Спорттық шара Батырлар шайқасы

Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Батырлар шайқасы


Құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар, жанкүйерлер хош келіпсіндер!Біздің мектебімізде алғаш рет болып отырған ер балалар арасында «Батырлар шайқасы» атты ұлттық ойыңдар жарысын бастауға рұқсат етіңіздер.

«Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді» -дегендей, біздің елімізді, жерімізді білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған ер-азаматтарымыздың төэімділігін, ептілігін, күштілігін сынайтын уақыт жақын қалды.

«Батырлар шайқасы» атты сайысты өткізу мақсатым: қазақтың ұлттық спорт ойындарын үйрету арқылы патриоттыққа, салауатты қмір салтын ұстануға, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.

Ортаға жарыстың төрешілерін шақырамыз.

Қол шапалақтап қошемет көрсетейік! (музыка)

Батырларымыздың өнерін тамашалайық (музыка, дене пішіндерін көрсетеді).

Қандай керемет, қане айтыңдаршы, Отаным, жерім деп жүректері соққан жас адамгершілігі мол екендіктері көрініп тұр.

Батырларымызға сұрақ қойғым келіп тұр.

Жарысқа қатысу себебің не?

Күшіңді қайда жұмсағың келеді?

Алға қойған мақсатың бар ма?

Жеңіске жету үшін не істеу керек?

«Батыр» атағын кім алады деп ойлайсың?

Салауатты өмір сүру үшін не істеу керек?

Достарыңа тілегің бар ма?

Болашақта кім болғың келеді?

Осындай жарыстар болып тұрсын ба?

Спорттың қандай түрімен айналысасың?

Жарыс төмендегі бағдарлама бойынша өрбіді.

Ортаға «Асар» би тобын «Ұлар» биімен шақырамыз.

I бөлім (10 ойыншы қатысады)

1.Кедергілер алқабы (сек мин)

2.Гір көтеру

3.Қолды бүгіп жазу

«Асар» тобының «Сылқым» биі

Жанкүйерлер , жарысымыз сіздерге ұнап жатырма?

II бөлім (6 ойыншы қалады)

1.Жаяу көкпар

2.Қол күресі

3.Шар жару

«Асар» тобының «Аққу» биі

Шығып кеткен ойыншыларға сұрақ:

Қай жерден қателік жібердің?

Жауабы: Қол күшімнің аздығы. Әліде қол күшімді шынықтыруым керек екен.Ештене етпейді келесі жолы алға шығасың.

III бөлім (4 ойыншы қалады)

Жартылай финал

1.Аударыспақ

2.Мойын тартыс

3.Мергендік

«Асар» тобының «Шығыс» биі

Ойыншыларға сұрақ: Жарыс қалай өтуде, қарсыластарың мықты ма?

Жауабы: Иә, қарсыластарым мықты екен. Біздің мектепте шымыр, күшті жігіттер баршылық. Қалған оқушыларға табыс тілеймін.

Қане бір кісідей қолдап отырыңыздар.

IV бөлім (2 ойыншы қалды)

Финал

1.Арқан тартыс

2.Кедергілерден өту

Барлық батырлар ортаға шығады. Жарысымыз аяқталды, әділқазыларды ортаға шақырып «Батыр» атағын алған ойыншыны марапаттайық.

Осымен біздің жарысымыз аяқталды, сау саламат болыңдар!!

«Асар» тобы «Дала» әуені биімен



© 2010-2022