Салауатты өмір салтын сақтайық

Раздел Физкультура
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ НАСИХАТТАУ


Мен, Арман Көсембайұлы, 2006 жылдың 31-ші тамыз айынан бастап, Саумалкөл қазақ орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі қызметін атқарып келемін. Оқушы кезімде өзім оқып бітірген Бірлестік ауылының Бірлестік орта мектебінде оқығанда дене шынықтыру сабағында футбол, волейбол, шахмат ойындарын ерекше ойнататын. Менің дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін мұғалімім Мукашев Жанат Болатбекұлы мені әр түрлі жарыс ойындарына қатыстыратын. Таң ата ерте тұрғызып, денемізді шынықтыра жүгіретінбіз. Осылай көптеген жарыстарға қатыстырып жүрді. Қатысып жүріп, жүлделі орындарға ие болдым. Осы кезден дене шынықтыру пәні мұғалімі болу арманым болатын. Азды-көпті тәжірибе жинағандай болдым. Қуанышқа толы күндерім зулап өтіп бара жатыр. Маған өз сабағымның жоғары деңгейде өткізілгенінен асқан бақыт жоқ. Менің ең басты мақсатым - оқушыларымды салауатты өмір салтын ұстауға баулу. Денсаулық - адам өміріндегі басты құндылық. «Бірінші байлық - денсаулық» деп халық тегін айтпаған. Адам мықты денсаулықтың арқасында өмірде кездесетін ауыртпалықтарды жеңуге, қабілет - дарынын дамытып, шығармашылық деңгейге көтеріле алады. Сондықтан денсаулыққа саналы қарап, спортпен шұғылданып, уақытында тамақтанып, дене ахуалының бабында болуына жағдай жасау керек. Спортпен шұғылданбайтын адам аурушаң болып келеді. Аурушаң адам толыққанды жұмыс істей алмайды, өзінің сүйікті кәсібімен айналыса алмайды. Ал дені сау адам еңбекке қабілетті болады. Жастар, болашақ мамандар әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса, мемлекет қашан да әлсіз, қорғансыз. Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев: «Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп айрықша атап өтті. Сондықтан біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты. Дені сау адам - өмірдегі ең бақытты адам. Ендеше, денсаулықты нығайту, ширақ, жігерлі, сымбатты өсу әрбір адамның өз қолында. Біздің мектеп оқушылары салауатты өмір салтын барынша ұстануда. Баршаңызды спортпен айналысуға шақырамын!

Саумалкөл қазақ орта мектебінің

дене шынықтыру пәні мұғалімі

Жарылғасов А.К.


© 2010-2022