План урока по физики Физикалық эксперимент (7 класс)

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: А. Иманбердиев.

Күні: 14.09.13

Сыныбы: 7

Пәні:физика

Сабақтың аты

§ 8 Физикалық эксперимент

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Физикалық эксперимент жайлы мағлұмат беру

  • Физикалық эксперимент әдісін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету

  • Топта бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

  • Физикалық эксперимент жайлы мағлұмат алады

  • Физикалық эксперимент әдісін күнделікті өмірде қолдануға үйренеді

  • Топта бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Эксперимент физикалық құбылыстар мен ғылыми болжамдарды және теорияларды тәжірбиеде тексереді. Сонымен қатар ол жаңа физикалық заңдарды ашуда да кең қолданылады. Оған физиканы оқу барысында көз жеткізуге болады. Мәселен оқулықта қарастырылған Гук заңы, Архимед заңы эксперимент жүзінде дәлелденген.

План урока по физики Физикалық эксперимент (7 класс)

Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Жигсо»

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс

Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  1. Сәлемдесу

  2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

  3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)

  1. Табиғатты зерттеудің мәні неде?

  2. Табиғатты зерттеуге қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болады?

  3. Гипотеза дегенді қалай түсінесің?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Эксперимент сөзінің мәні неде?

  2. Физикалық құбылыстарды ашуда қандай тәсіл тиімді деп ойлайсындар?

  3. Гук заңы неге байлансты берілген деп ойлайсыздар?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу


2

Міндетін атқару


3

Топтық жұмысқа атсалысуы


Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

ҮПлан урока по физики Физикалық эксперимент (7 класс). Жұптық жұмыс (5 минут)

Берілген суретті түсіндіру






Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

V. сергіту сәті (3 минут) (видео)

VІ. Топтық жұмыс «жалғасын тап» (10 минут)

  1. Гук заңын эксперимент жүзінде дәлелдеу

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар

№1 кестені дәптерге түсіру

Кейінгі оқу

§8 Физикалық эксперимент


© 2010-2022