• Преподавателю
  • Физика
  • Мектептегі бағыттау сабақтарында жобалау әдісін пайдалана отырып оқушылардың біліктілік, бәсекелестік қабілетін арттыру

Мектептегі бағыттау сабақтарында жобалау әдісін пайдалана отырып оқушылардың біліктілік, бәсекелестік қабілетін арттыру

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектептегі бағыттау сабақтарында жобалау әдісін пайдалана отырып оқушылардың біліктілік, бәсекелестік қабілетін арттыру

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырым-дамасына сәйкес жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке-даралық ерекшеліктеріне мейілінше мән бере отырып, бейіндік оқыту жүйесі іске асырылуда. Қазіргі қоғамның маңызды проблемаларының бірі - бұл құбылмалы әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүріп қана қоймай, болып жатқан құбылысқа белсенді әсер ете отырып, оны жақсартуға бейім тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Мұндай тұлғаға - шығармашыл, белсенді, әлеуметтік жауапты, жақсы дамыған интеллект иесі, жоғары білімді, кәсіби сауатты болу талаптары бірінші кезекте тұрады. Осыған орай, баланың дамуындағы маңызды рөлді мектеп атқарады. Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында негізгі орын алады. Сонда: «Жеке тұлғаның қалыптасуы-үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу»,- деп атап көрсетіліп, мектеп алдындағы міндеттердің бірі етіп қояды. Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Бейіндік оқытудың негізгі мақсаты - жеке білім беру траекторияларын оқушыларда жүзеге асыру, оқушылардың отбасында, аймақтық ортада әлеуметтенуі, орта және жоғарғы білім алуға дайындау үшін оқушылардың жалпы білім беру бағдарламасындағы жекелеген пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Инновациялық технологиялар мен дәстүрлі оқытуды ұштастыра отырып оқыту жемісті нәтиже беретініне көз жеткізіп отырмыз. Сондай тәсілдердің біріоқытудың жобалау әдісі білім алушылардың сауаттылығын арттыратындығына сенімдімін. Негізінен жобалау әдісі 20 ғасырдың басынан басталады. Бұл әдістің ғылыми негізін қалаушылар: Д. Дьюи, Девей, Килпатрак, Снедден, Ричардс. Жобалау идеясы, жобалау әдісі ең алдымен жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі оқытуға қарсы бағытталған бағдарлама ретінде қарастырылды, алайда бүгінгі көзқарас өзгеше[1].

Бағыттау сабақтарының мақсат-міндеттеріне қол жеткізу барысында жобалау әдісі таптырмас оқыту тұрі болып табылады. Жобалау әдісі - оқу үрдісін ерекше етіп тұратын кешенді оқыту тәсілдері жиынтығы. Бұл әдіс - оқушыларға әрекеттерін өз бетінше жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді.

Бұл технологияда жобаға оқушылардың қызығушылығын туғызу басты қиындық болып табылады. Сондықтан жобаның маңызын түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек болады.

Бұл әдісті қолданғанда балалар тек қана өздерінің іс- әрекеттерін жоспарлауды ғанақоймай, сол жоспарларын жүзеге асыру үшін жаңа әдіс тәсілдерді ойлап табады, бірнеше саладан алған білімдерін бір міндетті шешуге қолданады, табылған нәтижелерді талдап, болжаммен салыстырады. Осы талдаудың нәтижесі арқылы жаңа міндет қояды. Жауапкершілікке тәрбиелейді, бастаған істі аяқтауға баулиды. Аталған әдіс бала жаратылысына тән: білуге құмарлық, байқау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты бала әрекетіндегі жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Жоба тапсырмаларын орындау үстінде көбінесе оқушылар жұптасып, немесеүш-үштен бірігіп, немесе шағын топпен жұмыс істейді. Табысқа жету ұжымдағы әрбір мүшенің тілдік қатынасқа құрылған жоба тапсырмаларын дұрыс орындауына және ұжымның жаппай ұйымшылдықпен жұмыс істеуіне байланысты. Жобада оқытушы сарапшы, үйлестіруші немесе қосымша мәліметтерді беруші рөлін атқарады. Бұл технологиялық оқудағы мұғаліммен оқушының іс-әрекеті түбегейлі өзгереді.

Оқушының іс-әрекеті: Мұғалімнің іс-әрекеті:
-Оқушы-оқыту субъектісі. -Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы.
-Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект. -Бағыт-бағдар беруші, кеңесші.
-Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы. -Оқушының жетістігін құптаушы.
-Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі. -Ынталандырушы, мақсат қоюшы.
-Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға. -Мақсаттарға жетелеуші.

