7-сынып физикадан сабақ жоспары. Масса

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7-сынып физикадан сабақ жоспары. Масса7-сынып физикадан сабақ жоспары. МассаФизика -7

Сабақтың тақырыбы: Денелердің өзара әрекеттесуі. Масса

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Тәжірибеде денелер әсерлескенде жылдамдықтары қалай өзгеретінін, Масса ұғымына түсінік беріп, бірліктері жайлы білім-білік дағдысын қалыптастыру

  2. Дамытушылық: жаңа тақырып бойынша алған білімін өздігінен кез- келген жағдайда пайдалана білуге үйрету. Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту, жүйелі түрде ойлауға, ізденуге бағыттау, білімге құштарлығын арттыру.

  3. Тәрбиелік: өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты екендігін көрсету. Оқушыларды еңбектене, іздене білуге баулу.

Сабақ түрі: жаңа материалды меңгерту

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: электронды оқулық, слайдтар.

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Пәнаралық байланыс: математика, тарих, технология.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Р. Башаров. «Физика және астрономия» 7 сынып

2. Қ. Жаңабергенов «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі»

3. В. Усова «Физикадан дидактикалық материалдар»

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау

ІҮ. Бекіту

Ү. Бағалау

ҮІ. Қорытынды.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу.

ә) Оқушылардың оқу құралдарын тексеру (бор, тақта, сүрткіш)

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Физикалық диктант

1. Материялық нүкте

2. Қозғалыс траекториясы

3. Орын ауыстыру

4. Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?

5. Жылдамдық

Топтастыру


Кеңістік Ортақ қасиеті Уақыт

ІІІ. Жаңа материалды баяндау.

Денелердің өзара әрекеттесуімен біз үнемі кездесіп отырамыз. Табиғатта басқа денелермен әрекеттеспейтін денелер жоқ. Оған кез-келген екі дененің соқтығысуы да, сондай-ақ бір-бірімен серіппе немесе жіп арқылы байланысқан денелердің әрекеттесуін айта аламыз. Денелердің бір-біріне әрекет етуі өзара әрекеттесуі болып табылады. Өзара әрекеттесу - күрделі құбылыс. Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шаманы масса деп атайды.

Екі дененің массаларының қатынасы олардың өзара әрекеттесуі кезінде тыныштық күйінен шыққанда алатын жылдамдықтарының қатынасына кері пропорционал болады:

Массасының өлшем бірліктері: килограмм, грамм, миллиграмм т.б.

Өлшейтін құрал - таразылар.

7-сынып физикадан сабақ жоспары. Масса7-сынып физикадан сабақ жоспары. Масса7-сынып физикадан сабақ жоспары. Масса7-сынып физикадан сабақ жоспары. Масса

IV.Бекіту

Тест жұмысы

1. Дененің массасын өлшейтін құрал

А) сызғыш В) секундомер С)таразы

2. ХБЖ-сінде массасының өлшем бірлігі

А) метр В) секунд С) килограмм

3. Денелердің өзара әрекеттесу кезіндеі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама не де аталады?

А) Масса В) Жылдамдық С) уақыт

4. 1г - да қанша кг бар

А) 0,01 кг В) 0,1 кг С)0,001кг

5. Төмендегі мысалдардан денелердің өзара әрекеттесуін көрсет

А) Бұтақтағы торғай В)Жолда тұрған автомобиль С) орындықта отырған оқушы

Д) аталғандардың барлығы

Есептер шығару. 11- жаттығу. №1, №2

• Массалардың төменде берілген мәндерін килограмм арқылы өрнектеңдер: теннис добы 25 г, футбол добы 400 г, автомобиль 1,45 т.

• Дене 100 г, 50 г, 10 г, 1 г жүктер жиынтығымен теңестіріледі. Дененің массасы қандай?

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ.Үйге тапсырма: §30, 31. Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. 11-4





Ашық сабақ


7-сынып физикадан сабақ жоспары. Масса

Тақырыбы: Денелердің өзара әрекеттесуі. Масса

7-сынып

Физика пәнінің мұғалімі: Дарменова Жанат





2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022