Спортивная игра: Намыс дода

Раздел Физкультура
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ


Тақырыбы: «Намыс дода»

(спорттық жарыс сабағы)

Мақсаты:

1.Оқұшылардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуына көңіл бөлу.

Спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру, ойынға деген оқушының қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

2.Оқушылардың спортқа деген махаббатын арттыру.

3.Жауапкершілікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас жарыс сайыс сабағы.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Құрал жабдықтар: Доптар, обручь, теннистік доп, шашка, гимнастикалық таяқша.

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасып, тексеру. Сабақтың мазмұны мен мақсатын түсіндіру.

Сабақты бастамас бұрын оқушыларды сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында жаттығулар жүргізу:

а) Қолды мықынға қойып өкшемен жүру.

ә) Қолды мықынға қойып жартылай отыра жүру.

б) Қолды желкеге қойып, толық отыра жүру.

ІІ. Жеңіл жүгіру.

А) Қолды мықынға қойып оң, сол бүйірмен жүгіру.

Ә) Аяқты артқа сермей жүгіру.

Б) Артпен шегіншіктей жүгіру.

ІІІ. Жан-жақты жетілдіру жаттығу жасау.

  1. Мойын жаттығуы. 1-4 оң жаққа, 1-4 сол жаққа мойнымызды еркін айналдырамыз.

  2. Иық жаттығуы. 1-4 алға, 1-4 артқа иығымызды айналдырамыз.

  3. Қол жаттығуы. 1-4 алға, 1-4 артқа қолымызды айналдырамыз.

  4. Қолымыз белімізде 1-4 оң жаққа, 1-4 сол жаққа бұрыламыз.

ІІ. Негізгі бөлім:

Жүргізуші:

«Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып, қуанғанда күлкімнен түн түрілген»- деп, Жұбан Молдағалиев аталарың жырлағандай, бәрің де егемен еліміздің бақытты ұл-қыздарысыңдар.

Ата-бабамыз бізге ұлан ғайыр жерді мұра етіп қалдырған.

Осы ата-бабамыздың алған жерін қорғау үшін денесі мығым, батыр да ержүрек ұрпақ тәрбиелеу қажет.

Ата-бабамыздың сенімі мен үмітін ақтайтын сендерсіңдер, балалар!

Олай болса, осы егемен еліміздің болашағы, қорғаны болатын

ұл-қыздарымыздың қатысуымен өтетін «Намыс-дода» атты спорттық сайысымызды ашық деп жариялаймын.

Бұл сайысқа « » және « » топтары қатысады.

Сайысымыз мынадай турлардан тұрады:

1-тур. Таныстыру.

2-тур. Ритмикалық жаттығулар.

3-тур. Паровоз.

4-тур. Ұлттық ойын «Арқанмен тартысу».

5-тур. Допты жүргізу.

6-тур Сұрақ жауап - сұрақтарға жауап беру.

7-тур. Білектесу сайысы.

8-тур. Шашка ойнау.(капитандар жарысы)

9-тур. Допты гимнастикалық таяқшамен жүргізу.

10-тур. «Тасымал» жарысы.

11-тур. «Нысана»

12-тур. «Қөр тышқандар»

Жүргізуші: Ұрпақ керек ертеңгі алға, Болашақты болжайтын

Дені таза, түні таза, Елін -жерін қорғайтын, - дей отырып

1-ші турды бастаймыз.

1 тур.Таныстыру. (Әрбір топ басшысы өз атын және төсбелгісін таныстырады. Бағаларын қазылар алқасы бағалайды).

Жүргізуші: Мәдениет өркендеп

Табиғат көркейіп,

Қазақтың сымбатты

Ұл-қызы көбейсін - дей келіп 2-турымыз Ритмикалық жаттығуларға кезек береміз.

Шарты: Музыкамен ритмикалық жаттығулар орындайды. Әр оқушы өзінің спорттық өнерлерін көрсетеді.

3-тур. Паровоз.

Шарты: Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші тұрған оқушы белгіленген жерге дейін жүгіріп кеглиді айналып қайтып келеді.Содан кейін екінші ойыншы бірінші келген ойыншының белінен ұстап бірге белгіленген жерге дейін жүгіреді. Осылай паровоз сияқты барлығы тіркесіп өтіп шығады. Қай команда ойынды бірінші аяқтаса, сол команда жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Келіңдер көріндер! Тек ынта бөліңдер!

Жеңіске жетем деп, бар күшті салыңдар- деп 4-турымыз қазақтың ұлттық ойындарының бірі «Арқанмен тартысу»

Шарты: Бұл сайысқа екі топ қатысады. Ортаға сызық сызылады, белгі бойынша барлық ойыншылар арқаннан ұстап тартысады, кімнің командасы ортадағы белгіден асырып кетсе, сол топ жеңіске жетеді.

