• Преподавателю
  • Физика
  • Физика сабағында жаңа технология элементтерін қолдану тақырыбындағы шығармашылық жұмысы

Физика сабағында жаңа технология элементтерін қолдану тақырыбындағы шығармашылық жұмысы

Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



«ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ»

Дайындаған: Аймағанбетова Б.А

физика пәні мұғалімі

№7 Е.Халықов атындағы жалпы

білім беретін мектеп











Құлсары қаласы

МАЗМҰНЫ

І.КІРІСПЕ

ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1. Физика сабағында қоланылатын жаңа технология элементтерінің бірі деңгейлеп - саралап оқыту технологиясына жалпы сипаттама

1.2. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының әдіс - тәсілдерін физика сабағында қолдану

1.3. Жаңа технология элементтерін қолданудың тиімділігі мен нәтижелері

ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР













КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Жаңа формацияның педагогі қажет. Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс. Бұл уақыт талабы»- дегенінен мұғалімдер қауымына өте үлкен жауапкершілік жүктелгенін аңғаруға болады.

Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми техникалық экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер білім беру сапасына, соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Сондықтан мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату - басты міндет. Өйткені егеменді елдің ертеңі оқу-білімнің тереңдігімен өлшенеді. Талассыз, үздіксіз өзгеріп отырған әлем адамнан да қабілетпен қажеттіліктерді талассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты мектептегі оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынадай болуы тиіс:

Оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағыттау.

Білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге тәрбиелеу.

Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.

Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Қазіргі таңда белгілі бір мөлшердегі «білім жиынтығын» алу жүйесі ескірді, ертедегі ойшылдардың сөзімен айтсақ, «шәкірт - нығарлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды қажет ететін шырақ». Ал мектеп - конвейр емес, керісінше кең түрде ойлай алатын және адамды қалыптастыратын сфера. Олай болса, мектепте білім беру ісіндегі басты міндет - оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу.

Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ол қазір оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жағдайы әрбір жеке оқушының қызығуымен, мүмкіндіктерін ашу болмақ.

Оқушының іс-әрекеті көптеген мінез-құлық параметрлерімен бағаланады. Әрбір оқушы басқа оқушы мен салыстырылмайды. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады.

Сондықтан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу-оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да көптеген мәселелерді шешуі. Оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, өз қабілетіне қарай таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Ол үшін мұғалім сабақ өткізуде дәстүрлі шеберде қалып қоймай, тың ізденістер жасауы тиіс. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық белсенділігі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.

Қазіргі білім берудегі басты мақсат - жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан - жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Сонымен қатар, олардың өз бетімен жұмыс жасауларына жағдай жасау және шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа педагогикалық технологияларды немесе оның элементтерін ұтымды пайдалану өзекті мәселеге айналып отыр.
Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология түрлерін қазіргі кезде көптеп қолданып жүрміз. Бұл технологиялардың оқушының ой - өрісінің дамуына тигізер пайдасы өте зор, себебі оларды қолдану сабақ нәтижесін, сапасын, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады.

Сондықтан мен оқушылардың білім - білік дағдыларын жетілдіру үшін деңгейлеп саралап оқыту технологиясын өз тәжірибеме енгіздім. Саралаудың негізгі ұстанымы оқыту мазмұнын тарылту емес, ол мұғалім тарапынан оқушыларға берілетін көмек болуы тиіс. Негізінен тәжірибеде саралап оқытудың екі түрі кеңінен қолданылады:

  • деңгейлеп саралау

  • бағдарлық саралау

Деңгейлік саралау - оқушылардың бір сыныпта бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі.

Бағдарлық саралау - оқушылардың әртүрлі тобымен оқу материалын деңгейі жоғары мазмұнды бағдарламамен оқып-үйренуі. Бұл технология дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлау, елестету мен еске сақтау қабілеттерін, ынтасын, белсенділігін, білім сапасын дамытуға көмектеседі. Деңгейлеп саралау технологиясы, оқушының да мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Оқушылардың даму деңгейінің біріңғай болмауына және қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты оқу үздіктері мен үлгермеушілердің пайда болатыны белгілі. Осыған орай, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне, деңгейіне қарай оқытуды көздейді. Деңгейлеп оқытудың мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

Ж.Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгей көрсетілген:

1) Танымдық деңгей.

