Открытый урок по физ. культуры на тему Ұлттық ойындар

Тақырыбы: Ұлттық ойындар. Сабақтың мақсаты:  А) Оқушыларға ұлттық ойындар тұралы түсінік беру. Жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың атқаратын рөлін анықтау. Ойындарды орынды пайдалана білуге үйрету. Ә) Оқушылардың ой-өрісін жан-жақты логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Б) Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды зеректілікке, тапқырлыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойнау т.б. Сабақтың көрнекілігі: Теңге, арқан, шар, ысқырық т.б. Бөлімі Сабақтың барысы Уақыты,реті Әдістемелік нұсқау Кіріспе бөлім 10-15минут 1. Сапқа тұру. Рапорт беру. 2. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Оңға және солға бұрылулар. Саппен жай жүгіру. Жай жүгірулер, оң жанымен және сол жанымен жүгірулер. Демалу жаттығуын орындау. Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды белге ұстап аяқтың ішімен жүру. Қолы желкеге  ұстап өкшемен жүру. Қолды жанына созып аяқтың сыртымен жүру жаттығулары. Жеңіл жүгіру,  тізені алға көтеріп, алақанмен ұрып жүгіру. Қолды артқа қойып өкшені алақанға тигізіп жүгіру. Екі қол белде аяқты ал... 3-мин                                                 5-мин                                           7-мин Бұрылулардың дұрыс жасауын қадағалау.             Жаттығулардың дұрыс жасалуына назар аудару.             Тізені бүкпей жүруіне назар аудару.       Әрбір жаттығуды талапқа сай орындау керек.             Тобықты айналдырған кезде тізені бүкпеу керек.             Дене қалыпты түзу, күшті толық сығымдау керек. Негізгі бөлім 20-25минут Балалар біздің заманымызға дейінгі жеткен ұлттық ойындар өте көп. Ұлттық ойынның түрлеріне тоқталсақ , аңға байланысты ойындар . Мысалы: Ақсерек-көксерке. Малға байланысты ойындар. Мысалы: Соқыр теке түрлі заттармен ойналынатын ойындар. Мысалы: Алтыбақан. Зереттілік, ептілік, икемділік қажет ететін ойындар. Мысалы: Жаяу жарыс. Олай болса, ұлттық ойындардан жарыс өткіземіз. Ендеше 1-ші топ оң жаққа, 2-ші топ сол жаққа бөлініп алайық. Балалар сендерге сәттілік. 1 «Теңге алу» Екі топтың балалары б... 3-мин                       5-мин                     5-мин                       5-мин                                       5-мин           Қортынды бөлім 5-мин Оқушыларды сапқа тұрғызу . Еркін тыныс алу. Сабақ барысын қортындылау. Оқушыларды бағалау. Үйге: Ұлттық ойындарды үйрену. 5-мин Оқушылардың жетістіктерін, кемшіліктерін ескере отырып бағалау.
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ұлттық ойындар.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға ұлттық ойындар тұралы түсінік беру. Жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың атқаратын рөлін анықтау. Ойындарды орынды пайдалана білуге үйрету.

Ә) Оқушылардың ой-өрісін жан-жақты логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Б) Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды зеректілікке, тапқырлыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойнау т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Теңге, арқан, шар, ысқырық т.б.

Бөлімі

Сабақтың барысы

Уақыты,реті

Әдістемелік нұсқау

Кіріспе бөлім

10-15минут

1. Сапқа тұру. Рапорт беру.

2. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Оңға және солға бұрылулар. Саппен жай жүгіру. Жай жүгірулер, оң жанымен және сол жанымен жүгірулер. Демалу жаттығуын орындау.

Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру.

