Кеш Ел үмітін ер ақтар»

Раздел Физкультура
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өткізген:І.Үргенішбаев атындағы орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Жолекенова Мейрамгүл Зинельабдинқызы

Кештің тақырыбы: «Ел үмітін ер ақтар»КСРО халықтары спартакиадасының бес дүркін чемпионы,халықаралық дәрежедегі спорт шебері І.Үргенішбаев атындағы орта мектебінің түлегі Батырғарин Есенгелді Мұхамбетшәріпұлын еске алу.Кеш Ел үмітін ер ақтар»





Мақсаты: Есенгелдінің өмір жолы,жеткен жетістері мен естеліктер,қайсарлық қасиетін оқушылардың бойына сіңіру,мақтан тұту,егеменді еліміздің тірегі болар азаматтарды тәрбиелеу.Спортты сүюге баулу,спортқа бейім оқушылардың қабілетін дамыту,патриоттық сезімдерін ояту.

Кешке: №1 В.Цеханович атындағы спорт мектебінің директоры Жоламанов Серікт Бағжанұлы,Ардагер ұстаз,ҚР-на еңбегі сіңген жаттықтырушы Сейімбетов Жеңсікбай ағай,анасы ,тарих пәнінің ардагер ұстазы әрі сынып жетекшісі Жұмағалиева Бекзада апай,сыныптас досы Құдабаева Гүлмира көршісі әрі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Құлетов Тілекқабыл Ордаұлы.Кеш Ел үмітін ер ақтар»

Кеш Ел үмітін ер ақтар»



Кіріспе сөз:

Құрметті қонақтар,оқушылар!Бүгінгі кездесу кеш Халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері,ҚР-сының жасөспірімдер,жастар,ересектер арасындағы бірнеше дүркін чемпионы,КСРО чемпионаттарының ересектер арасындағы күміс жүлдегеріЧехословакия 1991 жылы әлем кубогінің ересектер арасындағы күміс жүлдегері,Греция қаласында жеңісін бағындырған Батырғарин Есенгелді Мұхамбетшәріпұлына арналады.

Грециядағы жиналған ел табынып,

Болған жоқ кешегі жеңіс әлі ұмыт.

Өнеріңе сүйсінген халқың тұрып,

Періште ұлы Есенгелдіні еске алайық сағынып.

(Бір сәт еске алу)Кеш Ел үмітін ер ақтар»







Батырғарин Есенгелді ағамыз мектебіміздің шәкірті.Сондықтан осы мектеп қабырғасында өткен өмірімен фото шежіре арқылы таныстырып өтейік.Үшінші бетте грек-рим спорт үйірмесіне қатысып жүрген кезі.Мен оқушыларға мәңгілік өлмейтін ерлік еткен Абылай хан,Абай Құнанбаев,Шоқан Уәлиханов,Тұрар Рысқұлов,Бауыржан Момышұлының секілді ірі тұлғалар қазақтың даңқын асырып,артында ғибрат алар ұрпаққа талай із қалдырса,құйрықты жұлдыздай ағып өткен Есенгелдінің ғұмыры да сондай өнегелі екенін түсіндірдім.Көкөрім шағында дүниені тамсандырған саңлақтарымыздың тарихына үңілсек,мұндай бейнелер көптеп табылады.

Қазақ ханы Абылай 18 жасында Абылайлап жауға шапса,Қаз дауысты Қазыбек би бала кезінде жоңғар қонтайшысын сөзден жығып,дүйім жұртқа әйгілі болған екен.Шығыстың қос қарлығашы Әлия мен Мәншүк 20 жасында өшпес ерлік көрсетті.Даңқты Серік Қонақбаев 20 жасында олимпиададан күміс медалін жеңіп алды.Ал Есенгелді осындай киелі Шалқар топырағынан шыққан,дүниені дүр сілкіндірген сонау Чехословакия,Греция шаһарларынан күміс медалін арқалап қайтқан біздің мектебіміздің мақтанышы .

Кеш Ел үмітін ер ақтар»Кеш Ел үмітін ер ақтар»



«Сүйер ұлың болса сен сүй,сүйенерге жарар ол» деп Абай атамыз айтқандай сүйер ұлымыз Есенгелдінің аяулы анасына Есенгелдідей ұлға қайсарлық пен жігерлікті бойына сіңіріп,елдің баласы етіп тәрбиелеген аналық парызыңызға қашанда бас иеміз деп алғыс айтамыз.

