Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ

Раздел Физкультура
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы. №3 ЖОББМ.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әжіғалиев Ғұмар Сағидоллаұлы

Сабақ жоспары №

Сабақ тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары «Көкпар», «Бес асық».

«Көкпар»

  1. Жерден ілу

  2. Салым салу.

«Бес асық».

«Бірлік»,«Екілік»,«Үштік» ұпайларын алып үйрену.

Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың патриоттық сезімін тәрбиелеу.

2.Оқушылардың күш жылдамдық қабілетін дамыту.

Өтілетін орны:№ 4 ЖОББМ-ң спорт залы

Керекті құрал жабдықтар:Нығыздалған доп,қапшық,күрес белбеуі,ысқырық,қазандық (автокөлік дөңгелегі),жалауша,асықтар,гимнастикалық төсеніш.

Сынып:

Уақыты:

Бөлімі

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Әдістемелік нұсқау

Дайындық бөлім

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Саптық жаттығулар:

  • Түзел. Тік тұр!

  • Солға бұрыл, Оңға бұрыл, Кері айнал.

Жүру жаттығулары:

  • Аяқ ұшымен жүру, қол жоғарыда.

  • Өкшемен жүру, қол белде.

  • Жартылай отырып жүру, қол алда.

  • Толық отырып жүру.

Жүгіру жаттығулары:

  • Аяқты алға лақтырып, қол белде.

  • Артқа сермеп, қол желкеде.

  • Тізені жоғары көтеріп, қол алда.

  • Сол және оң қапталмен, қолымызды алға, артқа айналдыру.

  • Қол белде , аяқты алға лақтырып жүгіру.

Жалпы дамыту жаттығулар:

1) Бастапқы қалып - қол белде, аяқ иық деңгейінде. 1-4 басты солға айналдырамыз. Дәл солай оң жаққа.

2) Бастапқы қалып - екі қол иықта. 1-2 иықты алға айналдыру, 3-4 артқа айналдыру.

3) Бастапқы қалып -оң қол жоғары, сол қол төменде. 1-2 қолды артқа сермеу, 3-4 қолды ауыстырып қайталау.

4) Бастапқы қалып -аяқты алшық қойып, оң қол жоғары, сол қол белде, 1-2 солға, 3-4 оңға еңкею.

5) Бастапқы қалып -негізгі тұрыс. 1 шалқаю, қол жоғарда, 2 еңкиеміз, қол төменде, 3 отырамыз қол алда. 4 бастапқы қалып.

6) Бастапқы қалып -негізгі тұрыс, 1 екі қолды сол аяқ ұшына жеткізу, 2 ортаға жеткізу, 3 оң аяқ ұшына, 4 бастапқы қалып.

10-12 минут

Спорттық киімге көңіл бөлу

Жаттығудың дұрыс орындауын қадағалау, сол иықтан бұрылу

Жоғары созылу, қолды, аяқты бүкпеу. Кеудені тік ұстау





Жаттығудың дұрыстығын қадағалау, қолды бүкпей, толығымен жасау.

Еңкейгенде қолды аяқ ұшына жеткізу

Тізені бүкпеу

Негізгі бөлім

«Көкпар»

Сыныпты екі топка бөлу.Бірінші номерлер бүгінгі сабақта уақытша аттын міндетін, ал екінші номерлер шабандоздың міндетін атқарады.

1.Спорттық залға екі қазандықты орналастырып жұптарымен кезектесіп ілу әдістерін үйрету.

А)жай адыммен жүріп көкпарды жерден ілу.

Б)шапшан жүріп көкпарды жерден ілу.

В)жугіру барысында көкпарды жерден ілу.

2)Салым әдістерін үйрету.

А)көкпарды бір қолымен

Б)Көкпарды екі қолмен қазындыққа салу.

«Бес асық».

Сыныпты төрт адамнан топтарга бес асық ойынының «бірлік», «екілік», «үштік» ережелерін түсіндіру және үйрету. Әр топ алма кезек жаттығуды орындайды.

28-30 минут



Артқа шалкаймау,кылғындырмау.



Ұшкан асыққа назар аудару.

Қорытынды бөлім

Тыныс алу жаттығулары.

Сапқа тұрғызу.

Сабақты қорытындылау.

Сабақтың негізгі бөліміне байланысты үйге тапсырма беру.

Сап түзеп спорт залдан шығу.

5 минут

Кемшіліктерін, ерекшеліктерін айту.


© 2010-2022