Бұл деңгейде жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты.

2) Алгоритмдік деңгей - мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.

3) Эвристикалық деңгейге - оқушы ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.

4) Шығармашылық деңгей - оқушының таза өзіндік шығармашылығы байқалады.

Дамыта оқыту технологиясын қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л.ВЗанков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъект» ретінде тануға бағытталды. Жаңа технологияны сабақ үрдісіне қолдану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшіліктерін ескере отырып, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады.Жаңа технологияны жүзеге асыру үшін мұғалімге көп ізденіс керек. Сонымен қатар, сыныбындағы оқушыларының қай пәнге қабілетті екенін байқап, ары қарай дамытуға көп көмегін тигізу қажет.

Мен жаңа технология бойынша Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясын физика пәніне қолданамын. Мұндағы мақсатым- өз бетімен дами алатын, әртүрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу. Сабақ жүргізу нәтижесінде оқушының білім сапасын көтеруге, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру барысында жан-жақтылыққа ұмтыламыз және ізденеміз. Алдыңда отырған оқушының білім деңгейі, білімді менгеру дағдысы барлығында бірдей болуы мүмкін емес жағдай.Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағыттайды.

II. Негізгі бөлім.

1.1. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясына жалпы сипаттама

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты - сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады.

І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек

ІІ деңгейдегі тапсырмалар өзгертілген жағдайда немесе өткен сабаққа арналған тапсырмалар бойынша,

ІІІ деңгейдегі тапсырмаларына талдау, жинақтау, қорыту барысында есептер, тапсырмалар беріледі.

Ал, ІҮдеңгейлік тапсырмалар оқушының шығармашылықпен жұмыс істей алатындай, ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындау үшін беруге әр мұғалімнің тәжірибесіне байланысты. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы - оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг - ұпай жинау әдісіне баулу.

Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай - балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды.Деңгейлік тапсырмалар бойынша бағалау «ұпайлық» жүйемен жүзеге асырылады. І деңгейді орындаған бала 5 ұпай жинаса «3»алады.ІІдеңгейді орындаған 10 ұпай жинаса «4» алады.ІІІ деңгейді орындаған 15 ұпай жинайды «5» баға қойылады.ІҮ деңгейге 20 ұпай «5» деген баға алады.

1.2. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының әдіс - тәсілдерін қолдану әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Әр түрлі деңгейдегі балаларға саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Онда білім игерудің 3 деңгейі қарастырылады: ең төменгі базалық деңгей, бағдарламалық, күрделенген деңгей, сондықтан әрбір оқушы оларды меңгеруі тиіс.

Деңгейлеп оқыту технологиясы нәтижелі болу үшін жеке тұлға ерекшеліктеріне, олардың психологиялық даму ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді меңгеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын. Сабақты өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолданамын. Көбінесе сабақтың мазмұнына, сабақ өткізудегі әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдауға, сабақтың нәтижелігіне көңіл аударамын. Әр баланың мүмкіндік деңгейін ескере отырып логикалық есептерді шығаруға, нашар оқитын оқушылармен және дарынды балалармен де жұмыс жасаймын. Бұл әдіс арқылы әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізіп, әр оқушының интеллектуалдың даралығын анықтауға болады. Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың сабаққа, білімге деген қызығушылығының артуы, ой жүйесінің дамуы, саналы білім алуы сияқты жетістіктерге жетуге болады деп ойлаймын.

