Открытый урок по физической культуре (подготовительная группа)

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Открытый урок по физической культуре (подготовительная группа)Жаңаөзен қаласы №2 «Жанар»балабақшасы

Дене пән жетекшісі

Жайлиева Унеркул Турсынбаевна.

№10 «Аққайың» мад тобында ұйымдастырылған іс -әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: дене тәрбиесі

Тақырыбы: №28 оқу іс-әрекеті

Мақсаты: Бір тізбекте келе жатып жетекшінің белгісі бойынша бағытты өзгерте жүру, шашырап жүгіру, ,жүруді жүгірумен алмастыру,бір тізбектен екі-үш тізбек жасап жүру. Таспамен жалпы жетілдіру жаттығуларын үйрету.Көлбеу қойылған бөрене үстінен қос аяқтап секіру, ұзынан қойылған гимнастикалық тақтайша үстінен қарама-қарсы жүруді, баспалдақ арасымен жыланша өтуді үйрету.

Керекті құралдар; Гимнастикалық тақтайша, бөрене, баспалдақ ,таспа.

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру, нұсқау беру ,сергіту сәт,нүктелі массаж,сұрақ-жауап,ойын,мадақтау,қорытындылау.

Әрекет кезеңдер

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Бір тізбекте келе жатып аяқ ұшымен сол қолымызды жоғары көтереміз, сол қолды оң қолға алмастырып аяқ ұшымен, сол қолды тіке созып, сол қолды оң қолға алмастырып өкшемен жүру, шашырап жүгіру, ,жүруді жүгірумен алмастыру,бір тізбектен екі-үш тізбек жасап жүру.

Бір тізбекте келе жатып аяқ ұшымен сол қолды жоғары көтеріп, сол қолды оң қолға алмастырып аяқ ұшымен, сол қолды тіке созып, сол қолды оң қолға алмастырып өкшемен жүру, шашырап жүгіру, ,жүруді жүгірумен алмастыру,бір тізбектен екі-үш тізбек жасап жүру жаттығуларын орындады.

Ізденуші

ұйымдастырушы

Таспамен жалпы дамыту жаттығулары

1.Б.қ.-аяқ сәл алшақ тұрады,таспаны ұстап,1-оң қолды алға,сол қолды артқа сермей созу.Осылайша сол қолды алға,оң қолды артқа сермей созу.(5-6 рет)

2.Б.қ.-аяқты иық тұсында ,таспаны тігінен ұстап тұру.1-оңға бұрылу;2-қолды жан-жаққа созу;3- таспаны тігінен ұстап тұру ,4-б.қ.-қа келу. (5-6 рет)

1-солға бұрылу,қолды жан-жаққа созу;3- таспаны тігінен ұстап тұру ,4-б.қ.-қа келу.Открытый урок по физической культуре (подготовительная группа)

Бұрылған жаққа қарау.Әр жаққа 3 реттен.

3 Б.қ.-аяқты алшақ қойып, иық тұсында таспаны тігінен ұстап тұру.1-оң аяқты алға созу.2-тізені бүгу.3-тікею.4-б.қ.-қа келу.

1-сол аяқты алға созу.2-тізені бүгу.3-тікею. 4-б.қ.-қа келу.

4. Б.қ.-аяқты алшақ қойып, таспаны төмен ұстап тұру.1-оң аяқты қапталға созу.2-тізені бүгу.3-тікею.4-б.қ.-қа келу.

1-сол аяқты қапталға созу.2-тізені бүгу.3-тікею. 4-б.қ.-қа келу.

5.Б.қ.-малдас құрып отырып, таспаны екі кеуде тұсында тігінен ұстау.1-оңға бұрылу:2-гантельді жоғары көтеріп,оларға қарау.3- таспаны кеуде тұсына әкелу.4-б.қ.-қа келу.(6-8рет)

6.Б.қ.-қолды таспаны төмен түсіріп,шалқадан аяқты созып жату.1-аяқты тіке созу2-б.қ.-қа келу.3- аяқты тіке созу.4-б.қ.-қа келу. (6рет)Открытый урок по физической культуре (подготовительная группа)

7. Б.қ.-аяқты алшақ қойып, таспаны төмен ұстап тұру. Аяқ пен қолды сермеп секіру.Жүрумен алмастыру.(10 рет)

Сергіту сәт!

