Ашық сабақ жоспары Баскетбол. Допты жүргізіп себетке лақтыру

Сыныбы: 8 «Б»                                                                                            Күні: 16.01.2015ж Тақырыбы: Баскетбол. Допты жүргізіп себетке лақтыру Білімділік мақсаты: Баскетбол ойыны тарихын және оң және сол қолмен допты алып жүру, допты себетке лақтыру әдістерін меңгерту. Дамытушылық мақсаты: Дене мен ақыл-ой жұмыс қабілеттілігіне қажетті білімділігін қалыптастыру, ойынға деген қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік мақсаты:  Күш, жылдамдылыққа, икемділікке, төзімділікке,...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№6 орта мектеп











Ашық сабақ



Тақырыбы: Допты жүргізіп себетке лақтыру

Пән мұғалімі: Тулеева М.К.



Қызылорда, 2015

Сыныбы: 8 «Б» Күні: 16.01.2015ж

Тақырыбы: Баскетбол. Допты жүргізіп себетке лақтыру


Білімділік мақсаты: Баскетбол ойыны тарихын және оң және сол қолмен допты алып жүру, допты себетке лақтыру әдістерін меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: Дене мен ақыл-ой жұмыс қабілеттілігіне қажетті білімділігін қалыптастыру, ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Күш, жылдамдылыққа, икемділікке, төзімділікке, дәлдікке, кедергілерді жеңе білуге дағдылындыру және бірлікке, достыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақты түсіндіру

Әдісі: түсіндірмелі, топтық жарыс.

Көрнекілігі: баскетбол добы, ысқырық, кеглилер, т.б

Өтілетін орны: спорт зал

І. Ұйымдастыру бөлімі: 15-минут
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, мәлімет қабылдау, сабаққа даярлау. 15-минут

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Баскетбол ережесін сұрау
-Баскетбол ойынын қанша адам ойнайды?
-Ойыншы допты қолында қанша секунд ұстап тұруға болады?
-Доп себетке түскеннен кейін қанша секунд ішінде ойынға қосу керек?
-Баскетбол ойнының ұзақтығы қанша?

-Баскетбол добы себетке түссе қанша ұпай болып есептеледі?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Допты алып жүру және себетке лақтыру

Баскетбол тарихына шолу жасау. Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын1891 жылы АҚШ тың Спрингфилд қаласында құрылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Джеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тапқан.
Баскетболдың этимологиясы (basket - себет, boll -доп) деп жіктеледі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Джеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан. Осы бір әлемге өте кең тараған ойынмен айналысу арқылы денсаулық нығаяды, жүректің қан тамырлары мен өкпенің жұмысы жақсарады, шыдамдылық пен икемділік дамиды. Баскетболмен денсаулығында ақауы жоқ адамдардың бәрі де айналыса алады.

Жүру жаттығулары:
-қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,
- қол белде, өкшемен жүру;
-қол алда, жартылай отырып жүру;
-қол желкеде, толық отырып жүру;


Жүгіру жаттығулары:

-Жылдамдыққа жүгіру;
- Қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;
- Қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу;
- Сол қол алда, артпен жүгіру;

- Аяқты айқастыра жүгіру;
- Қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру;
- Қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру.
- Екі қолды алға созып, тізені жоғары көтеріп жүгіру.
- Екі қол артта, аяқты артқа лақтырып, қолға тигізе жүгіру.
- Үлкен адым жасау;

- Отырып секіру;

- Отырып жүру;
- Сап бойынша жүру
- Тынысты қалыпқа келтіру.
Жалпы дамыту жаттығулары:
- Б.қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз;
- Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз;
- Б.қ. аяқ иық көлемінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 4 рет сол жаққа, 4 рет оң жаққа қисаямыз;

- Б.қ. аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда, сол қол төменде қолды артқа сермейміз;

- Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол белде, белді оңға 4 рет, солға 4 рет айналдырамыз;

- Б.қ. аяқ иық көлемінен сәл алшақ, қолды оң аяққа, ортаға, сол аяққа жеткізу

(1-4 рет);

- Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз;

- Тынысты қалыпқа келтіру.
Н е г i з г i б ө л i м: Допты жүргізіп себетке лақтыру. 20 минут

Эстафеталық ойын ретінде 3 топқа бөліп келесі жаттығуларды орындау:
- Допты кiдiртпей еденге соғу арқылы жүргізіп себетке лақтыру;
- Допты жерге ұру арқылы жүргізіп барып себетке лақтыру;
- Допты оң және сол қолмен кезекпен ұру арқылы себетке лақтыру;
- Допты жерге ұру арқылы жүргізіп екі адым жасап себетке лақтыру;
- Допты жерге ұру арқылы жүргізіп айып алаңынан себетке лақтыру;
- Допты жерге ұру арқылы жүргізіп 3 үпайлық алаңнан лақтыру;
- Допты беруді аяқ ортасынан өткізу арқылы орындау;

Баскетбол ойнау. 5 - минут

5 ойыншыдан қарсылас 2 топты ойнату

ІV. Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалау. Жеңген топты марапаттау.Үйге тапсырма беру.

© 2010-2022