Сабақ - шығармашылық еңбектің жүзеге асырылатын басты орын болғандықтан, шешуге міндетті жүзеге асыру - ұстаздың шеберлігіне тәуелді. Оқу материалын қызықты ету үшін ойлана, жан - жақты даярланудың өзі ішкі шығармашылық күйді туындатып, оқушыларға берік те, терең білім беруге мүмкіндік береді.
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру.
Сондықтан физика сабағында оқу - тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуі үшін әртүрлі оқыту әдіс - тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше таңдап алуға тырысамын.
Оқушыларға оқу материалын түсінікті және қызықты етіп беру үшін сыныпты көз алдыма елестетіп, әрбір оқушының даярлығы мен мүмкіндігіне, қабілеті мен біліміне сүйеніп, сабақтың құрылымына талдай жасай отырып, алдыма мақсат қоямын.
- Заман талабына сай білімді, білікті, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Мақсатыма байланысты міндеттер қоямын;
- Жас ұрпақтың қабілетін ашу.
- Шығармашылық, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.
- Мақсатты жүзеге асыру.
Оқу материалын баяндау барысында тәжірибелер көрсетіп, жаттығулар орындатып, дидактикалық материалдар мен техникалық құралдарды жүйелі пайдалану арқылы әсер алуға жетелеймін.
1. Жалпы мәдениеттік мәні бар ұлттық, аймақтық, жергілікті материалдарды өз сабақтарымда кеңінен пайдалану.
2. Оқушылардың тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
3. Оқушылардың физика сабақтарындағы белсенді іс - әрекеттерін ұйымдастыру үшін барынша көп мүмкіндіктер жасау.
4. Оқытудың әр кезеңінде оқушылардың пәнді оқыту қызығушылығын қалыптастырып, дамытып оқыту.
5. Пәнаралық байланысты сабақта тиімді пайдалану.
6. Деңгейлік және саралап оқыту жағдайында барлық оқушылардың бағдарламалық білімді меңгеруін жүзеге асыру.
Жаңа сабақты түсіндіру барысындағы басты мақсатым - әрбір оқушының білім алуының сапалық деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін оқу жоспарын ғылыми негізде ұйымдастыру. Оқушының білімді игеруін үш сатыдан тұратындай етіп құрамын:
1. Жаңа білімді игеру және оны пайдалана білу.
2. Игерген білімді өңдеп, оны таныс емес жағдайда пайдалана білу.
3. Жалпы білімді өз бетімен игеру.
Аталған сатының әрқайсысында оқушының пәндік білімді игеруі төрт деңгейде өтеді:
1. Білу.
2. Түсіну.
3. Қолдану.
4. Біліктену.
Мысалы, «Гармониялық тербелістер. Тербеліс амплитудасы, периоды және жиілігі» тақырыбында оқушы тербелістер жайлы 9 сыныпта өткен түсінігін еске түсіре отырып, жаңа фактілерді, сондай - ақ толқын түрлеріне жататын электромагниттік толқындардың қасиеттерін қабылдайды. Бұл білімді қабылдау деңгейіне жатады.
2 - деңгей - Түсіну, яғни қабылдаған жаңа мәліметті пысықтап бекіту, өз сөзімен естігенін айтып беру. Мысалы: Тербелістердің өмірде алатын орны.
3 - деңгей - Қолдану. Қабылдаған білімді формула бойынша тұжырымдау, есеп шығара білу, ұқсас мысалдар келтіру.
4 - деңгей - Біліктену. Оқушы алған білімін, сабақтың мәнін түсіндіре білу, басқа фактілермен салыстыра отырып, қорытынды жасай білу. Қарапайым түрде гармониялық тербелісті шығарып ала білу.
Әрбір сабақта, мүмкіндігіне қарай, жергілікті жер материалдарын пайдалана отырып, оқушының білімділігін арттыруға көңіл бөлемін. Мысалы, «Импульс» тақырыбын өту кезінде әсерлесуші денелер ретінде асықты пайдаланамын. Тыныштықта тұрған асықты екінші асықпен атқанда екінші асық неге қозғалады? Әсердің берілуі денеге жылдамдық туғызды деген мысал арқылы импульстің формуласы жазылып түсіндіріледі. Сол сияқты үйге мынадай тапсырма беруге болады: стаканға су құйып, оны бір парақ қағаздың үстіне қойыңдар да қағазды жайлап тартып көріңдер, сосын оны лезде тартып алып қараңдар, «Қолдың тарту әсерінің уақытқа тәуелділігі қандай?» - деген сауалды талдап, оған жауап беріңдер.
«Реактивті қозғалыс» тақырыбын өткенде картон қағаздан балық пішінін қиып, оның саңылауына пипетка арқылы май тамызып, біраз бақылаймыз. Май балықтағы саңылау арқылы аққанда балық ілгері жылжиды. Бұл тәжірибе реактивті қозғалысты түсіндіруде оқушының білімділік деңгейін арттыруға көмектеседі. 11 - сыныпта дифракция, интерференция құбылысын түсіндіргенде құс қауырсыны, капрон мата, пластинканы пайдалана отырып түсіндірген өте тиімді.
«Дыбыс толқындарын» өткенде резонатор ретінде домбыраның қуысын қарастыра отырып, адамның ауыз қуысы резонатор екенін ескертіп, «жағыңды екі қолыңмен қатты қысып сөйлеп көр» деген тапсырма беріледі. Оқушылар өз тәжірибесіне түсініктеме береді.
Осылайша физиканың негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастырамын. Мұндай тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларға физика заңдылықтарын өмірде кеңінен қолдануға болатынын түсінуге мүмкіндік береді.
Жалпы, жаңа педагогикалық технологияны қолдану сабақтың сапасын көтеруге, оқушылардың білімге леген оқу - танымдық қызығушылығын арттыруға, қазіргі қоғам талабына сай білім алуына көп әсерін тигізеді.
Менің педагогикалық мақсатым:

