріп жүріп, адымдап жүріп , допты алып жүру техникасын пысықтау. Жұптасып ойнау. Шығыршыққа (кольцо) доп лақтыру техникасы.

3. Мектепте спорттық жарыстар ұйымдастыру және өткізу

Шараларды дайындау және өткізуге дайындық ерекшеліктері.Төрешілік ету.

4. Ұлттық спорттық ойындар

4.1 «Асық », «Ләңгі» ойындары. Ойын ережесі. Өткізу.

4.. «Арқан тарту» . Ойын ережесі. Өткізу.

4.3 «Қашпа доп». Ойын тарихы. Ойын ережесі. Өткізу. Ойын тәсілдерін пысықтау. Екі жақты ойын.

Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже

Оқушылар өзара бір-бірімен және әр түрлі топтармен қарым-қатынас жасауды, ұжымдық іс-әрекет етуді игереді, өзіне өзгелер үшін жауапкершілік алуды үйреніп, олардың бойында тұлғалық ерекшеліктері қалыптасады.

Орынбасаров Б.О. -оқытушы-бапкер

Қарағанды облысы Приозерск қаласының «Достық» балалар - жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК











© 2010-2022