Волейбол. Допты жоғарыдан және төменнен қабылдау

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Допты жоғарыдан және төменнен қабылдау әдістері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға допты жоғарыдан және томенннен қабылдау әдістерін үйрете отырып, допты беру әдісін жетілдіріп, допты қабылдай білуге баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың теориялық алған білімдерін дамыта отырып, ептілік, жылдамдық, бағдарлай білу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелілік: Дене шынықтыру пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Үйрету сабағы

Сабақтың көрнекілігі: Волейбол сеткасы, добы, ысқырық, секундомер.

Сабақтың өтілетін орны: Спорт зал.

Бөлімі

Сабақтың барысы

Уақыт мөлшері

Әдістемелік нұсқау

Ұйымдастыру

бөлімі


Даярлық

бөлімі

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Кезекші оқушының мәліметін қабылдау.

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

  2. Саптағы жаттығулар: «Оңға» және «Солға», «Кері» бұрылулар, «Орнында тұрып аяқты тебу»

Жүріс және олардың ерекшеліктері:

  • Саппен жүру, жүруден жүгіруге ауысу.

  • Қолды белге қойып аяқтың ұшымен, аяқтың сыртымен, өкшесімен, қолды белге тіреп толық отырып жүру.

Жүгірудің ерекшеліктері:

  • Қолды созып, тізені жоғары көтере қолды жамбасқа қойып, аяқты артқа серпе.

  • Қолды иыққа, иілген қалыпта алға, артқа, оңға, солға тербелу.

Волейболдың арнайы жаттығулары:

  • Қолды жоғары көтере оң және сол қанатпен жігіру.

  • Қолды төменгі қабылдау әдісімен оң және сол қанатта жүгіру.

10 мин

Саптағы жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау.


Денені түзу ұстау. Толық аяқтың сыртымен, ішімен жүру


Денені түзу ұстап, аяқтың ұшымен жүру.


Тізені бүгіп, белгімен ауыса қол қабылдауда

Негізгі бөлім

Допты жоғарыдан қабылдауды меңгерту.

  1. Құрбысына бетпе - бет қарап арақашықтықты 7-8 м допты жоғары лақтырып қайтадан қабылдап, ары қарай құрбына көтеріп беру, құрбың керісінше т.с.с.

Уақыт мөлшері: 5 мин.

Әдістемелік нұсқаулар: Жаттығудың дұрыс жасалуына назар аударындар.



  1. Бір оқушы допты жоғары көтеріп қарама - қарсы құрбысына береді, құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап қайта береді. Арақашықтық 8 - 10 м.

Уақыт мөлшері: 5 минут 10-12 рет

Әдістемелік нұсқаулар: Тура құрбыңның қолына дәл беруге дағдылан.



  1. Бір оқушы допты құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолымен қабылдап қайта береді. Арақашықтық 8 - 10 м.

Уақыт мөлшері: 5 минут 8-10 рет

Әдістемелік нұсқаулар: Допты төменнен қабылдаудың дұрытығын қадағалау.



  1. Допты сетка арқылы алмастыруды меңгерту.

Арақашықтығы 8-9 м. Құрбысына бетпе - бет қарап тұрып, допты сол алақанға бүгілген ң алақанымен допты ұрып құрбысына беру.

Уақыт мөлшері: 5 минут 8-10 рет

Әдістемелік нұсқаулар: Аяқтың дұрыс тұруына назар аударып, денені төмен бүгіп, допты алақанмен ұру керек.



Қорытынды бөлім



  1. Сабақта өтілген жаттығуларды қайталау.

Оқушылардың білімдерін бағалау. Үй тапсырма: кермеде тартылу. Сергіту жаттығулары.

Уақыт мөлшері: 5 мин



© 2010-2022