• Преподавателю
  • Физика
  • Электролит ерітінділеріндегі электр тогы. Электролиздің қолданылуы. Электролиз заңы

Электролит ерітінділеріндегі электр тогы. Электролиздің қолданылуы. Электролиз заңы

Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: §46. Электролит ерітінділеріндегі электр тогы.Электролиздің

қолданылуы.

§47. Электролиз заңы.

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік. Әртүрлі мысал тәжірибелер арқылы электролит

ерітінділеріндегі электр тогын түсіндіру арқылы электролиз

заңын, физикалық формуласын қорытып шығару.

2) Дамытушылық: Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын,

формуламен есептер шығаруға, құрал-жабдықтармен жұмыс

істеуге белсенділігін арттыру. Теориялық білімін

практикамен ұштастыру.

3) Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, өз бетінше еңбектенуге

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың оқу әдістері: Оқу технологияларының түрлері, тез ойлануға үйрету.

Пәнаралық байланысы: Химия пәні.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, кесте, компьютер, графопроектор, деңгейлік

тапсырмалар, электрондық оқулық, физикалық құралдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

1.Оқушылармен сәлемдесу;

2. Оқушылардың сабаққа қатысын, сабақ құралдарын тексеру;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Үйге қандай тапсырма берілді?

  2. І-деңгей сұрақтары:

  1. Электр тогы дегеніміз не?

  2. Металдардағы электр тогын тасымалдайтын бөлшектер қалай аталады?

  3. Металдардағы электр тогы дегеніміз не?

  4. Электронның заряды қандай?

ІІ-деңгей сұрақтары:

Берілген физикалық шамалардың аталуын, өлшем бірлігін, қандай шама екендігін, өлшеу құралын түсіндіру.

I, U, R, P.

III- деңгей сұрақтары:

  1. Әдеттегі жағдайда металдың электр бейтарап екенін қалай түсіндіруге болады?

  2. Металдардағы электр тогы электрондардың қозғалысынан туатынын дәлелдейтін тәжірибені сипаттаңдар.

  3. Үй тапсырмасын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Металдардағы электр тогы - еркін электрондардың реттелген қозғалысы екенін біз өткен сабағымыздан білеміз. Ал, сұйық өткізгіштер -электролиттердегі электр тогының табиғаты металдарға қарағанда өзгеше.

Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса, металдардың балқыламаларыэлектролиттердеп аталады.

Электролиттер электр тогын жақсы өткізетіндерге жатады.

Егер электролит ерітіндісінде электр өрісін тудырса не болады?

Көптеген заттардың молекулалары өзара тарту күшімен біріккен оң және теріс иондардан тұрады.

Суда иондар арасындағы өзара тарту күші азаяды. Молекула иондарға ыдырайды. Бұл процесс электролиттік диссоциация деп аталады.

Электролит ерітінділеріндегі электр тогы. Электролиздің қолданылуы. Электролиз заңы.

Әдетте, электролиттерде әр аттас иондардың молекулаға бірігуі сияқты кері процесс те жүреді. Бұл процессрекомбинациядеп аталады. Ерітіндіде диссоциация мен рекомбинация бірін-бірі теңестіріп тұрады. Электр өрісі жоқ ерітіндідегі иондар ретсіз қозғалады.

Электролиттегі электр тогы дегеніміз -оң және теріс иондардың қарама-қарсы бағыттағы реттелген қозғалысы.

Электролит арқылы электр тогы өткенде электродтарда зат бөліну процесі электролиз деп аталады.

Электролиздің кейбір белгілі техникалық қолданылуына мысалдар келтірейік.

  • Гальваникалық элементтер.

  • Аккумуляторлар.

  • Гальванопластика.

  • Гальваностегия.

Сонымен тұз, қышқыл және сілті ерітінділері арқылы ток өткенде электродтарда зат бөліну құбылысын электролиз деп атайды.

Әртүрлі электролиттерден түрліше токтарды өткізіп және соның барысында электродта бөлінген зат массасын нақты өлшей отырып, ағылшын физигі М. Фарадей 1832 жылы эксперимент жүзінде мынадай заңдылықты ашты:

Электролиз кезінде электродта бөлінген заттың массасы электролит арқылы өткен электр (заряд) мөлшеріне пропорционал.Бұл заң Фарадей заңы деп аталады.

m=kq немесеm=kIt,

Электролит ерітінділеріндегі электр тогы. Электролиздің қолданылуы. Электролиз заңы.

IV. Бекіту

Бекіту сұрақтары.

  1. Қандай процесті электролиз дейді

  2. Электролиттік диссоциация дегеніміз не? Рекомбинация ше?

  3. Электролиттегі электр тогы дегеніміз не?

  4. Техникада электролизді қолдануға мысал келтіріңдер.

Есептер шығару.

23-жаттығу №5 есеп.

Электролит ерітінділеріндегі электр тогы. Электролиздің қолданылуы. Электролиз заңы.

Ойлан тап! «Фарадей» сөз жұмбағы.

  1. Қыздыру шамдарының қылдарына қандай сымдарды қолданады?

  2. Теріс зарядталған электрод.

  3. Электролит арқылы электр тогы өткенде, электродтағы эат бөліну процесі не деп аталады?

  4. Ток күшінің өлшем бірлігі?

  5. Оң зарядталған электрод.

  6. Электр тогын өткізбейтіндерді не деп атайды?

  7. Заттың күйі.

1

В

о

л

ь

Ф

р

а

м


2

к

А

т

о

д

3

э

Л

е

к

т

Р

о

л

и

з


4

А

м

п

е

р

5

а

н

о

Д


6

Д

и

э

л

Е

к

т

р

и

к

7

с

ұ

Й

ы

қ


V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

§46, §47. 23-жаттығу №4 есеп.



© 2010-2022