Урок на тему: Гимнастика

Раздел Физкультура
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: "Гимнастика және ұлттық ойын "

Мақсаты:

  1. Құралдарсыз жасалатын жалпы дамыту жаттығуларын меңгеруді жалғастыру. Кедергілерден өту жаттығуларын және ұлттық ойындарға үйрету.

  2. Оқушылардың ішкі, сыртқы дене құбылыстарының дұрыс дамуын қадағалау.

  3. Оқушыларды жолдастық, достық қарым-қатынасқа баулу.

Сабақтың түрі: Аралас жарыс сайыс сабағы.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Құрал жабдықтар: Гимнастикалық орындық ,секіртпе , ысқырық , матрац.

Сабақтың барысы

Жаттығуды

реттеу

Сабақта назар аударатын жағдай


І

Сапқа тұру, рапорт беру. Сәлемдесу.Сабақтың мақсатымен таныстыру. Күнделікті спорт жаңалықтарымен хабардар ету.

Саптағы жаттығулар:

«Оңға бұрыл !», «солға бұрыл !», «алға қадам бас!» және т.б.

Сапқа тұрып бір қатармен жүгіру, жүру.

  • қолдарыңды жоғары көтеріп, аяқтарының ұшымен жүріндер;

  • қолдарынды иыққа ұстап, өкшемен жүріндер;

  • қолдарынды белдеріне ұстап, аяқтын сыртымен жүріндер;

  • қолдарынды жан белдеріне ұстап, аяқтын ішімен жүріндер;

Спорттық қадаммен жүргізу, баяу жүгіру, жылдам жүгіру.






5-6 рет













1-2 айналдыру


Арнайы киімдеріне, оқушының тазалығына, жалпы сабаққа даярлығына назар аудару.


Денені тік ұстаймыз. Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.


Техникасын дұрыс жасауын қадағалау.

ІІ

Арнайы жаттығулар:

  1. Тізені көтеріп жүгіру.

  2. Аяғымызды артқа сілтеп жүгіру.

  3. Аяғымызды ілгері сілтеп жүгіру.

Шенберге тұрып, жалпы дамытатын жаттығуларды жасату:


  1. Бастапқы қалып. Аяғымызды иық деңгейінде, қолымызды белімізге қойып, басымызды 1-4 рет айналдырамыз бірде оңға, бірде солға.

  2. Бастапқы қалып. Аяғымызды иық деңгейінде, қолымыз кеудеміз тұсында. 1-2 дегенде өзімізге қарай сермелейміз, 3-4 дегенде жанымызға қарай сермейміз.

  3. Бастапқы қалып. Аяғымыз иық деңгейінде, қолымызды жоғары көтеріп 1-2 дегенде оңға иілеміз, 3-4 дегенде солға иілеміз. Қолымызды кезек-кезек ауыстырып отырамыз.

  4. Бастапқы қалып. Аяғымыз иық деңгейінде. 1 дегенде артқа қарайшалқаямыз, 2 дегенде алға қарай иілеміз, 3 дегенде қолымызды алға созып отырамыз, 4 дегенде тұрамыз.

  5. Бастапқы қалып. Аяғымыз бірге. 1-ші оң аяғымызбен 10 рет, сол аяғымызбен және қос аяқпен 10 рет секіреміз.

Демалыс жаттығуын жасау. Залды 1 рет баяу жүріспен айналып шығу, терен демалып, дем шығару.

Оқушыларды сапқа тұрғызу. Балаларға жаңа сабақ мақсатын айту. Бүгін кедергілерден өту жаттығуларына үйренеміз.

Оқушыларға гимнастикалық орындықпен жүру әдісін және секіртпемен секіріп көрсету.

Тепе-тендік жаттығулар:

  1. Қойылған заттар арқылы аттап өтіп, төбеге қойылған жеңіл затты түсірмей жүру.

  2. Орындықтын үстінде екі оқушы қарсы кележатып, орындықтын ортасында аяқтарын жерге тигізбей өтіп кетуге жаттығу.

Акробатикалық жаттығулар:

  1. Алға домалап түсу.

  2. Артқа домалап түсу.

  3. Жаурынға тұру

  4. «Көпір» жасау.

Асылу кезіндегі жаттығулар:

  • Аласа белтемірде,жатып асылып тартылу.

Топтық және ағымды тәсілдерді қолданып 2-3 рет кедергілерден өту.

Демалыс жаттығуларын жасап, содан кейін ойын ойналады.

«Түйілген орамал»

Жүргізуші ойыншыларды жинап алып бір, екі, үш деп дауыстайды. Ал жүргізушінің қолында түйілген орамалы бар ойыншыны қуалайды. Мақсаты орамалды алу керек. Ал ойыншы жүргізуші жете бергенде қолындағы орамалды басқа ойыншыға лақтырады, орамалды қағып алған ойыншы келесі орамалды ұстап алғанша ойын жалғаса береді. Ұсталған ойыншы көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді.

Сапқа тұрғызу: Демалыс жаттығуларын жасату.


20-25 метр

25-30 метр

25-30 метр

4-5 рет

4-5 рет

4-5 рет.


4-5 рет.


2-3 рет




2 рет

Денені тік ұстау


Денені тік ұстап, дұрыс иілу.

Иілгенде тізені бүкпеу керек. Отырғанда арқаны түзу ұстау керек.

Денені тік ұстап, жоғары секіру.



Тәсіліне,тәртібіне, техникасына мән беру.







Ойын кезіндегі ойыншы әрекеті қарсыласының әлсіз қорғанысын таба білу.

ІІІ

Балалар , біз бүгін қандай тақырып өттік ?

Қандай ойын ойнадық ?

Балалар, үйде бүгінгі тақырыпқа байланысты кедергілерден өту жаттығуларын жасап келесіндер.

Бағалау

Үйде ауладағы балалармен бүгінгі ойнаған ойынды ойнау.








© 2010-2022