Жылу құбылысына есептер шығару

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

23- САБАҚ: Есептер шығару.

24-сабақ. Тексеру және тесттік жұмыс

МЕКТЕП: Шымкент қаласындағы «химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі»

Күні: 06 -11 .10.2014ж

Мұғалімнің аты-жөні: Маханбетов А

Сыныбы: 8 а,в,д,н сынып, ІІ топ

Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспағандар: жоқ

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары


ОМ1 С.

Заттың меншікті балқу жылуының меншікті булану жылуынан аз екендігін нақтырақ түсінуге есептер шығару

Сабақтың мақсаты

Түрлі деңгейдегі есеп шығаруды үйрену, оның ішінде жану жылудың, балудың, буланудың, мөлшердің формулаларын қолдана отырып

Сабақтың міндеттері

  • булану мен конденсация процесінде болатын процесті МКТ тұрғысынан білу.;

  • меншікті булану жылу мәнінің соншалықты көп болатынын білу.

  • Түрлі сұйықтың булануы түрліше болатынына көз жетізе алу;

  • Энергияның түрленуін процестерде қолдана білу

Тілдік мақсаттар

Жылулық тепе-теңдікке қатысатын .

Тілді дамытуға берілетін терминдер:

булану - испарение - evaporation

конденсация- конденсация - condensation

меншікті - удельная - specific

жылу - тепло -heat

Алдыңғы білім

жылу мөлшері, жылу сыйымдылық жану, балқу тақырыптарын меңгерген, формулаларын біледі. Процестегі жылу алмасуға мысал келтіре алады

Сабақ барысы

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Ресурстар

Басы

5 мин.

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Тесттік тапсырмалар.

Қосымша №1

5-10 мин.

Үй тапсырмасын тексеру

Жылулық құбылыстарға кесте құру.

Қосымша №2

Ортасы

10-30 мин

Жаңа сабақтың мазмұны:

Есептер шығару

Б.А.Кронгарт «Физика» есептер шығару

30-40 мин

Жаңа сабақты бекіту:

Жылу құбылыстар сырын ашатын мақал мәтелдер»

Қосымша №3

Басы

40-50мин

гейм. «Бой сергіту».

.

Қосымша №4

Ортасы

50-70мин

Есеп шығару.

Б.А.Кронгарт «Физика» есептер шығару

70-78 мин

Өзін өзі тексеру

Жауап парағы

Соңы

78-80 мин

Үй тапсырмасы № №25-30

Ж.О.Бақынов

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс. Денсаулық және қауіпсіздік ережелері. АКТ. Құндылықтармен байланыс.

Барлық оқушылар жылулық құбылыстың формуласымен есеп шығара алады.

Оқушылардың көпшілігі: орташа деңгейдегі есепті шығара алады.

Кейбір оқушылар:

деңгейі жоғары есептерді шығара алады

  • Есептің берілгенін дұрыс жазып, қажет формулаларды дұрыс таба білу;

  • Формула қорыта білу;

  • ХБЖ-ға келтіре алу;

  • Үлестік шамаларды білу;

  • Графигін жүргізе алу;

Қорытынды жасай алу.


Рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз t- мды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Оңды тұстар:




Кемшіліктер:



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен 2 тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай 2 нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?


Қосымша №1

1.Екі дене арасында болатын жылу алмасу кезіндегі жылулық тепе - теңдіктің орнауына негізделген әдіс:
А. Уақытты өлшеу әдісі
В. Көлемді өлшеу әдісі
С. Температураны өлшеу әдісі
Д. Қысымды өлшеу әдісі
2. Жылулық қозғалыстың толық теориясын қай жылы, кімдер жасады?
А. 1905 - 1906 жж. А. Эйнштейн мен М. Смолуховкий
В. 1903 - 1906 жж. А. Эйнштейн мен М. Ломоносов
С. 1905 - 1906 жж. А. Эйнштейн мен М. Ломоносов
Д. 1903 - 1906 жж. А. Эйнштейн мен М. Смолуховский
3. Химиялық энергия, атом энергиясы, ядроның ішкі энергиясы энергияның қай түріне жатады?
А. механикалық
В. потенциалдық
С. кинетикалық
Д. ішкі
4. Ішкі энергияның өзгерісіне мысал болатыны:
А. мыс кесегін балғамен бірнеше рет соғу
В. кеседегі шайға қант салу
С. оқушының сабаққа дайындалуы
Д. үстеу бетіне балғаны қою
5. Не себепті температурасы (- 780) құрғақ мұз кесегін алақанымызға ұстай аламыз?
А. сұйықтардың жылу өткізгіштігі нашар болғандықтан
В. газдардың жылу өткізгіштігі нашар болғандықтан
С. қатты денелердің жылу өткізгіштігі нашар болғандықтан
В. газдардың жылу өткізгіштігі жақсы болғандықтан
6. Атмосферадағы конвекциялық ағындардың пайда болуына мысал болатыны:
А. жауын-шашынның себелеуі
В. су құбырынан аққан су ағыны
С. қардың бетінде шаңғымен сырғанау
Д. желдің теңізден құрлыққа қарай соғуы және жағадан теңізге қарай соққан самалдың пайда болуы
7. Металл бөлшекті егеумен өңдесе қызады. Осы жағдайда металл бөлшекке белгілі бір жылу мөлшері берілді деп айтуға болама?
А. болмайды, себебі бөлшектің ішкі энергиясы жылу өткізгенде емес, жұмыс жасағанда ғана артады
В. болмайды, себебі бөлшектің ішкі энергиясы жылу өткізгенде артады
С. болады, себебі бөлшектің ішкі энергиясы жылу өткізгенде емес, жұмыс жасағанда ғана артады
Д. болады, себебі бөлшектің ішкі энергиясы жылу өткізгенде артады
8. Жану кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі жылу алмасу арқылы емес, отынмен байланысты болатын жылу...
А. физикалық құбылыстар есебімен жүреді
В. жылулық құбылыстар есебімен жүреді
С. химиялық құбылыстар есебімен жүреді
Д. механикалық құбылыстар есебімен жүреді
9. Массасы 5 кг бензин толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді (qбен=4, 6*107Дж/кг)
А. 23*105 Дж
В. 23*105 кДж
С. 2, 3*105 Дж
Д. 2, 3*105 кДж
10. Механикалық энергиямен ішкі энергияның қосындысын қандай энергия деп атайды?
А. толық энергия
В. механикалық
С. кинетикалық энергия
Д. потенциалдық