Оқудың мазмұнын және сапасын жетілдіру;

Әр күні сабағына «Оқыту технологиясын» кең пайдалану;

Сынып ұжымы мен оқушының шығармаларын арттыру мақсатында жұмыстану.

Бұл әдістің тиімділігі:

сыныптағы барлық оқушы бірдей жұмыс жасайды;

бос отырытын оқушы болмайды;

есеп шығарудың әр түрлі тәсілдерін меңгереді;

әр түрлі деңгейдегі есептерді шығаруды үйренеді;

сыныпты ұйымшылдыққа тәрбиелейді.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылап оқушының ойлау қабілетін, білім сапасын сабаққа деген белсенділігін арттыруға болады. Сабақ барысында оқушы 2 аламын деп қорықпайды, керісінше тапсырманың жауабына жоғары ұпай жинау арқылы ынтасы артады. Сонымен бірге оқушы толық үлгеріп, өз бетімен жұмыс істеуге, тиянақты болуға талпынып, жауапкершілігі артады. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындау арқылы дарынды оқушы таңдауға болады

Сондықтан Қараевтың насихаттап жүрген деңгейлеп оқыту технологиясында оқушыны жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып «жеңілден ауырына қарай» деген принципті қолдана отырып, жүйелі түрде қойылатын мақсат - білім, білік дағдыларын тұрақты болуына, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал ету. Ол үшін оқушылар мынадай әдіс тәсілдерді қолдану қажет:

· Берілген тапсырмалардың ерекшелігіне көңіл бөлу;

· Берілген тапсырма қызықты, маңызды болған кезде ғана оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады.

Деңгейлеп оқыту, біріншіден, білім алушының жеке қабілетін анықтауға, екіншіден, білім алушылардың бір-бірінен қалмауына мүмкіндік берсе, үшіншіден, әр білім алушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады, төртіншіден, әр білім алушы өз деңгейімен бағаланады.

1.3. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының тиімділігі мен нәтижелері

Оқыту технологиясының тиімді жақтары:

1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

2. Төменнен, жоғарыға қарай деңгейлік тапсырмалар беру;

3. Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады

4. Оқушылардың тақырыптан алған білімдерін бекіту.

5. Күрделі тапсырмаға байланысты оқушының ойлау қабілеті артады.

6. Оқушылардың білімін қолма-қол бағалау.

Мақсаты:

1. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.

2. денгейі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;

3. дарынды оқушының тереңірек білім алуына жағдай жасау;

4. оқушының ынтасын қабілетін арттыру.

Ерекшелігі:

1. Таланттылар, дарынды оқушылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.

2. оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.

3. білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылардың психологиялық ерекшелігін, ақыл-ойының дамуы және өзін-өзі жетілдіру.

2. Дарынды балалар болса қушының - зерттеу жұмыстарын дамыту.

3. Мұғалімнің жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызады.

Осы нәтижелерге жыл басынан тәжірибе жасай отырып, өзім беретін 3 сыныпта ең әлсіз оқушылыр мен ең мықты деген оқушыларды іріктей отырып, олардың шын мәнінде жаңа айтылған жоғарыдағы қасиеттер қажет ететінін байқадым. Олардың барлығы өздерімен жеке жұмыс жасауды қажет етеді. Оларды сыныпта отырған өзге оқушылардан артта қалмас үшін әр сабақ үстінде, сол өтілген тақырып бойынша оқулықтан тыс, жеңіл тапсырмалар беру арқылы жұмыс жасаймын. Содан соң барып, оқулықтағы ең жеңіл деңгейдегі «А»-нұсқасын орындауға жүгіндіремін. Соның нәтижесінед ол оқушылар өздерін қалған оқушылармен бірдей деңгейде жұмыс істеп отырмын деп санайды. Нәтижесінде жеңіл тапсырмаларды берудің барысында оқушының да ынтасы арта түседі.

