Авторлық бағдарлама Спорт ойындарының әдіс-тәсілдерін теория негізінде үйрету

Раздел Физкультура
Класс 5 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Іле ауданы, Әли ауылы

«№ 22 орта мектеп»

Мемлекеттік коммуналдық мекемесі













Авторлық бағдарлама

Спорт ойындарының әдіс-тәсілдерін

теория негізінде үйрету











Бағдарламаны құрастырған:

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі:А.Т.Алишарова









Түсінік хат

Дене тәрбиесі пәні бойынша сабақтан тыс «спорт ойындарының әдіс-тәсілдерін теория негізінде үйрету» жоспары.



  • Дене тәрбиесінің мұғалімі сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстың жоспарын құру үшін төмендегі айтылғандарға сүйену керек;

  • ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бағдарламасына сүйену керек;

  • Қойылған мақсатқа жете отырып, оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, қоғамдық өмірге араласуға дайындау;

  • Мемлекеттік бағдарламаларды қолдана отырып, еліміздің спорт туралы үлкен жаңалықтарын енгізе отырып, отангерлік тәрбие беру;

  • Оқушының жеке басының ерекшелігін, жасын ескеру;

  • Әр түрлі әдістер мен формаларды қарастыра отырып, оқушыға жүйелі түрде тәрбие беру.

Іс-шара

Спорт ойындары

Мерзімі

Жауапты

Мектепішілік

Волейбол

Қыркүйек, қазан, қараша

5а, 5ә сынып оқушылары

Баскетбол

Қаңтар, ақпан, наурыз

5ә, 5ә сынып оқушылары



Мақсаты: Оқушыларды бір-бірімен теориялық түрде сайыстыру арқылы ойынға қызығушылығын арттыру.

Міндеттері:

Білімділік - Оқушылардың спорт ойындары туралы білімдерін жинақтау, бекіту.

Тәрбиелік - Оқушыларды жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу.

Спорттық ойын: Волейбол

1. Волейбол ойыны кезіндегі қауіпсіздік ережелері

2. Волейбол ойынының шығу тарихы.

3. Ойын шарты (алаң көлемі, доп салмағы, сетка)

4. Ойын басталғандағы нақты тұрыс (ойыншының тұрысы)

5. Алаңда орын ауыстыра білу

6. Ойын барысында орындалатын бұрылыстар

7. Допты ойынға қосу (төменнен, жоғарыдан)

8. Допты беру және қабылдау (төменнен, жоғарыдан; орында,

қозғалыста)

9. Қорғаныс әдістері

10. Волейбол ойынының ерешеліктері

Спорттық ойын: Баскетбол

1. Баскетбол ойыны кезіндегі қауіпсіздік ережелері

2. Баскетбол ойынының шығу тарихы.

3. Ойын шарты (алаң көлемі, доп салмағы, себет)

4. Баскетбол ойынының негізгі элементтері

5. Ойын техникасы (допты алып жүру, жоғарыдан, кеудеден,

төменнен беру

6. Шабуылдау

7. Әрекеттер (жеке, топтасу, командалық)

8. Лақтыру

9. Қорғау (жеке, зоналық)

10. Баскетбол ойынының ерешеліктері

Волейбол Баскетбол

Авторлық бағдарлама Спорт ойындарының әдіс-тәсілдерін теория негізінде үйрету

Венн диаграммасы

Әр оқушы өзіне берілген тапсырманы орындайды және оны суреттер, видеороликтер және презентациялар арқылы дәлелдейді. Мысал ретінде 5а сынып оқушысы Қанағат Адина. Ол қыркүйек айының 1-ші аптасында 1. Волейбол ойыны кезіндегі қауіпсіздік ережелері тапсырмасы бойынша

2-ші аптасында 2. Волейбол ойынының шығу тарихы.

3-ші апта - 3 тапсырма 4- ші апта - 4 тапсырма

5-ші апта - 5 тапсырма 6-шы апта - 6 тапсырма

7-ші апта - 7 тапсырма 8-ші апта - 8 тапсырма

9-шы апта - 9 тапсырма бойынша жұмыс істесе, келесі оқушы Айтимбет Майра қыркүйек айының 1-ші аптасында - 2 тапсырма

2-ші аптасында - 3 тапсырма

3-ші апта - 4 тапсырма 4- ші апта - 5 тапсырма

5-ші апта - 6 тапсырма 6-ші апта - 7 тапсырма

7-ші апта - 8 тапсырма 8-ші апта - 9 тапсырма

9-шы апта - 1 тапсырма бойынша жұмыс істейді осындай кезекпен апта сайын оқушылар тапсырмаларды орындап отырады.

Оқушылар өз жұмыстарын жинақтап наурыз айында өтетін қорытындылау сайысына қатысып, өз білімдерін шыңдай түседі және оны ұмытуға мүмкіншілік болмайды.

Тиімділігі:

  • Оқушылар волейбол, баскетбол ойындарының теориясын толық біледі және оны тәжірибе барысында қолдану арқылы білімдерін шыңдайды.

  • Оқушыларға ойын теориясын ұмытуға мүмкіндік болмайды.

  • Мұғалім өзі қалаған спорт түрін осы бағдарлама бойынша өзгертуіне болады.

  • Тағы да бір өте тиімді жері ол «Жас маманға көмек», яғни жас маман осы бағдарлама арқылы, өзі толық білмейтін екі спорт түрін алып кез-келген сыныппен жұмыс жасайды.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз жұмыстарын жинақтап наурыз айында өтетін қорытындылау сайысына қатысып, өз білімдерін шыңдай түседі және оны ұмытуға мүмкіншілік болмайды. Оқушылар теория мен тәжірибені қатар алып жүру арқылы, білімдерін нығайтады. Спортқа қызығушылығы артады. Теориялық негізін білген оқушыға тәжірибені игеру оңайға түспек.

























Пайдаланған әдебиеттер:

  1. А.Құлназаров, Ө.Жолымбетов «Қазақстан - спортшылар елі» Алматы-2009

  2. Е.Төлемісов «Шынықтыру мектебі» Алматы - 1974

  3. М.Жұмабаев «Педагогика» Алматы «Рауан» - 1993

  4. Семенов Л. «Советы тренерам» Москва - 1980

  5. А.Беляев «Обучение технике игры в волейбол и ее совершенствование» Методическое пособие. Москва - 2007

  6. А.Гомельский «Тактика баскетбола» Москва - 1966

  7. Қазақ спорты газеті

  8. szh.kz/student/ Волейбол ойынының шығуы және даму тарихы сайты

  9. bilimkozy.idhost.kz/kz/sabak/dene/ сайты

  10. topreferat.com/.../3165- сайты



© 2010-2022