Қолды белге ұстап аяқтың ішімен жүру. Қолы желкеге ұстап өкшемен жүру. Қолды жанына созып аяқтың сыртымен жүру жаттығулары. Жеңіл жүгіру, тізені алға көтеріп, алақанмен ұрып жүгіру. Қолды артқа қойып өкшені алақанға тигізіп жүгіру. Екі қол белде аяқты алға түзу басып тастап жүру. Екі қол белде жартылай отырып жүру. Жай жүру. Жалпы дайындық жаттығуын жасау. Екі қол белде басты оңға. Солға айналдыру. Екі қол иықта, аяқтың арасы алшақ иықты алдыға, артқа айналдыру. Алақандарды айқастырып оң, сол аяқтың ұшына тіреп бір мезгілде білезік пен тобық буындарын айналдыру. Екі қол желкеде оңға, солға айналдыру. Екі аяқты қосып, екі ол тізеде, тізені оңға, солға айналдыру. Ұлдар еденге саусақты тірей жатып, білек күшін сығымдау. Қыздар екі қолды алдыға созып отырып-тұру.

Бой жазу жаттығулары: Сыныпты екі топқа бөлу, 1-ші топ: 2-ші топ, қай топ жылдам орындаса ұпай нөмірін сендердің топқа беріледі.

3-мин













5-мин











7-мин

Бұрылулардың дұрыс жасауын қадағалау.



Жаттығулардың дұрыс жасалуына назар аудару.



Тізені бүкпей жүруіне назар аудару.

Әрбір жаттығуды талапқа сай орындау керек.



Тобықты айналдырған кезде тізені бүкпеу керек.



Дене қалыпты түзу, күшті толық сығымдау керек.

Негізгі бөлім

20-25минут

Балалар біздің заманымызға дейінгі жеткен ұлттық ойындар өте көп. Ұлттық ойынның түрлеріне тоқталсақ , аңға байланысты ойындар . Мысалы: Ақсерек-көксерке. Малға байланысты ойындар. Мысалы: Соқыр теке түрлі заттармен ойналынатын ойындар. Мысалы: Алтыбақан. Зереттілік, ептілік, икемділік қажет ететін ойындар. Мысалы: Жаяу жарыс. Олай болса, ұлттық ойындардан жарыс өткіземіз. Ендеше 1-ші топ оң жаққа, 2-ші топ сол жаққа бөлініп алайық. Балалар сендерге сәттілік. 1 «Теңге алу» Екі топтың балалары бірінің артынан бірі екі тізбекке тұрады. Кедергілер арасынан өтесіңдер.

Орамалда түюлі тұрған теңге бар. Сол теңгені қыздар апарады, ұлдар алып қайтады. Қай топ бірінші келсе, сол топ жеңімпаз атанады.

2 «Кім мерген» Алдында тұрған 5-6 метр қашықтықтағы шарды жару керек. Ол үшін алдымен кедергілер арасымен шарды жарады. Қанша шар жарылса, ұпай сол топқа беріледі.

3 «Арқан тартыс» Топ болып арқан тартысамыз. Шеңберден шықпау керек. Қай топтың күші көп екенін байқаймыз.

4 «Соқыр теке» Шеңбер сызылып, оның ортасына көзі байланған «теке» жіберіледі. Қалғандары оны «соқыр теке, бақ-бақ» деп мазақтап, түртіп қашады. Бірақ олар шеңберден шығып кетпеуге тиіс. Егер теке ойыншылардың біреуін ұстап алса, даусын тыңдап оның атын айтады.

5 «Ұшты-ұшты ойыны»

1-ші топқа Ұшты-ұшты-жарғақ ұшты

Ұшты-ұшты- үкі ұшты

Ұшты-ұшты- түлкі ұшты

Ұшты-ұшты- бүйрек ұшты

Ұшты-ұшты- үйрек ұшты

2-ші топқаҰшты-ұшты- іркіт ұшты

Ұшты-ұшты- бүркіт ұшты

Ұшты-ұшты- ебелек ұшты

Ұшты-ұшты- көбелек ұшты

Ұшты-ұшты- тырна ұшты

Ұшты-ұшты -тырма ұшты

Жеңімпаз топты анықтау.

3-мин





5-мин





5-мин





5-мин









5-мин


Қортынды бөлім

5-мин

Оқушыларды сапқа тұрғызу . Еркін тыныс алу. Сабақ барысын қортындылау. Оқушыларды бағалау. Үйге: Ұлттық ойындарды үйрену.

5-мин

Оқушылардың жетістіктерін, кемшіліктерін ескере отырып бағалау.





© 2010-2022