Негізгі қимылды жаттығулары.

1.Гимнастикалық тақтайша үстінен қарама-қарсы жүру,бір-бірінің иықтарынан ұстап,аттас аяқтарын алға шығарып, бір-бірін сүйемелдей отырып,екеуі бірдей уақытта алдыңғы аяққа қарай иықпен алға бұрылып өту.

2.Баспалдақ арасымен жыланша өту. 3.Көлбеу қойылған бөрене үстінен қос аяқтап секіру.

Открытый урок по физической культуре (подготовительная группа)

Нүктелі массаж:

Оң қолдың сұқ саусағымен ,сұқ саусақбен басбармақтың ортасын сағат тілімен айналдыру.4-5рет.

Білекті айналдыру. Шынтақтың ортасын,жүректің үстіңгі қабатын сұқ саусақтың көмегімен

айналдыру,кеуденің жоғарғы тұсына айналдырып барып тоқтап ,сол қолымыздың сұқ саусағымен өкпенің жоғарғы қабатынан бастап айналдыра келе шынтақтың ортасына түсіп,одан сұқ саусақбен басбармақтың ортасына түсіп 4-5рет айналдыра нүктелі массажды аяқтау.

Қимыл-қозғалыс ойыны.

«Қарағайлы ормандағы аю».

Открытый урок по физической культуре (подготовительная группа)


Балалар көрсетілген нұсқау бойынша таспамен жалпы жетілдіру жаттығуларын орындады.





Шөліркемей гүл тұрсын,

Екі қолын төмен жаяды

Жерім жайнап құлпырсын.

Екі қолын екі жаққа жаяды.

Нұрын сыйлап біздерге, Екі қолын жоғары көтереді.

Көкте мәңгі күн тұрсын. Екі қолын екі жаққа жаяды.

Ортақ бізге туыстық,

Екі қолын төбесіне көтереді.

Нұр сыйлаған күн ыстық. Қолдарын жаяды.

Ыстық бізге кең өлке, Оң жаққа қарайды.

Ыстық бізге тыныштық. Сол жаққа қарайды.

3рет шапалақ, 3рет кеуде соғу, 3рет аяқ тебіп

сергіту жаттығуларын орындады.

Гимнастикалық тақтайша үстінен қарама-қарсы жүріп,бір-бірінің иықтарынан ұстап,аттас аяқтарын алға шығарып, бір-бірін сүйемелдей отырып,екеуі бірдей уақытта алдыңғы аяққа қарай иықпен алға бұрылып өтіп,баспалдақ арасымен жыланша өтіп,көлбеу қойылған бөрене үстінен қос аяқтап секіріп негізгі қимылды жаттығуларын орындады.

Нүктелі массаж жаттығуларын орындады.

«Қарағайлы ормандағы аю»,

Аю жүрген орманнан,

Жидек теруге барғам.

Аю отыр гүрілдеп,

Жарамайды мұның деп ойынды қимыл-қозғалыс ойынын қызығушылықпен ойнады.


Рефлексті коррекциялаушы

Жәй қимылды ойын.«Не жоқ?» ойыны ойнатылады.

Открытый урок по физической культуре (подготовительная группа)

Сұрақ-жауап.Мадақтау.Топ ұранын айту арқылы қорытындылау.

Балалар жәй қимылды ойынды қызығушылықпен ойнады.Балалар берілген сұрақтарға жауап беріп,ұрандарын айтып оқу іс-әрекетін аяқтады.



Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: жүру,жүгіру дағдыларын

Нені игереді: Гимнастикалық тақтайша үстінен қарама-қарсы жүріп,бір-бірінің иықтарынан ұстап,аттас аяқтарын алға шығарып, бір-бірін сүйемелдей отырып,екеуі бірдей уақытта алдыңғы аяққа қарай иықпен алға бұрылып өтіп,баспалдақ арасымен жыланша өтіп,көлбеу қойылған бөрене үстінен қос аяқтап секіруді игерді.

Нені біледі: Балалар корсетілген нұсқау бойынша таспамен жалпы жетілдіру жаттығуларын орындауды.











© 2010-2022