Физикадан Куататты сабақ жоспары

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 23.02.2016ж

Пәні: Физика

Сыныбы: 7 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: Қуат.
Мақсаты:
Білімділік: Қуаттың анықтамасын түсіндіру, формуласын қорыту және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенді жұмыс жасау қаблеттерін дамыту, білім деңгейлерін тереңдету, техникалық құралдарды пайдалану арқылы қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың өту әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, таблицамен жұмыс, тест т. б.

Сабақта қолданылатын технологиялар: ынтымақтастық, Шаталовтың тірек-сызба технологиясының әдістері қолданылады.
Сабақтың көрнекіліктері: таблицалар, ғаламшарлар суреттері
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту тапсырмалары
5. Қорытынды
6. Үйге тапсырма Бағалау
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, оқушыларды тугендеу, кластың сабаққа дайындығы, класс тазалығы т. б.
Психологиялық тренинг.(оқушылар бір - біріне жақсы тілектер сыйлайды)
Біз бүгінгі сабағымызда әуе кеңістігінде физика әлемін шарлаймыз, ғаламшарларға саяхатқа шығамыз. Ғаламшарлардың аттарын атаңдар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон. Зымыранды Қазақстандағы ғарыш айлағы Байқоңырдан ұшырамыз. Зымыранды іске қосу үшін төрт алау отына жазылған сұрақтарға жауап береміз.
1. Паскаль заңы қалай аталады?
2. Архимед заңы қалай тұжырымдалады?
3. Қалыпты атмосфералық қысым дегеніміз не?
4. Беттік керілу күші деген не?
Олай болса, алаудың сұрақтарына жауап берсек зымыран көтеріліп бірінші ғаламшарға барады.
1 - ғаламшар: Меркурий - Күнге жақын орналасқан, өте баяу айналады. Қазақша аты Болпан немесе кіші Шолпан. Меркурий ғаламшары үй тапсырмасын сұрайды. Үй тапсырмасын тест арқылы тексереміз.
1. Механикалық жұмыстың формуласын тап.
A=V*S
A=F*S
A=V*t
A=F*t
2. Жұмыстың өлшем бірлігі қалай аталады?
Джоуль
Ньютон
Паскаль
Метр
3. 1 мкДж - да қанша джоуль бар?
106 Дж
10 - 5 Дж
10 - 6 Дж
105 Дж
4. Механикалық жұмысты қандай әріппен белгілейді?
F
P
V
A
5. Механикалық жұмыстың қай анықтамасы дұрыс
Дене орын ауыстырғанда күштің атқарған жұмысы
Ауырлық күші әрекет ететін дененің жұмысы
Күштің орын ауыстырғанда атқарған жұмысы
Дененің уақыт бірлігінде өткен жолы
Әрбір ғаламшар бізге әдемі сөздерді сыйға тартып отырады. Меркурий ғаламшары бізге «Тәуелсіз» сөзін сыйға тартты.
2 - ғаламшар: Шолпан - барлық планеталар айналатын жаққа кері бағытта айналады. Ең жарық ғаламшар. Шолпан ғаламшары мынадай сөзжұмбақты шешуді сұрайды. Оқушылар сөзжұмбақты шешеді. Ерекше торкөзден қуат деген сөз шығады. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қуат деп оқушыларға хабарлаймын.
1. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама.
2. F= kx қандай заңның формуласы?
3. Дене пішінінің немесе өлшемінің өзгеруі
4. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал
қысым
гук
деформация
барометр
A=F*S V=S/t N=F*S/t=F*V Nорт=A/t
1Вт=1Дж/1с
1кВт=1000 Вт=103 Вт
1мВт=0, 001 Вт=10 - 3 Вт
1мкВт=0, 000001 Вт=10 - 6 Вт
Шолпан ғаламшары бізге «ел» сөзін сыйға тартты.

Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама қуат деп аталады.
Қуат N әрпімен белгіленеді.
Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек:
Қуат=жұмыс/уақыт немесе N=A/t
Мұндағы, N - қуат; A - атқарылған жұмыс; t - жұмыс істеуге керткен уақыт.
Қуат деп жұмыстың сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа қатынасын айтады. Қуат белгілі болса, белгілі бір уақыт аралығында жасалатын жұмысты да тауып алуға болады: A=N∙t
Қуатты өлшеудің бірлігіне 1 секундта істелетін 1 джоуль жұмыс алынады. Қуаттың мұндай өлшем бірлігін бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ғалымы Джеймс Уаттың құрметіне Ватт деп айтады.
[N]=1Вт=(1 Дж)/1с
(оқушыларға Уаттың суреті көрсетіліп, мәлімет беріледі).
Қуат әртүрлі машиналар мен механизмдердің мінездемесі болып табылады. Оның мәндері де әртүрлі болып келеді. Мысалы, адамның қалыпты жұмыс жасағандағы қуаты 70-80 Вт; ал жүрегінің қуаты 2,2 Вт; ғарыш зымыранының қуаты миллион киловатт болуы мүмкін.
(оқушыларға әртүрлі техникалық құралдарды көрсетіп, олардың қуаттарын салыстыру).
3 - ғаламшар: Марс - жерден екі есе кіші. Қазақша аты - Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз. Күнді 687 тәулікте айналып өтеді. Оның тапсырмасы оқулықпен жұмыс. 36 - жаттығу. № 2
Бер: N=30 Вт N=A/t A= N× t
t=10мин = 600с
A=? А= 30 Вт × 600 с = 18000 Дж = 18 кДж
Марс ғаламшары бізге «тірегі» сөзін сыйлады.
4 - ғаламшар: Юпитер - алып планета. Қазақша аты - Есекқырған. Шолпаннан кейінгі екінші жарық планета. Оның тапсырмасы деңгейлік тапсырма.
1 - деңгей:
Массалары әр түрлі екі қыз бала баспалдақпен жарыса жүгіріп, үйдің үшінші қабатына бір мезгілде көтеріледі. Бұл жағдайда бірдей қуат өндіре ме?
Жауабы: Екі қыз баланың өндірген қуаты бірдей емес, себебі қуат уақытқа және жасалынған жұмысқа тәуелді.
2 - деңгей:
Әр түрлі қозғалтқыштардың қуаты артқан сайын жасалынған жұмыс көп өндіріле ме?
Жауабы: Қуат шамасы артқан сайын өндірілген жұмыста артады. Себебі қуат жұмысқа тура пропорционал.
Юпитер ғаламшары бізге «білімді» сөзін сыйға тартты.
5 - ғаламшар: Сатурн - жерден 9, 5 есе үлкен. Қазақша аты - Қоңырқай. Оның тапсырмасы кестемен жұмыс.
Рет
саны сұрақтар жауабы Дұрыс жауабы
1Қуаттың қай анықтамасы дұрыс?
Көлем бірлігіндегі бөлшектер саны
Көлем бірлігіндегі зат массасы
Жұмыстың орындалу жылдамдығы
Уақыт бірлігінде дененің өткен жолы
2. Қуатты қай формуламен есептеуге болады?
F= PgV
A= F* S
N= A/t
N= m/m0
3. Қуаттың негізгі өлшем бірлігі қандай?
Н
Па
Дж
Вт
Сатурн ғаламшары бізге «өнегелі» сөзін сыйға тартты.
6 - ғаламшар: Уран - Күнді 84 жылда айналып өтеді. Басқа планеталарға қарсы айналады. Уран ғаламшарының тапсырмасы Венн диаграммасын толтыру.
Уран ғаламшары бізге «дарынды» сөзін сыйға тартты.
7 - ғаламшар: Нептун - 1846 жылы телескоптың көмегімен табылды. Нептун ғаламшарының тапсырмасы үйге тапсырма береді.
Қуат. 36 - жаттығу. №4
Бер:
N= 600 Вт N=A/t A=N*t
S=200 м A=F*S
t=20 с F= A/S
F=? А=600 Вт × 20 с = 12000 Дж
Ғ=(12000 Дж)/(200 м) = 60 Н

Сабақты бекіту
Баламалы тест
Қуат жұмыстың сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа қатынасына тең бола ма? Иә/жоқ
МДж қуаттың өлшем бірлігі бола ала ма? Иә/жоқ
Жұмыс пен уақыт мәлім болса, қуатты есептей аламыз ба? Иә/жоқ
8 - ғаламшар: Плутон - ергежейлі планета. Клайд Томбо 1930 жылы 18 - ақпанда ашты. Плутон ғаламшарының тапсырмасы барлық ұпайларды санау. Бұл ғаламшар бізге «ұрпақ» сөзін сыйға тартты. Соңында әр ғаламшардың тарту еткен сөздерін оқимыз. «Тәуелсіз ел тірегі - білімді, өнегелі, дарынды ұрпақ.» деген елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзі шығады.



© 2010-2022