Керісінше шамасы келмегеніне қарамастан басқалармен бірдей тапсымаларды орындағысы келеді. Бірақ, бұдан еш нәтиже шықпайды. Неге? Өйткені бұл балардың психологиясы жас ерекшелігіне қарай жеке талапты көп қажет етпейтін сияқты. Олар өзгелерден кем болғысы келмейді. Сөйте тұра олардың пәнге деген қызығушылығы да жоқ деп айта алмаймын. Олар кейде сабақ арасында айтылатын қызықты, логикалық есептерге көңіл бөле алады, ойлап, шешуге тырысады. Мұндай кезде ондай оқушыларды қолдап, қолпаштап отыру керек «жарайсың» «мықтысың» деген сияқты сөздер айту керек.

Жалпы қызықты жаттығу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру - сол тиімді әдістердің бірі. Қызықты жаттығулар балалардың ойлау белсенділігін арттырып, оларды есептеуге деген үлкен қызығушылық тудырады, осындай жұмыстар кезінде оқушылардың есте сақтау қабілеті арта түседі, математикалық тілі жетіледі.

Қызықты жаттығуларды орынды әрі шеберлікпен пайдалана білу сабақтың нәтижелігі мен сапасын арттырудың да негізгі тәсілдерінің бірі екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.

Қазіргі қоғамда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білулері қажет.

Қазіргі білім берудің мақсаты - танымдық қызметке деген тұрақты қызығушылығы қалыптасқан, өз бетімен бағдарлай, қызмет жасай білетін, өздігінен даму дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру өзара тығыз байланысты екі міндетті есте тұтуды қажет етеді.

Оқушылардың өзіндік жұмыстары - бұл мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ оның тапсыруымен, оның басшылығымен және бақылауымен орындайтын жұмыс.

Өзіндік жұмысты орындау кезінде оқушы теориялық білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс-әрект барысында ойлау қабілеттері дамиды, ал ең бастысы өзіне деген сенімі нығайып, жауапкешілікке сезіну қалыптасады.

Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда жұмыстың міндетін түсіндіру, орындар алдында бағыт-бағдар, түсінік-нұсқау беру, оқушылардың мақсаты түрде жұмыс істеп, оның нәтижелі жемісті болуына ықпал етеді.

Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыстардың оқу тәрбие процесіндегі мәні ерекше. Атап айтқанда:

· өзіндік жұмыс тапсырмалары арқылы оқушылардың физика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру;

· оқушылардың алған білімдерінің, дағдыларының алдағы өмірлеріне қажеттілігі мен оны қолдана алуларына қол жеткізу;

· оқушылардың істейтін жұмыстарының мақсатын айқындап, жұмысты өз еркімен ерік-жігерімен, қалауымен орындауы;

· оқушылар істейтін жұмысының қорытындысын шығарып, нәтижесін алу.

Қазіргі уақытта оқушыларға физикадан білім беру жүйесінің алдына келесі міндеттер қойылаған:

· оқытудың немқұрайлы жақтарын жою;

· оқытудың қолданбалы бағытын кеңейту;

· оқушыларға практикалық біліктілікті және дағдыларды қалыптастыру және т.б.

Оқушылардың білімдері біліктілік дағдыға айналу үшін, міндетті түрде

оқушылардың өздері талпыну керек.

Дегенмен, олар сол деңгейлерді өз бетінше орындауға талпынды. Деңгейлеп оқыту кезінде мұғалім өзіне:

1)Теориялық даярлық;

2)Сапалы сабақ жоспары;

3)Пәнаралық байланыс;

4)Уақытты тиімді пайдалану;

5)Көрнекілік-құралдармен,ойындармен түрлендіру;

6)Тәрбиелік мәні;

7)Ұлттық элементтердің тиімді қолдану талаптарын қоя білуі керек;

Мұнан кейін деңгейлік тапсырмаларды орындай білу керек. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестеу мен еске сақтауын, белсенділігі мен дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар мен өз сабақтарымда оқушылардың білімін жинақтау, тиянақтау және білік- дағдысын тексеру барысында - тестік әдісті жиі қолданамын. Тестік тапсырмалардың әр-түрлі типтері болады. Олар толықтыру тесті,еске түсіру тесті, балам тесті, таңдау, салыстыру,сәйкестендіру тестері және семанткалық карта, физикалық лото, физикалық диктат секілді әдіс-тәсілдерді жиі қолданамын. Сөзжұмбақ құрастыру және сабақ үстінде тақырыпқа байланысты сөзжұмбақтарды шешу де оқушылардың пәнге қызығушылығын оятары анық.

