Открытый урок по физике на тему Механические колебания и волны 9 класс

Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар

Сынып: 9а

Мұғалім: А.Арынова

Пәні: физика

Сабақтың тақырыбы:

Тербелістер мен толқындар тарауын қайталау

Оқытудың негізгі мақсаттары

Оқушылардың толқындар тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеп, практикада қолдандыра білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар алған білімдерін еркін пайдалана алады, өзіне деген сенімділік пайда болады.

Негізгі дереккөздер

-оқулық;

-ғаламтор;

-кеспе қағаздары;

-АКТ;

-стикер, смайликтер.

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

2 мин

- сәлемдесу;

-сыныптың тазалығына назар аудару;

- жоқ оқушыларды түгендеу. Оқушылардан туағн күндері сұралады.

- сәлемдеседі;

- жоқ оқушыларды айтады.

- оқушылар туған мезгілдеріне байланысты 4 топқа бөлініп отырады.

Үйтапсырмасын сұрау

5 мин

Сұрақ-жауап әдісі арқылы, тақтаға шеңбер сызылған плакат ілінеді, оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап беру арқылы аспан сферасының негізгі бөліктерін сызуы керек.

  1. Бұрыштық қашықтық деген не?

  2. Зенит пен надир нүктесін қосатын түзу қалай аталады?

  3. Математикалық немесе нақты көкжиек жазықтығы қайда орналасады?

  4. Сағат тілінің айналуына кері болатын процесс қалай аталады және оған қарсы полюс?

  5. Аспан меридианы көкжиекпен қай нүктелерде қиылысады?

  6. Жер бетінде оңтүстік-солтүстік бағытты беретін сызық?

  7. Аспан сферасының орталық нүктесі арқылы өтетін жазықтық?

  8. Аспан экваторы көкжиекпен қай нүктелерде қиылысады?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Тақтаға оқушылар мұғалім тапсырмасын орындайды.

Категориялық топтастыру

15 мин

Мұғалім төрт топқада тапсырма береді. Топ мүшелерінің тапсырманы орындауына қарай мұғалім оларды бағалайды.

Оқушылар механикалық және электромагниттік тербелістер мен толқындар тақырыбына категориялық топтастыру жұмысын орындап, постерлерін орындап шығады.

Сергіту сәті

2 мин

Мұғалім 4 топқа «Межеге тигіз» тапсырмасын береді.
1. Тербелісті сипаттайтын шамалар (3-период, жиілік, амплитуда)
2. Үлкен жиілікті элмг толқындарды ата (3- ультракүлгін, рентген, гамма)
3. Маятниктің неше түрі бар? (2-серіппелі және математикалық).
4. Тербелістің неше түрі бар? (2-еркін және еріксіз).
5. Толқынның неше түрі бар? (2-қума және көлденең).
6. Дыбыстың негізгі сипаттамалары (3- қаттылығы, тоны, тембрі)

Топ мүшелері мұғалім сұрағына жауап беру арқылы межеге дәлдейді. Олар әрі сұраққа жауап береді, әрі сергіп қалады. Топ басшысы оқушылардың бағысын жазып есептеп отырады.

Зерек болсаң, шешіп көр

15 мин

Бұл кезеңде оқушыларға деңгейлік есептер беріледі.

А-деңгей- 5 ұпай

1. Серіппеде тербеліп тұрған жүк 8 с ішінде 32 тербеліс жасады. Тербелістің периодын және жиілігін анықта.

2. Масаның қанат қағу тербеліс жиілігі 600 Гц. 1 мин ішінде маса қанша қанат қағады?

В-деңгей 10 ұпай

1. Жиілігі 510 Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340 м/сжылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығын табыңдар.

2. Тербелмелі контур сыйымдылығы 250 нФ конденсатордан және индуктивтілігі 10 мГн катушкадан тұрады. Еркін тербелістердің периодын анықта.

С-деңгей 15 ұпай

1. Қатаңдығы 400 Н/м серіппеге бекітілген массасы 0,64 кг жүк, тепе теңдіктен 1 м/с жылдамдықпен өту үшін, оны тепе-теңдік күйден қандай арақашықтыққа ауытқыту қажет?

2. Ұзындығы 80 см маятник 1 мин ішінде 30 тербеліс жасаса, рқушы еркін түсу үдеуінің қандай мәнін шығарып алады?

Оқушылар өз деңгейіне сәйкес есептерге шығып, өз тобына ұпай алып береді.

Үйге тапсырма

2 мин

Тербелістер мен толқындар тарауына тест құрастыру.

Бағалау

2 мин

Лидердің топ мүшелеріне қойған бағаларын қояды. Өзі 4 топтың лидерін бағалайды.

Әр топ лидері өз тобының мүшелерін смайликтер арқылы бағалап отырып, соңында жиынтық бағаны шығарады.

Рефлексия

2 мин

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Бүгін қандай өзгеріс байқадың?

Оқушылар қойылған сұрақтарға стикерлерге жауап жазып тақтаға іледі.


© 2010-2022