Жеңіл атлетика ашық сабақ Эстафеталық таяқшаны беру әдісі

Раздел Физкультура
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Киржибаев Тимур Айтказинович

«Қаракөл орта мектеп - бақшасы» КММ-сі

дене тәрбиесі пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: эстафеталық таяқшаны беру әдісі.

Сабақтың мақсаты: жеңіл атлетика сабағындағы эстафеталық таяқшаларды бір-біріне беріп жүгіру техникасын үйрету.

Дене шынықтыру сапаларын жан-жақты дамыту.

Дене шынықтыруға дайындық деңгейін арттыру.

Сабақтың өтілетін орны: Спорт алаңы.

Сабаққа қажетті құралдар: Эстафеталық таяқша - 2 дана, жалауша-14 дана. Қызыл жалауша-8 дана. Секундомер. Ысқырық.

Бөлім

Сабақтың мазмұны

Уақыт өлшемі

Әдістемелік нұсқау

Дайындық бөлім

Оқушыларды сапқа тұрғызу. Рапорт беру. Сәлемдесу.

Журнал бойынша тексеру. Сабақтың тақырыбымен мақсатымен таныстыру.

Классикалық эстафета жүгіру түрлері: 4х100м, 4х200м, 4х400м.

Шведттік эстафета: 4х800-400-200-100.

Жаттығуларға назар салу. Оңға бұрылып алаңды айналып жүру.

Ж. Д. Ж. 1. Жүру.

Қолды жоғары көтереміз. Аяқтың ұшымен жүреміз.

А) қолды желкеге қоямыз. Өкшемен жүреміз.

Б) қолды екі жаққа жайып ұстаймыз. Аяқтың сыртқы қырымен жүреміз.

В) қолды белге қоямыз. Аяқтың ішкі қырын басып жүреміз.

Г) спорттық жүріспен жүреміз. Қолды көкірек тұсына ұстаймыз. Тез-тез өкшемен аяқтың ұшына дейін, барлық табанды жерге тигізе басып жүреміз.

2. Жүгіру.

А) Бір қалыпты баяу жүгіру.

Ә) Алақанды алға ұстаймыз, белден сәл жоғары ұстаймыз. Тізені көтеріп алақанға тигізіп жүгіреміз.

Б) Алақанды артқа ұстаймыз, өкшені артқа лақтыра жүгіреміз. Өкшені алақанға тигіземіз.

В) Алақанды (қолды) екі жаққа қарай соза ұстаймыз, аяқтың сыртқы қырын алақанға тигізе жүгіреміз.

Г) Артпен жүгіру.

Д) Тыныс алу мүшелерін қалпына келтіру жаттығулары.

3. Орнында тұрып жаттығулар жасау.

1) Б.Қ.Н.Т. Қол белде, аяқ иық көлемінде. Мойынды 4-рет оңға және 4-рет солға қарай айналдырамыз.

2) Б.Қ.Н.Т. Қол иықта, аяқ иық көлемінде. Иық буынын шыңдау.

4-рет алға және 4-рет артқа қарай айналдырамыз.

3) Б.Қ.Н.Т. Оң қол жоғарыда, сол қол белде. 1-2 бел жаттығуларын жасаймыз, солға қарай қисайтамыз 3-4 қолды ауыстырып керісінше белді қисайтамыз.

4) Б.Қ.Н.Т. Қол белде, аяқ иық көлемінде. 4-рет белді оңға, 4-рет солға айналдырамыз.

5) Б.Қ.Н.Т. Қол белде, аяқты алшақ ашамыз. Алға еңкейеміз.

1-оң аяққа екі қолдың ұшын (оң аяқтың ұшына) тигіземіз.

2-ортаға еңкейіп, екі қолдың алақанын жерге тигіземіз.

3-сол аяққа екі қолдың ұшын (сол аяқтың ұшына) тигіземіз.

4-Б.Қ.Н.Т.Қол белде 1санына екі қолды жоғары көтеріп,артқа иілеміз 2-қолды шынтақта бүкпей алдыға иілеміз 3-толық отырамыз қол алдыда,4-Б.Қ қол белде

5-Б.Қ.Н.Т. Тізені сәл бүге ұстаймыз. Қолды тізеге қоямыз. Тізе буынын ішке қарай 4-рет, сыртқа қарай 4-рет айналдырамыз.

