Көңілді старт Кім жылдам

Раздел Физкультура
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Іле ауданы Әли ауылы

«№ 22 орта мектеп»

Мемлекеттік коммуналдық мекемесі





Тақырыбы: «Кім жылдам?»

Көңілді старт Кім жылдам


Өткізген: дене тәрбиесі пәні мұғалімі

Алишарова Алима Тобаниязовна






2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: «Кім жылдам?»

Мақсаты:

А) Балалардың дене бітімінің дұрыс жетілуі үшін спорттың, дене шынықтырудың маңызын арттыра отырып, төзімділік күш сапалық қасиетттерін дамыту
Ә) Оқушыларды дене даярлық сапасын арттыру, бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге ұжымшылдыққа, ұйымшылдыққа, ептілікке баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру.
Б) Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.

Түрі: жарыс түрінде.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Дене тәрбиесі мәдениеті мен гигиенасын дамыту.

Өтілетін орын: Спортзал

Өтілетін сынып: 5 - 6 сыныптар

Керекті құрал - жабдықтар: ысқырық, баскетбол доптары секіртпе, картоптар, шелектер, арқан

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Техникалық қауіпсіздік ережелеріне мән беру. Керекті жабдықтармен керекті заттардын дұрыстығын тексеру. Оқушылардың спорттық киіміне, сабаққа қатысуына мән беру.

Қатысатын командалар: сынып оқушылары, капитан командалары

ІІ. Негізгі бөлім. Кіріспе сөз

Халқымыз байырғы заманнан бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұрпақтарын болашағына балаған. Салауатты өмір салтын ұстану осы іс - шараның алғашқы баспалдағы. Сондықтан еңкейген кәріден, бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғам да, мекемелер мен мектептер-де жағдай жасап, денсаулықты сақтауға, нығайтуға ат салысу керек.

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік.

1._________________________________________________________________2._________________________________________________________________3._________________________________________________________________4._________________________________________________________________5._________________________________________________________________

Сіздерге жеңіс тілейік, - дей отырып, ортаға сайыскер тобымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

5 «А» сынып оқушылары «____________________________» тобы,

5 «Ә» сынып оқушылары «____________________________» тобы

6 «А» сынып оқушылары «____________________________» тобы

6 «Ә» сынып оқушылары «___________________________» тобы

4-топқа бөлініп сапқа тұрады


Эстафета түрлері:

  1. «Таныстыру» топ аты, топ ұраны

  2. «Допты шапшаң бер»

  3. «Жеміс жинау» ойыны

  4. «Қасықтағы шарик»

  5. «Мерген»

  6. «Хан талапай»

  7. «Әтештер сайысы»

  8. «Команда капитандары жарысы»

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт - сапар!

1. «Таныстыру»

Әр команда өз топтарының атын және ұранын таныстырады.

2 - ойын «Допты шапшаң бер»
Әр топтың алдыңғы жағынан 6 - 8 м қашықтықтан шеңбер сызылады. Шеңберде топ басшысы допты ұстап тұрады. Жүргізушінің берген белгісі бойынша топ басшы өз жағының 1 - ойыншысына лақтырады да, өзі жүгіріп барып саптың соңына тұрады. 1 - ойыншы қолына доп тиісімен шеңберге жүгіріп келіп, допты келесі ойыншыға лақтырады. Ойын осылайша ақырғы ойыншыға дейін жалғасады. Топ басшысы шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады. Топ басшы шеңберге бұрын келген топ жеңіске жетеді.

3.«Жеміс жинау» ойыны

3 - ойын «Картобыңды егіп кел де, жинап ал»
Ойыншылардың алдында арасы 1м қашықтыққа түзу бойынша сызылған 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алған мезгілде ойын аяқталады.

4. Қасықтағы шарик

Белгі бойынша бірінші тұрған ойыншы қолындағы қасығына шарикті салып, мәрені айналып келіп, өзінен кейінгі ойыншыға береді.

5. «Мерген» Айып сызығынан допты себетке лақтыру

6. Ханталапай.

7. «Әтештер сайысы»
Әр командадан 1ұл, 1қыз баладан шығады. 2 кіші шеңбердегі балалар бір-бірімен күш сынасады.

8.Команда капитандары жарысы.

«Секіртпемен секіру»

«Секіргіш жіппен көзді байлап 25 рет секіру»
Әр топтан 1 - ойыншы шығып, секіргіш жіппен көзді байлап 25 рет секіреді. Егер ойыншы қателессе секіру тоқтатылады. 5рет секірсе - 1ұпай, 10рет секірсе - 2 ұпай т. с. с. ұпай беріледі.


ІІІ. Қорытынды бөлім.

Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай атамыз да - дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.



  1. «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін ~ тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын»
    Альберт Эйнштейн

  2. Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi үшiн күймесе, шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе.



  1. «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен - тарихтағы ең ұлы істің бірі"
    К.Д.Ушинский



© 2010-2022