Акробатикалық жаттығулар 4 сынып

Раздел Физкультура
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Акробатикалық жаттығулар

Сабақтың мақсаты: Икемділікке, ептілікке, шеберлікке баулу.

Керекті құрал - жабдықтар: Ысқырғыш,төсеніштер

Өтетін орны: Спорт зал

Кіріспе бөлім. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Кезекші баяндауы. Сәлемдесу. Тексеру. Төменгі жылдамдықта арақашықтық сақтай отырып жүгіру. Жүгіру кезінде жаттығулар жасау. Біртіндеп жүріске көшу. Сергіту жаттығулары.

Негізгі бөлім. Акробатиклық жаттығулар. Ең негізгілері алға, артқа домалау, жауырынмен тұру, басқа қолдың көмегімен үш бұрыш жасап тұру, қолмен тұру, оң және сол қапталмен шеңбер жасап айналу. Басты тіремей қолмен тұру бұл жаттығуды орындауда қабырғаны пайдалануға болады. Жауырынға тұру үшін қолды шынтақтан бүгіп, жауырынның төменгі жағынан тірейміз, аяқты тізеден бүкпей жоғары көтереміз. Осы қалыпта тұрып аяқты бүгу, бір-бірінен алшақ ұстау, бір аяқты артқа, бір аяқты алға жіберіп, қайшылау сияқты жаттығуларды жасауға болады.

Қорытынды бөлім. Оқушыларды сапқа тұрғызу, көңіл күйлеріне назар аудару. Жаттығуды жақсы орындаған оқушыларды атап өту.

Үйге тапсырма: Алға, артқа домалау



© 2010-2022