Спорт ойындары. Баскетбол. (6 класс)

Раздел Физкультура
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Пәні: Дене шынықтыру.Сыныбы: 6-сынып

Тақырыбы: Спорт ойындары. Баскетбол

Допты алып жүруді үйрету және жетілдіру.

Мақсаты:

А) Білімділік:оқушылардың спорт ойынына қызығушылығын арттыру

Б)Дамытушылық: балалардың жан-жақсы өсіп, жетілуі, жылдамдық ептілік сияқты қасиеттерді арттыру және батылдық, тапқырлық , тез шешім қабылдау қабілеттерін дамыту.

В)Тәрбиелік: Баскетболға деген қызығушылығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Спорт құралдары: секундомер, ысқырғыш, кегельдер, баскетбол доптары.

Өтетін орны: Спорт залы

Мұғалім: Лепес Гүлнара

Реттік сан

Сабақтың мазмұны

Мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар

1

Кіріспе бөлімі 12 мин

Сапқа тұру. Рапорт қабылдау. Сабақтың тақырыбын түсіндіру.

Саптық жаттығулар:

-Саппен жүру

-Баяу жүгіру

-Сол және оң қырымен,тіркемелі адыммен жүгіру

-Арқамен артқа жүгіру

-Аяқтың ұшымен және өкшемен жүру

-Қолды белге қойып,жартылай отырып жүру

-отырып жүру

ЖДЖ кешеңі

2 мин



3 мин



7 мин

Спорт киіміне назар аудару,қауіпсіздік ережесін сақтауды талап ету.





Үйрету.

2

Негізгі бөлім 28 мин

  1. Бір орнынан алаңға қарай допты жерге соға отырып,алып жүгіру

  2. Осы қимылды қолдарды ауыстыра, алып жүру.

  3. Допты түзу алып жүру.

  4. Допты бағытын өзгерту арқылы алып жүру.

Ережесі жеңілдетілген шағын баскетбол ойыны.

3-4 рет

3-4 рет

3-4 рет

3-4 рет

10-15 мин

Допты итеру негізінен саусақпен орындап,допқа қарамау

Доппен келе жатқанда,адам бүгіліп,денең алға еңкею керек.

Оқушылар үйренген әдістерін ойын барысында пайдалану.

3

Қорытынды бөлім 5 мин

Баяу жүгіру.Тыныс алу жаттығуларын орындау.Сапқа тұру.

«Минуттық ойыны»-команда берілгеннен кейін,әр оқушы ішінен 60-қа дейін санайды (1 мин 60 секунд).Өз есебі бойынша 1 минут өткенде алға бір адым жасайды.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма.

1 мин

2 мин



1 мин

1 мин

Терең дем алып,ауаны сыртқа шығару.

Мұғалім бірінші және соңғы шыққан оқушыны сонымен бірге, дәл 1 минутта шыққан оқушыны атап өтеді.

Ерекшеленген оқушыларды атап өту. Қателіктерді анықтау.

Саппен киінетін бөлмеге жіберу.



© 2010-2022