Мысалға алатын болсақ, 8 сыныптағы «Тізбе к бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбындағы сабақта -деңгейлеп -саралап оқыту технологиясын пайдаландым. Яғни тақырыпты бекіту сабағында 4 деңгейге бөлінген тапсырмалар беру арқылы сыныптағы оқушыларды түгел қамтуға тырыстым. Нәтижесінде сыныптағы барлық балалар өз шамалары жететін есептерді орындауға тырысты, шығарып болғандары келесі деңгейге көшуге жұмыстанды.

9 сыныпта «Динамика» тарауын қорытындылау сабағында оқушыларға толықтыру тестін бердім. Бұл кезде оқушылар сөйлемдегі жетіспей тұрған сөздің немесе сөз тіркесінің, сандардың немесе формулалардағы көп нүктенің орнына тиісті жауапты қояды.

Мысалы: 1. Инерциялы санақ жүйелері деп ...............

2. ................ құбылысын инерция деп атаймыз

3. Дене массасы оның ..........................сипаттайтын шама

4. Күш - бұл........................ Ол - .......................тең.

5.дене бір -біріне ................. тең, ал бағыттары бойынша .....................қарама -қарсы әрекет етеді. Ол...................

Еске түсіру тесті -сөз ,сан, формула, бейне түріндегі бір ғана жауапты қажет етеді. Мысалы: «Сұйықтардағы электр тогын» өткенде:

  1. зат бөлшектерінің суда ерігінде иондарға ыдырау қалай аталады?

  2. Электролит деген не?

Электролит ерітіндісі арқылы ток өткенде электродта зат бөліну не деп аталады?

  1. Электролиз заңының формуласы

  2. Электролиз құбылысы қайда қолданылады?

Таңдау тесті - бұнда сөйлем тұтастай беріледі де, соңынан бірнеше жауап үлгілері беріледі. Оның ішінде бір жауап қана дұрыс. «Электромагниттік толқындар» тақырыбына арналған таңдау тест үлгілері.

1.Электромагниттік толқын дегеніміз не?

А) кеңістікте таралатын айнымалы магнит өрісі

В) Кеңістікте таралатын электр өрісі

С) Кеңістікте таралатын өзара байланысқан және периодты түрде өзгеріп отыратын электр мен магнит өрісінің жүйесі.

2. Сәуле шығаратын тербелмелі контурдағы конденсатор сыйымдылығын екі есе ұлғайтқанда электромагниттік толқын қалай өзгереді?

А) 2есе қысқарады В)өзгермейді С) 2 есе ұзарады

3. Вакуумнен басқа бір ортаға өткенде электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы қалай өзгереді?

А) көбейеді В) Азаяды С) өзгермейді

4. Электромагниттік толқын шығару үшін зарядталған бөлшек қалай қарай өзгеруі тиіс?

А) тұрақты жылдамдықпен В) шеңбер бойымен бір қалыпты

С) түзу сызықты үдемелі қозғалыспен Д) үдемелі

5. Электромагниттік толқын таралған кезде оны сипаттайтын шамалар қандай өзгеріске ұшырайды?

А)Периодты В) Жиілігі С) Амплитудасы Д)Жылдамдығы

Баламалы тест (рефлексивті тест) - қандай да бір ұғымды растайтын сөйлемдерден құрастырылады. Жауап дұрыс немесе қате, «я» немесе «жоқ» түріндегі сөздермен беріледі.

мысалы, физикалық терминдер: « Қуат және энергия»

  1. Бұл-физикалық шама. Бұл-ұғым.

  2. Екеуі дененің жұмыс істеу қабілетін білдіреді.

  3. жұмыстың орындалу жылдамдығы орындалған жұмыстың мақсатын білдіреді.

