• Преподавателю
  • Физкультура
  • «Еңбек – ер атандырады» тақырыбында ауыләкімдігіне қарасты шаруа қожалық жетекшілерімен кездесу кеші

«Еңбек – ер атандырады» тақырыбында ауыләкімдігіне қарасты шаруа қожалық жетекшілерімен кездесу кеші

1жүр: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! 2жүр: Қош келдіңіздер бүгінгі кештің қонақтары! 1жүр: Бүгін мектебімізде өткізгелі отырған «Еңбек – ер атандырады» тақырыбында ауыләкімдігіне қарасты шаруа қожалық жетекшілерімен кездесу кешін бастауға рұқсат етіңіздер. 2жүр: Бүгінгі кешке қатысып отырған қонақтармен таныстырып өтейін. 1)    «Бірлік-2» ш/қ жетекшісі Абдуллаев Ахмет 2)    «Ершабай» ш/қ жетекшісі Исламов Баймухан 3)    «Шегемдер» ш/қ жетекшісі Ормағамбетова Баян   4)    «Бармақ баты...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1жүр: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2жүр: Қош келдіңіздер бүгінгі кештің қонақтары!

1жүр: Бүгін мектебімізде өткізгелі отырған «Еңбек - ер атандырады» тақырыбында ауыләкімдігіне қарасты шаруа қожалық жетекшілерімен кездесу кешін бастауға рұқсат етіңіздер.

2жүр: Бүгінгі кешке қатысып отырған қонақтармен таныстырып өтейін.

  1. «Бірлік-2» ш/қ жетекшісі Абдуллаев Ахмет

  2. «Ершабай» ш/қ жетекшісі Исламов Баймухан

  3. «Шегемдер» ш/қ жетекшісі Ормағамбетова Баян

  4. «Бармақ батыр» ш/қ жетекшісі Дуйнов Қыдырбай

1жүр:

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз.

2жүр: Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс.Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.

1жүр: Сөз мектеп директоры Умарбекова Гүлсара Жарылқасынқызына беріледі.

Ән: Иният Шерханның орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.

2жүр: «Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың» - деп Б.Момышұлы атамыз айтқандай еңбектеніп білім алып, оқу оқымасаңыздар тілек білдіріп отырған маман иесі бола білу де оңай емес.

Келесі сөз кезегін «Бірлік-2» ш/қ жетекшісі Абдуллаев Ахмет ағамызға береміз.

Би: Жорға би тобының орындауында «Танго» биін қабыл алыңыздар.

1жүр: «Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек... Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі қазақтың төресі сол!»

Сөз «Ершабай» ш/қ жетекшісі Исламов Баймухан ағамызға беріледі.

Ән: Қарақұл Гүлзаданың орындауында «Ауылым» әнін қабыл алыңыздар.

2жүр: «Еңбегің қатты болса, тапқаның тәтті болады!» «Шегемдер» ш/қ жетекшісі Ормағамбетова Баян апайды қошеметпен ортаға шақырайық..Сөз кезегі өзіңізде.

Би: Аруларымыздың орындауында «Шалқыма» биін қабыл алыңыздар.

1жүр: Жастықта әр тараптың басын шалсаң,

Қармақты тәуекел деп суға салсаң.

Еңбегің еңбектенген кетпес зая,

Міндетке бір жетерсің ойыңа алсаң.

Келесі сөз «Бармақ батыр» ш/қ жетекшісі Дуйнов Қыдырбай ағамызда.

Ән: Жанқуат Айзаттың орындауында «Елім менің» әнін қабыл алыңыздар.

2жүр: Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.

1жүр: Құрметті қонақтар, оқушыларға алдағы уақытта дұрыс мамандық таңдау үшін бағыт - бағдар бердіңіздер, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатынын жете ұғындырдыңыздар. Алтын уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңізге рахмет. Осымен «Еңбек - ер атандырады» атты кездесу кешін аяқтаймыз.Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар.



© 2010-2022