Жалпы жобалау белгілі бір қасиеттеріне қарай топтастырылады және оларға қойылатын шарттар мен талаптарына сай келеді, атап айтсақ төмендегідей
типтегі жобаларды ұсынуға болады:
1. Демонстрациялық жобалау;
2. Зерттеушілік жобалау;
3. Шығармашылық жобалау;
4. Рольді - ойындық жобалау;
5. Ақпараттық жобалау;
6. Үйретуші жобалау;
7. Моножобалау;
8. Пәнаралық жобалау;
9. Тәжірибелі және бағдарлы жобалау;
10. Қысқа мерзімді жобалау;
11. Ойын жобалауы [2].

Жобалаудың құрылымы:
- нақты нәтиже шығару жобасы;
- нақты мәселенің талдауы;
- нақты уақыт белгілеу;
- жұмыс жүргізу жобасы;
- нәтиже шығару [2].

Жобаны орындау мынадай кезеңдерден тұрады:

І -кезең. Жобалық тапсырманы, тақырыбын құрастыру. Жобаның тақырыбын жіктеп бөліп, оларды оқушылар арасында бөлу.

ІІ -кезең. Шығармашылық топтар құру, топтағы оқушылар өзара үйлесімді жұмыс істеуі үшін олармен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.

ІІІ -кезең. Зерттеу жұмысына материалдар дайындау. Жауап берілуі тиіс сұрақтарды тұжырымдау, командаларға тапсырмалар, қажетті әдебиеттерді таңдау.

ІҮ -кезең. Оқушылардың жобаны орындауы. Мұғалім оқушылар жұмысын үйлестіреді, кеңес береді, олардың іс-әрекетін көтермелеп отырады. Оқушылар іздеу, тану жұмыстарын орындайды.

Ү -кезең. Нәтижелерді шығару, нәтижелерге нақтылы жағдайға сәйкес ішінара түзетулер жасау.
ҮІ -кезең. Жұмыстар қортындысымен жұртшылықты таныстыру (презентация). Мұғалім экспертизалық жұмысты ұйымдастырады. Мысалы эксперт ретінде жоғары сынып оқушыларын немесе ата-аналарды шақыруға болады.

ҮІІ -кезең. Орындалған жұмыстыталдау, бағалау (рефлексия). Мұғалім балалардың іс-әрекетін педагогикалық тұрғыда бағалайды, балалардың ынтасын ескереді[3].

Аталған соңғы кезеңде біздің жоғарыда айтып өткен басты қиындығымыздың шешімін табу үшін бағалаудың рейтинг әдісін ұсынғалы отырмын. Бұл бағалау түрі оқушыларды бәсекелестікке итермелеп, біліктіліктерін арттыруға көмектесетініне тәжірибемде көз деткіздім.

Рейтинг, рейтингтік бақылау (Rating - класс, разряд, дәреже, баға, қоғамдағы орны деген сөзінен алынған). Рейтинг[2] (ағылш. ratіng) -белгілі бір объекттің маңыздылығын сипаттайтын реттік нөмір немесе сан, мысалы жоғары оқу орындарында студент білімін бағалау тәсілдерінің бірі. Тура осы тәсілді мектеп қабырғасында пайдалануды бастасақ оқушыны ынталандыру мәселесінде онша қиындық тумас еді деп ойлаймын. Себебі баға оқушының негізгі мативаторы болып табылады. Егер оған қоса білім бәсекелестігін туғызғымыз келсе рейтинг тәсілі тамаша шешім болып табылады. Бағыттау сабақтарында құрылған жобалардың нәтижелеріне орай әр екі апта сайын өзгеріп отыратын жеке бір сынып оқушыларының білім деңгейінің көрсеткіші.

Рейтинг саны мен мазмұны, олардың әрқайсысында теориялык және тәжірибелік бөліктерінің ара қатынасы, оқушының пәндік білімдермен де және оны қолдану тәсілдерімен де ісі болады, сондықтан рейтинг бойынша бақылау мазмұнды, іс-әрекет сипатында және аралас (материалды оқудың, экспериментті орындадың немесе есепшығардың) болады. Рейтингті бақылау оқыту және кері байланыс жасау құралы болып табылады, мотивациялық және тәрбиелік қызметті іске асырады, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі бақылау ісәрекетінің дағдысын дамытып, қалыптастыруға әкелетін жүйелі бақылау.