  4. Джоуль Ватт арқылы өрнектеледі.

Сәйкестендіру тесті - онда бір бағанда тапсырма тек сөйлеммен, ал екінші бағанада берілген сұрақтан жауап беріледі. Мысалы: «Электр құбылысын» өткенде:

  1. Электр тогы дегеніміз не?

  2. Электр тогын сипаттайтын шамалар?

  3. Ом заңы

  4. Джоуль-Ленц заңы

  1. Тоқ күші, кернеу, кедергі

  2. Гальвани,Вольта элементі

  3. U=IR

  4. I=U/R

  5. зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы

  6. Q=Urt

  7. Q=I2 Rt

Тест әдісін пайдалану оқушылардың білімін салыстыруға, мұғалім әдістемесінде жіберілген олқылықтарды ашып көрсетуге, білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге, әр түрлі оқу әдісін салыстыруға мүмкіндік туғызады.

Оқу әдісін қайталау, пысықтау сабақтарында сөзжұмбақты оқушылардың білімін бағалау үшін пайдаланамын. Үлкен тақырыптармен тарауларды қайталағанда, оқушыларға үйде осы тақырып пен тарау бойынша сөзжұмбақ құрастырып әкелуді тапсырамын. Мұндай тапсырманы оқушылар бар ынтасымен орынайды. Мұндағы ең басты мақсатым мынау: 1. Оқушылар сөзжұмбақты құрастыруда өз бетінше ізденеді

2. Әр түрлі ғылыми-техникалық басылым мен анықтамаларды қарайды, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйренеді. Оқушының пәнге қызығушылығын арттырудың бір саласы деңгейлеп, саралап оқытуда байқағаным, оның тиімді жақтары: а) сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі.Оқушы белсенділігі оянады.

б) оқушы өз білімінің деңгейінде жұмыстанады.

в) оқушының өз бетімен жұмыс істеу тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігі артады. Осы тұрғыда физика пәні бойынша диагностикалық әдіспен оқушының ойлау-логикалық қабілетін зерттедім. Әр тарау бойынша берілген деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі сол тоқсан аяғында жақсы көрсеткішке жетті. Әрине тиімді де орынды пайдаланған педогогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлегі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.

Қорытынды

Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.Ұрпақ тәрбиесі- бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Жан жемісі, ең алдымен, оқу, білім,

тәрбие десек, сол жемісті берер мәуелі ағашымыз- білім ошақтары емес пе? Білім деңгейі қасиет пен қабілетті бағалау жолдарымен жүзеге асады.Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайлылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соңы орасың. Қорыта айтқанда деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімділігі мынада:

1. Өтілген материалды толық меңгереді, өйткені сабақ сайын қайталанып, пысықталынып отырады.

2. Тақырыпқа байланысты оқулықта берілген тапсырмалар толығымен орындалады.

3. Оқушы өзін-өзі тексереді,өзінің жіберген қателерін біліп отырады.

4. Талдау жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады.Талдаудың барлық түрінде сабақ сайын қайталап отырады.

5. Білім сапасы әр сабақ сайын тексеріліп отырады,алған білімдерінің нәтижесі айқын көрініп тұрады.

6. Ойлау қабілетін арттыратын тапсырмалар орындайды.

7. Әр оқушының әр пәннен 100% үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және әр оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті 1-деңгейді игеруін толық жүзеге асырады.

8.Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес балдық жүйемен ерекше бағаланады.

9.Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі.

10. Бос отырған оқушы болмайды

11.таланттылар өздерінің қабілетті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады. Шәкіртіміздің білімін шыңдау, қабілетті, дарынды тұлға дайындау - біздің алдағы жауапкершілікті міндеттеріміздің бірі болып табылады. Сондықтан тынбай, жалықпай, үнемі шығармашылықпен іздене жүріп, білімді ұрпақ тәрбиелеуге атсалысайык, ұстаздар!



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қараев Ж. А. «Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы».

  2. Жұмабекова А. А. «Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту».

  3. Тұрғанбаева Б. «Жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамыту». Қазақстан мектебі №8, 2004 ж.

  4. Ильин В. С. «Формирование личности школьника». М, педагогика, 1984г.

Физика сабағында оқушылардың сыни ойлауын дамыту



© 2010-2022