Жалаң және жайылма сөйлем

Представлен открытый урок по теме «Жалаң және жайылма сөйлем» (Простые и сложные предложения) для учеников 3-х классов с казахским языком обучения. Очень хорошо представлена дидактическая игра, в которой нужно из слов составить простые и сложные предложения. Также содержатся ребусы, которые предложено отгадать ученикам, хорошо представлена работа с пословицами. В творческой работе учащимся предложено составить стихотворения по опорным словам. В предложенном уроке большая плотность и разнообразны...
Раздел Физкультура
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Айдарханова Гульбарам Кусайновна

Қазақ тілі 3 сынып

101 мектеп-лицейі Қарағанды қаласы

Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Мақсаты:1) Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру; Сөйлемнің

жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге

байланысты екенін меңгерту;Сөйлемдегі сөздерді сұрақ қою

арқылы талдауға үйрету;

2) Оқушылардың сауаттылығын, ақыл-ойын, логикалық ойлау

жүйесін дамытуды көздеп, арнайы жаттығулар жүргізу;

Олардың сабаққа деген белсенділігін, іздену, шығармашылық

ойлау, талдау, салыстыру, көркемдік қабілеттерін арттыру;

3) Оқушылардың ойлау, сауатты, көркем жазу дағдыларын

қалыптастыру, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге,

тапқырлыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту. Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдісі: ой қозғау, түсіндіру, сұрақ-жауап, тірек сызбалар,

шығармашылық жұмыстар т.б.

Көрнекілігі: ережелер, сызбалар, ребус, шығармашылық жұмыстарға арналған

бетшелер т.б.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (психологиялық дайындық)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақ

Кіріспе:

- Қазір қай мезгіл? - Қыс мезгіліне байланысты 1,2 сөйлем құрату.

- Бұл сөйлемдер нені білдіріп тұр?

- Яғни, бір ғана тиянақты ойды білдіріп тұр. Бұл сөйлемдер жай сөйлемдер.Ендеше, бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем деп атайды.

-Сөйлем мүшелерінің қатысына қарай жай сөйлем жалаң, жайылма болып екіге бөлінеді.

  • Құрамында тек қана тұрлаулы мүшелері бар сөйлем құрату

  • Тақтаға жазғызып, сөйлем мүшесіне талдату.

-Жалаң сөйлем деген не?

(Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейді.).

- Енді құрамында тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем құрату.

-Жайылма сөйлем деген не?

(Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз)

Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жалаң және жайылма» сөйлем

Жалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлем1-слайд Жай сөйлем

Жалаң Жайылма

Боран соқты. Екі күн қатарынан боран соқты.

Дәптермен жұмыс

2-слайд

Дидактикалық ойын

Сөздерден сөйлем құрап жаздыру, оларды сөйлем мүшелеріне талдату. Құраған жалаң, жайылма сөйлемдерді тиісті поезд вагондарына орналастыру.

Жалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлемЖалаң және жайылма сөйлем


Бұл сөйлемдердің бір-бірінен ерекшелігі неде? (ережені пысықтау)

Оқулықпен жұмыс.

Өзіндік жұмыс

1) 81 - жаттығу. (Жалаң сөйлемдерді оқы. Оларды жайылма сөйлемге айналдырып

жаз.)

2) 82-жаттығу. Нұсқа бойынша жұмыс

1-нұсқа жалаң сөйлемдерді жазады. 2-нұсқа жайылма сөйлемдерді жазады.

1,2 оқушыға оқыту.

3) 83-жаттығу.Ребусты шешсең, мақал шығады.Мағынасын ашқызу.

Тіл қылыштан өткір. (Жайылма сөйлем).

3-слайд

Математика сабағымен байланыстырып берілген мақалдардағы цифрларды сөзбен оқып, мағынасын ашқызу.

1. Піл к3-ті, 2. 4-еу түгел болса, төбедегі келер,

Піл к3-ті емес, 6-ау ала болса, ауыздағы кетер.

Тіл к3-ті.

3. 6-н балдақ қол сәні,

Әшекей т10 сәні

Сергіту сәті

Аппақ болып қар жауып,

Түтін тіке шығады.

Қалған құстар қанатын,

Самғап биік ұшады.

Балалар, қыс мезгілі несімен көрікті?(қармен, аязбен, боранмен,сырғанағымен, шана-шаңғысымен т.б.)

Тақтамен жұмыс

4-слайд

Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастырып жаздыру

Бұл сөйлемдер жай сөйлемнің қай түріне жатады?

1. Мұз, айдынына, келді, балалар.

2. Мұнда, келген, алғаш,еді, Айжан.

3. Коньки, тебе, алмайды, өздігінен, әлі, ол.

4. Көмектесті, оған, достары.

5-слайд

Шығармашылық жұмыс

Берілген тірек сөздерді пайдаланып, өлең шумағын құрастыру.Жекелей немесе жұппен жасауға болады.Соңынан сәтті шығарылған өлеңді мадақтау

(қыс, қар, сырғанақ, балалар, борайды, сүйретіп, зуылдап т.б.)

Қорытынды:

Критерии бойынша бағалау

Үйге тапсырма : 80-жаттығу. Қосымша «Қыс қызығы» шағын әңгіме жазу.

© 2010-2022