Дененің жүзу шарттары физика 7 сынып

                Сабақтың тақырыбы: «Дененің жүзу шарттары»                                                                        Құрастырған: М.Жұмабаев ауданы                                                     №4 Булаев орта мектебінің физика                                                     пәнінің мұғалімі: Бекишщева А.Ж.                                     Петропавл Сабақтың мақсаты: табиғи және жасанды құбылыстардың ғылыми негіздерін дененің жүзу шарттарын түсіндіруде айқындау.   Саба...
Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Сабақтың тақырыбы: «Дененің жүзу шарттары»



Құрастырған: М.Жұмабаев ауданы

№4 Булаев орта мектебінің физика

пәнінің мұғалімі: Бекишщева А.Ж.















Петропавл

Сабақтың мақсаты: табиғи және жасанды құбылыстардың ғылыми негіздерін дененің жүзу шарттарын түсіндіруде айқындау.

Сабақтың міндеттері: 1)Білімділік: денелердің жүзу шарттарын және дене тығызыздығының сұйықтың тығыздығына байланысын анықтау.

2) Дамытушылық: өзіндік көзқарасын танытып, пікір айтуға жаттықтыру, есеп шығаруда теорияны қолдана білуге, ерекшелігін анықтауға үйрету.

3) Тәрбиелік: шапшаңдыққа, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.


Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ.

Сабақтың әдісі: өз бетімен жұмыс жасау арқылы, проблемалық сұрақтар қою арқылы әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық , интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу, сабақ мақсатын айту, зейіндерін сабаққа аудару.

-Балалар, бүгінгі сабағымызда саяхатқа шығамыз. Қазір Сиракуз қаласынан кемеге отырып, физикалық білім мұхиты бойымен «Эврика» аралына сапарға аттанамыз. Бірақ сендердің алдарыңнан бірнеше бөгеттер шығады. Сондықтан , бұл бөгеттерден өту үшін сендер тез ойланып, дұрыс жауап берулерің қажет. Ең алдымен, кемеге кіру үшін рұқсат қағаз алуларың керек. Ол үшін мына сұрақтарға толық жауап беріп, кемеге отыруға рұқсат аласыңдар.

1-кезең.

-Қазір сендер өз кемелеріңе шығасыңдар. Онда сендерді капитан, команда мүшелері, жас юнгалар қарсы алады. Бірақ, команда мүшелері бір-бірімен араласып кеткен. Біздің міндетіміз - теңізшілер арасында тәртіп орнату, барлық физикалық шамаоарды байланыстыратын формулалар жазу.

P , F, FA , S, g, V, m, h, ρ

Осы физикалық шамалардың өлшем бірліктерін атаңдар.


2-кезең.

-Тәртіп орнады, кеме якорын көтрді, жолға шығамыз. Жол ұзақ, кемеде көптеген жабдықтар бар екен. Олардың ішінде мынадай құралдар бар: барометр, манометр, альтиметрлер.

Бұлар қандай құралдар? Олардың құрылысын, жұмыс істеу принципін айтып бер.

3-кезең.

Денелердің жүзу шарттары. Дәптермен жұмыс.

Мәтін. Демонстрация.

Шарттарды тексеру.

Егер дене сұйық бетінде жүзіп жүрсе, ненің сұйыққа батқан бөлігінің көлемі сұйық пен дене материалы тығыздықтарының ара қатынасына байланысты болады.

Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығына қарағанда неғұрлым аз болса, оның сұйыққа соғұрлым аз бөлігі батады.

Мысал: Дене материалының тығыздығы сұйық тығыздығына жақын болса, дененің көбірек бөлігі сұйық ішінде болады. Мысалы, мұздың тығыздығы 900 кг/м3 , ал судың ты, ал судың тығыздығы 1000 кг/м3.

Бұдан Vбб=900/1000Vд=0,9 Vд, мұздың оннан тоғыз бөліігі су ішінде болады.

4-кезең.

Қараңғы түсті, дауыл көтерілді. Тек теңіз толқынның дауысы естіледі. Көмекке келетін ешкім жоқ.

Жан-жаққа шашылған мына сандар нені білдіретінін табайық:

105, 760, 133,3

Жол ашылды, бірақ та кемені қарақшылар қоршап алды. Бұл қоршаудан шығу үшін қарақшылардың қойған шарттарын орындау керек.

5-кезең.

155-бет. 30-жаттығу. №3 есеп.

Берілгені: массасы 100 кг, көлемі 0,2 м3 дене суат бетінде жүзіп жүре ме, әлде батып кете ?

Қоршаудан шығып, «Эврика» аралына қарай бағыт аламыз.


6-кезең.

Алдымызда тағы бөгет тұр. Егер осы бөгеттен өтсек, онда «Эврика» аралына жетеміз.

Эксперименттік тапсырма. 155-бет.

Кемеміз «Эврика» аралының жағасына жетті. Саяхат аяқталды.

Үйге тапсырма. 30-жаттығу (2,4), §56. 1-4 сұрақтар.

© 2010-2022