Внекласнсное мероприятие Казахская национальная игра

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Государственное учреждение

«Средняя общеобразовательная школа №24»


Спортивный конкурс:

«Қазақтың ұлттық ойындары»

Внекласнсное мероприятие Казахская национальная игра







Подготовил: учителя Ф.К.

Сержанова Гульжан


2014-2015 учебный год

Внекласнсное мероприятие Казахская национальная игра

АРҚАН ТАРТЫС - ОЙЫНЫ
Ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны он баладан көп болмағаны жөн, немесе екі баламен ойналады. Ойынға ұзындығы сегіз он метр екі ұшы түйілген арқан керек. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады. Ойынға қатысушылар бойына қарай бір қатар жасап тұрады да, ойын жүргізушінің тапсыруымен бір, екі… деп санап шығады. Содан кейін екі дегендері (жұп) бір жаққа, бір дегендері (тақ) екінші жаққа бөлінеді.. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.


Қыз -қуу
Балалар арасынан бір ер бала, бір қызды(ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.Внекласнсное мероприятие Казахская национальная игра

Аударыспақ
Қазақтың кәдімгі ұлттық ойын спорт ойыны.Қарапайым бөренеден «ағаш ат» жасаудың еш қиындығы жоқ.Екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай) ұзындығы 70-80 сантиметрдей бір -біріне қапталдас орналасқан «ағаштардың» ара қашықтығы екі жақтан созылған қол ерін жектетіндей болса жеткілікті..Оларға мінген «шабандоз» балалар бір-біріне қарама қарсы отырып қол ұстасады.Төрешінің белгісімен бірі-бірі тартып, не итеріп, әйтеуір қай айласын, не күшін асырғаны қарсыласын»ағаш аттан» аударып түсуі шарт.Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды.ойын шарты бұзылады.Ағаш аттың құлағанда айналасына құм немесе ағаш үгінділері төселу керек.

Орамал тастамақ
Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.
Ақсерек-көксерек.Внекласнсное мероприятие Казахская национальная игра

Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.
1-ші топ. Ойынды бастайды: Ақсерек-ау ақ серек
Бізден сізге кім керек.
2-ші топ Ақсерек -ау ақ серек
Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек
Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады, өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.


ҚЫНДЫҚ САНДЫҚ - ОЙЫНЫ
Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, біріне бірі арқаларын тіреп тұрып құшақтасады. Ойын жүргізуші белгі берген кезде екеуі алға еңкейіп, бірін бірі жерден көтеріп алудың қамын ойлайды. Жерден қайсысы бұрын көтеріп алса, сол ұтқан болып есептелінеді. Енді ұтқан ойыншы орнында қалады да, ұтылған ойыншының орнына кезек күтіп тұрған келесі ойыншы шығады. Ойын осылай біреуі жеңімпаз атанғанша жалғаса береді. Жеңісті көп алған ойыншы жеңімпаз атанады.
ҰШТЫ ҰШТЫ - ОЙЫНЫ
Ойын бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез тез ұшатын және ұшпайтын заттарды араластыра айтып отырады. Шарт бойынша, тек ұшатын зат аталғанда ғана ойнаушылар қолдарын көтеру керек. Ал егер кімде кім ұшпайтын зат аталғанда қолын көтеріп қойса, айыбын тартып, не өлең айтып береді, не би билейді, не басқа бір өнер көрсетеді. Ойын осылай жалғаса береді.

СОҚЫРТЕКЕ - ОЙЫНЫ
Ойнаушылар дөңгелене тұра қалып, орталарына орамалмен көзін байлап «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойыншылар білдірмей барып, «соқыртекені» түрткілей бастайды. Осы кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы керек (ұстай алмаса да, дауыстап атын айтуы шарт). Осылай ойнап жүргенде «соқыртеке» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алып, атын айтуы мүмкін. Онда ұсталған ойыншыны көзін байлап ортаға шығады да, «соқыртеке» болады, сондықтан олар орнында тұрмай үнемі қашып жүруі керек. «Соқыртекенің» қолына түскен бала орын ауыстырады. Мүмкіндігінше, ойнаушылар шеңберден шықпағаны жөн.


Соңында би: Флешмоб

Внекласнсное мероприятие Казахская национальная игра

Внекласнсное мероприятие Казахская национальная игра

Внекласнсное мероприятие Казахская национальная игра

Внекласнсное мероприятие Казахская национальная игра

Внекласнсное мероприятие Казахская национальная игра

Внекласнсное мероприятие Казахская национальная игра

Внекласнсное мероприятие Казахская национальная игра


© 2010-2022