6-Б.Қ.Н.Т. Аяқ бірге, қол белде 10рет сол аяқпен секіреміз. 10рет оң аяқпен секіреміз. 10рет екі аяқпен секіреміз. екі аяқпен секіріп 360° айналып орнына түсеміз.

10'-12'


1'

1'

1'

1'

1'


30'

3-4 рет

3-4

3-4 рет

3-4 рет'

3-4 рет

3-4р


3-4р

3-4р


Оқушылардың спорттық киімдеріне назар салу. Саптағы тәртібін қадағалау. Жаттығулардың дұрыс орындалуын бақылау. Қолды тік, алақанды бір-біріне қарата ұстау.

Денені тік ұстап жүру.

Аяқтың сыртқы және ішкі қырын басып жүруге тырысу.

Қолды тез-тез қимылдата отырып, жанбас буынын тез қимылдата жүру.




Жүгіру кезінде спорттық ережелерді қатаң сақтау. Артқа сол иық арқылы қарап жүгіру.

Қолды төменнен жоғары көтергенде, аяқтың ұшына көтеріле жүріп дем алу, еңкейіп дем шығару.

Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.

Жоғарыдағы қолды тік ұстау.

Белді қисайтқан уақытта да қолды тік ұстау.

Тізе буынын бүкпей айналдыру.

Негізгі бөлім

Оқушыларды сапқа тұрғызу. Көрсету арқылы бірнеше рет үйрету.

Түсінбеген жерлерін сұрау.

  1. Жүгіру кезінде спорттық ережелерді сақтап, эстафеталық таяқшамен жүгіру.

  2. Эстафета таяқшасын бір-біріне беру әдісі. Эстафеталық таяқша оң қолға ұсталады, таяқшаны оң қолмен, қабылдаушы оқушының сол қолына беріледі.

Таяқшаны берген соң, сол жерде берген оқушы қалады. Таяқшаны сол қолымен қабылдаған оқушы, таяқшаны жүгіріп бара жатып оң қолға ауыстырып ала алмайды

  1. Оқушыларды алаңға шығарып екі топқа бөліп. 1-ші топты алаңның басына қойып, 2-ші топты алаңның ортасына қойып. Алаңның ортасынан таяқшаны қабылдау сызықшасын (коридор) сызып қызыл жалаушалармен белгілеп, 1-ші топтағы оқушылар эстафеталық таяқшаны беретіндер болып есептеледі, 2-ші топтағы оқушылар эстафеталық таяқшаны қабылдайтындар болып есептеледі. Ысқырықтың даусы бойынша саппен жоғары сөрені қабылдайды. Ысқырық немесе белгі бойынша жүгіреді. 1-ші топтағы оқушылар 2-ші топтағы оқушылардың алақандарын жүгіріп барып ұрып, сол жерде қалады. 2-ші топтағы оқушылар ары қарай жүгіре жөнеледі.

Алаңның екінші басына барған соң тоқтайды. Тура осылай керісінше жаттығуларды жалғастырамыз.

Оқушылар таяқшаны бір-біріне қашан дұрыс беріп үйренгенше бірнеше рет қайталанады.

  1. Эстафеталық таяқшамен жүгіру. Екі топқа бөлініп жүгіру.

  1. 4х100м

28'-30'

Қозғалыс әдістерін арттыру.


Жүгіру кезінде таяқшаны қолдан қолға ауыстыруға

болмайтынын ескерту




Қауіпсіздік ережелерін сақтап, әріптестеріне кедергі келтірмей жүгіру.

Қорытынды бөлім

Оқушыларды сапқа тұрғызу. Баяу жүгірту, жүргізу.

Тыныс алу мүшелерін қалпына келтіру жаттығулары.

3'-5'

Кемшіліктерін айтып түсіндіру. Жақсы жүгірген оқушыларды марапаттау.

Бағалау.

Үйге жалпы тапсырма беру

© 2010-2022