Урок: Бір орыннан және екі адым жасап допты себетке лақтыру (6-сынып)

Раздел Физкультура
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок: Бір орыннан және екі адым жасап допты себетке лақтыру (6-сынып)№142 орта мектеп





Тақырыбы: Бір орыннан және екі адым жасап допты

себетке лақтыру

Сыныбы: 6-сынып

Пән мұғалімі: Көшербаев Б.





2015-2016 оқу жылы

САБАҚ ЖОСПАРЫ



Сыныбы: 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Бір орыннан және екі адым жасап допты себетке лақтыру»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың баскетбол ойынына деген қызығушылығын арттыру; Оқушылардың жылдамдық, күш, шыдамдылық және т.б. қасиеттерін дамыту. Саламатты өмір салтын ұстанып, дені сау тұлға тәрбиелеу.

Білімділігі: Баскетбол ойыны тарихын және оң және сол қолмен допты

алып жүру, допты себетке лақтыру әдістерін меңгерту.

Дамытушылығы: Дене мен ақыл-ой жұмыс қабілеттілігіне қажетті

білімділігін қалыптастыру, ойынға деген қызығушылығын арттыру.


Тәрбиелік: Күш, жылдамдылыққа, икемділікке, төзімділікке, дәлдікке,

кедергілерді жеңе білуге дағдылындыру және бірлікке, достыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: баскетбол добы, ысқырық.

Ұйымдастыру әдісі: топтық

Өтілетін орны: спорт зал

І. Ұйымдастыру бөлімі: 15-минут
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, мәлімет қабылдау, сабаққа даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  • Баскетбол ережесін сұрау

  • Баскетбол ойынын қанша адам ойнайды?

  • Баскетбол добы себетке түссе қанша ұпай болып есептеледі?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Баскетбол тарихына шолу жасау. Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын1891 жылы АҚШ-тың Спрингфилд қаласында құрылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Джеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тапқан. Баскетболдың этимологиясы (basket - себет, boll -доп) деп жіктеледі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Джеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан. Осы бір әлемге өте кең тараған ойынмен айналысу арқылы денсаулық нығаяды, жүректің қан тамырлары мен өкпенің жұмысы жақсарады, шыдамдылық пен икемділік дамиды. Баскетболмен денсаулығында ақауы жоқ адамдардың бәрі де айналыса алады.

Жүру жаттығулары:

  • қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,

  • қол белде, өкшемен жүру;

  • қол алда, жартылай отырып жүру;

  • қол желкеде, толық отырып жүру;

Жүгіру жаттығулары:

  • Қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;

  • Қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу;

  • Екі қолды алға созып, тізені жоғары көтеріп жүгіру.

  • Отырып секіру;

  • Отырып жүру;

  • Сап бойынша жүру

  • Тынысты қалыпқа келтіру.


Негiзгi бөлiм:

Бір орыннан және екі адым жасап допты себетке лақтыру. 20 минут

Эстафеталық ойын ретінде топқа бөліп келесі жаттығуларды орындау:

  • Допты кiдiртпей еденге соғу арқылы жүргізіп себетке лақтыру;

  • Допты жерге ұру арқылы жүргізіп барып себетке лақтыру;

  • Допты оң және сол қолмен кезекпен ұру арқылы себетке лақтыру;

  • Допты жерге ұру арқылы жүргізіп екі адым жасап себетке лақтыру;

  • Допты жерге ұру арқылы жүргізіп айып алаңынан себетке лақтыру;

  • Допты жерге ұру арқылы жүргізіп 3 ұпайлық алаңнан лақтыру;

  • Допты беруді аяқ ортасынан өткізу арқылы орындау;

Баскетбол ойнау. 5 - минут

Урок: Бір орыннан және екі адым жасап допты себетке лақтыру (6-сынып)Урок: Бір орыннан және екі адым жасап допты себетке лақтыру (6-сынып)

Урок: Бір орыннан және екі адым жасап допты себетке лақтыру (6-сынып)Урок: Бір орыннан және екі адым жасап допты себетке лақтыру (6-сынып)

ІV. Сабақты қорытындылау.

  • Оқушыларды бағалау.

  • Жеңген топты марапаттау.

  • Үйге тапсырма беру.

© 2010-2022