Ән «Ана» орындаушы: Қыстаубаева Аяжан Әлібекқызы

КСРО спорт шебері,ҚР-на еңбегі сіңген жаттықтырушы ардагер ұстаз Сейімбетов Жеңсікбай Санатбайұлы өзінің шәкірті туралы былай еске алады.Кеш Ел үмітін ер ақтар»





Кеш Ел үмітін ер ақтар»Кеш Ел үмітін ер ақтар»



Батырғарин Есенгелді Алматы дене тәрбиесі институтын бітірген.Грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері.1986 жылы Шалқар спорт мектебінен спорттық шеберлігін шыңдау үшін Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған Қажымұқан атындағы республикалық спорт интернатына берілді.Осы спорт интернатта жүрген алты жыл ішінде таңқаларлық үлкен жетістіктерге жетті.Жасөспірімдер,жастар,ересектер арасында ҚР-ң бірнеше дүркін чемпионы.1988-1990жылдары студенттерінің универсиадасының чемпионы,КСРО чемпионатының күміс жүлдегері,Запорожье қаласында грек-рим күресінен өткен Х КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы,Чехословакия елінде жастар арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Болгария елінде өткен әлем кубогінің күміс жүлдегері болды.

Кеш Ел үмітін ер ақтар»Кеш Ел үмітін ер ақтар»





1991жылдың өзінде өткен алты жарыста екі алтын медаль,төрт күміс медаль жеңіп алды.Ең ауыз толтырып айтуға Запорожье қаласында өткен КСРО халықтары спартакиадасында Қазақстан құрама командасының грек-рим күресінен Ресей командасынан кейін командалық екінші орынды жеңіп алғаны.Жарыс алаңының иелері Украйына үшінші орында қалдырса,Белоруссия,Грузия,Армения сияқты республикалар қазақ балуандарының күшін,шеберліктерін мойындауға мәжбүр болдық.Қандай мақтаныш мен үшін, төбем көкке жетті!Оны сөзбен жеткізу мүмкін емес,балаларым!

Кеш Ел үмітін ер ақтар»Кеш Ел үмітін ер ақтар»



Батырғарин Есенгелді әлем кубогінің иегері,әлем чемпионы,олимпиадалық ойындарының екі дүркін жүлдегері Дәулет Тұрлықанов,КСРО чемпионы,Европаның чемпионы Бисолт Дециевпен,осы жарыстың күміс жүлдегері,кейін әлем,Азия чемпионы болған Бақтияр Байсейтовпен,Азия чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы Сергей Матвиенкомен қатар Қазақстан командасының үлкен жеңісіне өзінің мол үлесін қосқаны тума талантты балуан,ол республика,КСРО құрама командасының мүшесі болды.

1992жылы Барселонада оның тума талант екендігінің бір мысалы 1996жылғы Америка елінің Атланта қаласында өткен Олимпиадалық ойынында 48 кг салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алған Ресейлік Әзірбайжан балуаны Зафар Гулиевті 1990-1991 жылдары КСРО чемпионаттарында бірнеше рет ұтқан болатын.





Кеш Ел үмітін ер ақтар»Кеш Ел үмітін ер ақтар»







Кеш Ел үмітін ер ақтар»











Батырғарин Есенгелдінің аты,оның жеңістері Қазақстан спорты тарихында алтын әріппен жазулы.

Совет Одағын дәуірлеп тұрған заманда КСРО халықтарының спартакиадасы араға төрт жыл салып он рет өтіпті.Осы қырық жыл ішінде грек-рим күресінен үш қазақ балуандары чемпиондық тұғырға көтерілген екен.Олар Жақсылық Үшкемпіров,Дәулет Тұрлыханов,Есенгелді Батырғарин.Ол Қытай,Ирак,Болгария,Ауғанстан,Иран,Түркия,Ресей елдерінде өткенхалықаралық турнирлердің жеңімпазы болды.Батырғарин Есенгелдінің асулары мен жеңістерін айтып жатқанда жарыстағы кездерін бейне таспа арқылы көрсету.