Рейтинг бойынша оқушының бағыттау сабақтары барысындағы әрбір еңбегіне балл қойылып отырады. Екінші апта соңында оқушы білімі оның жинаған балына орай бағаланады және арнайы тақтаға оқушылар тізімі ілінеді. Тізім ең жоғары балл жинаған оқушы аты-жөнімен басталып өсу ретімен орналаса келе ең төмен жинаған оқушымен аяқталады.

Рейтинг төмендегі критерийлер мен дескрипторлар бойынша бағаланады

Критерийдің мазмұны:

Критерийлер

Дескрипторлар

0-25Мектептегі бағыттау сабақтарында жобалау әдісін пайдалана отырып оқушылардың біліктілік, бәсекелестік қабілетін арттыру

Білу және түсіну

Жекелеген сыныптар мен пән көлемінде оқубағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу.

26-50Мектептегі бағыттау сабақтарында жобалау әдісін пайдалана отырып оқушылардың біліктілік, бәсекелестік қабілетін арттыру

Қолдану

Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану. Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету. Әр сыныптармен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасайалуы, есептер шығару, жобалар, мәселені шешу және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады.

51-75Мектептегі бағыттау сабақтарында жобалау әдісін пайдалана отырып оқушылардың біліктілік, бәсекелестік қабілетін арттыру

Сыни ойлау және зерттеу

Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкескелетін ақпараттар мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ойқозғау қабілеттілігін көрсету.

76-100Мектептегі бағыттау сабақтарында жобалау әдісін пайдалана отырып оқушылардың біліктілік, бәсекелестік қабілетін арттыру

Коммуникация жәнерефлексия

Әр сыныптар мен пән көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактылар мен ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ойтолғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.

Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастыру.

Рейтинг арқылы бағалау технологиясы оқушы бойындағы өзін-өзібағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, біліктілікке, бәсекелестікке, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді. Бұл бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Жобалау әдісі осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, рейтинг арқылы бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.

Әдебиеттер

  1. Полат Е.С. Типология телекоммуникационных проектов. Наука и школа-№ 4, 1997

  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.

  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей.



Оқушының аты - жөні

Дәптер


Ауызша

жауап

Уй тапсырмасы

Жинақ қоры

1

Бейсенбаева Ару Бақытжанқызы

36

30

30

96%

2

Ангелекова Айдын Нұрғалиқызы

30

35

30

95%

3

Шатырбай Бақдаулет

30

30

34

94%

4

Бекмұрат Асылбек Нұрланұлы

30

33

30

93%

5

Ускенбай Жансая Ержанқызы

30

30

33

93%

6

Қуатбай Бағжан

30

31

25

86%

7

Джунисов Ахан Ажибекұлы

30

30

25

85%

8

Сапаралы Бақкел

17

30

35

82%

9

Мамыр Ақперне Пазылханқызы

40

6

35

81%

10

Өсер Бекзат Ералханұлы

5

40

36

81%

11

Мұхтарқызы Дана

22

22

36

80%

13

Мергенбай Серғазы Сәкенұлы

20

25

35

78%

14

Толысбай Бекбосын Керимқұлұлы

35

25

15

75%

15

Азимтаев Әсел Сәбитқызы

16

15

40

71%

16

Аманкелді Сүндет

15

15

40

70%

17

Пернебай Ақерке Нүржігітқызы

40

15

15

70%

18

Дөненбай Лаура

15

40

15

70%

19

Сатылханова Айжан Нұрмаханқызы

25

20

20

65%

20

Сары Ажар Сағатбекқызы

20

25

20

65%

21

Иса Ағарыс

23

20

20

63%

22

Жораханова Аяжан Абдрашитқызы

20

20

20

60%

23

Дихан Меруерт Бақытбекқызы

20

20

20

60%

24

Жандар Жансая

20

20

20

60%

25

Әлиайдар Маржан Күмісбекқызы

20

20

19

59%

26

Дүйсенбек Айгерім Құрбанбекқызы

10

10

30

50%

27

Оспан Сейітқожа Бекжанұлы

8

3

9

20%

28

Тәңірқұл Бақдаулет Сәбитұлы

5

3

5

13%

29

Кучкинбай Нұрғали Эгамбердіұлы

2

5

7%

30

Исабай Бақтыбек Мұратбекұлы

1

5

6%

31

Батырбек Нурислам Батырбекұлы

3

3%

33

Тұрсынбай Сейілбек Әсілбекұлы

2

2%

Өмір Айдана Асылбекқызы

1

1%


© 2010-2022