Сабақ жарыс барысы 3 сынып

Раздел Физкультура
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жарыс барысы 3 сынып«Болат сияқты шынық!»


Мақсаты: А) оқушыларға өз қабілеттерін, ептіліктерін оятуға мүмкіндік беру, алғырлығын, шапшаңдығын, төзімділігін дамыту, келістіре әрекеттер ете білу, көлденең тұрған мақсатқа допты лақтыра білу дағдыларын, кедергілер арқылы өрмелеу дағдыларын дамыту, гимнастикалық орындық бойымен тепе - теңдікті жүруге дамыту.

Ә) Оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа, ұйымшылдыққа, ептілікке баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру.

Б) Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.

Құрал - жабдықтар: 20 пластмассалы кішкентай доптар, 2 үлкен себет, 2 гимнастикалық таяқша, 2 үлкен доп, 12 ақшақар (доп), 2 құбыр (матадан тігілген), 2 гимнастикалық орындық, 2 қасық, 2 киндер ойыншығы, 2 сақина, Т.Қ.Ж.

Түрі: жарыс түрінде.

Қатысатын командалар: 5,6,7,8,9 сынып оқушылары, капитан командалары - мұғалімдер.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Негізгі бөлім.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді «Болат сияқты шынық!» атты спорттық жарысқа шақырамыз!

Халқымыз байырғы заманнан бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұрпақтарын болашағына балаған. Салауатты өмір салтын ұстану осы іс - шараның алғашқы баспалдағы. Сондықтан еңкейген кәріден, бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғам да, мекемелер мен мектептер де жағдай жасап, денсаулықты сақтауға, нығайтуға ат салысу керек.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік.

Жарысқа қатысып, бақ сынамақшы болған үміткерлерді іріктеуден кейін, 5 тобымыз алдарыңызда бақтарын сынамақшы.

Сіздерге жеңіс тілейік, - дей отырып, ортаға сайыскер тобымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

І топ - 5 «а» сынып

ІІ топ - 6 «а» сынып

ІІІ топ - 7 «а» сынып

ІҮ топ - 8 «а» сынып

ҮІ топ - 9 «а» сынып

Жарыстың шарттары:

«Шабуылды қамалға алу».

«Шайба эстафетасы».

«Құбырмен еңбектеу».

Көрермендерге арналған ойын. «Жіп орағыш»

«Қасық ұстап жүреміз».

«Қолмен жүру»

«Себетке допты жина».

Топ басшыларына арналған сайыс. «Ақшақарларды жина»

«Жұптасып сақинамен жүгіру»

«Сақинадан еңбектеп, басқаға жалғастыр»

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт - сапар!

Жүру барысы:

1 - бөлім.


1 - тапсырма. «Шабуылды қамалға алу». Оқушылардың қолына бір пластмассалы кішкентай доп береді де 1,5 метр ара қашықтықты сақтай отырып, себетке қарай лақтыруы қажет.

2 - тапсырма. «Шайба эстафетасы». Гимнастикалық таяқша арқылы допты жалауға дейін жеткізу және қайтадан оралу.

3 - тапсырма. Құбырмен еңбектеу.

Көрермендерге арналған ойын. «Жіп орағыш».

Екі ойыншымыз қолдарына таяқшаны алып, оған тезірек жіпті орауы қажет. Кім бірінші болса, сол ойыншымыз жеңімпаз атанады.

2 - бөлім.


1 - тапсырма. Гимнастикалық орындықпен қолымызға қасық ұстап жүреміз, ал қасықта - киндер ойыншығы бар.

2 - тапсырма. Қолмен жүру. Бір ойыншы қолмен тұрады. екінші ойыншы оның аяғынан ұстап тұрады, осы қалыпта жалауға дейін баруы қажет.

3 - тапсырма. «Себетке допты жина». Залдың ортасына бірнеше доптар лақтырады. Ойыншыларымыздың барлығы жүгіріп келіп, допты себетке тез жинайды.



3 - бөлім.


1 - тапсырма. Топ басшыларына арналған сайыс. Екі қатарда ақшақарлар орналасады. Топ басшыларына себет береді. Дабыл бойынша, ойыншыларымыз себеттеріне ақшақарды жинайды. Ең бірінші болып жинаған ойыншы жеңімпаз атанады.

2 - тапсырма. «Жұптасып сақинамен жүгіру». Бір ойыншымыз алда, екінші ойыншымыз артта, екі қолдарымен сақинаны ұстап, жарысады.

3 - тапсырма. «Сақинадан еңбектеп, басқаға жалғастыр».

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Құрметті қауым! Міне, осымен біздің «Болат сияқты шынық!» атты жарысымыз аяқталды. Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай атамыз да - дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.


Мұғалімнің қолы: __________



Жалпы білім беретін «Тоғызқұдық» қазақ орта мектебі


Сабақ жарыс барысы 3 сынып









Бұқаралық спорттан өткізілген спорттық жарыс

Өткізген: Маниаскар Е.

Тексерген: _______________





Тоғызқұдық 2012

© 2010-2022