Дене шынықтырудағы қимыл-қозғалыс ойындарының маңызы

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Теректі орта мектебі













Дене шынықтырудағы қимыл-қозғалыс ойындарының маңызы

Дене шынықтырудағы қимыл-қозғалыс ойындарының маңызы



2015-2016 оқу жылы

Дене шынықтырудағы қимыл-қозғалыс ойындарының маңызыДене шынықтырудағы қимыл-қозғалыс ойындарының маңызы

Адам - табиғат, ажырамас байланыс. Сол себептіде адам ағзасына әсіресе өсіп келе жатқан ұрпақ денсаулығы өте маңызды. Күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауысуы оның жүйке жүйесіне, тыныс алу, қан айналу, асқортуына белгілі бір әсерін тигізеді. Адамдардың күнделікті орындалатын қимыл-қозғалыстарына да, дене бұлшықеттеріне де әсер етеді. Табиғаттың осындай ауысуы заңдылықтарын жақсы біліп, оған қарай бейімдеу керек. Ол үшін денені шынықтыруға қажетті жаттығулар мен спорт түрлерін жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай таңдап ала білген дұрыс. Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасау және спорт түрлерімен шұғылдану қозғалыс қабілетін жетілдіріп, баланың ой ұшқырлығын дамытады, ұжымда жұмыс жасауға дағдыландырады, жолдастарына сенім артуға көмектеседі, жеңіске ұмтылдырады, мақсат қою, алдағы іс әрекетіне жоспар жасауды үйретеді. Қимыл-қозғалыс жаттығулары мен спорт түрлері адамның денсаулығын жақсартады. Маслоудың қажеттіліктер иреархиясындағы негізгі қажеттілік денсаулық, дені сау, күшті, төзімді тұлғада оқуға деген ынта, жігер, қуат жоғары денгейде болмақ. «Ел боламын десен бесігінді түзе» демекші дені сау, қуатты ұрпақ еліміздің келешегі.

Қимыл-қозғалыс ойындарының бұлшықет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін қозғалмалы етеді, жалпы жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл ағзаның дамуына қолайлы ықпал жасайды. Ойын балалар өмірінде үлкен орын алады. Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары оқушылардың ептілік дағдыларын жетілдіреді. Мұндай ойындар оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спорттық ойындар: футбол, баскетбол, волейбол, қол добы пайдаланылады. Оқушылар әрбір ойынның тәсілдерін зерттеп үйренеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Олай дейтініміз, ойындардың көпшілігі сол көшпелі тұрмысқа лайықталып ойнала беретіндігінде ғана емес, сонымен бірге халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты. Ойын барысында бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес мақсатқа жетуге аударады. Балалар ойын арқылы шынығып өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Қимыл-қозғалыс ойынында бала назар аудару бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайлардың өзгеруіне қарап, бағдар белгілеу, сыни тұрғыда ойлауға, батылдық, ептілік, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі. Қимыл-қозғалыс ойындарының саңғырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп жасындағы балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне тартатын әрекет саласын туғызады. Қысқы ойындар оқушылардың денсаулығын жақсартуға, әсіресе тыныс алу жолдарын шынықтыру, төзімділікке баулиды. Қимыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимылы дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру ретінде қызмет етеді. Спорттық ойындар нышандары бар қимыл-қозғалыс ойындарына қарағанда балалардың жинақтылықты, ұйымшылдықты, бақылағыштықты, айқын қолайлы қимыл техникасын ұшқыр қимыл сезімін көбірек талап етеді. Мысалы, «Ақ серек, көк серек», «Соқыр теке», «Жаяу жарыс», «Арқан тарту», «Ұшты ұшты» спорттық ойындар нышандары бар ойындар қатарына жатады. Оқушылардың денсаулық жағдайын, дене бітімінің дамуы мен қозғалыс әрекетін ескере отырып, оларға жеке көңіл бөліп, дене тәрбиесі сабағына қойылатын басты талаптардың бірі болып табылады.

Болашақ бүгіннен басталады. Ендеше Қазақстанның туын желбіретер ұрпақты дене шынықтырудағы қимыл-қозғалыс ойындары арқылы психологиялық мықты, төзімді, сенімді, мақсатшыл, ұжымда жұмыс жасай алатын, жан-жақты еркін тұлға тәрбиелеу бүгінгі ең басты мақсат.

Дене шынықтыру пән мұғалімі А.Е. Муканов









© 2010-2022