Қосымша №2

Заттың жылуын есептеу түрі

Қандай параметр тұрақты қалады

Қандай процес өтеді

1

Жылу мөлшері

меншікті

Қызу және суу

2

Жану жылуы

меншікті

жану

3

Балқу жылуы

Меншікті және температура

Балқу және кристалдану

4

Булану жылуы

Меншікті және температура

Кебу, булану, конденсация

Қосымша №3.

1. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.

Отты үрлеген кезде, отқа жаңадан таза ауа келеді де оттың жақсы жануына себепші болады.

2.Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды.

Қыста уйге от жаққанда пеш, самауыр жақсы жануы үшін түндікті ашып, салқын ауаның кіріп, ластанған жылы ауаны сыртқа айдатқан. Конвекция құбылысы салқын ауа ауыр болғандықтан төмен түседі де, қызған жеңіл ауаны жоғары айдайды, яғни түтін түзу шықпайды.

3.Нан піскенше күлше күйеді.

Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, соғұрлым оған аз жылу беру керек.

4.Тонның жылуы терісінен емес - жүнінен.

Жүніннің арасында ауа бар. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның қызуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне тигізбейді.

5-гейм. «Сиқырлы кубик»

1-ші кубикте : Қаз бен құр (Куропатка) және басқа құстар қыста қарда жүріп, аяқтары тонбайды. Ал біз неге қардың бетімен жалаң аяқ жүре алмаймыз?Жылу құбылысына есептер шығару

Жылу құбылысына есептер шығару

2-ші кубикте: Суреттегі иттің түріне қарап ауа райын анықтауға бола ма? Жауабыңды дәлелде.Жылу құбылысына есептер шығару

Жылу құбылысына есептер шығару




3-ші кубикте: Суретте қандай процесс көрсетілген?

Жылу құбылысына есептер шығару


4-ші кубикте: Бұл қай кезде?

Жылу құбылысына есептер шығаруЖылу құбылысына есептер шығару


5-ші кубикте: Графикте нафталин температурасының өзгерісі көрсетілген.Жылу құбылысына есептер шығару

  1. ВС кесіндіде нафталин қандай процесске сәйкес келеді?

  2. Сұйық нафталиннің қыздыру процессі қанша уақыт жүрді?

  3. Нафталинді қандай температураға дейін қыздырды?

  4. В нүктесінде ме әлде Д нүктесінде ме нафталиннің ішкі энергиясы артық?

Жылу құбылысына есептер шығару

6-ші кубикте: Суретте қалайының өзгеру температурасы көрсетілген.

  1. АВ, ВС және СД бөліктерінде қалайының температурасы қалай өзгереді?

  2. Осы бөліктерде қалайының ішкі энергиясы қандай?

  3. Графиктегі ВС кесіндісі қалайының қандай күйіне сәйкес келеді?



Қосымша №4.

1 Жылу берілудің түрлері (жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену)

2. Кондесация кезінде дененің ішкі энергиясы қалай өзгереді?(Төмендейді)

3 Сұйықтың кебу жылдамдығы неге байланысты? (сұйық бетінің ауданына, тегіне, температурасына)

4. Егер су құйылған стақанды жылы бөлмеден температурасы 00С болатын басқа бөлмеге ауыстырса, ондағы су булана ма? (Ия)

5. Молекулалардың ретсіз қозғалысы (жылулық қозғалыс)

6. Сұйықтың барлық көлемінде жүретін булану (қайнау)

7. Неге қыстың аязында адамның сақал мұртына қырау қатады? (Бу конденсацияланады, содан кейін кристалданады.)

8. Ылғалдылықты өлшейтін құрал (психрометр)

9. Табиғаттағы ең төменгі шектік температура -273 0С-қа тең, ол не деп аталады? (температураның абсолют нөлі)

10. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын бу (қанықпаған бу)

11. Бір стақанда ыстық және екіншісінде суық су бар. Осы екі стақандағы сулардың ішкі энергиялары бірдей ма?(Бірдей емес)

12. Температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын құрал (термометр)

13. Сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналуға қажетті жылу (меншікті булану жылуы)

14. Өзінің сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу (қаныққан бу)

15. Салмақсыздық кезінде жылу беріле ме? (Жоқ)

16. Булану деп нені айтады?(Сұйықтың буға айналуы)

17. Жылу өткізгіштігіне қарай заттар нешеге бөлінеді? (нашар, жақсы өткізгіштер, диэлектриктер)

18. Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулаларының аралағына ену құбылысы (диффузия)

19. Аяздан жылы бөлмеге кірген адамның көзілдірлігі неге терлейді? (Ылғалдылық жоғары болғандықтан)

20. Қатты денелерде және вакуумде конвекция процессі жүрмейді. Неліктен? (Жылу ағын арқылы беріледі )


© 2010-2022