5-тур. «Допты жүргізу»

Шарты: Мұғалімнің белгісі бойынша екі допты екі қолмен ұстап белгіленген сызыққа дейін аяқпен үшінші допты жүргізіп, қайтып келіп допты екінші ойыншыға береді. Осылай соңғы ойыншыға дейін жалғасады. Қай команда бірінші болып аяқтаса, сол команда жеңіске жетеді.

6-тур. «Сұрақ - жауап » - сұрақтарға жауап беру.


  1. Қысқы Олимпиада ойындарын атап өт.

а ) жеңіл атлетика

б) гимнастика

в) биатлон, шаңғымен жарысу.

  1. 2011 жылы Олимпиада қай қалада болады?

а ) Алматы, Астана

б) Мәскеу

в) Сингапур

  1. Бекзат Саттарханов неше жасында әлем чемпионы болып атанды ?

а ) 30 жасында

б) 22 жасында

в) 20 жасында

4. Баскетбол ойынының мақсаты, командада неше ойыншы ойнайды ?

а ) Допты бермеу, 4 ойыншы

б) Допты беру, 8 ойыншы

в) Корзинаға доп лақтыру, 5 ойыншы ойнайды.

5.Жеңіл атлетикада қысқа қашықтыққа неше метрге жүгіреді ?

а ) 30,60,100 метрге

б) 2 км

в) 4 км

6.Волейбол ойында неше ойыншы ойнайды ?

а ) 6

б) 8

в) 10

7. Жан-жақты жетілдіру жаттығуын атап өтіңдер.

а ) секіру

б) кермеге тартылу

в) жаттығу жасау, мойынға, қолға, аяққа.

7-тур. «Білектесу»

Шарты: Үстел үстінде қарама-қарсы отырған 2 жігіт оң қолдарының шынтағын үстелге тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Осылай ұстасып алған 2 палуан ойын бастаушы бұйрық берісімен, шынтақтарын сол орнынан қозғамай, қарсысындағы палуанның тіреулі қолың шалқасынан жығуға ұмтылады. Білегі жығылған палуан жеңіледі.

8-тур. Шашка ойнау жарысы (капитандар жарысы). Бұл жарыс оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытуда маңызы зор. Қарсыласының шашкасын көбірек алған капитан жеңіске жетеді.


9-тур. «Допты гимнастикалық таяқшамен жүргізу».

Шарты:Мұғалімнің белгісі бойынша допты гимнастикалық таяқшамен жүргізеді, белгіленген сызыққа дейін, екінші ойыншыға береді соңғы ойыншыға дейін жалғасады. Қай команда бірінші аяқтаса сол команда жеңеді.

10-тур. «Тасымал».

Шарты: Екі оқушы гимнастикалық таяқшаға оқушыны отырғызып белгіленген сызыққа дейін барып, қайтып келеді. Содан кейін екі оқушы обручьпен белгіленген сызыққа дейін барып, қайтып келеді. Қай команда бірінші аяқтаса сол команда жеңеді.

11-тур. «Нысана».

Шарты: Ойыншы гимнастикалық таяқшаның үстінде отырып белгіленген жерге дейін барып нысанаға доппен тигізу керек. Қай команда көп ұпай жинаса сол команда жеңеді.

12-тур. «Қөр тышқандар».

Шарты: Екі топ оқушылары аяқ киімдерін шешеді. Әр бір топтан екі оқушыдан қатысады, көздері байланған. Аяқ киімдер арластырылады. Қатысқан ойыншылар өз аяқ киімдерін табу керек.

ІІІ. Қорытынды бөлім:

А) Жұмбақбай атай бір табақ алманы немерелеріне берді. Оларға екіден берсе біреуіне жетпей қалады. Бір-бірден беріп еді, алма артық қалды.

Сұрақ: Жұмбақбай атайдың неше немересі бар, табақтағы алма нешеу?

Жауабы: 3 немересі, 4 алма.

Ә) Бір топ торғай ұшып келіп ағаштың бұтағына қонады. Бұтақ басына бір торғайдан қонып еді, бір торғайға бұтақ жетпей қалды. Бір бұтаққа 2 торғайдан қонып еді, бір бұтақ артық қалды.

Сұрақ: Сонда бұтақ нешеу, торғай нешеу?

Жауабы:торғай-4, бұтақ-3

ІV Сабақты қысқаша қортындылау.

а) Жарыс қорытындысын шығару.

ә) Оқушыларды бағалау.

V Үйге тапсырма беру.






© 2010-2022