Ән «Қазақ елі» орындаушы Кеш Ел үмітін ер ақтар»

Кеш Ел үмітін ер ақтар»



Тарих пәнінен дәріс берген ұстазы Жұмағалиева Бекзада апай:

Иә,ол кездегі балалар ерекше.Себебі,жандары білімге,өнерге дайын тұратын.Ал, Батырғарин Есенгелді кішкентай бойлы,жұқалтақ бала болатын.

Өзі елгезек,жаны жақсылыққа жақын,20 жасынан әлем чемпионы болды-деп айтып жатыр.Осындай шәкіртке дәріс бергеніме мақтан тұтамын.

Ән «Қазақстаным» орындаушы

Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі,көршісі Құлетов Тілекқабыл Ордаұлы:

Мен Батырғарин Есенгелдіні бала кезінен бастап білемін.Әкем марқұм: «Осы баладан түбі бірдеме шығады,түр тұлғасында,қозғалысында ерекшелік

бар» дейтін.Өйткені,балалармен күрескенде ерекше бір әдістер көрсетіп,бәрімізді таң қалдыратын.

Кеш Ел үмітін ер ақтар»Кеш Ел үмітін ер ақтар»

Спорттағы жақын достарының бірі,Азияның екі дүркін чемпионы,әлем

Чемпионы Бақтияр Байсейтов «Ақтөбе»газетінде былай еске алады. Есенгелдімен мектеп-интернатта таныстық.Сол кездің өзінде-ақ,жаттықтырушылар оның жаратылысы бөлек балуан екенін білген.Ол интернатта оқып жүріп КСРО-ның жастар құрамасына алынып,Чехословакиядағы әлем біріншілігіне,1991жылы спартакиадаға жолдама алып,жеңіспен оралды.Болашағынан үлкен үміт күттірген спортшылардың бірі болды.Табиғаты да күреске жақын болатын.Есенгелдінің ұғымында жеңіліс деген болмайтын.Ондай азаматтың өмірден ерте озғаны әлі күнге дейін қайғырамыз-деген екен.

Кеш Ел үмітін ер ақтар»Кеш Ел үмітін ер ақтар»



Әрбір нәрсенің шығар биік шыңы болады.Осы спорттың шыңына жеткен спорт өнерінің ішінде грек-рим өнерін қалауына не себеп болды?

Спорт мектебінің директоры Жоламанов Серік Бағжанұлына сөз кезегі.Кеш Ел үмітін ер ақтар»



Есенгелді Батырғарин-Шалқардағы №1 В.Цеханович атындағы жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі.Күрестің әліппесін Шалқарда меңгеріп,кейін Алматыдағы арнайы спорт мектеп-интернатынан тәлім алған Есенгелді сол кездің өзінде-ақ ептілігімен жаттықтырушылардың көзіне түскен.

Кеш Ел үмітін ер ақтар»





Зерттеуші,дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Жолекенова Мейрамгүл Зинельабдинқызы

Бүгіндері бүкіл қазақ халқының мақтан тұтар ұлына айналған Батырғарин Есенгелдіге биік тұғырына көтерілгені,есімі Шалқар жерінде сөнбес жұлдыздай жарқырай береді.Есенгелдінің жеңістері кейінгі жастарға үлгі болып қалмақ.Оның есімін жоғалтпай ізін қуар жеткіншектеріміз барына сенімдіміз.Әрі Есенгелдідей тарлан жігітті өмірге әкеліп,тәрбиелеп өсірген анасына бүкіл шалқарлықтар атынан үлкен алғыс білдіреміз.

Ән «Қаһарман» хор





І.Үргенішбаев атындағы орта мектебі

Кештің тақырыбы: «Ел үмітін ер ақтар»КСРО халықтары спартакиадасының бес дүркін чемпионы,халықаралық дәрежедегі спорт шебері І.Үргенішбаев атындағы орта мектебінің түлегі Батырғарин Есенгелді Мұхамбетшәріпұлын еске алу.Кеш Ел үмітін ер ақтар»













Зерттеп,өткізген: Жолекенова Мейрамгүл Зинельабдинқызы













© 2010-2022