«МИФ казино» интеллектуалдық сайыс (9 сынып)

Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «МИФ казино» интеллектуалдық сайыс

Мақсаты:

1.Оқушылардың МИФ пәндерінен алған білімдерін жинақтап, жүйелеу;

2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, танымдық қабілетін дамыту;

3.Оқушыларды өздігінен ізденуге, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақ типі: сыныптан тыс сабақ

Әдіс-тәсілдер: сайыс, топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс: математика, физика, информатика

Көрнекілігі: слайд, сұрақтар, 100,200,500,1000,2000,5000,10000 теңге номиналдары

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

А.барлық құрал -жабдықтардың бар болуын қамтамасыз ету;

Ә. Топтың құрамының толық болуына назар аудар.

ІІ. Негізігі бөлім:

Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады, -деп дарынды.

Халық айтса қалт айтпайды.

Әрқашанда нанымды деп, - Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс, ойын.

2-бастаушы: Сәлеметсіздерме оқушылар,

Нақты ғылымға қызығушылар,

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.

1-бастаушы:Сәлеметсіздерме ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдап,

Сіз оқытқан оқушылардың,

Сәті келді сыналар.

2-бастаушы: «МИФ казино» интеллектуалдық ойынымыздың шартымен таныстырып өтейін.Үш команданың топбасшысы өз командаларымен ақылдасып барып, бір шешімге келгеннен кейін ғана, тек топбасшысы ғана ставканы айтады. Ставка қабылданғаннан кейін ғана сұрақ оқылады. Сұрақтың жауабын команда мүшелері бірігіп, ақылдасып, дұрыс жауабын қағазға жазады.Оның дұрыс, дұрыс еместігін тексерген мұғалім алған ұпайларын қойған ставкалары бойынша алдыңғы ұпайға қосады, не азайтады. Бірінші сұраққа әр командаға 100 теңге қарызға қойылады. Келесі қойылған ставкадан 100 теңге шегеріледі.

1-бастаушы: «Математика-ғылымдардың патшасы.Оның ғашығы-шындық, оның үлгісі-қарапайымдылық пен айқындық.Бұл әміршінің сарайы сан алуан шырмауықтармен шырмалған, оған жету үшін олардың арасынан жол табу керек. Кездейсоқ жолаушы бұл сарайдың қызығатындай ешнәрсе көре алмайды, оның әсемдігін тек шындықты сүйетін, қиындықпен күресте шыңдалған, саналылар ғана көре алады» Снядейкий Ян.

2-бастаушы:Білімнің тұңғиығын ойлайтұғын,

Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.

Ғылымдар патшасы боп дараланып,

Математика-қызыққа тоймайтұғын -дей келе, математика пәнінен сұрақтарына жауап береміз.

  1. Ешқандай арифметикалық амал қолданбай 666 санын 1,5 есе арттыр(төңкеру керек 999)

  2. Римше С әріпі қандай санды білдіреді? (100)

  3. Өзінің ашқан теоремасына 100 өгіз сойып тойлаған математик кім? (Пифагор)

Теорема тауып жаңа сызған құмнан,

Ақыл-ойын ғажайып нұрландырған.

Пифагор риза болып бір құдайға,

Жүз өгіз сойып сонда құрбан қылған.

Мал болып жаралғанға өкінетін,

Құдайға құлшылық қып өтінетін.

Тағы біреу жаңалық таба ма деп,

Өгіз содан болыпты өкіретін.

  1. Қарама-қарсы қабырғалары қос -қостан паралелль болатын төртбұрыш(параллелограмм)

  2. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді ( диагональ)

  3. Төртбұрыштың төбесі мен қарсы қабырғаларының ортасын қосатын кесінді (медиана)

  4. Столдың төртбұрышы бар, егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)

  5. Үш түйеқұс ұшып келе жатыр. Аңшы олардың біреуін атып алады. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)

  6. 4 пен 5 арасына қандай таңба қойғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады (үтір)

  7. Дұрыс үшбұрыштың әрбір бұрышы қанша градусан? (60°)

«Информатика-екінші сауаттылық»

Информатика пәнінен сұрақтар

  1. Компьютердің миы, ақыл-ойы, жүрегі (процессор)

  2. Компьютер жанына қойылатын өсімдік (кактус)

  3. 1байтта неше бит бар (8 бит)

  4. Морзе тілі қанша символдан тұрады?(«- », «*»)

  5. Компьютерде өңделетін ақпарат қандай тілде беріледі? (Екілік кодта)

  6. Ашылған тілінде «компьютер» сөзінің мағынасы қандай? (есептеуіш)

  7. Есептеуіш машинаға ең алғаш программа жазған адам (Ада Лавлейс)

  8. Жол мен баған қиылысқанда нені береді? (ұяшық)

  9. 4 кбайт неге тең? (4096 байт)

  10. Алғашқы ЭЕМ қалай аталады? (эниак)

Физика құрметтеуге лайық,

Дүниеде құбылыстың мәнінде,

Табиғаттағы қозғалыстың бәрінде.

Мүмкін емес физикасыз түсіну,

Физика - дүние кілті бүгінде.

  1. Адам жүгіргенде көлеңкесінен тез жүгіруі мүмкін бе?(мүмкін, егер көлеңке қабырғаға түссе және адам ған параллель қозғалу керек, жарық көзі адамның алдынан түсуі керек)

  2. Неліктен су ақтан дмқыл шұлықты шешу қиын?(аяқ су болған кезде дымқыл шұлық аяққа жабысады, олардың молекулаларының арасындағы өзара тартылыс күші көбейеді)

  3. Ұлы телефонды ойлап тапқан физик-ғалым кім? (Жорес Алферов орыс ғалымы)

  4. Ақ жарықтың жіктелуі қалай аталады?( спектр)

  5. Еркін түсу үдеуінің мәні мен өлшем бірлігі ?

  6. Лампа ішіндегі сым қандай металлдан жасалған? ( вольфрам)

  7. Ең үлкен планета (Юпитер)

  8. Өзін шауып өлтіргелі келе жатқан солдатқа: «Сәл кідіре тұр, сызбамды сызып аяқтап алайын» деп айтқан ғалым (Архимед)

  9. Физиктер «... заңын білмесең үйде отыр» деген сөзді қай ғалым жайлы айтқан? (Ом)

  10. 16 жасымда математика жөнінде кітап жазған, ал 19 жасында майда тістер мен дөңгелектерден тұратын машинаны ойлап тапқан ғалым (Паскаль)

1-бастаушы: Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады,

Кеш қызығын талай адам тыңдады.

Тәжірибелер тәлімі мол әсері,

Болса егер көңіл жақын тыңдады.

2-бастаушы: Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендерге көп рахмет!

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет!

1-бастаушы: Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау-дей келе осымен сайысымызды ақтаймыз. Қош сау болыңыздар!



© 2010-2022